«Агрономиялық зерттеу әдістері» пәні бойынша ДӘрістер жинағы тараз 2021 ж


Дәріс № 5. Тақырыбы: Танаптық тәжірибеге жер учаскесін таңдау, зерттеу және дайындау



бет13/39
Дата02.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#479499
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
4 дәріс

Дәріс № 5.
Тақырыбы: Танаптық тәжірибеге жер учаскесін таңдау, зерттеу және дайындау.
1. Танаптық тәжірибеге жер учаскесін таңдау.
2. Тәжірибе салынатын жер учаскесінің тарихы.
1. Танаптық тәжірибеге жер учаскесін таңдау, зерттеу және дайындау. Эксперименталды агрономиядағы көпжылдық тәжірибе бұл жұмыстардың барлық сатыларда, бір және негізгі міндетте, танаптық тәжірибе салынатын жер учаскесін таңдаудан дақылдардың өнімін есептеуге дейін, тәуелділігінің қажеттілігін дәлелдейді – қажетті типтіліктің сақталуы үшін орындалып отырған барлық жұмыстардың жоғарғы дәлдігін қамтамасыз ету.
Танаптық тәжірибенің дәлдігін арттыратын шараларға келесілер жатады: тәжірибе салуға жер учаскесін дұрыс таңдау және дайындау, тәжірибе мөлдектерінің, қайталымдарының, нұсқаларының көлемін және пішінін анықтау, тәжірибе қайталымдарын және мөлдектерін орналастыру әдісі, сонымен қатар өнімді есептеу әдістері.
Танаптық тәжірибеге таңдалатын жер телімі топырағының құнарлылығы жекелеген аудандардың, облыстарды, аймақтардың топырақ құнарлылығымен және жер бедерімен типтес болғаны дұрыс, мұның өзі сол жерде жүргізілген тәжірибе нәтижелерін тек тәжірибе жүргізілген жердің топырақ құнарлылығымен ұқсас топырақты жерлерге ғана ұсынып қоймай, сонымен қатар басқа да аудандар үшін, яғни топырақ-климат жағдайлары бойынша сәйкес келетін аудандар үшін де ұсынуға мүмкіндік береді.
Жер учаскесінің типтілігін бағалау тек табиғи жағдайлармен шектеліп қана қоймауы қажет (жергілікті жер бедері, топырақ-климат жағдайлары және т.б.), сонымен қатар бұған дейін адам қызметінің әсерінен пайда болған, топырақтың мәденилену дәрежесі де есепке алынғаны дұрыс, яғни топырақтың жыртылу қабатының тереңдігі, топырақтың орта реакциясы, топырақ құрамындағы қоректік заттардың мөлшері. Егер де тәжірибе алдын-ала зерттелмеген, топырақтың мәденилену жағдайы есепке алынбаған жерде салынатын болса, онда зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің сапасы төмендейді, себебі тәжірибе нәтижелерінен алынған мәліметтерді қай жерде және қалай қолдануын белгілеуге болмайды. Осыған байланысты тәжірибе салмас бұрын, тәжірибе салуға таңдалған жердің топырағының сипаттамасын және сол жердің кем дегенде соңғы үш жылдағы шаруашылықтық тарихын нақты білу қажет.
Тәжірибе салуға жер учаскесін таңдаған кезде тәжірибелік жер учаскесінің бір түрлілігінің немесе ала-құлалылығының негізгі факторы ретінде жер бедерінің атқаратын рөлі ерекше, оның беті тегіс және аздап көлбеу беткейлі болуы шарт. Баурайлы жер учаскесінің әр түрлі бөліктерінде орналасқан мөлдектер ылғалмен, жарықпен, минералды қоректік заттармен біркелкі қамтамасыз етілмейді, себебі бұндай жер учаскесінде топырақ және оған енгізілген минералды қоректік элементтер сумен топырақтың беткі қабатынан төменгі қабатына шайылып кетеді.
Дегенмен, тәжірибе салуға қатаң түрде горизонтальды беткі қабаты тегіс жер бедерін далалы аймақ жағдайында да таңдап алу қиын, сондықтан тәжірибе салуға шамалы баурайлы жерлер, яғни еңкістігін 100 м ұзына бойына 2,5 метр болатын жерлер рұқсат етіледі, сонымен қатар бұл жерлер бір жақты және біркелкі облуы керек, құлама тік жерлер шұғыл өзгермеуі және тұйық төмен түсетін жерлер болмауы шарт. Баурайлы жер учаскесіндегі мөлдектер баурайдың бойымен орналасуы керек, мұның өзі әр бір мөлдектердегі өсімдіктердің өсіп-дамуына біркелкі жағдай туғызады. Дегенмен, зерттеу объектісі – жер бедері болып табылса, онда жер бедерін таңдау кезіндегі қарастырылатын жағдайлардың (баурайлы жерлер) қатысы болмайды.
Топырақ құнарлылығының біркелкілігі тәжірибе салардың алдында топырақты зерттеу және құнарлылығы бойынша өзгергіштік шамасын белгілеу, яғни топырақ құнарлылығын суретке түсіру жұмыстарын жүргізу жолымен анықталады. Егер, тәжірибе салуға таңдалып алынған жер учаскесінің әр түрлі топырағының басым түрін анықтау міндеті алға қойылса, онда топырақты суретке түсіру жұмыстары 1:10000 масштаб көлеміндегі жерге жүргізіледі, ал жоғары талап қойылған кезде, барлық жер телімі аумағында топырақтың әр түрлілігінің шекарасын белгілеу қажеттілігі туындаса, яғни әр түрлі топырақ жамылғысының әр біреуіне жеке-жеке тәжірибе салу үшін топырақты суретке түсіру жұмыстары 1:5000 және тіпті 1:1000 масштаб көлемінде жүргізіледі. Топырақтың толық сипаттамасын беру үшін топырақ тілімдерін жасайды, оның сипаттамасын береді және нәтижесінде жалпыға бірдей жіктеу әдісімен топырақтың типін анықтайды.
Осы күнгі әдістемелерге сәйкес, топырақтың агрофизикалық, агрохимиялық және физико-химиялық құрамын анықтау үшін талдау жұмыстары жүргізіледі, яғни топырақтың механикалық және агрегаттық құрамын, суға төзімді агрегат үлесін, гигроскопиялылығын, шекті ылғал сиымдылығын, топырақтың көлемдік салмағын, тығыздығы мен түйіршіктілігін, топырақтың жыртылатын және жыртылатын қабаттың астыңғы бөлігіндегі қарашіріндінің пайыздық мөлшерін, қарашірінді қабатының тереңдігін, карбонаттардың орналасу тереңдігін, топырақтың орта реакциясын, жалпы азот, фосфор және калий мөлшерін, 100 г топырақтағы жылжымалы фосфор мен ауыспалы калийдің мөлшерін, мг.
2. Тәжірибе салынатын жер учаскесінің тарихы. Тәжірибе салынатын жер учаскесінің тарихын зерттегенде – бұл жерге соңғы 3-4 жылда қандай алғы дақылдар себілгені, топырақты өңдеу тәсілі, енгізілген тыңайтқыштар және т.б. анықталады, сонымен қатар жер учаскесінің біртектілігіне әсер ететін және 5-10 жыл бойы соңғы әсерін тигізу мүмкіншілігі зор – арықтарды, орларды, шұңқырларды жабу (тегістеу), көшірілген құрылыстар және оның қалдықтары, ескі жолдар, малдардың тұрағы сияқты мәліметтерді анықтау қажет.
Тәжірибе салуға таңдалып алынған жер учаскесінің арамшөптермен күшті және біркелкі емес дәрежеде ластанса, әсіресе баурайлы – қалуен, бидайық, жусандар және .т.б ластанған жерлер танаптық тәжірибе нәтижелеріне айтарлықтай кері әсер етуі мүмкін, сондықтан жер учаскесін зерттеген кезде, сол жердің арамшөптермен ластану ерекшеліктерін және дәрежесін, арамшөптердің ботаникалық құрамын, топырақтың жыртылатын қабатындағы арамшөптердің тұқымдарының және вегетациялық мүшелерінің потенциалдық мүмкіндігін белгілеу қажет. Жер учаскесінің арамшөптермен ластану дәрежесі көзбен бағалау арқылы немесе жоспарға тік жерлердегі арамшөптердің таралуын енгізе отырып, сонымен қатар бір өлшем жердегі арамшөптердің массасын анықтау жолымен сандық есепке алу арқылы анықталады.
Жер учаскесіне су бассейндерінің, ағаш отырғызылымдарының, құрылыс орындарының, жыралардың, жолдардың және т.б. жақын орналасуы топырақ және ауа құрғақшылығына, сол жердің жарықпен қамтамасыз етілуіне, желге, қар жамылғысының жиналуына және т.б. әсер етеді, сондықтан танаптық тәжірибе салуға жер учаскесін таңдаған кезде, сол жер учаскесінің нысандардан келесідей қашықтықта орналасқаны дұрыс, м:
Орман – 40-50
Жекелеген ағаштар -25-30
Су бассейіні, жыралар, батпақты жерлер – 100-200
Құрылыс орындары – 40-50
Жолдар – 5-10
Қоршаулар – 10
Жер учаскесінің топырағына толық зерттеу жұмыстарын жүргізудің өзі топырақ құнарлылығының әр түрлілігі туралы нақты мәліметтер бере алмайды және аталған көрсеткішке өсімдіктердің әсерін көрсете алмайды, соныдықтан топырақ құнарлылығының ала-құлалығының ең жақсы индикаторы өсімдіктің өзі болуы мүмкін. Әр түрлі дақылдардың топырақ құнарлылығы деңгейіне біркелкі әсер етпеуіне қарамастан (жоғары талап қояды – топырақ құнарлылығына талабы шамалы), өсімдіктерді индикатор ретінде пайдалана отырып, топырақты құанрлылығы бойынша біркелкі болуын қамтамасыз ету әзірге қиын, сондықтан барлаушы және теңестіргіш (уровнительные) егістер кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет