Ағылшын тілінде жазуға үйрету үшін қойылатын талаптар



бет1/14
Дата03.12.2022
өлшемі5.64 Mb.
#466359
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
stud.kz-96640


Жоспар


І.КІРІСПЕ.........................................................................................................

3

1.1 Ағылшын тілінде жазуға үйрету үшін қойылатын талаптар..................

4

ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУДІҢ МАҚСАТ МІНДЕТТЕРІ




2.1 Ағылшын тілінен жазуға үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері.....................

6

2.2. Жазуға үйретуде кездесетін кейбір қиыншылықтар...............................

11

2.3. Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері...............

16

ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................

23

ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ.............................................................................

25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................

28







І. КІРІСПЕ

Қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көп көңіл бөлінген. Мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, себебі олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне шетел тілінің кажет екендігінін жақсы түсінеді. Шет тілін үйренудегі өте маңызды және күрделі жұмыстың бірі – жазу болып саналады. Ағылшын тілін жазуға үйрену дегеніміз сол тілдің әріптік және дыбыстық жүйесін білу, оны сөйлеуге, айтуға, қолдана білу.


Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бастауыш сынып оқушыларына жазуды үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау және оларды тиімді қолдана білуге үйрету, көркем жазу мен жазуға үйретудің негізі мен жазуды үйретуде кездесетін қиыншылықтармен таныстыру.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі өмір талабы – оқу және тәрбие процесін түбегейлі өзгерту. Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім беру саласындағы жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды үнемі жетілдіруді талап етуде. Осыған орай, жер шарын мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне – халықаралық сипат алған ағылшын тілінің рөлі зор. Ағылшын тілін қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданудың ең басты алғышарты – ағылшын тілінде жазуға үйрену болып табылады.
Зерттеу жұмысының нысаны. Бастауыш сыныпта шет тілінен оқу-жазудың маңыздылығы. Мектеп оқушылары мен олардың жазу дағдылары. Жазу кезінде кейбір әріптерді қалдырып кету, сөзге –ful, -ly, -less, т.б. жұрнақтарын жалғау кезінде және дыбысталуы бірдей, жазылуы әр түрлі сөздермен жұмыс кезінде пайда болатын қателіктермен жұмыс.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы – Бастауыш мектепте шет тілі сабағындағы жазуды оқыту мен жүргізілу мүмкіндіктерін ашып, қолданылу жолдарын білімгер өзі әдістер қолдану арқылы ұсынады. Зерттеу барысында жасалған теориялық талдаулар мен эксперимент жүзінде анықталған жұмыс нәтижелерін нақты педагогикалық іс-тәжірибеде қолдануға болады. Ағылшын тілі грамматикасын үйретудің заңдылықтары мен негізгі теориялық ұстанымдарды, жазуға үйрету жолдарымен таныстыру, практикада пайдалану жолдары, оқытуда көрсетілген мақсаттарға жету жолдары қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет