Агроэкология негізіне кіріспе



бет14/26
Дата03.01.2022
өлшемі66.82 Kb.
#450138
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Агроэкология лек. (1)

АУЫСПАЛЫ ЕГІСТЕР

Ауыспалы егістер жөніндегі түсінік. Ауыспалы егіс дегеніміз-ғылымға негіздеп дақылдар мен сүрі танапты белгілі бір мерзімде және аумақта кезектестіріп орналастыру. Дақылдар мен сүрі жердің кезектесу ретімен бірінен соң бірінің орналасуын ауыспалы егістіктің кестесі (схемасы) деп атайды. Мысалы Солтүстік Қазақстандағы ең кең тараған ауыспалы егістің кестесі:1-сүрі жер, 2-жаздық бидай, 3-жаздық бидай,4-арпа. Даұылды бір танапта ұзақ уақыт өсіруді ауысымсыз, ал шаруашылықтағы негізгі дақылды дара дақыл деп атайды. Ауыспалы егістерде, кейде бір дақылмен ауыстырады. Мұндай егістіктерді қайталама егістік деп атайды.

Ауыспалы егістің әр танабында әдетте бір дақылды өсіреді, кейде бір танапта биологиясы және өсіру технологиясы ұқсас бірнеше дақылды орналастырады. Ауыспалы егістің жақсы алғы егіспен басталып, келесі жақсы алғы егістің алдында аяқталатын бөлігі ауыспалы егістің буыны деп аталады.

Ауыспалы егіс тәсіліне сәйкес, дақылдар мен сүрі жердің кезектесуінің толық циклі өтетін кезеңді айналым (ротация) деп атайды. Оның ұзақтығы әдетте ауыспалы егістегі танаптар санына тең. Ауыспалы егістің тыс танабы деп дақылдардың кезектесуіне уақытша шығарылып және бірнеше жыл бойы бір дақыл ретінде өсірелетін танапты айтады. Тыс танапта көбінесе көпжылдық шөптер, жүгері өсіреледі.

Алғы дақыл деп осы танапта өткен жылы болған дақылды немесе сүрі жерді атайды, яғни ауыспалы егістегі әрбір дақыл немесе сүрі жер өзінен кейінгі дақыл үшін алғы дақыл болып табылады.

Ауыспалы егіске өту жоспарын жасағанда төмендегідей жағдайларды ескеру қажет.


  1. Қажетті өсімдік шаруашылығы өнімдерін жыл сайын алуды қамтамасыз ету.

  2. Мүмкіндігіншн игеру мерзімін 3-4 жылдан асырмау керек. Әдетте пайдалану мерзімі әр түрлі көп жылдық шөптері бар, оның ішінде дақылдары мен сүрі жері жолақтап орналастырылған топырақ қорғау, ауыспалы егісті игеру көп мерзімді қажет етеді.

  3. Екі ауыспалы егістің дақылдары мен сүрі жерін жаңа жасалғанмен жоспарлы түрде алмастыру.

  4. Бір танаптағы шұбар танаптықтан бірте-бірте шығу, яғни биологиясы мен өсіру технологиясы бойынша тым айырмашылықтары бар дақылдарды бір танапта өсірмеу.

Ротациялық кесте – бұл дақылдар мен сүрі жердің жылдар және талаптар бойынша ауыспалы егіс кестесіне сәйкес орналасуы. Мұны жасағанда ауыспалы егісті игерудің бірінші жылы деп алынады. Одан әрі рет-ретімен ауыспалы егістің барлық дақылдарын, бірінші танапта болғандай болса, ротация кезеңінде оларды шатастырмау үшін оларды шартты белгілермен (санмен, әр түрлі ажырату белгілермен) белгілейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет