Зерттеу жұмысының құрылымы - кіріспеден, негізгі бөлімнен, практика бөлімінен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.1 Ағылшын тілінде жазуға үйрету үшін қойылатын талаптар
Бүгінгі күні орта мектептерде білім нәрімен сусындап жатқан оқушылардың дүниетанымын білім арқылы оң бағытта қалыптастырып дамыту – педагогикалық өзекті мәселелердің біріне айналып отырғаны сөзсіз. «Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ», - деп айтып өткен Елбасы оқушы жас ұрпақты ғұмырына білімнің тұңғиығына терең үңілуіне шақырады. [10, 123]
Шетел тілін меңгертуде оқушылардың өмірінде сөйлеу тілімен бірге жазу тілі де маңызды орын алады. Ағылшын тілінде жазуға үйрену – оқыту материалын (грамматикалық, лексикалық) берік нығайтуға көмектеседі және сөйлеу дағдыларын дамытады. Шет тілін оқыту әдістемесінің жазбаша тілдік мазмұнын қарастырайық. Ол ең алдымен, мынадай дағдыларды білуден тұрады:
Ағылшын алфавитінің әріптерін жаза білу;
Дыбыстардың жазылу дағдысын білу;
Сөздер мен сөйлемдердің орфографиялық қателіктерін түзету дағдысы;
Түрлі жаттығуларды орындай алу дағдысы;
Ағылшын тілінде сауатты жазуға үйрету жолдары, жұмыс түрлері көп. Грамматикадан берілетін мағлұматтарды бекітіп сауатты жазуға дағдыландыру үшін түрлі жаттығу жұмыстары, шетел тілі әліпбиін дұрыс білу, дыбыстардың айырылу түрлерін, оның фонетикасын дұрыс айта білу, орфографиясы мен қатар орфоэпиясын білу, сұрақтарға жауап беру, жұрнақтары көрсетілмей берілгенін дұрыс жазу, тірек сөздерден сөйлем құрау, түрлі диктант, мазмұндама жұмыстары жүргізіледі.
Жазуға үйрету түрлеріне жеке-жеке тоқталып өтсек, мәтін бойынша жұмыс барысында мәтінді қысқарту, ойларын жазбаша мазмұндау, шетелдегі достарына хат жазу, белгілі бір тақырыпта жазбаша баяндама, аудио, видео материалдарды тыңдағаннан кейін не түсінгенін өз сөзімен ақпарат жеткізу сияқты дағдыларын дамытуға қажетті жұмыс түрлерін атап өтуге болады.
Жаңа тақырыпты өткенде, ана тілімен салыстыра түсіндірген тиімді, оқушының ана тіліндегі біліміне сүйенген жөн. Оқушы тілдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жете білгенде ғана, ол тілді дұрыс әрі тез игере алады. Демек, ағылшын тілін оқыту барысында оқушыларды тілдік материалмен таныстырып қана қою жеткіліксіз, оқушыларға оның қалай қолданылатынын көрсетіп, дұрыс айтуға, жазуға, оқуға дағдыландыру керек. Мысалы, фонетикалық материалды меңгерту үшін мен жаңылтпаштар, тақпақтар жаттатқызамын. Алғашқы кезде кейбір ұқсас дыбыстардың айтылуына мән беремін. Мысалы, know – білу, now – қазір, mouth – ауыз, mouse – тышқан, т.б.
Шетел тілі сабағы нақты талаптарға сай жүргізілуі міндет. Сабақ сол пәннің білім беру технологиясы, мазмұны мен мақсатына бағытталған болуы керек. Себебі бұл талаптар мұғалімнің сабаққа дайындалу мен сабақты жүргізудегі оның тактикасы мен жалпы мақсатқа жету стратегиясын анықтайды. Н.Д. Гальскова, Г.В. Рогова, Ф.М. Рабинович сияқты атақты педагогтардың еңбектерінде шетел тілі сабағына қойылатын келесі талаптар жайлы айтылады:
Сабақтың мақсатқа бағытталғандығы: әр-бір сабақ практикалық, білімдік, тәрбиелеі, дамытушылық мақсаттарға белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы жетуді қамтамасыз ету керек. Мысалы: оқушыларды жаңа лексиканы қолдануға үйрету, диалогтық мәтінді дауыстап оқуға үйрету. Белгілі бір сөйлемдерді қолдана отырып өз ойын айтуға үйрету т.с.с.
Сабақта қолданылған үлгілер мен мысалдар білімдік маңызы мен тәрбиелік қарым-қатынаста маңызды болуы керек. Оқу жағдаяттары оқушылардың берілген тапсырмаға және оны орындауға деген қызығушылығын ояту, яғни білім алу мотивациясын дамытуы тиіс.
Оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттыру: көп жағдайда сабақта мұғалім белсенді болады, бұл оқушылардың сөйлеу әрекетін төмендетеді. Сол себепті сабақта оқушылардың белсенділігін арттыратын жолдар іздеу қажет.
Сабақтың мотивациялық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл мақсатта техникалық және техникалық емес құралдардың рөлі зор. Осы құралдардың көмегімен оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Олар: магнитафон, диафильмдер, бейнефильмдер. Қазіргі кезде компьютермен, электронды оқыту және интерактивті тақтаны қолданудың көмегімен шетел тілі сабағын қызықты жүргізуге болады. Сол кезде тек тілдік дағдыларды ғана үйретіп қана қоймай, сонымен қатар техникалық құралдарды игере білуге үйретуге болады. Техникалық емес құралдардың да маңызы зор. Осындай жағдайда ребустар суретер, мақалалар көмек болады. Мақала мен суреттерді қолданғанда аутенттік материалды қолдану оқушыларға тілдегі ерекшеліктерді түсінуде көмек болады.
Сабақтың ғылымға бағытталғандығы. Бұнда сабақты басқа да ғылым салаларымен және пәндермен байланыстыра оқыту, ақпараттық құралдарды қолдану тиімділігі. Сабақты басқа пәндермен байланысты ра жүргізу оқушылардың терең жан-жақты білім алуына , білім деңгейін кеңейте түсуіне ықпалын тигізеді. Мұғалім оқушыларды өздігінен ақпарат іздестіруге талпындыру қажет. Мұғалім дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекеттердің ұйтқысы болу міндет. [3,31]
Тілді меңгеруде оқушылардың сөздерді, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше әрі күрделі аспектілерін меңгермейінше ағылшын тілінде дұрыс сөйлеу мүмкін емес. Күрделілігі жоғары деңгейде жазбаша қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру – бұл шет тілінің бүгінгі маңызды талабы болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |