Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал



Pdf көрінісі
бет42/98
Дата13.10.2022
өлшемі2.67 Mb.
#462563
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   98
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

 
 
 
 
 
 
Тіл – құрал 
(Сөйлем жүйесі мен түрлері) 
Үшінші тіл танытқыш кітап 
Қызылорда – 1925
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


121 
Сөйлем жүйесі 
Сөйлем дегеніміз – сөздің басын құрастырып, біреу айтқан ой. 
Сөйлеген де, жазғанда кім де болса ойын айтады. Ойын айтуға тиісті 
сөздерді алады да, олардың басын құрап, біріне-бірінің қырын келтіріп, 
қиындастырады. Қыры келетін сөздер, тұрған күйінде алса да, қиындаса 
қалады. Қыры келмейтін сөздерді қиындастыру үшін қырларын өзгертіп 
қиюын келтіреміз. 
Қыры келетін, келмейтін сөздерді мысалмен көрсетейік: «қыс қатты, 
қар қалың, күн суық» дегенде үш сөйлем бар. Үшеуінің де ішіндегі сөздер 
өзгерілместен алынған, жана өзгерілмей-ақ қырлары келіп қиындасып тұр. 
Енді басқа сөйлемдерді алып қарайық: «Елдің малы далада, біткен жаны 
жалада, көбі жатыр қалада». Мұнда да үш сөйлем. Үшеуінің де ішіндегі 
сөздер өзгерілмей алынған бір сөз жоқ – бәрі де өзгеріліп тұр. Қырларын 
келтіріп, қиындастыру үшін өзгертпей, тұрған-тұрған түпкілікті күйінде 
алсақ, қырлары жанаспайды, біріне-бірі қиыспайды. Қырларын өзгертпей 
алып қарайық, не болып шығар екен: «Ел, мал, дала, біткен, жан, жала, 
көп, жат, қала» - осы сөздерден «елдің малы далада, біткен жаны жалада, 
көбі жатыр қалада» деген ойларды ұғуға болар ма? – Әрине, болмайды. 
Сондықтан, ауызша шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, 
айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық даражада түсінікті болып айтылған 
сөздер ғана сөйлем болады. Сондықтан сөйлемнің жаны - сөздердің басы 
мағаналы болып құралуы (қысқа айтқанда, сөйлемнің мағанасы). Олай 
болмаса, құр сөздердің басын құрап айтқанмен, сөйлем болмайды. Сөйлем 
ішіндегі сөздердің басын түсінікті етіп құрастыру, сөйлемдерді түсінікті 
етіп жасау туралы сөз табиғатынан шыққан түрлі заңдар, тәртіптер бар – 
қысқасынан айтқанда, өз алдына білерлік толып жатқан білімдер бар. 
Ол білімдер сөйлем жүйесі деп аталады. Сөйлем жүйесі екіге 
бөлінеді; бірі – сөйлем ішіндегі сөздер турасындағы білім. Сөйлем 
ішіндегі сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. 
Сөйлем мүшелері 
Сөйлем мүшелері тұрлаулы, тұрлаусыз болып екіге бөлінеді. 
Тұрлаулы мүше болады сөйлем болған жерде қалмай айтылатын сөздер 
немесе, қалса да қалғандығы сезіліп тұратын сөздер. Мәселен, «асыл 
тастан, ақыл жастан» я болмаса «баланы жастан, қатынды бастан» 
дегенде: бірінші мысалда «шығады» деген сөз, екінші мысалда «үйрет» я 
«үйрету» деген сөз қалып тұрғандығы сезіліп тұр. Не болмаса, «жығылған 
адам күреске тоймас», «аузы күйген адам үріп ішер». 


122 
Осындай сөйлем ішінде бірде болып, бірде болмайтын сөздер 
немесе, керек болған жерде айтылып, керек болмаған орында айтылмай
қалып отырған сөздер, жана да, қалған жерде қалғандығы ашық 
сезілмейтін сөздер тұрлаусыз мүше деп аталады. Сөйлемнің тұрлаулы 
мүшелері екеу: 1) Бас мүше. 2) Баяншы мүше. 
Бас мүше дейміз – сөйлем ішіндегі сөздер байланатын қазық сөзін, 
сөйлем иесін. Ол қазық сөз болатын қандай сөз? Сөйлегенде бір нәрсе 
туралы сырын-сипатын, жайын, амалын, болмысын сөйлейміз. Сөйлем 
ішінде сол нәрсенің атын көрсететін сөз бас мүше болады. Ол нәрсенің 
сырын-сипатын, жайын, амалын, болмысын айтып баяндайтын сөз 
баяншы мүше болады. 
Бұлар бас мүше мен баяншы мүшенің ішкі белгілері. Бұлардан басқа 
тысқы белгілері бар. 
Бас мүшенің тысқы белгілері «кім?» «не?» деген сұрауларға жауап 
беру. Баяншы мүшенің тысқы белгілері, негізі «не етпек?», «не қылмақ?», 
«қайтпек?», «не болмақ?», «нешік?», «немене?», «қалай?», «кімдікі?», 
«қайсы?», «ненікі?» деген сұрауларға жауап беру. 
Жеңілдік үшін бас мүше – бастауыш деп, баяншы – баяндауыш деп 
аталады. Мұнан бұлай жеңілдік үшін бас мүше, баяншы мүше деп жатпай, 
бастауыш, баяндауыш деп қысқа түрлерін тұтынамыз. 
Бірнеше сөйлемдерді мысалға алып, бастауыш пен баяндауыш қалай 
табылатынын көрейік. 
Бастауыш 
Бастауыш болатын сөз таптары 
Әуелі бастауыш болатын – атау тұлғасындағы зат есім. Мысалы: 
Бала ойнайды. Ат шабады. От жанады. Бұл сөйлемдердің ішінде бастауыш 
қай сөз екенін әуелі ішкі белгісімен тауып қарайық. Олай табу үшін
мысалға алынған әрқасысысында не туралы сөйленіп тұрғанын ашу керек. 
1-інші сөйлем: Бала ойнайды. Мұнда кім турасынан сөйленіп тұр? –
Бала турасынан. 
2-інші сөйлем. Ат шабады. Мұнда не турасынан сөйленіп тұр? – Ат 
турасынан. 
3-інші сөйлем: От жанады. Мұнда не турасынан сөйленіп тұр? – От 
турасынан. 
Сүйтіп, бұл сөйлемдерде бала, ат, от турасынан сөйленген болып 
шықты. Олай болса, бұл сөздерде бастауыштың ішкі белгілері бар, 
сондықтан бұлар бастауыш болуға тиіс. 


123 
Енді тысқы белгілерімен тауып қаралық. Олай табу үшін «кім?», 
«не?» деп сұрау салу керек. Сол сұрауға қай сөз жауап берсе, ашып 
айтқанда, қай сөз сұрауға жауап болып табылса, сол сөз бастауыш болмақ. 
1-інші сөйлем: Бала ойнайды. Кім ойнайды? – Бала. 2-інші сөйлем: Ат 
шабады. Не шабады? – ат. 3-інші сөйлем: От жанады. Не жанады? – от. 
Сүйтіп, бұл сөйлемдерде «кім?», «не?» деген сұрауларға жауап берген 
сөздер: бала, ат,от болып шықты. Олай болса, бұл сөздерде бастауыштың 
тысқы белгілері бар болып табылды. Ішкі, тысқы екі белгісі де бар болған 
соң, бұл сөздер бастауыш болады. 
Бала, ат, от – атау тұлғасындағы тұрған зат есімдер. Екінші, 
бастауыш болатын – атау тұлғасындағы сын есім. Мысалы: Көп
қорқытады, терең батырады. Бұл сөйлемдерде сөйленіп, сөз болып 
отырған – көп пен терең. Солай болған соң ішкі белгісі бойынша 
бастауыш көп пен терең болуға тиіс. Тысқы белгісімен қарағанда, «кім 
қорқытады?» - көп, «не батырады?» - терең. Мұнда да «кім?», «не?» деген 
сұрауларға жауап беріп тұрған «көп» пен «терең» деген сөздер. Ішкі, 
тысқы белгісі бірден табылып тұрған соң, бұл сөздер бастауыш болады. 
«Көп», «терең» деген сөздер атау тұлғасында тұрған сын есімдер. Үшінші, 
бастауыш болатын атау тұлғалы сан есім, мысалы: Берерменге бесеу көп. 
Біреу тойып секіреді. Ішкі белгісі бойынша бастауыш бесеу, біреу болуға 
тиіс, өйткені 1-інші сөйлемде сөз болып отырған бесеу, 2-інші сөйлемде 
біреу деген сөздер. 
Тысқы белгісімен іздесек: берерменге не көп? – бесеу, кім тойып 
секіреді? – біреу. 
Бұл бастауыштың тысқы белгілері бесеу, біреу деген сөздерден 
табылған соң, бастауыш осылар болады. 
Бесеу, біреу атау тұлғасында тұрған сан есімдер. 
Төртінші, бастауыш болатын – атау тұлғалы есімдік. 
Мысалы: Мен келдім, сен кеттің. Ол терең, бұл тайыз. 
1-інші сөйлемде мен туралы, 2-інші сөйлем де бұл туралы сөйленіп 
тұр. Сондықтан, мен, сен, ол, бұл бастауыш болады. Бұл ішкі белгісі 
бойынша. Енді тысқы белгісімен қарайық: Кім келді? – мен, кім кетті? – 
сен, не терең? – ол, не тайыз? – бұл. «Кім?», «не?» деген сұрауларға жауап 
беріп тұрған сөздер – мен, сен, ол, бұл. Сондықтан бұл сөздер бастауыш 
болатыны даусыз. 
Сүйтіп, мен, сен, ол, бұл деген сөздер ішкі белгісімен де бастауыш 
болып шығып тұр. 
Бұл сөздер атау тұлғасында тұрған есімдіктер.


124 
Бесінші, бастауыш болатын – етістіктің тұйық райы мен есімшеге 
айналған түрлері. Мысалы: Алыспақ жоқ, атыспақ бар. Оқу оңайланды. 
Жығылған күреске тоймас.
Мұнда сөз болып отырғандар: 1-інші сөйлемде алыспақ, 2-інші 
сөйлемде атыспақ, 3-інші сөйлемде оқу, 4-інші сөйлемде жығылған.
Ішкі белгісінше алыспақ, атыспақ, оқу, жығылған бастауыш болады 
(солар туралы сөйлеп отырмыз). Тысқы белгісінше де бастауыш болатын 
сол сөздер: не жоқ? – алыспақ, не бар? – атыспақ, не оңайланды? – оқу, 
кім күреске тоймас? – жығылған.
Алыспақ, атыспақ, етістіктің тұйық райындағы сөздер, оқу мен 
жығылған есімшеге айналған түріндегі сөздер. 
Алтыншы, бастауыш болатын – үстеу жана үстеу орнында жүретін 
сөздер. Мысалы: Әрі алыстатады, бері жақындатады, шапшаң 
асықтырады, соңыра кешіктіреді. Бұл сөйлемдерде әрі, бері, шапшаң, 
соңыра туралы сөйленіп тұр. Бұлар бастауыш болу керек. Бұл ішкі 
белгісінше, не алыстатады? – әрі, не жақындатады? – бері, не 
асықтырады? – шапшаң, не кешіктіреді? – соңыра. Сұрау бойынша да 
немесе тысқы белгісі бойынша дегенде де әрі, бері, шапшаң, соңыра деген 
сөздер бастауыш болады. 
Бұл төрт сөздің төртеуі де не үстеулер, не үстеу орнына жүретін 
сөздер.
Жетінші, бастауыш болатын – демеу мен демеу орнында жүретін 
сөздер. Мысалы: «Әлде» аз айтылады, «ба» көп айтылады, «бәлки» сирек 
айтылады. Бұл сөйлемдерде сөз болып тұрған «әлде», «ба», «бәлки» 
бастауыш болып шығады. «Әлде», «ба», «бәлки» деген сөздер демеулер. 
Сегізінші, бастауыш болатын – жалғаулық жана да жалғаулық 
орнында жүретін сөздер. Мысалы: «Үшін» үш айтылғанда, «арқылы» бір 
де айтылмайды. Мұнда сөз болып тұрған «үшін» мен «арқылы». 
Сондықтан бұлар бастауыш болады дейміз. Бұл ішкі белгісіне қарап 
айтып тұрғанымыз. 
Е н д і т ы с қ ы б е л г і с і н е қ а р а й ы қ . Н е ү ш а й т ы л ғ а н д а ? - 
«үшін». Не бір де айтылмайды? — «арқылы». Тысқы белгісі бойынша 
да бастауыш болатын «үшін» мен «арқылы». «Үшін», «арқылы» деген 
сөздер жалғаулықтар.
Тоғызыншы, бастауыш болатын — одағай. Мысалы: Ә, құдай!», «о, 
құдай» — күйзелгеннің белгісі, «тек!, «тәйт!», «шәйт!» — 
бұйырғанның белгісі. Мұнда сөз болып тұрған «ә, құдай!», «о, 
құдай!», «тек!», тәйт!», «шәйт!», сондықтан бұл сөздер бастауыш 
болады. Бұл ішкі белгісімен білгеніміз.


125 
Енді тысқы бе лгісімен қара йық. Не кү йзелгеннің белгісі? 
- «ә, құдай!», «о, құдай!», не бұйырғанның белгісі? — «тек!», «тәйт!», 
«шәйт!» тысқы белгісімен де бұл сөздер бастауыш болып шықты. «Ә, 
құдай, «о құдай!», «тек!», «тәйт!», «шәйт!» деген сөздер одағайлар.
Оныншы, бастауыш болатын – бүтін сөйлем. Мысалы: 
«Сенікі, менікі» деген көңіл тарлығы, «ары жат, бері жат» деген 
төсек тарлығы.
Мұнда айтылып тұр «менікі, сенікі деген» жана «ары жат, 
бері жат» деген» туралы. Сондықтан бұл сөйлемдер ішкі белгісі 
бойынша бастауыш болуға тиіс. Тысқы белгісі бойынша не болып 
шығар екен.
Не көңіл тарлығы? — «сенікі, менікі деген». Не төсек тарлығы? — 
«ары жат, бері жат!» деген тысқы белгісі бойынша да бұл 
сөйлемдер бастауыш болып шықты. Сүйтіп, енді қорытып 
айтқанымызда, бастауыш болады сөз таптарының тоғызы да:
1) Зат есім. 2) Сын есім. 3) Сан есім. 4) Есімдік. 5) Етістік. 6) Үстеу. 
7) Демеу. 8) Жалғаулық. 9) Одағай жана бүтін сөйлемдер.
Қосарлы бастауыш. Бастауыш бір сөзбен айтылмай, бірнеше 
сөзбен айтылса, қосарлы немесе күрделі деп атаймыз.
Мысалдар:
1) Тамағы жоқтық таптырар. Мұнда тамақ жоқтық жайынан 
айтылып тұр. Не таптырар? – тамағы жоқтық (бастауыш екі сөзбен 
айтылып тұр). 
2) Асық ойнаған азар. Мұнда асық ойнаған туралы айтылып 
тұр. Кім азар? – асық ойнаған.
3) Жөнге тартқан жөндер. Мұнда жөнге тартқан туралы 
айтылып тұр. Кім жөндер? – жөнге тартқан. 
4) Сыпыра жалмаң жалмар. Мұнда сыпыра жалмаң жайынан айтылып 
тұр. Кім жалмар? – сыпыра жалмаң. 
5) Тоны жаман тоңар. Мұн да тоны жаман туралы айтылып тұр. Кім 
тоңар? – Тоны жаман. 
6) Жеті атасын білмеген – жетім. Мұнда жеті атасын білмегеннің 
жайынан айтылып тұр. Кім жетім? – жеті атасын білмеген. 
Асылында, бастауыш болатын – зат есім. Бастауыш болған жерде зат 
есім болмай қалмайды. Бірақ бірде айтылады, бірде айтылмай ойда 
тұрады. Зат есімнен басқа бастауыш болған сөздер зат есімнен басқа 
бастауыш болаған сөздер зат есімнің орнында немесе арқасында бастауыш 
бола алады. Жоғарыда мысалға алынған сөйлемдерде сөйлеу бөлімдерінің 
бәрі бастауыш болуға жарайтын болып шықты. Түбін қазып қарастыра 
келгенде, солардың бәрі де зат есімнің орнында тұрғандықтан, не зат 


126 
есімнің көмегі болғандықтан. Сол бастауыштардың түбін қазыңқырап 
қарастырып көрейік, қалай бастауыш болып тұр екен. 
Зат есімнен басқа бастауыш болып тұрған әуелі – сын есім. Мысалға 
алынған: Көп қорқытады, терең батырады. «Көп қорқытады» деген де 
қорқытатын шөп емес, әрине адам. «Терең батырады» дегенде де 
батыратын терең су екені анық. Олай болса мұндағы «көп» пен «терең» - 
«көп адам», «терең су» деген сөздердің орнында тұр. Жеңілдік үшін 
«адам» мен «су» деген сөздер айтылмаған, бірақ ойда тұр. 
Екінші – сан есім. Мысалға алынған: Берерменге бес те көп, 
аларманға алты да аз. Біреу тойып секіреді. «Бес те», «алты да» дегенде, 
мұнда нәрсе көңілде тұр. Құр ғана сан болса, азсынуға да, көпсінуге де 
орын болмас еді: «Бесеу», «алтау» нәрсесіз құр сан болса, берермен бесеу 
түгіл, мыңын көпсінбес еді, аларман алтау түгіл, бірін де азсынбас еді. 
Берермен көпсінетіні, аларман азсынатыны – берілетін, алынатын құр сан 
емес, нәрсе болғандығы. Мұндағы «бесеу» мен «алтау» сан ғана емес, 
нәрсені де көрсетіп тұр. 
Сондай-ақ, біреу тойып секіреді дегенде, әрине, сан секірмейді. Олай 
болса, «біреу» деген сөз мұнда зат есім орнында тұр. 
Үшінші — есімдік. Мысалға алынған: Мен келдім, с е н к е л д і ң ; О л
т е р е ң , б ұ л т а й ы з .
Есімдік өзі есім орнына жүретін сөз болған соң, 
бастауыш болған есімдіктер зат есім орнында тұрғаны анық. Мен, 
сен, ол, бұл — бәрі де зат есім орнына жүретін есімдіктер.
Төртінші — етістік. Мысалға алынған: Алыспақ жоқ, атыспақ 
бар. Оқу оңайланды. Жығылған күреске тоймас. Алыспақ, атыспақ 
деген сөздер бұл жерде алысу, атысу, оқу – іс есімдерін көрсететін 
етістіктен шыққан зат есімдері. «Жығылған күреске тоймас» 
дегенде, күреске тоймайтын жығылған мал я ағаш емес, адам 
екендігі анық. Солай болған соң «жығылған» деген сөздің 
бастауыш болып тұрғаны - «жығылған адам» дегеннің орнында 
тұрғандықтан. Жеңілдік үшін «адам» айтылма ған, бірақ 
көңілде тұр.
Бесінші – үстеу. Мысалға алынған: Әрі алыстатады, бері 
жақындатады, 
шапшаң 
асықтырады, 
соқыра 
к е ш і к т і р е д і .
Ж е ң і л д і к ү ш і н қ ы с қ а р т п а й а й т қ а н д а , б ұ л сөздер бұлай 
айтылар еді: Әрі деу – алыстатады, бері деу – жақындатады. 
Шапшаң деу – асықтырады, соңыра деу – кешіктіреді. «Деу» 
деген сот бәрінде де айтылмаған. «Деу» - етістіктен шыққан зат есім. 
«Әрі», «бері», шапшаң», «соңыра» деген сөздердің бастауыш болып 


127 
тұрғандары «әрі деу», «бері деу», «шапшаң деу», «соңыра деу» 
орнында болғандықтан.
Бастауыш болған демеу, жалғаулық, одағай — бәрі де осы 
ретпен болып тұр.
С ү й т і п ,
т ү б і н
қ а з ы п
қ а р а с т ы р ы п
к е л г е н д е ,
б а с т а уыш болатын – зат есім. Басқа сөз таптары зат есімнің 
орнында немесе арқасында ғана бастауыш бола алады.
Баяндауыш 
Баяндауыш болатын сөз таптары 
Әуелі, баяндауыш болады — етістік. Мысалы: Қой үрікті. Ит үрді. 
Адам айқайлады. Бұл сөйлемдердің ішінде баяндауыш 
болатын қай сөз екенін әуелі ішкі белгісімен тауып 
қарайық. Баяндауыш болмақ керек 
қандай сөздер? 
Жоғарыда айтуымыз бойынша, баяндауыш болатын сөз бастауыш 
атаған нәрсенің не сыр-сипатын, не амалын, не жайын, не болмысын 
көрсету керек. Олай болса, алынған сөйлемдердің ішіндегі 
бастауышты тауып, сонан соң ол бастауыш атаған нәрсенің не сыр-
сипатын, не амалын, не жайын, не болмысын көрсететін сөзді табу 
керек.
1-інші сөйлем: Қой үрікті. Не үрікті? — қой. Баст а у ы ш қ о й д е г е н
сөз бо лы п шық ты. Үрікті деген сө з қойдың не істегенін амалын 
көрсетіп тұр.
2 - і н ш і с ө й л е м : И т ү р д і . Н е ү р д і ? – и т . Б а с т а у ы ш ит 
деген сөз болып шықты. Үрді деген сөз иттің не істегенін — 
амалын көрсетіп тұр.
3-інші сөйлем: Адам айқайлады. Кім айқайлады? — адам. Бастауыш 
адам деген сөз болып шықты. Айқайлады деген сөз адамның не істегенін 
— амалын көрсетіп тұр.
Сүйтіп, бұл сөйлемдердің ішінде бастауыш атаған нәрселердің 
амалын көрсетуші үрікті, үрді, айқайлады деген сөздер болып шықты 
немесе, екінші сөзбен айтқанда, баяндауыштың ішкі белгісі осы 
сөздерге келеді. Сондықтан бұл сөздер баяндауыш болуға тиіс.
Енді тысқы белгісімен тауып көрейік. Баяндауыштың тысқы 
белгісі — «не етпек?», «не қылмақ?», «қайтпек?», «не болмақ?», «нешік?», 
«немене?», «қалай?», «кімдікі?», я «ненікі?», «қайсы?» негізді сұрауларға 
жауап беру. Сондықтан бұл негізді сұраулар баяндауыш сұраулары деп 
аталады.


128 
Алынған сөйлемдер ішінде қай сөз баяндауыш сұраул а р ы н а
ж а у а п б е р е р е к е н , қ а р а й ы қ .
1-інші сөйлем: Қой үрікті.
Қой не етті? — үрікті.
2-інші сөйлем: Ит үрді. Ит қайтті? — үрді.
3-інші сөйлем: Адам айқайлады. Адам не қылды? — айқайлады. 
Мұнда «не етті?», «қайтті?», «не қылды?» деген баяндауыш 
сұрауларына жауап беріп тұрған тағы сол үрікті, үрді, айқайлады деген 
сөздер. Олай болса, баяндауыштың тысқы белгілері де осы сөздерге 
келіп тұр. Ішкі, тысқы белгісі бірдей келген соң, баяндауыш 
болып тұрған осы сөздер — үрікті, үрді, айқайлады деген сөздер — 
етістіктер. Етістіктің есімше мен көсемше түрлері де баяндауыш 
болады. Етістік есімше түрінде қосар күйінде ғана баяндауыш 
болады. Екеуіне де мысал к е лт і р ей і к . Есі м ше д ар а к ү й і н д е 
б аян д ауы ш б о л а тынына мысалдар.
1) М е н с ө й л е у ш і м і н , с е н т ы ң д а у ш ы с ы ң . М ұ н д а
«сөйлеушімін», «тыңдаушысың» деген сөздер «мен», «сен» жайын 
баяндап 
тұр 
(бұл 
– 
баяндауыштың 
ішкі 
белгісі). 
Мен неменемін? — сөйлеушімін. Сен неменесің? — тындаушысың (бұл 
- баяндауыштың тысқы белгісі). 
2) Заман өзгерген, білім күшейген. Мұнда «өзгерген», «күшейген» 
деген сөздер «заман» мен «білім» жайын а й т ы п , б і р і н і ң
ө з г ер г ен д і гі н , е к і н ші с і н і ң к ү ш е й г е н д і гі н баяндап тұр (бұл — 
ішкі белгісімен қарағандағысы). Зам а н н е е т к е н ? - ө з г е р г е н . Б і л і м
н е е т к е н ? - к ү ш е й г е н . (Бұл — тысқы белгілері). 
3) Біреу беретін, біреу алатын. Мұнда біреу жайынан беретіндігі 
мен алатындығы сөйленіп тұр. (Бұл — ішкі белгілері). Біреу не ететін? 
— беретін. Біреу не ететін? — алатын. (Бұл — тысқы белгілері).
Есімше мен көсемше қосар күйінде баяндауыш болатынына 
мысалдар:
1) Бала жылай берген. Кім жылай берген? — бала (бастауыш). Бала 
не қылған? — жылай берген (баяндауыш).
2) Оспан оқып журген. Кім оқып жүрген? — Оспан (бастауыш). Оспан 
не қылған? — оқып жүрген (баяндауыш).
3) Асан айтқан екен.
Кім айтқан екен? — Асан (бастауыш). Асан не қылған екен? — 
айтқан екен (баяндауыш).
Көсемше баяндауыш болатынына мысалдар.
1) Ат тулай берді.


