Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет17/80
Дата31.01.2023
өлшемі0.7 Mb.
#468958
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Пастеризациялау - Бұл әдісті Л.Пастер жоғары температураның әсерінен сүтті, шарапты, сыраны залалсыздандыру үшін ұсынған. Пастеризациялау негізіне сұйықтықтарды 1000С – дан төмен температурада қыздыру жатады. Оның мақсаты - қайнатқанда өзінің қоректік қасиеттерін жоғалтатын сұйықтықтарды (сүт, сыра, шарап) спора түзбейтін бактерияларды қыздыру арқылы жою. Пастеризациялау сұйықтықтарды 600С температурада 30 минут аралығында немесе 800С температурада 10 минут аралығында қыздыру арқылы жүреді. Пастерлеу тағамдардың қоректік (сүт, ет, балық, жеміс консервілері) заттарының құндылығын сақтап қалу мақсатында қолданылады.
Сүзу арқылы залалсыздандыру - бұл әдіс сұйық орталарды залалсыздандыру үшін қолданылады. Кейбір қоректік орталарды жоғары температурамен залалсыздандыруға болмайды. Өйткені олардың құрамы мүлдем өзгеріп кетуі мүмкін. Сол үшін сүйық орталарды микробтар өте алмайтын ұсақ (поралары) саңылаулары бар бактериологиялық сүзгілерді пайдаланылады. Сүзу барысында сүйықтық сүзгі саңылауынан өтеді де, микробтар сүзгі бетінде қалады. Сүзгілер әртүрлі материалдардан дайындалады: фарфор сазынан, асбесттен, нитроклетчаткадан және т.б.
Ыстық ағымды бумен залалсыздандыру - Кох аппаратында 1000 С температурада 30-40 минут жүргізеді. Оның қақпағының үстінде тесіктері бар (термометрге және будың шығуына арналған) цилиндр тәрізді, бір қабаттан тұратын темір ыдыс. Ыдыстың ішінде тесіктері бар, залалсыздандыру заттарды қоюға арналған қойғыштары болады. Залалсыз-дандырылатын уақытын су қайнағаннан бастап есептейді. Залалсыздандыру жұмыстарын үш күн жүргізеді. Себебі, біріншісінде микроорганизмдердің вегетативті формалары ғана өледі. Бациллалардың споралары залалсыздандыру аралықтарында вегетативті формаға айналып, үшінші күні толық жойылады. Бұл тәсілмен қоректік орталарды, т.б. материалдарды залалсыздандырады.
К.Шамберлен материалдарды залалсыздандыру үшін автоклавты және фильтрді енгізді. Автоклавтау – қақпағы тығыз жабылған арнайы қондырғыларда (автоклавта) температурасы жоғары бу қысымымен залалсыздандыру. Автоклавта 1000 С-тан жоғары температураға төзімді қоректік орталарды, физиологиялық ерітінділерді, қағазға оралған шыны ыдыстарды, қолданылған бактерия өсінділері мен ыдыстарды 1,5 атмосфера 1 сағат залалсыздандырады.
Д.Тиндаль шөп тұндырмасын бір-ақ рет қайнатса, ондағы температураға төзімтал бактериялардың споралары сақталып, клетка қайта өседі. Ал қайталап қайнатқанда олар жойылатынын дәлелдеп, бұл әдісті микробиологияда тиндализация деп атады.
Тиндализация – 1000 С-тан төменгі температурада су моншаларында жүргізеді. Залалсыздандыру уақыты қолданылған температураларға байланысты болады. 70-800 С – 3 күн, 60-650 С – 5 күн, 56-580 С – 7 күн. Бірінші күні материалды 2 сағат, қалған күндері 1 сағаттан залалсызданды-рылады.
Химиялық әдіске - химиялық заттармен залалсыздандыру жатады. Бұл әдіс қоректік орталарды, вакциналарды, сонымен қатар емдік – профилактикалық қан сарысуларын химиялық заттармен консервілеу үшін қолданылады. Қоректік орталарды хлороформ, толуол, кейде эфирмен консервілейді (консерванттардан тазарту үшін ортаны 560 С-қа дейін қыздырады). Вакциналар мен емдік қан сарысуларды 0,25-0,5% фенол, 0,05% формалин немесе мертиолатпен консервілейді. Агглютинирлеуші қан сарысуларын бор қышқылы, толуол немесе глицеринмен консервілейді. Химиялық заттарды зертхананы дезинфекциялау үшін қолданады (1-3%-ды хлорамин, 3-5%-ды фенол, 70%-ды спирт, т.б.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет