Ағдарбеков Т. А. Ағдарбекова З. Т



бет10/14
Дата30.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#167441
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

координациялық, қоғамдық қатынастар қатысушыла-рының мемлекеттік органдарға тәуелді болмай, өздерімен іске асырылады (жекеленген келісім шарт жасау, келісім, бар субъективтік құқықты пайдалану);

  • субординациялық, құқықтық реттеу, яғни заңды істі шешу билік құрылымына не қызмет бабы бар құқықты қолдану әрекеті барларға сүйену арқылы не сондай органдардың өздерімен, лауазымды адамдармен және соған сай өзінің функционалдық міндеттеріне сай қызмет бабының шегінде іс жүзіне асырылады (зейнетақы тағайындау, жұмысқа тіркеу (құжаттындару), қылмыстық іс қозғау).


    83. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰРАЛ: ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
    Құқықтық реттеу құқықтық құралдардың қарым-қатынасындағы жиынтығы арқылы іс жүзіне асырылады, яғни сол берілген процеске тікелей қатынасушылардың және сондықтан да олар құқықтық реттеудің механизмін қалыптасушылар ретінде болады.

    Құқықтық құрал – дегеніміз барлық заңдық инструментарийлер, соның көмегімен субъектілердің мүдделері қанағаттандырылады, оның әлеуметтік – тиімді мақсаттарға жетуі қамтамасыз етіледі. Құқықтық құралдар ретінде көптеген элементтер көрінеді, соның көмегімен құқық өзінің конструктивтік ықпалын қоғамдық қатынастарға көрсетеді: құқықтың қайнар көздері, құқықтың ұйғарымы, құқық нормалары, құқықтық институттар, құқықты қолданылатын актілер және құқық пен міндеттілікті іске асыру актілері, құқықтық режим, келісім шарттар, заңды фактілер, субъективтік құқық, заңды міндеттер, тыйым салу, жеңілдік, көтермелеу шаралары, жазалау, рұқсат беру және қорғау, заңды аксиомалар, презумциялар, т.б.

    Құқықтық құралдарды көпсандағы жүйелердің ішінде бөлініп шығатыны құқықтық құралдарды белгілеу – шын мәніндегі құқық субъектілерінің құқығы ұйғарылған құқықты іске асыру актісіне сай келуші (тәжірибедегі барлық заңды әрекеттер (құқықтық шығармашылық, құқықты қолдану, интерпретациондық) және ең алдымен, субъективтік құқық пен заңды міндеттерді іске асыру актісі, сол не басқа субъектілердің сондай әрекеті).




    84. ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕЖЕУ ЖӘНЕ ЫНТАЛАНДЫРУ
    Көрсетілген құқықтық реттеу әдісі сол не басқа варияциялық компоненттерде ерекше құқықтық тежеуді белгілеуде біреуді, мақсаты сыртқы некотивтік көріністі қоғамдық қатынастарға қатынасушыларға тиісті болдырмау және құқық субъектілерін қажетті жағымдылығы үшін ынталандыру.

    Құқықтық тежеу дегеніміз – құқықтық аяғы субъектіле-рінің құқыққа қарсы ұмтылысын тежейтін элементтерді кіргізу. Яғни басқа адамдардың, қоғамның тұтасымен мүд-десін бұзатындардың және анық түрде, белгілейтін шекараны заңмен белгілеу (мүмкін болатын субъектілердің тәртібі олардың әрекеттеріндегі белгілі мүмкіндікті болдырмау).

    Құқықтық ынталандыру – арнайы құқықтық ояту түрінде заңды тыңдаушы тәртіпке, субъектілердің меншікті мүддесін қанағаттандыруға жасалатын қолайлы жағдай режимі.

    Ынталандыру ерекше құқықтық құралды белгілеу, берілген нақтылы жағдайда субъектілердің тәртібінің тиімді деңгейін көтеру және өзіне мынадай элементтерді қосып алады: құқықтық көтермелеу (ерікті еңбегі сіңген тәртіпті заңмен мойындаудың нысаны және шарасы, соның нәтижесінде туады);



    Артықшылықтағы құқық (преимущественное) (заңмен белгіленген материалдық, моралдық жеңілдіктер, процес-суалдық сипаттағы субъектілерге арналған және сол не басқа категориялардағыларға жауапкершіліктерден босатуға байланысты); онымен соған сай функцияларды қамтамасыз етуге мойындалған.

    Құқықтық жеңілдік (субъектінің жағдайын құқықтық жеңілдету, оған өзінің мүддесін толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді және қосымша берілген ерекше құқық бойынша берілген міндеттен босануға да құқығы бар).


    85. ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТ
    Құқықтық реттеудің ерекше тәртібі заң құралдарын белгілі үйлестіруден көрінеді – рұқсат етілген және тыйым салудан және керек әлеуметтік жағдайды және нақтылы деңгейдегі қолайлы жағдайды не қолайсыз жағдайды құқық субъектілерінің мүддесін қанағаттандыру үшін жасаушы құқықтық режим деп аталады.

    Бұл мемлекеттің еркімен орнатылған өзі үшін тиімді жағдай, қоғамдық мүдденің, нақты аядағы қатынастардың құқықтық реттеу тәртібін көрсетуші ретінде. Мұндай институт, сайлаушыға жеткілікті түрде олардың дамуын қажетті бағытта жөндеуге мүмкіндік береді. Сондықтан, сол не басқа құқықтық режим туралы, тек кейбір құқыққа қатысты айтуға болады (әкімшілік, кедендік, қаржы, салық, қылмыстық атқару, т.б.). Құқықтық режим, құқықтық саясаттың органикалық бөлігі.

    Құқықтық саясаттың категориясы белгіленгенде мемлекеттің құқықтық реттеудегі тиімді механизмін құрушы ретінде белгіленеді, заңды құралдарды өркениетті пайдаланып мынадай мақсатқа жетуді көздейді: көбірек толық адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету, заңдылықты бекіту және құқықтық сақтау, құқықтық мемлекеттілікті құру және қоғамның жоғарғы құқықтық мәдениеті мен жеке адамның құқығын қорғайды.

    86. ҚҰҚЫҚТЫ РЕТТЕУДЕГІ КЕЗЕҢДЕР МЕХАНИЗМІ,

    ТҮСІНІГІ ЭЛЕМЕНТЕРІ
    Құқықтық реттеу жүйесінің элементтері ретінде тікелей көрінетіндерге жататындар: құқық нормалары, заңды фактілер, құқықтық қатынастар және құқықты қолдану актілері жатады.

    Құқықтық реттеу механизмінің қалпында жеткілікті түрде үш кезеңнің процесі бөлініп шығады:



    • құқықтың жанама түріне, мұқтаж қоғамдық қатынастарды белгілі тәртіпке келтіруі жатады;

    • нормалардың әрекеттерінің нәтижесінде құқықтық қатынастар пайда болады не өзгереді;

    • субъективтік құқық пен заңды міндеттерді іс жүзіне асыруда құқықтық реттеу өз мақсатына жетеді, нақтылы адамның тәртібіне айналады (кіреді).

    Мұнда барлық элементтер, құқықтық қатынаста кездесіп өзінің шын көрінісіне ие болады және теориялық абстракциядан құқық субъектілерінің жағымды тәртіптегі актісіне айналады.

    Заңды нормалар құқықтық реттеудің бірінші қажеттілігі элементі, ал оның басылымы бұл процестің бірінші кезеңі. Құқық нормаларын статикалық жағдайдан (өмір сүруден) шығармайынша, белгілі заңды факт, сол күйінде қимылсыз қағазда қалып қояды.

    Құқықтық қатынастар және оның жақтарындағы субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерінің негізінде пайда болып құқық нормаларымен бекігендіктен, соған сай екінші элемент және екінші құқықтық реттеудің кезеңі ретінде көрінеді.

    Сонымен қатар, құқықтық реттеу механизмін тұтасымен алынған құқықтық жүйенің құралы ретінде белгілеуге болады (заңды нормалар, құқықтық қатынастар, жекеше актілер, т.б.), соның көмегімен құқықтың нәтижелі ықпалы қоғамдық қатынастардың алдындағы міндетіне сай қамтамасыз етіледі.




    * * *
    ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ
    87. ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛАРЫ
    Құқықтық сана – қоғамдық және жекелеген сезімдердің бір бөлігі олардың объектісіне заңдар тұтасымен, жекеленген актілер мен нормалар, құқық, жеке адамның бостандығы мен міндеттері және құқықтық қатынастарға қатынасушылар, құқықты қолдау актілері құқыққа сай және қарсы тәртіптер құқықтық тәртіп және заңдылық жатады.

    Құқықтық сана – құқықтық сезімнің, эмоцияның, көзқарастың, бағалаудың, белгінің, ойлаудың және басқа көріністердің жүйесі, әрекеттегі құқыққа заңды түсініктер мен категорияларға заңды тәжірибеге, құқыққа, бостандыққа, міндеттілікке және басқадай керек құбылыстар көрсетілетін құқықтық қатынастар.

    Құқықтық сананың функцияларына мыналарды жатқызу-ға болады: саналық, реттеушілік, құқықтық үлгілеу функ-циясы, бағалау, құқықтық тәрбиелеу функциясы, прогностық функция.



    Құқықтық сананың бағалау функциясы – қандай болмасын әлеуметтік-құқықтық құбылыстардың бір-біріне ұқсастығын өзінің міндетті жеке ойлары туралы не осы құбылыстардың әлеуметтік пайдалылығын (бағалылығын) көрсетеді.

    Құқықтық сананың танымдық функциясы құқықтық білімді алудағы жүйелілікті көрсетеді. Қоғамның даму деңгейіне сай болу және адамның сол білімді меңгеріп тәжірибеде қолдануға қабілеттілік әрекеттері.

    Құқықтық сананың реттеуші функциясы оның белгілі ережеге бағынған нәтижесімен өзінің субъектілерінің тәртібіне ықпал етуі (құқықтық сананы алып жүрушілерге).



    88. ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

    ЖӘНЕ ДЕҢГЕЙІ
    Құқықтық сана екі үлкен құқықтық идеология мен құқықтық психологиядан тұрады.

    Құқықтық идеология – көзқарастар мен ойлардың жүйесі, онда теориялық нысанда қоғам өмірінің құқықтық құбылыстарын көрсетеді. Оны мынадан көруге болады: ғылыми идеялардан (мысалы, адал мемлекеттік құрылым туралы идея, құқықтық мемлекеттің құрылуын талап етеді); ережелермен, ілімдермен, теориялармен қоғамда қалыптасады және мемлекетке және оның органдарына құқықтық шығармашылық және құқықты қолдау әрекеттерінде оларды тиімді пайдалану жүктеледі.

    Құқықтық психология – бұл сезім, үйреншіктік, көңіл-күй, дәстүр, қоғамда әрекет етуші әр түрлі әлеуметтік топтардың, жекеленген адамдардың құқыққа, құқықтық мекемелердің жүйесіне қатынасы көрсетіледі. Құқықтық психология төтенше күрделі және көптеген, әр түрлі көріністермен толтырылған адам баласы өмірінің көріністерін сипаттаушы.

    Ол психологиялық және құқықтық құбылыстардың жиынтығынан құралады. Оған жататындар: құқықтық қажеттілік, құқықтық белгі, құқықтық менталитеті, құқықтық мотив, бағалылық-құқықтық бағдар, құқықтық көңіл күй, құқықтық сезім, құқықтық эмоциялар, құқықтық тәжірибе, құқықтық үйреншіктік, құқықтық бірлік, т.б.

    Адамдардың құқыққа және оның белгілеуіне қатынасын тереңдік көзқарасы жағынан және құқықтық білімінің және уайымдаудың бағытына байланысты, құқықтық психо-логияның деңгейі деп аталады.

    Құқықтық психологияның дамуының жоғарғы деңгейі (қоғам, әлеуметтік топтар, қаланың тұрғындары, мекеменің-ұжымы) – бұл шын мәніндегі, жүйеленген тұрақты, құқықтық шындықтың деңгейі және теориялық-тәжірибелік көрінісі, әлеуметтік психологиялық құбылыстардың, ондағы нағыз дамыған құқықтық топтар психологиясы туралы құқықтық ойларға максималды сай келуі, жалғасы ретінде, құқыққа сай тәртібімен лауазымды адамдардың, азаматтардың барлық топтардың, ұжымдардың мүшелері.



    Құқықтық психологияның дамуындағы төменгі деңгейіне, көбірек оның жоғарғы тығыз құқықпен сай келмеуі, криминогенді әлеуметтік-психологиялық алғышарт-тардың болуы, көбірек кең көлемде және тереңірек көріне бастаған құқыққа қарсы қоғам мүшелерінің тәртібі.

    89. ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫҢ ТҮРЛЕРІ
    Құқықтық сананы әр түрлі негіздерге сай жүйелеуге болады.

    1. Жалпылық деңгейіне қарай көпшілік (ұлттың құқықтық санасы, халықтың), топтық (әлеуметтік топтардың құқықтық санасы, формалды және формалды емес ұжымдардың) және жекеленген (жекеленген адамдардың құқықтық санасы, сезім және жекелеген адамдардың құқық туралы ойлары).

    2. Мазмұнына қарай құқықтық сана бөлінеді: күнделікті (күнделік жағдайларда адамдардың құқық туралы, отбасында, жұмыста, қоғамдық және басқа өмір аясындағы атүсті ойлары), кәсіби (арнайыланған құқықтық білімдерге негізделген, кәсіби заңгерлердің жұмысында пайдаланы-латын) және ғылыми (кең және терең құқықтық қорыту және құқықтық құбылысқа қатынас).

    3. Басқару қарқындылығын көрсетумен, белсенді құқықтық сана деңгейі (мақсатты бағытталған, субъектінің белсенділік әрекеті, құқық нормаларының талаптарын сақтауға не сақтамауға бағытталған), құқықтық сананың дағдылы деңгейі (құқыққа, құқықтық құбылысқа қатысты сондай қатынастар, онда күнделікті субъектілердің әрекеттеріндегі жағдайлар. Ол құқық нормасын бұзғанда не бұзбағанда көрінеді (үйренген құқыққа сай тәртіп және үйреншікті құқыққа қарсы тәртіп; ситуативті құқыққа сай және ситуативті құқыққа қарсы тәртіп) және құқықтық сананың енжарлық (пассивный) деңгейі (субъектінің сол не басқа субъективтік құқықтың бөлігін не заңды міндетті орындаудан саналы түрде қалатын сипаты (конформистік құқыққа сайлық және конформистік құқыққа қарсы тәртіп; маргинальдық құқыққа сайлық және маргинальдық құқыққа қарсы тәртіп).

    90. ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ

    ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ
    Егер құқықтық сана құқыққа қатынасты адам баласы әрекеттерінің ішкі жағынан сипаттаса, ондай қатынастың сыртынан көрсетуші құқықтық мәдениет. Бұл категориялар бір-бірімен тығыз байланыста.

    Құқықтық мәдениет – бұл экономикалық саяси, әлеуметтік және қоғамның дамуындағы рухани деңгеймен қамтамасыз етілген жалпы мәдениеттің бір түрі, адам баласында жиналып қалған құқықтық бағалылықты пайдаланудағы игерудің мүшелерін көрсетеді, себебі ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.

    Әдебиетте құқыққа, мәдениеттің неден қалыптасатыны жөнінде көптеген комплекс факторлар көрсетіледі. Ондай факторларға жататындар: құқықтық ойлау мәдениеті (құқық нормаларын білу, оларды тәжірибеде пайдалана білу); құқықтық сана мәдениеті қоғамдық құқықтық құбылыстардың табиғатын түсіну және құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеуге қажет екенін саналы түрде мойындау, құқықтық тәртіп мәдениеті (игерілген құқық нормаларына сай, саналы қылықтар жасау).

    Таралу деңгейіне байланысты (әрекеттілігіне) қоғамың, топтың және ұйымның, сонымен қатар жеке адамдардың да.

    Құқықтық мәдениеттің әлеуметтік қажеттілігі, оның орындайтын функцияларынан көрінеді. Олардың негізгілеріне мыналар жатады: бағалылықтағы, танымалдылықтағы, прогностік, реттеушілік, коммуникативтік, құқықтық-әлеуметтендіру және әлеуметтік-құқықтық шындыққа ықпал жасайтын бағыттар.

    Құқықтық мәдениетті қалыптастыру процесінің негізгі бағыттарына жататындар: іскерлікті қалыптастыру және үйреншікті тәртіпті үгіттеу нысанында – құқықтық насихат, құқықтық тәрбие, құқықтық оқыту және білім. Жеке адамның құқықтық санасы көп жағдайда, әлеуметтендіруді қалыптастырады. Ол жеке адамның мәдениетінің қалыптасуына үлкен ықпал жасайды.

    Құқықтық әлеуметтендіру – бұл адамның құқықтық білімді және оның талаптарын игеру, біртіндеп қажетті әлеуметтік-құқықтық әдетті игеріп, мақсатында құқықтық (заңды тыңдаушыға) тәртіп қалыптастыру және қамтамасыз ету.

    Мұндағы есте ұстайтынымыз, адам әлеуметтенеді, пайдалы қоғамдық белгілер туралы білімді, өмір бойы алады. Құқықтық әлеуметтену процесіне үлкен ықпал ететін, нақтылы адамның өмірлік үлгісі – оның өзінің талаптары мен оларды іске асыратын микросоциумы.



    91. ЗАҢДЫ ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ

    ҚҰҚЫҚТЫҚ НИГИЛИЗМ
    Адам баласының тарихында құқыққа екі қарама-қарсы түсінушілік қалыптасты, тікелей құқықтық сана аясында көрінеді.

    Біріншісі, құқық маңызды әлеуметтік бағалылық, және қоғамның ұйымдасуы мен дамуындағы негізгі факторлардың бірі (бастысы болмаса) ретінде мойындайды. Мұндай құқыққа деген көзқарас заңды дүниетанымдылық деп аталады. Олармен, барлық кәсіптік әрекеттерді юристердің толықтыруы қажет.

    Дегенмен мөлшерінен асқан құқықтың күші туралы сенім шындықтан айырылу белгілі жағдайда белгілі негативтік нәтижеге әкеліп соғуы мүмкін. Мысалы, оның абсолюттік бағытына (құқықтық феттизм, романтизм, идеализм, волюнтизм), дүниеге құқықтық утопияны енгізу, яғни олардың жоқ бірақ идеялды жасалған қоғам мен құқықтың жүйесімен. Тәжірибеде қоғам құқықтық популизмінің көрінісімен кездесуі мүмкін, яғни билік әрекеттерімен, мақсаты құқықтың белгілілігін жұртқа таралуды қамтамасыз етуге негізделгенмен сендіру және демагогикалық ұрандар арқылы іске асыру.



    Екіншісінде құқықтық құқыққа қатынас скептикалық не немқұрайдылық оның әлеуметтік мүмкіндігіне сенімсіздікпен қарап тіпті жоққа шығарылады нигилизм – (пассивті және белсенді). Құқыққа нигилистік көзқарасты конфуцианство мен анархизм қолдайды және негіздейді (В.Годрин, П.Прудон, Ж.М.Штирнер, М.А.Бакунин, П.А.Кропоткин).

    Құқықтық нигилизмнің өте көп өзгешелігі бар. Ол адам мен құқықты толық бағаламауынан көрінеді (құқықтық нигилизм), не жауапкершіліксіз, заңның талабына жеңіл ойлылықпен қарау қатынасы (құқықтық инфатилизм), не заңды күші бар құқық нормаларын белсенді түрде қабылдамауы (шынында құқықтық нигилизм). Мұндай жеке адамның құқықтық санасындағы өзгеріс құқықтық әлеуметтендірудің кемістігі – деп аталады. Кей кезде бұл кемістік тіпті шектен шыққандық нысанды көрсетіп, құқықтық бастама саналы түрде және мақсатты бағытта есептелмей, мотивті пайдалану, қатаңдық, пайдакүнемдік және көптеген себептерге байланысты жоққа шығарылады. Бұл процестер көбірек анық қалыптасатын субъектілердің саналы түрдегі құқық бұзушылыққа дайындалумен жалғасады. Сайып келгенде, ондай тенденцияның дамуы солай айтылатын қайта тұрған құқықтық санаға не құқықтың қайта тууына әкеліп соғады. Осыған орай «Современное состояние отечественного правосознания характеризуется наличием в нем никоего правового вакуума, который необходимо чем-то заполнить. С одной стороны, такой вакуум в сознании людей может быть заполнен духовно-нравственными и религиозными ценностями, а с другой, криминальным, уголовным менталитетом с его глубоко нигилистическим отношеним к праву» (Н.И.Матузов) – деген пікірі растайды.



    * * *

    ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚҚА САЙ ТӘРТІП
    92. ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП:

    БЕЛГІЛЕРІ, ҚАСИЕТІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
    Заңды нормалардың әрекет ету қалпындағы нормаларды құқықтық тәртіп деп атаған, онда саналы-ерікті жағымды құқық нормалармен реттелген және әлеуметтік маңызы бар адамдардың және олардың ұжымдарының тәртібі заңды салдарға әкеледі.

    Құқықтық тәртіп әрекетте және әрекетсіздікте әрекет етуі мүмкін. Құқықтық әрекетсіздік тура сондай, тікелей сипаттағы құқықтық тәртіп және құқықтық әрекет. Мұнда ол әрекет ретінде құқыққа сай не сай емес болуы мүмкін. Мысалы, құқық субъектісінің тәртібі мынадай: маңызды саналы тыйым салуды сақтау, оларды бұзу құқықтық әрекетсіздікке жатады. Адамға құқықтық ұйғарыммен тапсырылған міндетті орындамау құқыққа деген жауапсыздық болып саналады. Осыған қосымша әрекетсіздік құқықтыққа айналады (құқыққа сайлық не құқыққа сайлық емес) тек оның мазмұнын субъективтік құқыққа, құқық нормаларындағы нақтылы заңды міндеттерге не келісім шарт жағдайына (контрактіге) қосқан кезде.

    Көптеген әлеуметтік тәртіп түрлерінің ішінен ең алдымен өзінің құқықтық, құқықтық қосымшалығымен кеңістік қалпынан тәртіп бөлініп шығады. Ол әрекеттегі заңдардың нормаларымен қатаң реттелген және соның негізінде құқыққа сай болу мүмкіндігі бар (құқық нормаларының талаптарына сай келеді) құқыққа сай еместігі не құқыққа қарсы (құқық нормаларының талаптарын бұзушы) және заңдылық талапсыздық (құқықтың кеңістік қалпындағы, бірақ ешқандай салдар туғызбайтын және сондықтан ешқандай заңдылық бағаға жатпайтынын).

    Құқықтық тәртіптің сипатты белгілеріне жататындар: әлеуметтік маңыздылығы, оның саналы-еріктегі сипаты, тәртібінің мемлекеттің тексеруінде болуы, жағымды не жағымсыз заңдылық салдардың болуы.

    Сонымен, құқықтық тәртіп дегеніміз, тек құқықтық нормалармен алдын-ала белгіленген және құқықтық нәтижесі барлар. Құқықтық тәртіптің, оның маңызды екі түрі бар: құқықтық тәртіп және құқыққа қарсылық.

    93. ҚҰҚЫҚҚА САЙ ТӘРТІП: ТҮСІНІГІ, БЕЛГІЛЕРІ

    ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМТАМАСЫЗДЫҒЫ
    Құқыққа сай тәртіп – заңды тыңдаушы, саналы және ерікті адамдардың құқық нормаларының талаптарына сай тәртібі. Жалпы көптеген, барлық кездесетін адам тәртіптерінің жолдарында құқықтық тәртіп, құқыққа сай емес тәртіптен жоғары тұрады.

    Құқыққа сай тәртіп керек және рұқсат етілген, яғни мемлекетпен күзетіледі және кепілденген. Қандай болмасын қоғам дәл осыған негізделеді, және бұл жағдай оның бірқалыпты және біртіндеп дамуының кепілі. Құқық нормаларының негізгі көпшілігі құқыққа сай тәртіпті реттеуге бағытталған.

    Құқыққа сай тәртіптің негізгі сипатын және оның құқыққа қарсы тәртіппен айырмашылығын жеке бөлуге болады. Олардың қатарына жататындар: пайдалылығы және қажеттілігі; құқық нормаларының ұйғарымдарына, оның мақсатына және қағидаларына сай келуі, ерекшелігі және осы жолдағы тәртіпті іске асырудағы саналылығы субъектінің бұл жолды іске асырудағы бағыты; сенімділік және жеке адамның өз қылығы туралы жауапкершілігі; құқықтық тәртіптің көпшілігі.; оның мемлекетпен кепілденгендігі; күзетілудің қамтамасыздығы. Әр түрлі типтегі құқықтық тәртіппен әлеуметтік маңыздылығына қарай қоғамдық және мемлекеттік деңгейінің оларға деген қызығушылығы әр түрлі және соған сай олардың мемлекеттік ынталандыруы әр түрлі. Мысалы, олардың кейбіреулерін мемлекет заңдылық мемлекеттік дәрежесіне көтеріп конституцияда бекіткен (Отанды қорғау, салық төлеу, қоршаған ортаны қорғау) басқалары субъективтік түрде көрсетеді (сайлауға қатынасу). Сонымен қатар әлеуметтік жағымды тәртіп варианттарымен қатар, құқықтық тәртіп қалпында мынандайлар да бар, оларға құқықтың тыйым салынбауына байланысты, келісуге тура келеді (мысалы некелесуден айыру, көтеріліс, сайлау кезінде, сайлау бөліміне келмеу, т.б.).

    94. ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚҚА САЙ ТӘРТІБІНІҢ МЕХАНИЗМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
    Құқыққа сай тәртіп механизмін қалыптастыру механизмі туралы сұрақты, қарым-қатынастағы арнайы-заңдылық, психологиялық және әлеуметтік жүйеден іздеу керек, бірақ мұндағы көрініп тұрғын жоғарғы психологиялық аяны ескеру қажет, атап айтсақ, қажеттілікте мүддеде, мотивте, белгілеуде, үйреншіктікте және басқа сипаттауда, тұтасымен құқықтық сананың бір жағына сай келетін – құқықтық психологиядан.

    Құқыққа сай тәртіп (құқыққа қарсылық ретінде) ең алдымен жеке адамның құқықтық тұрақтылығына және оның құқықты бағалаушылық бағытына байланысты. Осы факторлар жеке адамның алған, алдында тұрған мақсаты мен тапсырмасы арқылы бағытын сипаттайды және сайлаушылық дайындығын және әрекетке дайындығын көрсетеді, оларды іске асыруға бағытталған әр түрлі тәртіп стереотипін қалыптастырады, олар прагмантикалық не альтуристикалық болады.

    Сонымен, құқыққа сай тәртіп дегеніміз – күрделі комплексті категория, сондықтан оның көлемі және саласы тікелей көптеген субъективтік факторларға байланысты:


    • өндіріспен материалдық игілікті пайдаланудың арасындағы сәйкестікті орнына келтіру деңгейіне;

    • саяси және азаматтар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәдениетіндегі жалпы деңгей;

    • алдыңғы қатарлы қоғамдық таптардың, топтардың және тұрғындар қатарларының адамгершілік көзқарас пен моральдік жағынан құқықтық талаптарға сәйкес келу деңгейіне;

    • мемлекетпен кең көлемдегі тұрғындар қатпарларының мүддесін түсіну деңгейі және толық түрде және аз кезінде сол мүдделерді саясатта көрсету, түсінікті көрсету;

    • заңдарды жетілдіру деңгейі, құқықтығы жетімсіздікті жою және шегінен шыққан реттеушілік қоғамдық қатынастарды диспозитивтік реттеудің аясын кеңейту;

    • жеке адамның мүддесінің үндестігі және заң шығарушының мақсаты, егер норма иесінің психологиялық белгісі және оның дүниетанымы, арнайы заңда көрсетілген мемлекеттің ықпалына және оның белгілеген ережесін іс жүзіне асырудағы тәжірибелі әрекетіне жақын, т.б.

    Құқықтық тәртіптің сапасына кері әсер ететіндер: қажеттіліктің келіспейтіндігі, мүдделер, белгілеулер, сенімділік және құқық иесінің білімі.

    95. ҚҰҚЫҚҚА САЙ ТӘРТІПТІҢ ТҮРЛЕРІ
    Құқыққа сай тәртіп, оның мотивациясына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:

    • дағдылы құқыққа сай тәртіп (әдеттегі күнделікті шығыннан асып кетумен байланысты емес; бұл күнделікті қызмет, адамның тұрмыстың өмірі, құқықтық ұйғарымға сай келеді;

    • енжарлық құқыққа сай тәртіп (тек сол кезде көрінеді, егер азаматтар бір-біріне тең құқықтарды және бостандықтарды пайдаланбаса; бұл кезде шығын, ең алдымен сол азаматтың өзіне келеді);

    • конформистік тәртіп (әлеуметтік топта қабылданған (жалпылама) стильге сай келеді); жеке адаммен құқық нормасын енжарлық сақтауы, өзінің тәртібін, пікірін қоршаған ортаның әрекетіне бағындыру, ыңғайластыру);

    • маргиналдық тәртіп (адамдардың құқықтық тәртібі сыртқы көрінісі ретінде байқалады, құқықтық нормалардың талаптарына іштей келісілмегендік). Бұл нұсқа әлеуметтік және рухани жағынан орнықпаған, жекеленген адамдарға тән, соған байланысты қанағаттанбаушылық, апатия, агрессивтіліктен тұрады. Соған орай атау – шекаралық не қыл үстінде тұрғандай. Маргиналдық тәртіп көп жағдайда құқық бұзушының алғышарты болады.



    ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет