Тоқсан
I
|
II
|
II I
|
I V
|
«8-10»
|
3
|
6
|
9
|
10
|
«6-7»
|
10
|
11
|
13
|
13
|
«4-5»
|
16
|
12
|
8
|
6
|
«1-3»
|
0
|
0
|
0
|
0
|
Білім сапасы,%
|
48%
|
58 %
|
55%
|
77%
|
Кестеде көріп тұрғанымыздай ағылшын тілі пәні бойынша 1 тоқсанмен 4 тоқсан салыстырғанда білім сапасы 29 пайызға артқан. Осы сыныпты эксперименттік сынып ретінде алсақ жоғарыда көрсетілген 4 тоқсандағы көрсеткіш нәтижесінің себептері айқындалады.
Эксперименттік зерттеу жүргізу барысында түрлі көрнекі құралдар арқылы балалармен жұмыс жасалынып нәтижесі көрсетіледі. Нәтижесінде мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас демократиялық стилі дамиды. Бір жағынан оқушы сабақ барысында мұғаліммен еркін сөйлесу арқылы өз ойын жақсы жеткізеді, ал екінші жағынан сабақ оқыту барысында білім алуға кедергі келтіруі мүмкін.
Оқушыларға эксперименттік зерттеу барысында ағылшын тіліндегі әндер мен қосымша карточкалар арқылы топқа бөліну арқылы топтық жұмыс жүргізілді. Сабаққа қатысты қызықты ойындар ұйымдастырылып, оқушыларды смайл арқылы бағалап, сабаққа деген ынталарын ояту мақсатында рөлдік ойындар сомдалды.
Сурет-2. 4«Ә» сыныбының зерттеу барысындағы нәтижелері
Эксперименттен кейінгі нәтиже бойынша баланың сабаққа деген қызығушылығы артып, бағалау көрсеткішінде 4-5 балл алатын оқушылар қатары азайды. Қазақстан Республикасы — инновациялық даму бағытындағы ел. Сондықтан елімізге жоғары санатты мамандар қажет. Дамудың инновациялық жолы жаңаша ойлауды,алдағыны жоспарлауды,жаңа идеялар мен технологияны болашақта қажет етеді.Осының бәрін еліміз өсіп келе жатқан жеткіншектерден күтіледі. Ағылшын тілі – барлық елдің тіл жағынан қарым-қатынас құралы ретіндегі негізі, демек, ағылшын тілі- оқушының дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді. Оқушылардың пәнге деген көзқарасы әр түрлі факторлармен: жеке басының және пәннің ерекшеліктерімен қатар оқыту әдісімен анықталады. Олардың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында үйірме жұмысын ұйымдастырудың маңызы зор.
Білім алушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру барысында түрлі көрнекілік құралдары қолданылып отырды. Эксперимент жүргізу барысында 4 «Ә» сынып оқушыларына психологиялық мотивтегі тест сұрақтары арқылы оқушының ағылшын тілі пәні сабағына деген қызығушылығын көреміз. Бұл сыныпта жалпы 29 оқушы бар оның ішінде 14 ұл, 15 қыз бала бар. Осы сауалнама арқылы баланың ағылшын тілі сабағына деген қызығушылығының қай деңгейде екендігін көре аламыз. Сауалнама карточка түрінде оқушыларға таратылып, нәтижесі келесі диаграммадағыдай болды.
(Сауалнама-Қосымша-1)
Достарыңызбен бөлісу: |