Спиноза
Протогор
Демокрит
8 Дәріс. Өмір және өлім. Өмірдің мәні Жоспар бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім). Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны. Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы.
2. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну. Уақыт, мәңгілік және мақсат. Қорқыт дүниетанымдағы мәңгілік өмір мәселесі. Фәлсафа дәстүріндегі Қожа Ахмет Яссауидің мистикалық дүниетанымы.
3. Өмірдің мәнін іздеу. Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
3. Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000.
4. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.
5. Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008.
1. Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім). Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны. Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы
Мәселеге терең қарағанда, өмірдің мән-мағнасы болуының өзі оның өліммен бітетінінде болса керек. Расында да, біле-білген адамға өмірдің шектелгені әрбір күн мен жылды, минут пен сағатты бағалауға, тиімді жұмсауға итереді. Антик дәуіріндегі стоиктер “Өлімді есіңнен шығарма !”,- деген болатын. Оның терең мәні - өз өміріңде әр іс-қимыл, басқа адамдарға деген қатынастар, айтайын деген сөзіңді өмірдің соңындағы сияқты сезінуде. Мұндай өмірлік бағытты ұстау - адам өміріндегі қайсыбір уақиғаны терең сезініп-тебіренуге, мейлінше мазмұнды өмір сүруге әкеледі. Жайшылықты өмірде байқалмайтын кіші-гірім нәрселерге көңіл бөлініп, Дүниенің ғажаптығы айқындалып сезіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |