Сурет-3.Сауалнама нәтижесі
Білім алушылардың басым бөлігі бұл сабақтың қызық екендігін алға тартса, келесі бөлігінде қызығушылығы төмен және тек жақсы баға алу мақсатында оқитынын айтады. Бұл сыныппен эксперимент жасау аралығында баламен психологиялық тұрғыда мотивациясын ояту арқылы сабаққа деген ынтасын ашу іс-шаралары жүргізілді. Топқа бөлініп, сабақты топпен ұжымдасып жасау арқылы достарымен қарым-қатынас жақсарды. Келесі суреттерде балалармен топтық жұмыс барысы:
Сурет-4. 4«Ә» сынып оқушыларымен топтық жұмыс барысы
Экспермент барысында 4 «Ә» сынып оқушыларына: Weather, Save our animals, Volcanoes, Healthy snacks тақырыптары негізінде сабақ өткізілді. Осындай топтық жұмыс арқылы немесе екі адам бір-бірінің карточкасын тексеру арқылы өздеріне шынайы баға береді. Сәйкесінше оқушыларда мотивация оянып, келесі сабақта көбірек ұпай жинауға тырысады.
Қорытындылай келе, бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқыту барысында оқушыларға арналған көрнекіліктерді қолдана отырып баланың сабаққа деген ынтасын ояту қажет екендігі айқындалды. Бала өздігімен еме топпен жұмыс жасау арқылы да сөздік қорын көбейтіп сәйкесінше білім сапасына өз әсерін тигізді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Англиский язык в начальной школе [Электронный ресурс] URL: http://otherreferats.allbest.ru/.
Артемов В.А.,Психология обучения иностранному языку – М.: Просвещение, 1969. – 279с
Асмолова А.Г. Как проектировать универсальные учебные действия в начальной школе / А.Г. Асмолова. – М.: Просвещение, 2010. – 151с
Достарыңызбен бөлісу: |