Ағза гипоксиясының алғашқы белгісі b сұрлану



бет279/296
Дата18.06.2024
өлшемі1.7 Mb.
#502664
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   296
қосылған файлдар

30. Пульмонология бөліміне оң жақтағы төменгі бөліктік пневмония диагнозымен әйел түсті. Анамнезінен: температурасы 4 күн бойы 39С дейін көтерілген. Тәуелді мейірбике араласуы:
{=Антипиретиктерді енгізу
~физикалық салқындату әдістерін қолдану
~төсек демалысының сақталуын бақылау
~дәруменді сусындармен қамтамасыз ету
~дене температурасын бақылау}
31. Профилактикалық тексеріс (скрининг) кезінде 53 жастағы науқаста дене салмағының жоғарылауы анықталды. Әйелдің айтуы бойынша қалыпты физикалық белсенділік кезінде терлеудің жоғарылауы және ентігу, ұзақ жүргенде буындардың ауыруы, шаршағыштық байқалды. Объективті: Жағдайы қанағаттарлық. Терісі таза және ылғалды. Дене бітімі толық. Ішкі ағзалар мен жүйелерде патология анықталған жоқ.Бойы 168 см. Салмағы 95 кг.Бел шеңбері 94 см. Пульс минутына 78. А/Қ 130/80 мм.с.б. ТАЖ минутына 18. Науқастың өзекті мәселесін анықтаңыз.
{=дене салмағының жоғарлауы
~терлеудің жоғарлауы
~қалыпты физикалық белсенділікте ентігу
~ұзақ уақыт жүргенде буынның ауырсынуы
~ шаршағыштық}
32. Науқастың бетіне косметикалық классикалық массаж тағайындалды. Массажға тән емес әсерді анықтаңыз:
{~бет түсін жақсартады
~қанмен қамтамасыз ету жақсарады
~лимфа ағыны белсендіріледі
~бет бұлшықеттерін сергітеді
=қабынуды азайтады}
33. 15 жастағы ұл бала мұрын арқылы тыныс алудың қиындағанына шағымданды. 
Қарау кезінде бет терілері кей жерлерде гематомалармен жабылған. Мұрын қалқасының гематомасы диагнозы қойылған. Диагнозды нақтылау үшін қандай диагностикалық зерттеу әдісін қолданады.
{~мұрын айнасымен қарау
=алдынғы риноскопия
~ортанғы риноскопия
~артқы риноскопия
~эндоназальды риноскопия}
34. Мерезде қатты шанкрды зерттеу алдында бетін қандай ерітіндімен сүртеді
{~йодпен
~спиртпен 
=фурациллинмен
~0,3 % cутегі асқын тотығымен 
~түймедақ ерітіндісімен}
35. Жаңа жыл қарсаңында жас жігіт автобусқа кешігіп қалып қала маңындағы елді мекенге жаяу барды. Үйінде жылынған соң, екі аяғының бас жағы ашып ауырып, ісінуі күшейе бастады. Ата -анасы үйге мейіргерді шақырды. Тексеру кезінде екі аяғының басын қолмен ұстағанда салқын, ісінген және бірен-саран мөлдір көпіршіктерді анықтады. А/Қ 130/85 мм.с.б. Пульс минутына 78. Науқаста дамыған асқыну. 
{~Екі аяқтың І дәрежелі үсік шалуы
=Екі аяқтың ІІ дәрежелі үсік шалуы
~Екі аяқтың ІІІ дәрежелі үсік шалуы
~Екі аяқтың 4 дәрежелі үсік шалуы
~Жалпы салқындату ІІІ кезеңі}
36. Ата-анасы тұрғын үйдің подвалынан табылған жас жігітті қабылдау бөліміне әкелді.Қарап тексергенде науқас ес-түссіз, тері жабындылары көкшіл реңді бозарған, қарашықтары тарылған ( "нүктелі" қарашық), пульсі сирек, дыбыстарға және басқа бөгде тітіркендіргіштерге жауап бермейді. Шынтақ бүгілулерінің ішкі бетінде инъекция іздері бар. Жағдайын анықтаңыз.
{=Опиатпен улану
~Алкогольмен улану
~Адреномиметиктермен улану
~Антигистаминдермен улану
~Антидепрессантпен улану}
37. Науқаста 12- елі ішіктің ойық жарасының өршуі негізінде қан қосылған көп құсу пайда болды, басы айнала бастады, терісі мен сілемейлі қабықтары бозарды, АҚ күрт түсіп кетті. Асқазан мен 12- елі ішіктің ойық жарасынан қан кету кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде науқасқа шұғыл түрде дәрігерге дейінгі қандай көмек көрсету керектігін аңықтаңыз.
{~асқазанды шаю
~асқазанды зондтау
=қатан төсек тәртібі, эпигастрий аймағына суық басу, ауруханаға жатқызу
~тамыр тарылтатын препараттар енгізу 
~сорбенттер жинау}


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   296




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет