2.2 Астықты кептіру. Астық қабылдау кәсіпорындарында оны сақтау мақсатында негізгі операцияларының бірі, әсіресе, солтүстік өңірлерде ылғалдылығы жоғары болатын астық массалары үшін маңызды. Астық кептіргіштерді пайдалану коэффициентін жоғарылату үшін олардың жұмысын астықтың тәуліктік және сағаттық келіп түсуін ескермеу қажет. Ол үшін белсенді желдету қондырғылары бар кепіруге дейін астық массаларын сақтайтын бункерлерді орнату қажет.
Астық массаларын кептіруден кейін тазалаған жөн, себебі дымқал астықтың сусымалдылығы бұл кезде төмен болады. Ал ол кезегінде транспортаушы қондырғылар мен астық тазалағыш машиналардың өнімділігін төмендетеді. Астықты алдын ала тазаламайтындай етіп, әдетте, рециркуляционды астық кептіргіштер қолданылады.
Кәсіпорындардың мұндай ауыр жұмысын дұрыс ұйымдастыруымен қатар астық массаларын қабылдаудың және қоймаларға орналастыру жоспарын құру қажет.
Астықты өндіру мен дайындауды арттыру кептіру технологиясы мен техникалық құралдарын үнемі жетілдіріпотыруға тығыз байланысты.
Еліміздің көптеген астық өндіретін аудандарының, əсіресе,Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан жəне Ақмола облыстарының қара жəне сұрғылт топырақты аймақтарының табиғи климаттық жағдайлары өнімді сақтауда кептірудің басты рөлге ие болғандығын айқын көрсетеді.Мемлекеттік астық қоймаларына жеткізілетін дəндердің басым бөлігі 50%, кей жылдары 80%-ға дейін ылғалдылығы жоғары болғандықтан олар ұзақ сақтауға жəне алысқа тасымалдауға мүлде жарамсыз келеді, сонымен қатар элеваторлармен қоймаларда ұстауға əртүрлі қиындықтар туғызады, оның үстіне еңбек жəне материалды ресурстардың артық шығынына əкеп соқтырады. Бұл жағдайлар түптеп келгенде астықтың технологиялық қасиеттеріне, яғни сапасына кері əсерін тигізеді.Астықтың бойындағы ылғал кез келген организмдегі секілді зат алмасу реакциясын туғызатын орта екенін айта кеткен жөн.Алайда артық ылғалдылық микроорганизімдер мен зиянкестердіңдамуына қолайлы жағдай жасап, астық массасында өз-өзіненқызу құбылыстың орын алуына жəне өрістеуіне себепкер болады.Ал бұл астық сапасын күрт кемітеді.Өткізілетін жаңа астық өнімін кедергісіз қабылдап,орналастыруға жəне оның сақталуын қамтамасыз етуге, сақтаубарысында оның сапасының кеміп кетуіне жол бермеугебағытталған ұйымдастыру техникалық жəне технологиялықшаралар кешенінде желдету жəне кептіру басты маңызға иеболады. Дəндерді ауамен желдетуге жəне салқындатуға арналғантехника əртүрлі дақылдар дəндердерінің қауіпсіз сақталукезеңдерінде ғылыми негізделінген өңдеу тəртіптерін қолдануарқылы ғана тиімді пайдалануы мүмкін.Атмосфералық ауаны пайдалану арқылы дəндердіңтемпературасын, ылғалдылығын қажетті бағытта өзгертуге болады. Дəндер үйіндісін желдету оның пісіп жетілуін тездетеді жəнесапалығын жоғарылатып, шығындылығын жақсарта түседі.Дəндерді атмосфералық ауамен жедел өңдеу оның өздігіненқызуына жол бермейді жəне оны тоқтатады.Салқындату дəндер шығынын кемітудің пəрмендіқұралдарының бірі болып саналады. Кептіруге мүмкіндігікелмейтін сулы жəне ылғал дəндер тасқыны үшін онысалқындату бірден бір тиімді жол екендігі ғылыми негіздедəлелденді.
Астықтың жылу өткізушілігінің төменділігі оны ұзақсақтауға қолайлы жағдай туғызады. Ал мұның өзі дəндердіңфизиологиялық белсенділігін арттырып, қоршаған микрофлораныжəне зиянкес жəндіктерді құртады.Астықтың сұрыпталуын жою арқылы оны желдету жолымендəндердің ұнтақталуына жəне басқа да шығындарына жолбермеуге болады.Технологиялық жəне экономикалық тұрғыдан алғанда,үйіндіде ауа алмасуын жедел қамтамасыз ететін белсенді,ұйымдастырылған немесе күштеп желдетуді қолданудыңболашағы зор. Бұл іс желдеткіштер мен арнаулы қондырғыларарқылы жүзеге асырылады.Астықты жаппай қабылдау кезінде оны сақтаудың ең тиімдішарасы – дəндерді кептіру болып табылады.Дымқыл астықтың ылғалдылығын тасқын түрде 10% жəнеодан да көп пайызға кеміте алатындай жоғары өнімді аппараттармен қондырғыларды пайдалана отырып, астық қабылдаукəсіпорындарында дұрыс ұйымдастырылған жəне уақытылыөткізілген кептіру жұмыстары – егіс алқабынан келіп түсетінастық тасқынын кідіртпей қабылдаудың бірден-бір жолы.Жаңа бастырылған астықта пісу үдерісінің одан əрі жалғасаберетіні белгілі. Ұсынылған кептіру тəртібі сақталған жағдайдаылғалдылық төмендейді жəне оның үстіне дəндердің пісуі тездеп,астық массасының ылғалдылығы мен пісу дəрежесінің реттелуіжүзеге асады. Сонымен қатар сыртқы пішімі де жақсара түседі.Мұндай əдіс қажет болған жағдайда жоғары температураныпайдалану арқылы кептіру əдісін химиялық жағынан залалсыздандырутəсілімен бірге Астық массасындағы зиянкестердіжою үшін де пайдаланылады.Астық массасы өздігінен қызып, микроорганизмдер дамибастағанда жоғары температуралық режимде кептіру аталғанүдерісті тоқтатады, яғни бұл алдын ала сақтандыру шарасыболып табылады.Түптеп келгенде кейбір жағдайларда кептіру кезеңі артыпкетсе, немесе дəндер үсікке шалдықса, болмаса, тас-кенежабылып дəндердерді бүлдірсе, айтылған əдіс астықтыңтехнологиялық қасиеттерін жақсартады.Астықты қалыпты сақтау үшін оны 13-14% ылғалдылықдəрежесіне дейін кептіру қажет. Бұл жағдайда астықмассасындағы физиологиялық биохимиялық үдерістердің, атапайтқанда, дəндердің тыныстау жиілігі төмендеп, зиянкестер менмикроорганизмдердің дамуы тоқтайды. Кептірілген дəндердіңүйіндісін биіктетіп сақтауға болатындықтан, астық сақтайтынқоймалардың сыйымдылығын неғұрлым тиімді пайдалануғамүмкіндік туады.
Дəндерді кептірудің өңдеу кəсіпорындары үшін де технологиялық маңызы бар екенін айта кеткен жөн. Бұл ретте қатаң белгіленген жалпы ылғалдылықпен бірге құрамдасбөліктердегі ылғалдылықты дұрыс ажыратып алуға қолжеткізудің рөлі өте зор. Ұн жəне жарма зауыттарындаылғалдылығы жоғары астықты өңдеу еңбек өнімділігін кемітіп,өнімнің шығуы мен сапасын төмендетеді, жабдықтың тозуы менэлектр энергиясының шығынын арттырады.Тағы бір айта кететін нəрсе, кептіру тəртібін бидай дақылыүшін дұрыс реттеп таңдау,сағыздықтың сапасының бастапқыкөрсеткіштерін есепке алу, дəндердің ұндық жəне нандыққасиеттерін жақсарта түседі.Астықты кептіру бірден-бір қажетті жəне тиімділігі жоғарышаруа болғанымен көптеген энергетикалық жəне күрделішығындарды талап етеді. Осыған байланысты кептіружұмыстарын ұйымдастыру кезінде астықты тасымалдау сəтіндегіжəне сақталуындағы бір қатар шараларды тұтастай қамтамасызету экономикалық тұрғыдан алғанда, ең маңызды мəселе болыпқаралуы керек. Себебі құрғатылған күйге дейін кептірілген астықболашақта пайдалану үшін сақтауға өте тиімді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |