- –анестезияның барлық түрінде қолданады.
- Жансыздандырушы белсенділігі бойынша новокаиннан 2,5 есе күшті және 2 есе ұзағырақ әсер етеді (шамамен 60 минут).
- Улылығы новокаинмен бірдей
- тіндерге тітіркендіргіш әсер көрсетпейді,
- тез сіңіріледі
- тыныштандырғыш, ауыру сезімін басатын, аритмияға қарсы әсер көрсетеді.
- Анестезия тез басталады (2-3 мин. кейін) және жұмсақ тіндерде 90-120 мин дейін, пульпа деңгейінде 5-10 мин дейін созылады.
- Жанама әсерлері: гипотония, ұйқышылдық, бас айналу, амнезия, құрысу, тремор, улы тахиаритмия, көрудің нашарлауы, тыныстық жеткіліксіздік.
- Аллергиялық реакциялар
Артикаин (ультракаин) - тамыртарылтқыш затпен глюкозаның комбинациясынан тұрады.
- Әсері жылдам пайда болады (егуден кейін 0,3-3 мин өткенде).
- Әсер ету ұзақтығы 4 сағатқа дейін созылады, себебі препарат сүйекке және басқа тіндерге жиналады.
- Көрсетімдер: пломбаның астында қалатын қатты ұлпаларды тазартып дайындағанда; ауыздың сілемейлі қабатын кесіп тілетін жағдайларда, пульпаның экстирпациясы мен ампутациясында, тістерді жұлғанда.
- Жанама әсерлері: жүректің айнуы, тремор. Қанға көп сіңіп кеткенде жүректің жұмысын тежейді, қанның қысымын төмендетеді тынысты тежейді.
Бупивакаин – ең белсенді, күшті анестетиктердің бірі (лидокаиннан 4 есе белсенді), сонымен қатар өте ұзақ әсер ететін анестетик (8 сағат). жақ-бет хирургиясында инфильтрациялық, өткізгіштік және эпидуралдық анестезия кезінде қолданады. - Бупивакаин – ең белсенді, күшті анестетиктердің бірі (лидокаиннан 4 есе белсенді), сонымен қатар өте ұзақ әсер ететін анестетик (8 сағат). жақ-бет хирургиясында инфильтрациялық, өткізгіштік және эпидуралдық анестезия кезінде қолданады.
- Жанама әсерлері - құрысу, жүрек қызметінің төмендеуі.
- Мепивакаин – әсер ету ұзақтығы орташа анестетик (2 сағатқа дейін). Әсері тез басталады. 1%, 2%, 3%-дық ерітіндісі инфильтрациялық және өткізгіштік, сонымен қатар жұлындық анестезия үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |