Афазияның себептері


Инсульт деген латын тілінен



бет2/4
Дата29.11.2022
өлшемі20.9 Kb.
#466054
1   2   3   4
12 АПТА АФАЗИЯ

Инсульт деген латын тілінен «соққы» деп аударылады. Инсульт – ми тамырларының зақымдалуының салдарынан пайда болған ауру. Миды қанмен қамтамасыз етуі бұзылған жағдайда мидың ашығуы (ишемия) пайда болады.
Бірнеше минут ішінде ол ми жасушаларының өліміне (инфарктқа) соқтырады. Бас ми жасушаларының өлімі немесе ишемиялық инсульт тамыр қабырғалары зақымдалған кезде байқалады – атеросклероз, ревматизм және т.б.
Өмір сүру салты дұрыс болмағанда (шамадан тыс эмоционалды жүктемелер, шылым шегу, дұрыс тамақтанбау және т.б.) тамыр қабырғалары жұқарады, жасушааралық қуыстары кеңейеді. Олардың ішінде май тәрізді заттардың бөліктері пайда болады.
Жүре келе олардың ішіне қан түйіндері енуі мүмкін, содан кейін олардың салдарынан склеротикалық түйіндер пайда болады. Алғашқыда түйін қан ағымымен шығарылуы мүмкін, кейін оның ішіне дәнекер тін өседі, тамыр эластикалық мүшеден нәзік, енжар түтікшеге айналады. Мұндай тамырдан қан тек қатты қысымның арқасында ғана өте алады. Сонымен, гипертония пайда болады. Сонымен қатар инсультке бас ішілік қысым да себеп болады.
Қан қысымының жоғарлауы тамырдың жарылуына әкеп соқтырады. Кейбір жағдайда тамырда склеротикалық түйіннің бөліктері, ревматикалық түіндер, май түйіні тұрып қалуы мүмкін. Бұл эмболия деп аталады. Кейде тамыр қабырғасында тромб (қанның дұрыс айналуына кедергі болатын ұйып қалған қан) пайда болады. Көлемі үлкейген жағдайда немесе тамырдың спазмында тромб тамырды жауып тастауы мүмкін, нәтижесінде – тамырдың жарылуы орын алады.
Субарахноидальді қан құйылуы (жарақаттық емес) – аневризманың жарылуы. Ишемиялық инсульттер афазияға екі есе жиі әкеледі. Кейбір тамыр бұзылыстарында (тамыр спазмдары, гипертониялық криздер) сөйлеу тілінің өткінші бұзылыстары байқалады: амнестикалық көріністер, персеверациялар, эхолалиялар.
Тікелей бас ми инсультынан кейін сөйлеу тілінің бұзылыстары анық көрінеді, өйткені олар ошақтық зақыммен ғана емес, сонымен қатар тұтас мидың әрекетінің бұзылуымен тығыз байланысты. Мидың ортаншы артериясының алдыңғы жоғары әкелуші тармақтарының зақымдалуынан афазияның моторлы түрлері пайда болады, ал оның артқы тармақтарының зақымдалуынан – сенсорлы түрлері пайда болады. Афазияның басқа түрлері тамыр патологиясында сирек кездеседі.
Қан айналымының бұзылуынан болған афазияны талдау кезінде патологиялық ошақтың сипатын ескеру қажет (қан құйылуы, жұмсару).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет