<+a>Қышқылды бейтараптандыру үшін жараға құрғақ соданы себу
167.Травматологиялық пунктте тайып,сол аяғына құлаған 55 жасар әйел адам әкелінді.Сол жақ тобық аймағын қараған кезде 15х8см көлемінде терең емес жара бар,топырақпен ластанған,қан кету жоқ,жара шеттері тегіс.Медбике жараның біріншілік хирургиялық өңдеуін жүргізді:ластануларды алып тастады,жараны сутегі асқын тотығы ерітіндісімен өңдеді,құрғатты,стерильді дәкені салып,оны бекітті.Жараны өңдеудің қандай кезеңі жасалмады?
<+a>Жара шеттерін өңдеу
Тегіс емес шеттерді қайшымен қию
Тігістерді салу
Жараны дренирлеу
Фурациллинге малынған дәкені салу
168.Науқас З.,25 жаста, 8 күн бұрын ауру басталған:дене температурасы 38C көтерілген,мұрыны бітіп қалған,тамағы жыбырлайды,тамаққа тәбеті қашқан,диарея,жүрегі айниды,іш қуысында өзгерім барын сезінеді.Өздігімен емделген дене температурасы қалпына келген,бірақ қал жағдайы нашарлап кеткен,әлсіздігі күшейген,зәр түсі қоңырлаған.Кешке қарай көздің склерасы сарғайғанын байқаған,сондықтан дәрігер шақырды,науқасқа жұқпалы ауруханға жолдама берді.Науқас өз ауруын екі апта бұрын даладағы дәмханада қолдарын жумастан тамақтанғанымен байланыстырады.Обьективтік тексеруде:терісі мен көздің склерасы сарғайған,шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған,тыныс алуы везикулярлы,жүрек қағысы мен тоны қалыпыт,ритмі дұрыс,АҚ 120/80мм.с.б.,іші жұмсақ,ауырмайды,бауырықабырға доғасы шетінен 2см шығып тұр,ауырмайды,жұмсақ тегіс консистенцияда,шеттері тегіс.Кіші дәретінің түсі қоңыр.Науқаста қандай ауру дамыған?
<+a>Вирустық гепатит А
Вирустық гепатит В
Бөртпе сүзегі
Сальмонеллез
Дизентерия
169.Сіз жас ер адамның мотоциклдан құлағандығының куәгері болдыңыз.Сізден көмек көрсетуді сұрады.Қарау барысында сол жақ санының сыртқы беткейінде ірі көлемді соғылған жыртылған жара анықталады,құммен ластанған,қан кету белгілері жоқ.Сізде тек қана автокөліктік медициналық қорапша бар.Сіздің тактикаңыз?
Ауырсынуды басушы дәрілік заттарды беру,жараға йод ерітіндісін құйып,дәкемен орау
Достарыңызбен бөлісу: |