129 
Не тулай берді? — ат (бастауыш). Ат не қылды? — тулай берді 
(баяндауыш).
2) Әлжан алып берді.
Кім алып берді? — Әлжан (бастауыш). Әлжан не қылды? – алып 
берді (баяндауыш).
3) Тауық, ұша алмайды.
Не ұша алмайды? — тауық (бастауыш). Тауық не ете алмайды? — 
ұша алмайды (баяндауыш).
4) Ақын айта беріпті.
Кім айта беріпті? – Ақын (бастауыш). Ақын не етіпті? — 
айта беріпті (баяндауыш).
Екінші — баяндауыш болатын сын есім. Қыс жақсы. Мал семіз. Ел 
тоқ. Не жақсы? — қыс. Не семіз? — мал. Кім тоқ? – Ел. Қыс, мал, ел - 
бастауыштар. Баяндауыш болатын сөз, әуелі, ішкі белгісімен 
келу үшін б а с т а у ы ш а т а ғ а н н ә р с е н і ң , я ғ н и қ ы с т ы ң ,
м а л д ы ң , е л д і ң я амалын, я жайын, я болмысын көрсету 
керек, екінші, баяндауыштың тысқы белгісі болған сұрауларға 
ж а у а п б е р у к е р е к . Қ а л а й б о л а р е к е н , қ а р а й ы қ .
1 - і н ш і с ө й л е м : Қ ы с ж а қ с ы . Қ ы с қ а л а й ? – ж а қ с ы .
2-інші сөйлем. Мал семіз. Мал қалай? — семіз.
3-інші сөйлем: Ел тоқ. Ел қалай? — тоқ.
Мұнда жақ сы , семіз, тоқ деген сөзд ер қ ы стың , малдың, 
елдің жай-күйін көрсетіп тұр. Жана «қалай?» деген баяндауыш 
сұрауына жауап беріп тұр.
Ол баяндауыштың ішкі-тысқы белгісі бірдей осы сөздерге 
келгенін көрсетеді. Сондықтан бұл сөздер баяндауыш болады. 
Жақсы, семіз, тоқ деген сөздер сын есімдер.
Үшінші — баяндауыш болады — зат есім. Мысалы: Ат — көлік. 
Атшы — кісі. Қамшы — қару. Не көлік? — ат. Кім кісі? – атшы. Не 
қару? — қамшы. Ат, атшы, қамшы бастауыштар. Баяндауыш болатын 
сөзде оның ішкі-тысқы белгілері болу керек.
Ат немене? – көлік. Атшы немене? — кісі. Қамшы немене? — қару. 
Көлік, кісі, қару деген сөздер аттың, атшын ы ң , қ ам шы н ы ң н е мен е
б о лат ы н б о лм ы сы н ай т ы п т ұ р . Сондықтан бұлар баядауыштың 
ішкі белгісіне тура келеді.
Көлік, кісі, қару деген сөздер «немене?» деген баяндауыштың 
сұрауына да жауап беріп тұр. Бұл тысқы белгісіне тура келгені, 
баяндауыштың ішкі, тысқы белгісіне бірдей келген соң, б ұл 
сөздер, әрине, баян д а у ы ш б о л м а қ .


130 
Көлік, кісі, қару — зат есімдер.
Төртінші – баяндауыш болатын – сан есім. Мысалы: Ер 
кезегі үш. Не үш? - ер кезегі. Ер кезегі деген сөз бастауыш.
Баяндауыш болатын сөзде оның ішкі -тысқы белгілері болу 
керек.
Ер кезегі немене? — үш. Үш деген сөз ер кезегінің немене 
болатынын айтып тұр. Болмысын айтып тұрған соң, бұл сөз 
баяндауыш болмақ (ішкі белгісі бойынша).
Үш деген сөз «немене?» деген баяндауыштың сұрауына жауап 
беріп тұр. Бұл тысқы белгісінің де осы сөзден табылғанын көрсетеді. 
Ішкі-тысқы белгісі келгені «үш» деген сөз баяндауыш болғанын 
көрсетеді. Үш деген сөз сан есім.
Бесінші — баяндауыш болатын есімдік. Мысал: Медеуі — мен. 
Омары — ол. Әтегені — өзі. Мен кім? — М е д е у і . О л к і м ? –
О м а р ы . Ө з і к і м ? – Ө т е г е н і . М е д е у і , Омары, Әтегені деген 
сөздер бастауыштар. Баяндауыш болатын сөзде ішкі-тысқы 
баяндауыш белгісі бұларға тиіс.
Медеуі қайсы? — мен. Омары қайсы? — ол. Өтегені қ а й с ы ? –
ө з і . М е н , о л , ө з і д е г е н с ө з д е р М е д е у і н і ң , О м а р ы н ы ң ,
Ө т е г е н і н і ң к і м б о л а т ы н д ы ғ ы н а й т ы п т ұ р . Болмысын 
айтып тұрған соң, бұл сөздер баяндауыш болады.
Оның үстіне мен, ол, өзі деген сөздер «қайсы?» деген баяндауыш 
сұрауына жауап беріп тұр.
Ішкі-тысқы белгісі бірдей келген соң, бұл сөздер, әрине, 
баяндауыш болады.
Мен, ол, өзі деген сөздер есімдіктер.
Алтыншы – етістікпен қосыла одағай және басқа сөздер 
– баяндауыш болады. Мысал: Мылтық тарс етті. От жылт етті. Күн 
жаз болды. Ет аз болды. Беретіні бес екен.
Не тарс етті? — мылтық. Не жылт етті? — от. Не жаз болды? — күн. 
Не аз болды? — ет. Несі бес екен? — беретіні.
Мылтық, от, күн, ет, беретіні деген сөздер — бастауыштар. 
Баяндауыш болатын сөзде ішкі-тысқы баяндауыш белгісі боларға керек. 
Мылтық не етті? — тарс етті. От не етті? — жылт етті. Күн қайтті? — жаз 
болды. Ет қайтті? — аз болды. Беретіні не екен? — бес екен. Тарс етті, 
жылт етті, жаз болды, аз болды, бес е к е н д е г е н с ө з д е р
м ы л т ы қ т ы ң ,
о т т ы ң ,
к ү н н і ң ,
е т т і ң ,
беретінінің 
амалдарын, жайларын, болмыстарын айтып отыр. Онымен тұрмай 
жана да баяндауыш сұрауларына жауап беріп тұр, Сондықтан ол 


131 
сөздер баяндауыш болады. «Тарс етті» дегенде, «тарс» — одағай, «етті» 
— етістік. «Жылт етті» дегенде, «жылт» одағай, «етті» — етістік. «Жаз 
болды» дегенде «жаз» — зат есім, «бол
ды» — етістік. «Аз болды» 
дегенде, «аз» — сын есім, «болды» — етістік. «Бес екен» дегенде, «бес» 
— сан есім, «екен» — етістік. Мұнан көрініп тұр: бәрінде де түрлі сөздер 
етістікке қосылып баяндауыш болып шыққаны. О с ы н д а й ек і
с ө зд е н , ү ш с ө зд е н , ә й т е уі р , б і р е м е с , бірнеше сөзден 
қосылып болған баяндауыш қосарлы немесе күрделі деп 
аталатыны жоғарыда айтылған.
Жетінші – баяндауыш болады – бүтін сөйлем. Мысал: 
«Білемін» деген — «бүлемін» деген болады. «Білемін» деген 
(бастауыш). «Білемін» деген немене? - «бүлемін» деген (баяндауыш). 
Бұл — тысқы белгісімен табу. Ішкі белгісімен қарайық: м ұнда не 
жайынан айтылып тұр? - «білемін» дегеннің жайынан. Оның 
жайынан не айтылып түр? — оның «бүлемін» деген болатындығы 
айтылып тұр. Бұл мысалда бастауыш та баяндауыш та бүтін 
сөйлемнен болған. Баяндауыш баст а у ы ш қ а ж а қ т а р ы м е н ғ а н а
ж а н а с ы п , қ и ы н д а с а д ы . М ы с а л : М е н о қ ы д ы м . С е н ж а з у
ж а з д ы ң . О л ш а й қ а й н а т т ы . М ұ н д а ә р ж а қ ө з ж а ғ ы м е н
ж а н а с ы п , қ и ы н д а с ы п тұр.
Мен кітап оқыдым, сен жазу жазды, ол шай қайнаттым, 
шай қайнаттың деп айтылмайды. Сөйлем ішіндегі с ө з д е р
қ и ы н д а с п а й к е т е д і . М ұ н д а й ә р ж а қ ө з ж а ғ ы м е н жанасу 
жалғыз етіс болған баяндауышта емес, басқа сөз таптарынан болған 
баяндауыштарда да бар.
Мысал: мен жаспын, сен жассың, ол жас, біз жаспыз, сіз жассыз, 
басқалары жана солай. Бірақ «да», «де» демеулер қосылғанда, 
бұл ымыра бұзылып, «да» айтылады.
Мысал: мен де жас, сен де жас, ол да жас, біз де жас, сіз де жас, 
олар да жас деп айтуға да болады.
Ескерту. Етістіктен болған баяндауыштардағы ымыра «да», «де» 
демеулер қосылса да бұзылмайды.
Баяндауыш жекелік, көптік жүзінен де ымыраласады. Бірақ ол 
ымырасы толық емес, тұрақты емес.
Мысал: мен барамын, сен барасын, ол барады, біз барамыз, сіз барасыз 
немесе сендер барасындар. Олар барады («барадылар» орнына «барады» 
болып тұр). Мен саумын, сен саусың, ол сау, біз саумыз, сіз саусыз 
немесе сендер саусыңдар, олар сау («саулар» орнына «сау» ғана болып 
тұр). Мұнан не көрініп тұр? Жекелік, көптік жүзінен бірінші, 


132 
екінші жақтарында баяндауыш бастауышпен ымыраласып, үшінші 
жаққа келгенде көпше айтылмай, ымырадан шығып кететіні көрініп 
тұр.
Сүйтіп, баяндауыш бастауышпен жеке айтылғанда үш жағымен 
ымыраласып, 
көпше 
айтылғанда, 
үшінші 
жағымен 
ымыраласпайтын болып шығады. 
Басым жақ
Бастауыш бір жақты болса, баяндауыш онымен айтылған түрде 
ымыраласады. Бастауыш әр жақты болса, мәселен, бастауыш біреу 
емес, бірнеше болса жана әрқайсы әр жақты болса, онда баяндауыш 
басым жағымен ымыраласады.
Бізге мәлім бірінші жақ айтушы, екінші жақ тыңд аушы , 
ү шін ші жақ бө гд елі к б о латы н ы . Бір ін ші , е к і н ш і , ү ш і н ш і
ж а қ
қ а т а р
к е л г е н д е
а й т у ш ы
с ө з д і
ө з і н е
орайлай 
сөйлегендіктен, бірінші жақ екінші, үшінші жақ тан басым 
болады. Сондықтан айтушы мен тындаушы екеуінің бірдей амалын, 
жайын, болмысын көрсететін баяндауыш да бірінші жақпен айтылады.
Мысал: 1) мен, сен — екеуміз барамыз. 2) мен, сен, Омар — ушеуміз 
кетеміз. Бірінші мысалда — мен, сен — екеуі де бастауыш. Екеуі екі жақ: 
мен — бірінші жақ, сен — екінші жақ. Бұл екеуінің бірдей амалын 
көрсетіп тұрған ортақ баяндауыш «барамыз» бірінші жақпен ғана 
айтылып тұр. Екінші мысалда — мен, сен, Омар — үшеуі де бастауыш. 
Үшеуі — үш жақ. Мен – бірінші жақ. Сен — екінші жақ. Омар — үшінші 
жақ. Бұл үшеуінің бірдей амалын көрсетіп тұрған ортақ баяндауыш 
«кетеміз» — бірінші жақпен ғана айтылып тұр. 
Бірінші, екінші, үшінші жақ — үшеуі қатар келген жерде бірінші 
жақ басым болады деген осы.
Ай т уш ы ж ақ ө зі н е қ о сп а й , т ы ң д а ушы м ен б ө гд е лі к
жақты сөз қылғанда, сөзді тыңдаушы жағына орайлай сөйлейді. 
Сондықтан екінші жақ үшінші жақтан басым болады. Тындаушы 
мен бөгделік екеуінің амалын, жайын, болмысын көрсететін 
баяндауыш екінші жақпен айтылады.
Мысалы: Сен, Омар екеуің келерсіңдер. Бұл мысалда «сен», «Омар» 
екеуі де бастауыш. Екеуі екі жақ. Сен –
екінші жақ, Омар – үшінші 
жақ. Екеуінің амалын бірдей көрсетіп тұрған баяндауыш «келерсіңдер» 
екінші жақпен айтылып тұр. 
Екінші, үшінші жақ екеуі қатар келген жерде екінші жақ басым 
болады дегеннің мағанасы осы. 


133 
Қосарлы баяндауыш 
Жоғарыда баяндауыш екі немесе үш, әйтеуір бір сөз емес, бірнеше 
сөзбен айтылған болса, «қосарлы» баяндауыш болады деп айтылды. 
Жай баяндауыш жай етістікпен айтылады, қосарлы баяндауыш 
көмекші етістіктер қосылып айылғанда болады. Бірақ, етістік жүрмеген 
жерде баяндауыш болса, олар етістік көмегімен ғана бола алады. Оларға 
көмек болатын көбінесе, көмекші етістіктер. Көмегі үртіс көріне болмай, 
көрінбей болатын да орындары бар. Бірақ түбін қазып, қарастырып 
келгенде, баяндауыш болған жерде етістік бар екені даусыз болып 
шығады. Етістік көмегі көріне болатын орындары мен көрінбей болатын 
орындарына мысал келтіріп көрейік. 
1) Күн жаз болды; 2) Ет аз болды. 
Мұнда бірінші мысалда күн – бастауыш, жаз болды – баяндауыш. 
Екінші мысалда ет – бастауыш, аз болды – баяндауыш. Жаз болды, аз 
болды деген баяндауыштың екеуі де екі сөзбен айтылған. Екі сөзбен 
айтылған соң, бұлар қосарлы баяндауыш болады. Қосарлы баяндауыш 
көмекші етістік қосылған жерде болады. Бұл екі баяндауыш та, «жаз 
болды», «аз болды» дегенде, «болды» көмекші етістік екендігі көзге 
көрініп тұр. 
1) Ағаш көркі жапырақ. 2) Адам көркі шүберек. 
Мұнда бірінші мысалда бастауыш – көркі, екінші мысалда да бастауыш –
көркі. Баяндауыш бірінші мысалда – жапырақ, екінші мысалда – шүберек. 
Жапырақ, шүберек деген сөздер етістік көмегінсіз-ақ баяндауыш 
болып тұрған сияқты көрініп тұр. Шынында олай емес, мұнда да етістіктің 
жасырын көмегі бар. Ол көмегі, егер, жоғарыдағы мысалға алынған 
сөйлемдерді қысқартпай, толық түрінде айтсақ көрінеді. Мәселен: Ағаш 
көркі жапырақ болады. Адам көркі шүберек болады десек, қысқартып 
айтқанда, көрінбей тұрған көмекші етістік – «болады» толықтырып 
айтқанда шыға келеді. 
Етістік көмегімен баяндауыш болатын сөз таптары: 1) Зат есім.
2) Сын есім. 3) Есімдік. 4) Етістік (есімше, көсемше түрінде). 
Мысал: 1) Жаман жүрісінен құл болады. 2) Жақсы жүрісінен пұл 
болады. 3) Жұп негізі – екі. 4) Оспан – осы. 5) Ол – біздің қорғаушымыз. 
6) От жанып тұр. Бұл мысалдарда: 1) Баяндауыш – құл болады. Құл – зат 
есім, болады – көмекші етістік. 2) Баяндауыш – пұл болады. Пұл – сын 
есім, болады – көмекші етістік. 
2) 
Баяндауыш – екі. Екі – сан есім, болады деген көмекші етістіктің 
көрінбей тұрған көмегі бар (Жұп негізі екі болады). 4) Баяндауыш осы. 
Осы – есімдік. Етістіктің көрінбей тұрған «болады» деген көмегі бар 


134 
(Оспан осы болады). 5) Баяндауыш – қорғаушымыз. Қорғаушымыз – 
есімше. Мұнда да етістіктің көрінбей тұрған көмегі бар. (Ол біздің 
қорғаушымыз болады). 6) Баяндауыш – жанып тұр. Жанып – көсемше, тұр 
– көмекші етістік. 
Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлем 
Баяндауышы мен бастауышы бар екі мүшелі сөйлем ғана жалаң 
сөйлем деп аталады. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің тұрлаулы 
мүшелері, олардан басқа сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері де бар деп 
жоғарыда айтылды. Бастауыш, баяндауыштан басқа мүшелері бар сөйлем 
жайылма сөйлем деп аталады.
Сөйлеудің асыл мағанасы – біреуге білдірейін деген ойын айту. 
Айтушының мақсаты – тыңдаушыға ойын түгел түсіндіру. Ойын түсіндіру 
үшін соған керек сөздерді алу қажет. Бір сөзді ойын анықтау үшін алса, 
екінші сөзді ойын толықтау үшін алады, үшінші сөзді ойын пысықтау 
үшін алады. Сондықтан сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: 1) Анықтауыш 
мүше. 2) Толықтауыш мүше. 3)пысықтауыш сөздер болып үшке бөлінеді. 
Анықтауыш 
Анықтауыш деп сөйлем ішінде анықтық үшін айтылатын сөзді 
айтамыз. Мәселен, алайық «Қысқа жіп күрмеуге келмес» деген сөйлемді. 
Не күрмеуге келмес? – жіп. Жіп не етпес? – күрмеуге келмес. Мұнда жіп – 
бастауыш, күрмеуге келмес – баяндауыш. «Қысқа» деген сөз не болмақ? 
Бұл «қысқа» деген сөзді айтпай, құр «жіп күрмеуге келмес» деп ғана 
қойсақ, қандай жіп күрмеуге келмейтіні белгісіз, жіптің бәрі күрмеуге 
келмейтін сияқты болып шығады. Күрмеуге келмейтін аты жіп болғанның 
бәрі емес, «қысқа жіп». «Қысқа» деген сөз қосылса, күрмеуге келмейтін 
қандай жіп екені ашылып, анықталады. Сондықтан «қысқа» деген сөз 
мұнда анықталады. Сондықтан «қысқа» деген сөз мұнда анықтық үшін 
алынған сөз болады. Ондай сөз сөйлемнің «анықтауыш мүшесі» деп 
немесе жеңілдік үшін тікелей «анықтауыш» деп аталады. Әлгі айтылған – 
анықтауыштың ішкі белгісі. Мұнан басқа тысқы белгілері бар. Олары 
«қандай?», «не?», «неше?», «нешінші?», «кімнің?», «не етуші?», «не 
еткен?» деген сұрауларға жауап беру. Бұл сұраулар анықтауыш сұраулары
деп аталады. 
Сөйлем ішінде анықтауыш қай сөз екенін осы сұраулармен жана 
ішкі белгісімен табамыз. 


135 
Анықтауыш болатын сөз таптары 
Әуелі, анықтауыш болатын – сын есім. 
1) 
Мысал: Аш кісі ұрысқақ? Кім ұрысқақ? – кісі. Аш кісі қалай? – 
ұрысқақ, қандай кісі ұрысқақ? – аш (кісі). «Аш» дегенді айтпай, тек қана 
«кісі ұрысқақ» дегенде, қандай кісі ұрысқақ болатыны белгісіз, кісінің бәрі 
ұрысқақ сияқты болып шығады. Дұрысында, кісінің бәрі ұрысқақ емес, 
аш кісі ұрысқақ келеді. «Аш» деген сөз ұрысқақ болатын қандай кісі 
екенін айтып, анықтап тұр жана қандай? деген анықтауыш сұрауларына 
жауап беріп тұр. Сондықтан алынған сөйлемнің ішінде «аш» деген сөз 
анықтауыш болады. Бұл сөз – сын есім (сыр сыны). 
2) 
Мысал: Алтын жүзік жоғалды. Не жоғалды? – жүзік. Жүзік не 
қылды? – жоғалды. Қандай жүзік жоғалды? – алтын (жүзік). «Алтын» 
дегенді айтпай, «жүзік жоғалды» деп ғана қойғанда, жоғалған қандай 
жүзік екені белгісіз, әйтеуір бір жүзік жоғалған болып шығады. «Алтын» 
деген сөз – жоғалған жүзік қандай екенін ашып, анықтап тұр жана 
«қандай?» деген анықтауыш сұрауына жауап беріп тұр («қандай жүзік?» 
деп сұраудың орнына «не жүзік?» деп те сұрайды). Сондықтан, «алтын» 
деген сөз анықтауыш болады. Бұл сөз жүзіктің неден жасалған тегін 
көрсететін сын есім (тек сыны). 
Екінші – анықтауыш болатын – зат есім (жалқы, жалпы түрінде). 
1-інші мысал: Асан ауылнай келді. Кім келді? – ауылнай. Ауылнай 
не қылды? – келді. Қай ауылнай келді? – Асан (ауылнай). 
«Асан» демей, құр ауылнай екені белгісіз, әйтеуір бір ауылнай 
келген болып шығады. «Асан ауылнай келді» дегенде, «Асан» деген сөз 
қай ауылнай келгенін ашып, анықтап тұр жана «қай?» деген анықтауыш 
сұрауына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл сөз анықтауыш болады. «Асан» 
- жалқы зат есім.
2-інші мысал: Хан Жәнібек қайғырды. Кім қайғырды? – Жәнібек. Не 
қылды? – қайғырды. Қай Жәнібек қайғырды? – хан (Жәнібек). Хан 
дегенді айтпай, тек «Жәнібек қайғырды» деп ғана қойсақ, қай Жәнібек 
қайғырғаны белгісіз болар еді. Үйткені, Жәнібек атты адам көп. Хан 
дегенді қосып айтқанда, қай Жәнібек екені ашылып, анық болады. «Хан» 
деген сөз қай Жәнібек екенін де ашып, анықтап тұр. Сондықтан, хан –
анықтауыш болады. Хан – зат есім. 
3-інші мысал: Арыстан, аң патшасы ауырыпты. Кім ауырыпты? 
Арыстан. Арыстан қайтіпті? – ауырыпты. Қай арыстан ауырыпты? - аң 
патшасы (арыстан). «Аң патшасы» дегенді айтпай, «арыстан» «ауырыпты» 
деп ғана қойсақ, ауырған аң арыстан ба, Арыстан атты адам ба, белгісіз 
болады. «Аң патшасы арыстан» дегенде қай арыстан ауырғаны ашылып, 


136 
анық болады. Бұл «аң патшасы» деген «қай?» деген анықтауыш 
сұрауында жауап беріп тұр, қай арыстан ауырғанын да анықтап тұр, 
сондықтан анықтауыш болады. Аң патшасы – зат есім. 
4-інші мысал: Шебердің қолы ортақ. Шебердің несі ортақ? Шебердің 
қолы қалай? – ортақ. Кімнің қолы ортақ? – шебердің, «шебердің» дегенді 
айтпай, құр «қолы ортақ» деп қойғанда, кімнің қолы ортақ болатыны 
белгісіз, әйтеуір біреудің қолы ортақ болып шығар еді. «Шебердің» деген 
қосылғанда, ортақ болатын шебердің қолы екендігі ашылып, анықталады. 
«Шебердің» деген сөз ортақ болатын кімнің қолы екенін анықтап тұрған 
соң жана «кімнің?» деген анықтауыш сұрауына жауап беріп тұрған соң 
анықтауыш болады. Шебердің – зат есім (иелік жалғау). 
Үшінші – анықтауыш болатын – сан есім (есептік, реттік екі түрінде 
де). Мысал: 
1) 
Үш жыл өтті. 2) Төртінші жыл жетті. Не өтті? – жыл. Жыл не 
етті? – өтті. Неше жыл өтті? – үш (жыл). «Үшті» айтпай, тек «жыл өтті» 
деп қойғанда, неше жыл өткені белгісіз, бір ғана жыл өткен деп түсінуге 
болады.
Өткен бір жыл емес, үш жыл, «Үш» деген сөз өткен неше жыл екенін 
ашып, анық көрсетеді жана «неше?» деген анықтауыш сұрауына жауап 
береді. Екінші мысалда: «төртінші» демей, құр «жыл жетті» деп қойғанда, 
нешінші жыл жеткені белгісіз, әйтеуір бір жыл жеткен болады да қояды. 
«Төртінші» деген сөзді қосқанда, жыл анықталып, нешінші екені 
ашылады. «Төртінші» деген сөз жылдың нешінші екенін анықтап та тұр, 
«нешінші?» деген анықтауыш сұрағына жауап та беріп тұр. «Үш», 
«төртінші» деген сөздер мысалға алынған сөйлемдердің ішінде жылдың 
нешеу жана нешінші екенін анықтап тұрған соң жана «неше?», 
«нешінші?» деген анықтауыш сұрауларына жауап беріп тұрған соң, 
анықтауыш болады. 
«Үш», «төртінші» деген сөздің біреуі есептік сан есім, екіншісі 
реттік сан есім.
Төртінші – анықтауыш болатын – есімдік. Мысал: 1) Біздің ауыл 
көшті .2) Осы ат жүйрік. 1) Не көшті? – ауыл. Біздің ауыл не етті? – көшті. 
Қай ауыл көшті? – біздің (ауыл). 2) Не жүйрік? – ат. Осы ат қалай? – 
жүйрік. Қай ат жүйрік? – осы (ат). Біздің дегенді айтпай, «ауыл көшті» деп 
ғана қойса, қай ауыл көшкені белгісіз болар еді. «Біздің» деген сөз қай 
ауыл көшкенін ашып, анық көрсетіп тұр жана «қай?» деген анықтауыш 
сұрауына жауап беріп тұр.
Екінші мысалда: «ат жүйрік» деп ғана қойса, қай аттың жүйріктігі 
айтылып тұрғаны белгісіз, аттың бәрі жүйрік деген болып шығады. «Осы» 


137 
деген сөз қай аттың жүйрік екенін анықтайды жана «қай?» деген 
анықтауыш сұрауына жауап береді. 
Сүйтіп, «біздің», «осы» деген сөздер сөйлем ішіндегі сөздерді 
анықтап, анықтауыш сұрауларына жауап беріп тұрған соң, анықтауыш 
болады. Бұл сөздің екеуі де есімдік, біреуі жіктеу есімдігі, екіншісі сілтеу 
есімдігі. 
Бесінші — анықтауыш болатын — етістік (көбінесе, есімше түрінде). 
Мысалы: 1) Алушы адам алданды. 2) Барған кісі келмеді. 1) Кім алданды? 
– адам. Алушы адам не қылды? – алданды. Қай адам алданды? – алушы 
(адам). 2) Кім келмеді? – кісі. Барған кісі не қылды? – келмеді. Қай кісі 
келмеді? — барған (кісі). «Алушы» дегенді айтпай, құр «адам алданды» 
деп ғана қойса, қай адам алданғаны белгісіз, әйтеуір адам алданған ғана 
болып табылады. «Алушы» деген сөз қосылса, алданған қай адам екені 
ашылып, анықталады. «Алушы» деген сөз «қай?» деген анықтауыш 
сұрауына жауап беріп тұр.
Екінші мысалда: «Барған» деген сөзді айтпай, «кісі келмеді» деп 
қана қойғанда, келмеген қай кісі екені белгісіз, тек біреу келмеген болып 
шығады. «Барған» деген сөзді қосқанда, келмеген қай кісі екені анық 
болады. «Барған» деген сөз қай деген анықтауыш сұрауына да жауап беріп 
тұр. «Алушы», барған» деген сөздер анықтауыш. Бұл сөздің екеуі де 
есімше етістік, бірі — осы шақтық, екіншісі — өткен шақтық түрде 
айтылған.
Ескерту. Етістік жалғыз есімше түрінде ғана анықтауыш болмайды. 
Басқа түрінде де болады. Мәселен: Алмақтың бермегі бар. Алмақтың несі 
бар? – бермегі (бастауыш), алмақтық бермегі нешік? — бар (баяндауыш). 
Ненің бермегі бар? – алмақтың (анықтауыш). Етістіктің басқа түрлері де 
осылайша. Алтыншы — анықтауыш болатын — үстеу. Мысал: 
«Әбденнің» айтылуы жіңішке. «Әбденнің» несі жіңішке? — айтылуы 
(бастауыш). «Әбденнің» айтылуы қалай? — жіңішке (баяндауыш). Ненің 
айтылуы жіңішке? - «әбденнің» (анықтауыш). 
Сүйтіп, бұл мысалда «әбденнің» анықтауыш болады, үйткені 
«әбден» деген сөзді айтпай, тек «айтылуы жіңішке» деп қойса, ненің 
айтылуы екені белгісіз болар еді. «Әбденнің» деген сөз айтылғанда, ненің 
айтылуы жіңішке екендігі анық болады. 
Осылайша демеу, жалғаулық, одағай, қатта бүтін сөйлем анықтауыш 
болады. Мысалдар: 
1) «да»-ның мағынасы екі түрлі. «да»-ның несі екі түрлі? — 
мағанасы (бастауыш). «да»-ның мағынасы қалай? - екі түрлі (баяндауыш). 
Ненің мағанасы екі түрлі? - «да»-ның (анықтауыш). 


138 
2. «менен»-нің айтылуы екі түрлі. мененнің несі екі түрлі? - айтылуы 
(бастауыш). «менен»-нің» айтылуы қалай? — екі түрлі (баяндауыш). 
Ненің айтылуы екі түрлі? - «менен»-нің (анықтауыш). 
3) 
«Ойбайдың» 
аяғы 
жылау 
болды. 
«Ойбайдың» 
несі 
жылау 
болды? 
— 
аяғы 
(бастауыш). 
«Ойбайдың» 
аяғы 
немене 
болды? 
— 
жылау 
болды 
(баяндауыш). 
Ненің 
аяғы жылау болды? - «ойбайдың» (анықтауыш). 
4) 
«Адам болды» дегеннің алды жайлы. «Адам болды» 
дегеннің несі жайлы? — алды (бастауыш). «Адам болды» дегеннің алды 
қалай?—жайлы(баяндауыш). 
Кімнің алды жайлы? - «адам болды» дегеннің (анықтауыш). 
Толықтауыш 
Толықтауыш деп нәрсе амалын, жайын, болмысын толықтыру үшін 
айтылатын сөзді айтамыз. Сөйлем ішінде нәрсенің амалын, жайын, 
болмысын айтатын сөз көбіне баяндауыш. Солай болған соң, толықтауыш 
көбінесе, баяндауышты толықтау үшін айтылатын сөйлем мүшесі болып 
шығады. 
Мысал үшін алайық: «Мерген құс атты» деген сөйлемді. Кім атты? 
— мерген. Мерген не қылды? атты. Не атты? — құс. Мұнда «мерген» 
деген сөз бастауыш, «атты» деген сөз баяндауыш. 
«Құс» деген сөз не болмақшы? Мұның не болатынын білу үшін 
«құс» деген сөз неге айтылып тұрғанын ашу керек, тегінде неменеге керек 
болғаннан айтылып тұрғанын білу керек. Оны білу үшін «құс» деген сөзді 
тастап, тіпті айтпай қоя тұрып қарау керек. Айтпағанда келетін кемшілік 
бар ма екен? Жана қандай екен? Құс дегенді қалдырып, «мерген атты» деп 
ғана қойғанда, мерген атқанын ғана білеміз, нені атқанын білмейміз. 
Екінші сөзбен айтқанда, мергеннің амалын ғана білеміз, ол амалын неге 
жұмсағанын білмейміз. «Атты» дегенде нені атқаны белгісіз болып, 
сөйлемнің жетпей тұрған жері бар: амал неге жұмсалғанын айтпай тұр, 
сөйлемде кемістік бар. Сол кемістікті толықтыратын сөз — «құс», «құс 
атты» дегенде мерген амалы неге жұмсалғаны мағлұм болады. «Құс» 
деген сөздің жоқтығынан «атты» деген сөзге келіп тұрған кемшілік 
жоғалады. «Атты» — баяндауыш. «Атты» деген сөзге келіп тұрған 
кемшілік жоғалып, мұның толыққаны баяндауыш толыққаны болып 
табылады. Сүйтіп, «құс» деген «атты» деген баяндауышты толықтаушы 
сөз болып шықты. Жоғарыда ондай баяндауышты толықтау үшін 
айтылатын сөз толықтауыш болады дедік. Бұл — ішкі белгісі. 


139 
Мұнан басқа толықтауыштың тысқы белгілері бар. Ол белгілері — 
толықтауыш сұрауларына жауап беру. Толықтауыш сұраулары мынау: 
кімге?», «неге?», «кімді?», «нені?», «не?», «кімде?», «неде?», «кімнен?», 
«неден?», «не қылуға?», «не етуге?», жана да «кім?», «не?» деген 
сұрауларға «мен», «үшін», «туралы, «тақырыпты» және басқа 
жалғаулықтар қосылу мүмкін. Сөйлем ішінде толықтауышты осы 
сұраулармен, жоғарыда айтылған ішкі белгісімен табамыз. 
Әуелі — толықтауыш болады зат есім (жалғаулы-жалғаусыз жана 
жалғаулық қосылған күйінде). Мысал: 1) Әкесі баласына кітап сатып 
алды. 2) Асан Үсенмен ақылдасты. 1) Кім кітап сатып алды? – әкесі. Әкесі 
не қылды? сатып алды. Не сатып алды? – кітап. Кімге сатып алды? – 
баласына. 2) Кім ақылдасты? – Асан. Асан не қылды? – ақылдасты. 
Кіммен ақылдасты? – Үсенмен. 
1-інші мысалда — «кітап», «баласына» деген сөздер «сатып алды» 
деген баяндауышты толықтап тұр. Жана «не?», «кімге?» деген 
толықтауыш сұрауларына жауап беріп тұр. 
2-інші 
мысалда «Үсенмен» деген сөз «ақылдасты» деген 
баяндауышты толықтап тұр жана «кіммен?» деген толықтауыш сұрауына 
жауап беріп тұр. 
Сондықтан «кітап», «баласына», «Үсенмен» деген сөздер 
толықтауыш болады. «Кітап», «баласына», «Үсенмен» деген сөздер — зат 
есім (бірінші сөз жалғаулықпен тұр). Жалғаусыз жана жалғаулықсыз 
толықтауыш тура толықтауыш деп аталады. 
Екінші — толықтауыш болатын — сын есім. Жалғаулы күйінде. 
Мысал: Күштіден істі озды? Кім озды? — істі. Істі не қылды? – озды. 
Кімнен озды? – күштіден. Мұнда «күштіден» деген сөз «озды» деген 
баяндауышты толықтап тұр жана «кімнен?» деген толықтауыш сұрауына 
жауап беріп тұр. Сондықтан «күштіден» толықтауыш болады. «Күштіден» 
— сын есім (жалғаулы). 
Үшінші — толықтауыш болатын — сан есім, жалғаулы күйінде, 
мысал: Бала төрт пен бесті қоса алмады. Кім қоса алмады? — бала. Бала 
не қылды? — қоса алмады. Нені қоса алмады? — бесті. Немен қоса 
алмады? — төртпен. Мұнда «төрт» пен «бесті» деген сөздер «қоса 
алмады» деген баяндауышты толықтап тұр. Жаңа «немен?» «нені?» деген 
толықтауыш сұрауларына жауап беріп тұр. Сондықтан бұлар толықтауыш 
болады. «Бесті», «төртпен» деген сөздер сан есім (жалғаулы жана 
жалғаулық қосылған күйінде). 
Төртінші — толықтауыш болады — есімдік. Мысал: 1) Бізде азық 
жоқ; 2) Сенде жазық жоқ. 1) Не жоқ? — азық. Азық нешік? – жоқ. Кімде 
жоқ? – бізде. 2) Не жоқ? – жазық. Нешік? – жоқ. Кімде жоқ? – сенде. 


140 
Мұнда «бізде», «сенде» деген сөздер «жоқ» деген баяндауышты толықтап 
тұр жана «кімде?» деген толықтауыш сұрауына жауап беріп тұр. 
Сондықтан бұлар толықтауыш болады. 
«Бізде», «сізде» деген сөздер есімдік (жалғаулы күйінде). 
Бесінші — толықтауыш болатын — етістік. Етістік толықтауыш 
болады, көбінесе есімге айналған түрі мен есімше түрінде. 1) Мысал: 
Күресуге дәрмен жоқ. Не жоқ? — дәрмен. Дәрмен нешік? — жоқ. 
Неменеге жоқ? — күресуге. 2) Мысал: Жұмаш жүру үшін қайғырмады. 
Кім қайғырмады? – Жұмаш. Жұмаш не қылды? — қайғырмады. Немене 
үшін қайғырмады? — жүру үшін. 3) Мысал: Қорушыны торушы алады. 
Кім алады? — торушы. Торушы не қылады? – алады. Кімді алады? — 
торушыны. 4) Мысал: Жаман сыйлағанды білмес. Кім білмес? – жаман. 
Жаман не етпес? – білмес. Нені білмес? — сыйлағанды. 1-інші мысалда 
«күресуге» деген сөз «жоқ» деген баяндауышты толықтап тұр, 2-інші 
мысалда «жүру үшін» деген сөз «қайғырмады» деген баяндауышты 
толықтап тұр. 3-інші мысалда «қорушыны» деген сөз «алады» деген 
баяндауышты толықтап тұр. 4-інші мысалда «сыйлағанды» деген сөз 
«білмес» деген баяндауышты толықтап тұр. Жана да бұл «күресуге», 
«жүру үшін», «қорушыны», «сыйлағанды» деген сөздер «неменеге?», 
«немене үшін?», «кімді?», «нені?» деген толықтауыш сұрауларына жауап 
беріп тұр. Сондықтан бұлар толықтауыш болады («күресуге», «жүру 
үшін» етістіктің есімге айналған түрлері, «қорушыны», «сыйлағанды» 
есімшенің осы шақтық, өткен шақтық түрлері). 
Алтыншы – толықтауыш болатын – үстеу. Мысал: «Әні»-ден «міні» 
көп айтылады. Не көп айтылады? — «міні». «Міні» не етеді? — көп 
айтылады. «Міні» неден көп айтылады? - «әні»-ден. Мұнда «әні»-ден 
деген «көп айтылады» деген баяндауышты толықтап тұр жана «неден?» 
деген толықтауыш сұрауына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл сөздер 
толықтауыш болады. «Әні» — үстеу. Осы сияқты демеу де, жалғаулық та, 
одағай да, қатта буын сөйлем де толықтауыш бола алады. 
1) 
«Әше»-ден «тағы» көп жұмсалады. Не көп жұмсалады? — 
«тағы» (бастауыш). «Тағы» не қылады? — көп жұмсалады (баяндауыш). 
Неден көп жұмсалады? — «әше»-ден (толықтауыш). Әше, тағы — 
үстеулер. 
2) Мен «дейін»-нен «шейін»-ді көп айтамын. Кім «дейін»-нен 
«шейін»-ді көп айтады? - мен (бастауыш). Мен не етемін? — көп айтамын 
(баяндауыш). Мен нені көп айтамын? — «шейін»-ді (толықтауыш). Мен 
«шейінді неден көп айтамын? — «дейіннен» (толықтауыш). «Дейін», 
«шейін» — жалғаулықтар. 


141 
3) «Ой, Аллаңнан» ойбайым тыныш. Не тыныш? — ойбайым 
(бастауыш). Ойбайым қалай? – тыныш (баяндауыш). Ойбайым неден 
тыныш? — «ой, Аллаңнан» (толықтауыш). «Ой, Алла!» — одағай. 
4) «Бай бол» дегеннен адам байымайды. Кім байымайды? — адам 
(бастауыш). Адам не қылмайды? — байымайды (баяндауыш). Адам неден 
байымайды? — «бай бол» дегеннен (толықтауыш). «Бай бол» деген — 
бүтін сөйлем. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет