Жануарлар дүниесі. Бұлар біржасушалы және көпжасушалы жануарлардан құралады. Біржасушалы жануарлардың барлығы және көпжасушалы жануарлардың кейбір түрлері жәндіктер деп аталады. Демек амебадан бастап, қандауыршаға дейінгі омыртқа жотасы жоқ жануарлар жәндіктер болып саналады. Ал балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілерге жататын өкілдердің барлығы – жануарлар. Өйткені бұлардың арқасында бойлай созылған желісі немесе омыртқа жотасы болады.
Тірі ағзаның негізгі қасиеттері: зат алмасу; қоректену; тынысалу; қажетсіз заттарды бөлу (зәршығару); тітіркенгіштік; қозғалып жүре алу; көбею; өсу; даму және тіршілігін жою. Жануарлар дүниесіне жататын ағзаларда осы қасиеттердің барлығы байқалады.
Тірі ағзалардың барлығына тән қасиет – жасушадан құралады. Жасушада ядроның болуы да, болмауы да мүмкін. Мысалы, вируста жасуша да, ядро да жоқ. Бытыранықта (бактерияда) жасуша бар, бірақ ядросы жоқ. Бұлардың тіршілік әрекеті өсімдікке де, жануарға да ұқсас емес. Сондықтан ғалымдар саңырауқұлақтар дүниесі тәрізді, бытыранықтар мен вирустарды өз алдына жеке дүние етіп топтастырды.
Жануарлардың көпшілігі еркін қозғала алады, ал өсімдіктерде бұл құбылыс сирек байқалады. Біржасушалы балдырлар және бактериялардың да қозғалатыны мәлім. Сондай-ақ желдің әсерінен кейбір өсімдіктер мен өсімдік тұқымдары алыс аумақтарға таралады. Қалай болғанмен де бұлардың қозғалып жүретін арнаулы мүшесі – аяғы жоқ. Дегенмен өсімдіктер мен жануарлар – өзара ұқсастықтары және айырмашылықтары бар тірі ағзаның екі тобы. Олар – табиғаттың біртұтас құрамдас бөлігі.
Қозғалып жүретін мүшелері жоқ жәндіктер де, жануарлар да бар. Оған құрттарды, жыландарды мысал етуге болады. Ал теңіз түбінде мекендейтін көпаяқты маржан бекінген орнынан қозғалып жүрмей-ақ өмір сүреді. Актиниялар теңіз түбінде «табанын» бүгіп-жазып, баяу қозғалады. Медузалар мен каракатицалар реактивті қозғалыс жасап, аяқсыз-ақ шапшаң жүреді.
Тірі табиғат дүниесі дегеніміз — биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғары тобы. Дүние жүзіндегі ағзалық әлем, тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі. Олар: вирустар дүниесі, бытыранықтар дүниесі, саңырауқылықтар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі.
Вирустар дүниесі
Вирус латынша «у» деген сөз. Бұл жасушасыз тірлік құрылымындағы затия. Бұлардың көпшілігін тек электрондық микроскопия ғана көруге болады. Вирустар тек тірі жасушаға орнықса ғана көбейе алады. Жасушаға ене алмаған жағдайда вирустарда тіршілік нышаны байқалмайды. Вирустар тірі жасушадан тыс қалса, кәдімгі қосылыс тәрізді жеке бөлшек күйінде болады.
Бытыранықтар дүниесі
Бұған микроскоп арқылы ғана көрінетін, жасушасында ядросы жоқ бактериялар мен көк-жасыл балдырлар жатады. Бұл топтағы бактериялар күрделі бөліне алмайтын жеке-жеке түйіртпектерден құралатындықтан, бытыранықтар дүниесіне қамтылған. Бытыранық «бытыра» + «нық» сөздерінен құралған. (Орысша «дробянка», латынша «михи», яғни түйіртпектер.) Ботаникада дәстүрлі түрде көк-жасыл балдырлар деп аталғанымен, микробиологиялық әдебиеттерде цианобактерия (грекше «цианос» көк және «бактерия» таяқша) атауы да сақталған.
Саңырауқұлақтар дүниесі
Ботаниктер саңырауқұлақтар мен қыналарды төменгі сатылары өсімдіктерге жатқызып келді. Бірақ бұлар өсімдіктерге жақын ағзалар болғанымен, олардың құрылысы ерекше. Сондықтан олар кейінгі кезде өсімдіктер дүниесінен алынып, саңырауқұлақтар дүниесіне топтастырылды. Саңырауқұлақтардың екі түрлі қасиеті бар. Бірінші қасиеті - өсімдіктерге тән. Саңырауқұлақтар орнынан қозғалып жүрмейді. Жасушасы тығыз қабықшамен қапталады. Витаминдер синтездей алады. Екінші қасиеті - жануарларға тән. Жасушасында пластидтер болмағандықтан, ағзалы зат түзбейді. Даяр ағзалық заттармен қоректенеді. Жасуша қабықшасы хитинді. Ағзалық заттарды қорға жинайды. Сондықтан бұлар өз алдына жеке дүниеге жіктеледі.
Қыналар бөлімі
Қына
Қыналар бұрын өсімдіктер қатарында деп саналған. Қазіргі кезде құрылысшы ерекше болғандықтан, саңырауқұлақтар дүниесіне жатқызылады. Ол - сирек кездесетін, құрам бөлігінде көк-жасыл балдырлар мен саңырауқұлақ үйлескен бірегей ағза.
Өсімдіктер, жануарлар дүниелері жеке бөлімдерде қарастырылады. Тірі ағзаның негізгі қасиеттері: зат алмасу; қоректену; тынысалу; қажетсіз заттарды бөлу (зәршығару); тітіркенгіштік; қозғалу; көбею; өсу; даму және тіршілігін жою.
Тірі ағзалардың барлығына тән қасиет - жасушадан құралады. Жасушада ядроның болуы да, болмауы да мүмкін. Мысалы, вируста жасуша да, ядро да жоқ. Бытыранықта (бактерияда, көк-жасыл балдырла) жасуша бар, бірақ ядросы жоқ. Бұлардың тіршілік әрекеті өсімдікке де, жануарға да ұқсас емес. Сондықтан ғалымдар саңырауқұлақтар дүниесі тәрізді, бытыранықтар мен вирустарды өз алдына жеке дүние етіп топтастырды.
Өсімдіктер мен жануарлардың құрылысында, тіршілік әрекетінде ұқсастық бар. Алайда ерекшеленетін айырмашылықтарды да байқауға болады.
Жасыл өсімдіктер қоректенуге күн энергиясын пайдаланады. Ауалан - көмірқышқыл газ, топырақтан су және минералды заттарды сіңіреді. Бұлар - бейағзалық заттар. Олар осы заттардан қоректену арқылы ағзалық зат түзеді. Ал жануарлардың қоректенуі бұдан өзгеше. Олар өсімдік дайындаған ағзалық заттарды қорегіне пайдаланады. Зат алмасу барысында ағзалық заттар бастапқы заттарға (бейағзалық заттарға) дейін ыдырайды. Жануарларда (көпшілігінде) жүйке, сезіну, тынысалу, қажетсіз заттарды бөлу, асқорыту және басқа жүйелердің арнаулы жеке мүшелері бар. Өсімдіктерде мұндай мүшелер жоқ.
Жануарлардың көпшілігі еркін қозғала алады, ал өсімдіктерде бұл құбылыс сирек байқалады. Бір жасушалы балдырлар және бактериялардың да қозғалатыны мәлім. Сондай-ақ желдің әсерінен кейбір өсімдіктер мен өсімдік тұқымдары алыс аумақтарға таралады. Қалай болғанмен де Бұлардың қозғалып жүретін арнаулы мүшесі - аяғы жоқ. Дегенмен өсімдіктер мен жануарлар - өзара ұқсастықтары және айырмашылықтары бар тірі ағзаның екі тобы. Олар - табиғаттың біртұтас құрамдас бөлігі.
Қозғалып жүретін мүшелері жоқ жәндіктер де, жануарлар да бар. Оған құрттарды, жыландарды мысал етуге болады. Ал теңіз түбінде мекендейтін маржан тапжылмай бекінген орнынан қозғалып жүрмей-ақ өмір сүреді. Актиниялар теңіз түбінде «табанын» бүгіп-жазып, баяу қозғалады. Медузалар мен каракатиналар реактивті қозғалыс жасап, аяқсыз-ақ шапшаң жүзеді.
Жануарлардың жабыны, дене бөліктері, сезім мүшелері, басқа да дене құрылымдары біріне-бірі ұқсас емес. Сазанның (жезей) денесін сүйектенген қабыршақ қаптайды. Жорғалаушылар денесі қабыршақпен қайталанатын мүйіз текті заттан құралады. Қоңыздарда да жабын бар. Жабын ерекше ағзалық зат - хитиннен түзіледі. Аңдардың терісінде - жүн, құстардың денесінде қауырсын болады.
Жануарлардың ішкі құрылысында, сондай-ақ мінез-қылығында болатым ерекшеліктер қаншама десеңші?! Табиғатта жануарлардың басы артық немесе қажетсіз түрі жоқ. Тіршілік ететін жануарлардың барлығы табиғат қалауына сай келеді.
Табиғат ағзалық заттардан (яғни тірі ағзалы заттардан тұратын әлемнен) және бейағзалық заттардан (яғни ағзасыз өлі заттардан, су және минералды заттардан тұратын әлемнен) құралады.
Ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғары тобы - тірі табиғат дүниесі. Дүние жүзіндегі ағзалық әлем, яғни тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі. Олар: вирустар, бытыранықтар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер және жануарлар дүниесі.
Тірі ағзаның негізгі қасиеттері: зат алмасу; қоректену; тынысалу; қажетсіз заттарды бөлу (зәршығару); тітіркенгіштік; қозғалу; көбею; өсу; даму және тіршілігін жою.
Ағзалық тірлік әлемін жіктеу[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жер бетіндегі тірі ағзалар: жасушасыз тірлік құрылымдары (анциттер), ядросыздар (прокариоттар) және ядролылар (эукариоттар) болып үш топқа бөлінеді.
Жасушасыз тірлік құрылымына вирустар жатады. Бұларда жасуша жоқ және тірі ағза жасушасынан тысқары өмір сүре алмайды. Жасушасы болмаған соң, ядросы да жоқ.
Ядросыздарға бактериялар және көк-жасыл балдырлар бөлімін топтастыратын бытыранықтар дүниесі жатады. Оларда жарғақшамен (мембранамен) қоршалған органоидтары болмайды. Оқшауланған ядросы болмағандықтан, ядросыз ағзалар жынысты, жыныссыз жолдармен көбеймейді. Тек қарапайым жолмен, жасушалары екіге бөліну арқылы көбейеді.
Ядролыларға жататын ағзалардың жасушаларындағы ядроның сыртында екі қабат жарғақшасы бар. Ядросында ядрошығы, хромосома жіпшелері және цитоплазмасында жарғақшамен қоршалған органоидтары болады. Ядролыларға саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар жатады
Өсімдіктер Мен Жануарлардың Арасындағы Айырмашылықтар Мен Ұқсастықтар
өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы айырмашылық сапалық және сандық емес. Яғни, әр түрлі организмдердің белгілі бір құрылымдық ерекшеліктері басым екенін білдірді, болып табылады. Бұл олардың айрықша тән өсімдіктер мен жануарлар туралы айту мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |