ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«Агрономиялық зерттеу әдістері» пәні бойынша
ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Тараз 2021 ж.
Дәріс № 1.
Тақырыбы: Кіріспе. Негізгі түсініктер. Егіс тәжірибесі, оның ерекшеліктері.
Ғылыми агрономия әдістері.
1. Тәжірибе ісінің әдістемесі туралы түсінік.
2. Аграрлық ғылымның басты бағыттары, ғылыми зерттеулердің жағдайы және дамыту болашағы. ауылшаруашылығы тәжірибесі ісінің даму тарихы.
1. Тәжірибе ісінің әдістемесі туралы түсінік. Агрономиялық зерттеу әдістерін оқу ауылшаруашылығы өндірісінде, өсімдік шаруашылығы саласында жоғары білікті мамандар даярлаудағы ең басты жүйе болып саналады, себебі еліміздің сауда тәуелсіздігін қамтамасыз ету, бәсекелестікке түсе алатын өнім өндіру, мал шаруашылығы және өсімдік өнімдерінің тағамдары өндірісінің үлестік салмағын ішкі нарықта жоғарылату және экспортқа шығару үшін ауылшаруашылығы дақылдарын өсірудің қазіргі технологияларын жетілдіруді қажет етеді, сонымен қатар жаңа тиімді әдістерін қолдану, жоғары өнімді жаңа сорттарын шығару, оған тек тәжірибе салу және жүргізу (эксперименталды зерттеу), сонымен бірге тәжірибе кезінде зерттеліп алынған ең жақсы нұсқаларын өндірістік тәжірибеге енгізу арқылы қол жеткізуге болады.
Ауылшаруашылығы өндірісі – ауылшаруашылығы дақылдарын және ауыл шаруашылығы малдарын өсіру арқылы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін (астық, мал азығы, сүт, ет, қайта өңдейтін өндірістерге шикізат дайындау және т.б.) алумен айналысатын басты материалдық өндіріс саласы болып табылады. Ауыл шаруашылығы басқа салаларға қарағанда аумағы үлкен аймақтарда орналасқан, онда өндірістің негізгі көзі – жер, өсімдік, жарық, жылу, су, тірі ағзалар-өсімдіктер және жануарлар, олар реттелмейтін сыртқы орта факторларына байланысты (су, жылу, аязсыз кезең және т.б.) оларды бағдарлай, кәсіби пайдалана білу қажет. Сондықтан ауыл шаруашылығы өте күрделі сала болып саналады да, агроном, зоотехник мамандарынан жоғары деңгейдегі теориялық білімді және тәжірибелікті талап етеді.
Ауыл шаруашылығының негізгі салалары – өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, олардың құрамына ұсақ салалы топтар кіреді: мал азығын өндіру, шалғын шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, тұқым шаруашылығы және т.б.
Кейінгі жылдары кеңінен қолданылып жүрген терминдердің бірі – Агроөндірістік кешен (АӨК), салалар байланысының жиынтығы деген түсінік, ауылшаруашылығы шикізатынан тамақ өнімін өндіруді және басқа заттарды қамтамасыз етуді, сонымен қатар оларды тұтынушыларға өткізуді қарастырады, олар үш сфераға бөлінген:
1) өнеркәсіп саласы, ауылшаруашылығына өндіріс құрылғыларын жеткізу (трактор және ауылшаруашылығы машиналары құрылысы, минералдық тыңайтқыштар, пестицидтер өндіру); 2) ауыл шаруашылығы, барлық меншік түрлерін қоса алғанда: ауылшаруашылығы кәсіпорындары, шаруа (фермерлік) қожалықтары, үй шаруашылығы (жекеменшік үй маңы шаруашылығы) және орман шаруашылығы; 3) ауылшаруашылығы өнімдерін тұтынушыларға дейін жеткізетін сала (дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату).
«Агрономия» сөзі agros егістік және nomos заң деген грек сөзінен шыққан, өсімдіктерді өсіру, топырақтың құнарлылығын және өнімін арттыру, ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану сияқты басқа да сұрақтарды зерттейтін заңдар кешені. Қазіргі кездегі агрономия құрамына бірнеше жеке ғылымдар енген: өсімдік шаруашылығы, мал азығын өндіру, көкөніс шаруашылығы, егіншілік, агрохимия, агрофизика, ауылшаруашылығы фитопатологиясы және энтомологиясы, селекция, тұқым шаруашылығы және т.б., олардың жаратылыстану (биологиялық) және теориялық ғылыми негізі – ботаника, өсімдіктер физиологиясы, генетика, ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін бағдарламалау, биохимия, топырақтану және т.б.
Агроном – грек сөзінен тікелей аударса – егістік заңын сақтайтын және білетін адамды айтады – өсімдік шаруашылығының, мал азығын өндіру, егіншілік және т.б. бағыттардағы жоғары білімді маман, негізінен келесі үрдістерді іске асыру қажет: ауылшаруашылығы өнімін өндіруді ұйымдастыру, аймақтың топырақ-климат жағдайын ескере отырып және дақылды өсірудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жоғары сапалы максималды өнім деңгейін алу (астық, мал азықтық, техникалық және т.б. дақылдар), ауыспалы егіс жасау және егістік құрылымын анықтау, топырақ өңдеу, сыртқы және ішкі нарықта сұранысқа ие ең жоғары өнімді дақылдарды және сорттарды енгізу, дақылдардың оңтайлы себу мерзімі мен мөлшерін қолдану, әрбір танап жағдайына байланысты себу мөлшерін қолдану, тыңайтқыш және өсімдікті қорғау құрылғылары, ғылыми техниканың алдыңғы тәжірибелі жетістіктерін қолдану, егістік және өндірістік тәжірибелер қою арқылы эксперименталды зерттеулер жүргізу, ұсынылған жаңа технологияларды және дақылдарды өсіру әдістерін зерттеу, ауылшаруашылығы жұмыстарының сапасын бақылау және басқа да көптеген мәселелермен айналысады.
Өсімдік шаруашылығы және егістікте мал азығын өндіру ғылыми және оқу пәні ретінде мәдени дақылдарды зерттейді, сонымен қатар еңбек және жоғары сапалы өнімнің бір бөлігіне кететін шығынын азайту арқылы жоғары және тұрақты өнімділікті қамтамасыз ететін, егістік дақылдарды өсірудің прогрессивті әдістерін қолдану жағдайларын қарастырады.
Себебі өсімдік шаруашылығында және егістікте, мал азығын өндіруде зерттеудің негізгі объектісі – өсімдік болып саналады, сондықтан агроном маманының дақылдардың биологиясы және морфологиясы, олардың сыртқы орта факторларына талабы туралы терең білімі болуы керек, аймақтың топырақ климат жағдайын тиімді пайдалану арқылы дақылдарды өсіру технологиясын жасау және қолдану, топырақ құнарлылығын сақтау және көтеру мәселесіне көңіл бөлуі тиіс.
Егістік дақыл өсімдігі аязсыз кезеңде вегетациялық кезеңінен өтіп өнім бере алады, соның салдарынан ең басты ерекшелігі – маусымдылығы. Егістікте өсімдіктің тіршілігі жиі өзгеріп отыратын ортада өтеді, сол себептен басқа салаларға қарағанда адам өзінің саласында өндіріс жағдайының жиі өзгеріп отыратын жағдайына кезігеді.
Өсімдіктің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өсімдіктің өсуі және дамуы үшін ең қолайлы жағдайлар жасалынады. Дақылды өсіру технологиясының барлық элементтерін сақтап қана қоймай, топырақ өңдеу, себу, күтіп-баптау және өнімді жинау жұмыстарын сапалы түрде өткізу қажет, егер де осы жұмыстардың біреуін кешіктіретін болсақ (технология элементтері) өсімдік шаруашылығы өнімінің саны мен сапасы төмендейді, жіберген қателіктер мен кемшіліктер дақылды өсіру барысында күрделі және қиын болады, ал кейбір кезде мүлдем мүмкін емес, сондықтан басқаларға қарағанда қатаң есептеулер және барлық жағдайлардың орындалуы керек, ол өсімдіктердің өнімділігіне әсер етеді.
Өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі, оның басты объектісі – табиғаттың бейорганикалық заттарынан органикалық заттар түзе алатын жасыл өсімдік болып саналады. Жасыл өсімдікті өсіре отырып, адам күн сәулесінің кинетикалық энергиясын өсімдіктің органикалық затындағы потенциалды энергиясына айналдырады, сондықтан өсімдік шаруашылығында жасыл өсімдік топырақпен бірге өндірісте негізгі құрал болып саналады.
Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығы саласы ретінде халықты тамақпен, мал шаруашылығын – жем-шөппен, өндірістің көптеген салаларын – тамақ, жалқы азық, тігін, фармацевтикалық, парфюмерлі және т.б. шикізаттармен қамтамасыз етуге міндетті, мал шаруашылығы ірі, шырынды және концентратты азықтармен толық қамтамасыз етілуі қажет, сонымен қатар мал шаруашылығы өсімдік шаруашылығына органикалық тыңайтқыш – көң, сұйық көң береді, онсыз, әсіресе, құнарлылығы төмен топырақтарда тұрақты және жоғары өнім алу мүмкін емес.
Өсімдік шаруашылығы өндіріс саласы ретінде егістік шаруашылығы, мал азығын өндіру, шалғын шаруашылығы, жеміс-көкөніс шаруашылығы, жүзім шаруашылығы, гүл шаруашылығы, орман шаруашылығын біріктіреді.
2. Аграрлық ғылымның басты бағыттары, ғылыми зерттеулердің жағдайы және дамыту болашағы. ауылшаруашылығы тәжірибесі ісінің даму тарихы. Жоғарыда келтірілген жадығаттарда ауылшаруашылығының және агроөндірістік кешеннің және саланың негізгі мақсаттары анықталды және – агрономия мен өсімдік шаруашылығы келтіріледі. Жалпы осы мақсаттарды қысқаша келесі үлгіде айтуға болады:
1. Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін арттыру (сәйкесінше, малдарға толыққанды азықпен қамтамасыз ету), еліміздің сауда тәуелсіздігін қамтамасыз ету, ол ет, сүт және басқада өнімдер және тамақтардың импортының төмендеуіне әкеледі.
2. Өсімдік шаруашылығы өнімін арттыру мәселесі, оның ішінде мал шаруашылығына арналған азықтар негізгі екі бағытта шешілуі мүмкін:
а) егістік алаңын көбейту және егістікке жаңа жерлерді игеру;
б) қазіргі заманғы технологияларды, жаңа машиналарды және құралдарды қолдана отырып және жоғары өнімді жаңа сорттарды және жаңа дақылдарды интродукциялау арқылы.
3. Ауылшаруашылығы саласында өндірілетін өнім бәсекелестікке түсе алатын, жоғары сапалы және өзіндік құнының төменділігімен ерекшеленуі керек, ал өзіндік құнының төмендеуі астық және мал азықтық дақылдардың жоғары өнімділігі, малдардың салмағының және сүтінің жоғарылығынан, өсімдік шаруашылығының және мал шаруашылығы салаларының еңбек өнімділігінің жоғарылығынан болады.
Егер де сүтпен еттің өзіндік құнының құрылымында 50 % мал азығының құны кіретінін ескеретін болсақ, ең арзан мал азығын өндіру не үшін қажет екені түсінікті болады. Сондықтан бәсекелестікке түсе алатын мал өнімдерін өндіруге (ет, сүт және басқалары) мал азығының өзіндік құнын төмендету арқылы қол жеткізуге болады, ал ол мүмкіндігінше жоғары өнім алғанда ғана болады.
Дақылдардың өнімділігін олардың биологиялық ерекшеліктерін және ғылыми негізделген есепке алу және әр топыраққа климат аймақтарында сыртқы орта факторларын пайдалана отырып көтеруге болады.
Сол себептен агрономия ғылымы қазіргі заманғы ғылымның жетістіктерін ескере отырып және жаңа машиналармен қондырғыларды, тыңайтқыштарды, өсімдіктердің ауырулары және зиянкестерімен күресу құралдарын ескере отырып технологияларды жетілдіретін жаңа ұсыныстар жасау, оған егістік тәжірибелердің әдістемесін қатаң түрде сақтап отырып жүргізген зерттеулердің қорытындысы арқылы жасауға болады.
Бұл жұмысты жүргізу ғылыми зерттеу және оқу институттарына, ауылшаруашылығы тәжірибе станцияларына жүктелген, олар кейінгі 50-60 жылда үлкен ғылыми зерттеулерді жүргізді, көп мөлшерде егістік дақылдардың отандық сорттарын шығарды, оның ішінде далалық аймаққа тән Солтүстік Қазақстанның ғылыми мекемелері, олардың топырақ климат аймағына байланысты ерекшелігі көп болғандықтан.
Бұрынғы Бүкілодақтық астық шаруашылығын ғылыми зерттеу институты (Шортанды ауылы) (Қазіргі А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығын ҒЗИ) өткен жүзжылдықтың 50-80 жылдары көптеген ғалымдар ұжымымен сан жүздеген эксперименттер жүргізді, соның негізінде Солтүстік Қазақстан облыстарының өндірісіне ұсыныстар жасалынып енгізілді, олар осы аймақта бидайдың және басқада дақылдардың жалпы өнімінің артуына үлкен үлесін тигізді.
Осы институтты 1955 жылдан 1985 жылдар аралығында басқарған, мықты ғылыми-өндірістік база жасаған, ғылыми ұжым құрастырған академик А.И.Бараевтың қорытындысы бойынша, Қазақстанның далалық аймағында өндіріске ғалымдардың келесі негізгі жетістіктері енгізілді: (Бараев А.И., 2008).
1. Жаңа топырақ қорғаудың егіншілік жүйесі, ол ең жаңа қазіргі заманғы эрозияға қарсы техникаларды пайдалануға негізделген, оның негізі топырақты аудара жыртатын соқалардан бас тарту, танап бетінде аңыздар және басқада өсімдік қалдықтарын қалдыратын эрозияға қарсы техникалармен айырбастау, олар танапта қар тоқтатуды қамтамасыз етеді.
2. Қар тоқтатын құралдармен қар тоқтату, олар қыста 35-40 см болатын қар қалыңдығын қамтамасыз етеді (осы жағдайда қар еріген жағдайда топырақтың беткі қабаты 100 см дейін ылғалданады).
3. Ғылыми негізделген бес танапты және 20 % сүрі танабы бар дәнді сүрі танапты ауыспалы егістерді игеру және енгізу.
4. Осы ауыспалы егістерде ең жоғары сапалы өнімділігі бар астық дақылдардың сорттарын таңдау және себу, негізінен жергілікті селекциядан.
5. Мал шаруашылығы фермалары және кешендері маңынан ең тиімді мал азықтық ауыспалы егістерді игеру және енгізу, арпа және жүгері себу немесе топыраққа атразин немесе симазин енгізген жағдайда тек қана жүгері себу.
6. Кебір топырақтарда мал азығын өндіру үшін және жайылым ретінде пайдаланумен қатар оларды түбегейлі жақсарту.
7. Жаздық бидайларды гектарына 2,5-3,0 млн. өнгіш тұқым себу мөлшерінде оңтайлы себу мерзімін ғылыми негіздеу (15-25 мамыр), ал жемдік дақылдарды арпаны және сұлыны одан кейін ( мамыр айының соңы-маусымның басы) себу.
8. Қазақстанның карбонатты топырақтарындағы тыңайған жерлерінде астық дақылдар егістігіне 1,0-1,5 ц/га суперфосфат енгізу, олар өнімділікті 3-3,5 ц/га көтерген.
Достарыңызбен бөлісу: |