Аға оқытушы Акитбаева Н. К., Козыбаева А. К, Шакаримова Қ.Қ


Күнтізбелік-тақырыптық жоспар



бет4/16
Дата05.09.2023
өлшемі77.84 Kb.
#476573
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Силлабусс ТиМВР каз

5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.



Пән тақырыптарының атауы

апта

Сабақ түрі бойынша аудиторлық сағат саны

Сабақ түрі бойынша аудиторлық емес сағат саны

Бар
лығы (с.)

Дәріс (с.)

Пр/сем./
зертх-қ./
студ (с.)

БОӨЖ (с)

БӨЖ (с)

1

Тəрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі

1

1

1

3

3

8

2

Мектеп пен сыныптың тəрбиелік жүйесі

2

1

1

3

3

8

3

Сынып жетекшісінің тəрбиелік іс-əрекетінің жүйесі

3

1

1

3

3

8

4

Мектепте, сыныпта тəрбие жұмыстарын жоспарлау

4

1

1

3

3

8

5

Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тəрбие жұмысының
ерекшеліктері

5

1

1

3

3

8

6

Қазіргі таңдағы мектептің тəрбие үдерісіне педагогикалық
қолдау

6

1

1

3

3

8

7

Қазіргі таңдағы оқу-тəрбие үдерісіндегі тəрбие технологиясы

7

1

1

3

3

8

8

Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыстарының жүйесі

8

1

1

3

3

8

9

Дарынды балалармен жүргізілетін тəрбие жұмыстарының
Жүйесі

9

1

1

3

3

8

10

Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына
құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің
іс-əрекеті

10

1

1

3

3

8

11

Оқушылармен жүргізілетін кəсіби бағдар беру жұмыстарының
əдістемесі

11

1

1

3

3

8

12

Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық əрекеттестік
технологиясы

12

1

1

3

3

8

13

Балалар мен жасөспірімдердің бастамашылдығын дамытудағы
тəрбиелік жұмыстар

13

1

1

3

3

8

14

Тəрбие жұмыстарының нəтижесі мен тиімділігінің
диагностикасы

14

1

1

3

3

8

15

Тəрбие үдерісін ғылыми-əдістемелік қамтамасыздандыру

15

1

1

3

3

8




Барлығы




15

15

45

45

120



6. Дәріс сабақтарының мазмұны


Тақырып 1. Тəрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі
Тəрбие – мəдени-тарихи феномен. Тəрбие педагогикалық ғылымдардың категориясы. Тұлғаны оқыту, тəрбиелеу жəне дамытудың өзара байланысы.
Тəрбиенің қазіргі заманғы тұжырымдамалары мен бағдарламалары.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы (Бағдарлама идеясының авторы − С.А.Назарбаева). Тəрбиенің ұлттық өзіндік ерекшелігі. Тəрбиенің гуманистік, тұлғалық-бағдарлық, аксиологиялық, мəдени, орта, этнопедагогикалық, құзыреттілік, қалыптастырушылық, синергетикалық,əлеуметтендірушілік, көпмəдени, антропологиялық, технологиялық,тұрғылары.
Тəрбие үдерісінің қағидалары: гумандық бағыттылығы, жалпыадамзаттық құндылықтар, мəдениеттілік, үздіксіздік, табиғилық, тұтастық, ұлттық.
Тəрбие үдерісінің ізгілік жəне гуманитарлық қағидалары: баланы сөзсіз қабылдау, оған тұрақты жағымды қатынас жасау; тұлғаға құрмет көрсету жəне əрқайсысының өзіндік абыройы сезімін қолдау; тұлғаның өзгеге ұқсамау құқығын саналы түсіну жəне мойындау; ерікті таңдауға құқық беру; баланың тұлғасын емес, оның іс-əрекеттерін, қылықтарын, ісін жəне т.б. бағалау.
Негізгі ұғымдар: тəрбие, тəрбиенің гуманистік парадигмасы, тəрбие үдерісі, тəрбиелік іс-əрекет, тəрбие жұмысы, технологиялық, құзыреттілік, аксиологиялық, тұлғалық-бағдарлық тұрғылар, тəрбиенің бағыты.
Әдебиет: [1,8,10].


2 – тақырып. Мектеп пен сыныптың тəрбиелік жүйесі.
Тəрбие жүйесі, тəрбиелік жүйе, тəрбие жұмысының жүйесі ұғымдары. Мектептің тəрбиелік жүйесі – мектептің тұтас əлеуметтік-педагогикалық құрылымы жəне баланың əлеуметтенуі мен дамуының мақсатқа бағытталған факторы. Мектептің тəрбиелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мəні, құрылымы, сипаттамасы жəне олардың өзара əрекеттестігі. Тəрбиелік жүйенің қағидалары: оңтайлылық, құрылымдылық, функционалдылық,интегративтілік. Тəрбиелік жүйенің құрылу жəне даму кезеңдері мен əдістемесі, бағалау өлшемдері. Мектептің тəрбиелік жүйесін басқару.
Сыныптағы тəрбие жүйесі – тəрбие үдерісін ұйымдастырудың негізі ретінде жəне мектептің тəрбие жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде (жүйе ішілік). Сыныптағы тəрбие жүйесінің функциялары, мақсаты мен міндеттері.
Тəрбие жүйесін модельдеу технологиясы. Бірыңғай тəрбиелік ортада тəрбие жүйесін құруға байланысты сынып жетекшісінің іс-əрекеті. Сыныптағы тəрбие жүйесінің тиімділігін көрсететін өлшемдер мен көрсеткіштер.
Негізгі ұғымдар: тəрбиелік жүйе, құндылық негіздер, тəрбие жүйесінің диагностикасы, модельдеу технологиясы, сынып жетекшісінің іс-əрекеті, оңтайлылық, құрылымдылық, функционалдылық, интегративтілік, психологиялық ахуал, əлеуметтік-педагогикалық жəне психологиялық-педагогикалық жүйе, жүйе ішілік.
Әдебиет: [2,3,6].


3-тақырып. Сынып жетекшісінің тəрбиелік іс-əрекетінің жүйесі.
Сынып жетекшісінің іс-əрекеті – қазіргі заманғы тəрбиенің нəтижелі шарттарының бірі. Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері мен іс-əрекетінің түрлері.
Сынып жетекшісінің оқушыларды тəрбиенің жекеленуін, тұлғалық-бағдарлық тұрғыларды жүзеге асыруын қамтамасыз ететін, қоғамның ашық кеңістігінде бағдарлану біліктілігін дамытатын қосымша білім алу мен білім бағдарламаларының алуан түрлеріне қатыстырудағы рөлі.
Негізгі ұғымдар: нəтижелілік, сынып жетекшісі, қызметтері, біліктілік, педагогикалық ұжым, дəстүрлі жəне дəстүрлі емес формалар, жекеленуді педагогикалық талдау.
Әдебиет: [2,3,6].
4 – тақырып. Тəрбие жұмыстарын жоспарлау технологиясы жəне əдістемесі.
Жоспарлаудың қызметтері.Тəрбие жұмыстарын жоспарлау – оқушылар тұлғасы мен балалар ұжымын дамытуды болжау үдерісі жəне сынып пен мектептегі тəрбие жұмыстарының стратегиясын анықтау. Жоспарлауға қойылатын талаптар жəне жоспарлаудың түрлері.
Жалпы мектептік тəрбие жұмыстарының жоспары, оның құрылымы мен мазмұны. Сыныпта тəрбие жұмыстарын жоспарлаудың формалары, əдістері мен тəсілдері. Тəрбие жұмыстарының болашақтағы жоспарын дайындау алгоритмі. Тəрбие жұмыстары жоспарының мазмұны мен құрылымы. Тəрбие жұмысының алуан түрлі формаларын жоспарлау. Тəрбие жұмыстарын жоспарлау үдерісінде педагогикалық жəне оқушылар ұжымының өзара əрекеттестігі. Тəрбие жұмыстарын жоспарлауға ата-аналардың қатысуы.
Негізгі ұғымдар: жоспарлау, болжау, ұжым, педагогикалық моделдеу, жоспар, құрылым, мазмұн, өзара əрекет.
Әдебиет: [10,11,12, 13,14].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет