Агроэкология негізіне кіріспе



бет15/26
Дата03.01.2022
өлшемі66.82 Kb.
#450138
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Агроэкология лек. (1)

ТОПЫРАҚТЫ ӨҢДЕУ

Топырақты өңдеу - өсімдіктің тамыр жүйесінің қалыптасуы және өсуі үшін оңтайлы жағдай жасау мақсатында, топыраққа машиналар мен құралдардың жұмыс мүшелерімен механикалық әсер ету.

Механикалық әсер ету мынадай технологиялық операциялармен шешіледі: қопсыту, аудастыру, араластыру, тығыздау, тегістеу, арамшөпті отау, кескіндеу.

Топырақ өңдеу тәсілдері негізгі, жеңіл-желпі, таяз және арнаулы болып бөлінеді.

Негізі өңдеу топырақты 20 см және одан да терең өңдеп, бүкіл өңделген қабатқа оңтайлы құрылыс және ұсақ кесекті құрылым қалыптастыруға бағытталған. Негізгі өңдеу тәсіліне жырту және терең қопсыту жатады.

Жырту кезінде төрт технологиялық операция атқарылады: аудару, қопсыту, үгіту және арамшөптерді жою. Суландыратын егіншілікте негізгі тәсілі болып аудара жырту саналады.

Жазық тілгіштермен терең қопсыту да топырақты негізгі өңдеуге жатады. Мұндайда топырақ аударылмайтындықтан, өсімдік қалдықтары оның үстінде қалады да, оны жел мен су эрозиясын қорғайды және қыста қар ұстауға ықпал жасайды.

Топырақты жеңіл желпі (үстіртін) және таяз өңдеу. Жеңіл-желпі ол топырақты 10 см дөңесті: ал таяз – 10 см ден 20 см тереңдікке дейін өңдеу.

Сыдыра жырту. Ол табақты жазық түренді сыдыра жыртқыштармен атқарылады. Дөңесті табақты сыдыра жыртқыштармен өңдегенде қопсыту, аудару, және арамшөптерді қырқу жүреді, ал жазық табақтарымен өңдегенде аудару болмайды. Сыдыра жыртқыштарды ылғал жеткілікті жағдайда болғанда ғана қолданады.



Қопсыту. Бұл –қопсытуды, араластыруды және арам шөптерді жоюды қамтамасыз ететін тәсіл.

Тырмалау-қопсыту, араластыру, тегістеу және арамшөптердің тамырларын, қатаймаған өскіндерін жою жұмыстарын орындайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет