Адренергические средства


β-АДРЕНОБЛОКАТОРЛАРДЫҢ ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ



бет5/6
Дата24.10.2023
өлшемі469 Kb.
#481536
1   2   3   4   5   6
АДРЕНЕРГИЧЕСКИЕ 4

β-АДРЕНОБЛОКАТОРЛАРДЫҢ ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ

  • β1-адренорецепторларды тежей отырып, миокардтың жиырылғыштығын төмендетеді, автоматизмді тежейді, жүрекше-қарыншалық өткізгіштікті тежейді, қозуды төмендетеді (антиаритмиялық әсері).
  • Миокардтың оттегіне қажеттілігін төмендетеді және стенокардиямен ауыратын науқастардың физикалық жүктемелерді төзімділікті жоғарылатады. (антиангиналды әсері).
  • Жүректің насостық қызметінің, жүректік шығарудың төмендеуіне байланысты анаприлин артериялық қан қысымын төмендетеді. (гипотензивті әсері).

β-АДРЕНОБЛОКАТОРЛАРДЫ ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ

  • стенокардиямен ауыратын науқастарды созылмалы емдеу үшін ( таблетка және инъекция ретінде), стенокардия ұстамаларының алдын алу үшін қолданады;
  • жүрекшелік тахиаритмия кезінде антиаримтиялық зат ретінде қолданады (жүрекшенің дірілдеуі және жыпылықтауы);
  • гипертониялық ауруларды емдеу үшін қолданады.

Бета –адреноблокаторлардың ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ

  • Бронхтардың β2-адренорецепторларының тежелуі бронх демікпемен ауыратын науқастарда бронхоспазм ұстамасын шақыруы мүмкін.
  • Ұзақ уақыт қолданған кезде жүрек тежелулерге әкелуі мүмкін.
  • α –АДРЕНОБЛОКАТОРЛАР :
  • фентоламин, тропафен, празозин, эргокриптин, эрготоксин, эрготамин
  • α 1- және α 2-адренорецепторларды тежейтін синтетикалық препараттарға фентоламин және тропафен жатады.
  • α –адренорецепторлар тамырларда айрықша шоғырлануына байланысты, осы топтағы заттардың негізгі фармакологиялық әсерлері олардың тамыр тонусына әсер етуімен байланысты болады.
  • фармакологиялық әсерлері :
  • Артериялық қан қысымын аздап төмендетеді.
  • перифериялық тамырлардың, әсіресе артерия мен прекапиллярлардың кеңеюі мен спазмын жояды.
  • бұлшық еттің, терінің, шырышты қабаттың қан айналымын жақсартады.
  • ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
  • 1) феохромоцитоманың диагностикасында ;
  • 2) перифериялық қан айналымның әр түрлі бұзылыстарында ( Рейно ауруы, облитерациялаушы эндартериит, акроцианоз, аяқтың трофикалық жаралары)
  • 3) геморрагиялық, кардиогенді шоктарда
  • 4) ауыр гипертониялық кризде
  • Пресинаптикалық альфа-2- рецепторларды тежеу, қайтымды теріс байланыс механизмін бұзады және норадреналин медиаторының синаптикалық саңылауға тұрақты босап шығуы байқалады. Осыған байланысты төмендегідей
  • ЖАНАМА ӘСЕРЛЕР :
  • -тахикардия;
  • - АІЖ-ның тонусының жоғарылауы (іш өтулер);
  • - бас айналу;
  • - терінің қышуы, қызаруы
  • - мұрынның шырышты қабатының ісіңуі;
  • - мөлшерден тыс қолданғанда - ортостатикалық коллапс дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет