Дәріс № 9.
Тақырыбы: Танаптық тәжірибелерде өнімді жинау мен есепке алу әдістемесі.
1. Өнімді есепке алу үшін тәжірибені дайындау.
2. Өнімді жинау және есептеу әдістемесі.
1. Өнімді есепке алу үшін тәжірибені дайындау. Тәжірибе мөлдектеріне өнімді жинау мен есептеу мерзімі келгенге дейін бірқатар дайындық жұмыстарын жүргізу қажет: қай мөлдектерде бракқа шығару, қай мөлдектерді шығарып тастау керектігін алдын-ала бағалап, қорғаныстардан, бракққа шығаруға, алып тастауға арналған мөлдектерден өсімдіктерді алып тастау.
Мөлдектерді толық бракқа шығару мен алып тастау алдыңғы бақылаулар мен жазулар негізінде жасайды, мөлдектердің мынандай зақымданулары бар болса (өсімдіктердің түсіп қалуы, залалдау, аурулар мен зиянкестер), жұмыстағы қателіктер, себу жамылғысының біркелкі еместігі, яғни зерттелетін тәсілге тәуелсіз өнім өзгергенде, сондықтан бракқа шығару мен алып тастауды жасау керектігі туады.
Бірақ сабақ бітіктігінің (шөпотының) қайталымдардағы немесе мөлдектердің кейбір бөліктеріндегі әртүрлі жағдайына байланысты, субьективті түрде мөлдектерді толық бракқа мен алып тастауға мүлдем болмайды. Егер бұл жұмысты міндетті түрде атқару керек болса, онда мөлдекті белгілі-бір бөлігін алып тастау керек (жартысын, үштен бір бөлігін, төрттен бір бөлігін және т.б.), міндетті түрде тікбұрышты болу керек, өйткені мөлдектің барлық ауданына қайта жасалатын есептеулерді жеңілдетеді.
Мөлдектің жартысынан көп бөлігі зақымданған жағдайда, ол толық бракқа шығарылады, және ауданы аз мөлдектері (20-25 м2) бар тәжірибелерде 4-6 және одан да көп қайталымдарда мөлдекті толық бракқа шығару қажет. Белгіленген алып тасталатын мөлдектер аудандарын өлшеп, таяқшалармен белгілеп және оларды жинай бастайды.
Тәжірибе мөлдектерінде жинау мерзімін, тәсілін таңдау және өнімді есепке алу зерттелетін факторлар кешенінің өте маңызды бөлігі болып саналады, зерттелетін факторлар агротехникалық тәсілдерінің немесе сорттар қасиеттерінің өнімділікке және алынған өнімнің сапасына әсері.
Жинау мерзімін анықтау кезінде, тәжірибе алдында қойылған мақсаттарға сүйену керек. Мысалы, сорттарды зерттегенде мөлдектерді жинауды олардың пісуіне қарай, барлық мөлдектерде піскенше өткізу керек, өйткені қойылған мақсаттар орындалмай қалуы мүмкін.
Өсімдіктердің біркелкі пісуі жағдайында немесе мал азықтық дақылдарда шабылмалы пісу кезеңінде, өнімді бір мерзімде барлық мөлдектерде бір күн ішінде, болмаса әр қайталым мөлдектерін бір күнде жинаған дұрыс. Өнімді жинау мен есепке алуда әдістеменің барлық талаптарын орындау керек, өйткені әдістемеден ауытқу, ұқыпсыздық тәжірибенің құнсыздануына әкеледі.
Қатарлап (жаппай) себілетін дақылдармен жасалатын тәжірибелерде қорғаныстарды тартылған жіп немесе сым бойымен шауып алады, отамалы дақылдармен (кең қатарлап себу тәсілі) жасалған тәжірибелерде қорғаныс алаңдарына жататын қатарлар саны саналады, бракқа шығарылатын және алып тасталынатын мөлдектерден, қорғаныс алаңдарынан өнімді жинау жүргізіледі және тәжірибеден алыс жерге апарылады. Отамалы дақылдармен жасалған тәжірибелерде әрбір есеп мөлдегінде нақты өсімдіктер, түптер немесе тамырлар саны есептеледі.
2. Өнімді жинау және есептеу әдістемесі. Өнімді жинау мен есептеудің екі негізгі әдісі бар – тікелей және жанама, тәжірибе мөлдектеріндегі өнімді есептегенде екі әдісте қолданыла алады.
Тікелей есептеу әдісі есеп мөлдегінің бүкіл ауданынан алынған өнімнің барлық массасын жинау және есепке алуды қарастырады (дәнді дақылдармен жасалған тәжірибелерде – комбайнмен жинау).
Жанама есептеуде барлық мөлдек өнімділігінің қандай да бір дәрежеде орташа үлгісі бола алатын, мөлдектің қандай да бір бөлігі есептеледі, дәнді дақылдармен жасалған тәжірибелерде кейде үлгі бау бойынша есептеу қолданылады. Аз ауданды мөлдектерде (10-20 м2) жанама әдіспен және үлгі баумен өнімді есептеуді қолданбаған дұрыс. Бұл екі әдістің принципиалды айырмашылықтары жанама есептеуде өнім есеп мөлдегінің барлық ауданынан емес, тек бір бөлігінен ғана өлшенеді, яғни есеп мөлдегінің ауданы айтарлықтай азаяды, сондықтан тәжірибені қою мен өткізу талаптары бұзылады, тәжірибе дәлдігі азаяды, яғни бұл әдістерді танаптық тәжірибеде қолдануға болмайды.
Дәнді дақылдарды жинауды арнайы немесе кәдімгі комбайнмен жинау керек, бұл ұзартылған пішінді және 100 м2 кем емес ауданды мөлдектерде ғана мүмкін. Қазіргі кезде ҒЗИ одан аз ауданды есеп мөлдектерінде мүмкіндік беретін, алым ені аз машиналарды қолдана бастады. Комбайнмен жинауды қолдану мөлдектерді алдын–ала дайындаусыз – қорғаныстарды шабу, шабулар жүргізу және т.б. жасамай, жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді. Әрбір мөлдекті жинар алдында және біткен соң дәндер електерден өтуі мен толық бастырылуы үшін комбайнды 1-2 минутқа тоқтату керек, әрбір мөлдек дәндерін қаптарға жинайды, өлшеп, этикетка тағылады.. Сонымен бірге әрбір мөлдектен дәндер ылғалдылығына және арамшөптермен ластануына үлгілер алу керек.
Мал азықтық шөптердің өнімін есепке алу - біржылдықтар – судан шөбі, итқонақ, қонақтары, сұлы, арпа, көпжылдық шөптер – еркекшөп, қылтықсыз арпабас, жоңышқа, эспарцет, түйежоңышқа және олардың шөпқоспаларында астық тұқымдастарда сияқты мөлдектің барлық ауданынан да, үлгі баудан да немесе метрлік өлшегіштермен жасалады, бірақ тағы да айта кету керек бұл жағдайда мөлдектердің есепке алынатын ауданы минимумға дейін азайды, нәтижелер дәлдігі және алынған материалдар растығы төмендейді, яғни тәжірибені өткізуге кеткен еңбектің бәрі өнімді есепке алу әдісін дұрыс таңдамау нәтижесінде құнсызданады, сондықтан өнімділікті мөлдектің барлық ауданынан есепке алуды қолдану керек.
Шөптерді шабу тіркемелі шапқыштарымен немесе қолмен жасалады, одан кейін жасыл массаны өлшеу жасау керек,немесе мөлдекте кептіріп, соңынан пішен өнімі есептеледі, бірақ екі жағдайда да өлшеумен бірге массаның ылғалдылығын анықтау және оны стандарттыға келтіру, және де шөпотына (ботаникалық құрамын) құрылымдық талдау жасау үшін пластик пакеттеріне 1-2 кг аралас үлгілер салынады. Егер әр мөлдек өнімі үлгі баулар тұрақты салмаққа жеткізілмесе, себілген шөптермен жасалған тәжірибелерде де, табиғи шабындықтар мен жайылымдарда да пішен өнімділігін стандартты ылғалдылыққа келтіру керек.
Массаның ылғалдылығын анықтау келесі әдіспен өткізілуі мүмкін: өлшеу кезінде өнімнен үлгілер алынады, олар қайшымен мүмкіндігінше ұсақталады да тығыз тығындары бар банкаларға салынады, ылғалдылық кейін кептіргіш шкафта 650 температурада 3-4 сағат ішінде анықталады.
Пішен сапасының маңызды көрсеткіші болып оның ботаникалық құрамы саналады, әдетте оны анықтағанда өсімдіктердің барлық түр құрамы емес, тек маңызды топтары ғана есептеледі. Себілген шөптерде (эспарцет, жоңышқа, түйежоңышқа, еркекшөп, қылтықсыз арпабас және т.б.) негізіг компонент саны (масса) және барлық қоспалар (әртүрлі шөптер, арамшөптер) есептеледі. Шөптер үлгілерін талдауды ылғалды түрінде өткізген жөн, бұл мақсатқа пішеннің шығуы анықталатын үлгібау қолданылады.
Аталғандардан басқа тәжірибенің мақсаттарына қарай тағы бірқатар көрсеткіштерді анықтау керек болады: дәндерде – ақуыздың, крахмалдың және нәруыздың құрамын, мал азықтық дақылдарда – ақуыздың, протеиннің, майлардың, клетчатка, азықтық өлшемнің және т.б.
Қорытындылай келе өнімді есепке алуда келесі шарттарды ұстану керектігін атап айтып кету керек:
- агротехникалық тәжірибелерде жинау мерзімдері бір мерзімде болу керек, яғни бір күнде және бір тәсілмен, сортсынау тәжірибелерінде дақылдар, сорттардың пісуіне қарай;
- зерттеу жұмысында өнімді жинау мен есепке алудың негізгі әдісі деп жаппай жинау мен әр мөлдектен таразымен өлшеуді санау керек;
- бірқатар «зерттеушілер» қолданатын үлгі аулалармен, баулармен өнімді есептеу әдісі өте сенімсіз, субъективизммен шектеседі, сондықтан нәтижелерге күмандануға болады;
- кейінгі талдау үшін үлгілерді алу жалпы ұсынылған әдістемелік нұсқаулармен сәйкес өткізілуі керек;
Келесі кезең өнімді есепке алу – алынған мәліметтерді біріншілік өңдеу және оларды сандық өңдеу, оның ішіне: алынған мәліметтерді агрономиялық талдау; мәліметтерді біріншілік сандық өңдеу; мәліметтерді статистикалық сандық өңдеу кіреді.
Агрономиялық талдау тәжірибені қою мен өткізудің әдістемесін нақты ұстануды, критикалық талдауды және ағымды бақылауларды өніммен салыстыруды қарастырады, сонымен бірге жазулардың дұрыстығын тексеріп, қателерді алып тастайды.
Танаптық тәжірибені біріншілік сандық өңдеу мыналарды қарастырады:
- өнімділікті мөлдек ауданынан 1 га өнімге қайта есептеу;
- өнімділікті стандартты ылғалдылыққа келтіру;
- өнімділіктің кестесін құру – варианттар, қайталымдар бойынша өнімдер жиынтығын анықтау, өнімдердің жалпы жиынтығын және тәжірибе мен варианттар бойынша орташа өнімділікті анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |