155
Сөйлем түрлері
Жалпы түрлері
Болымды сөйлем
Не жайынан да болса болдыра, бар қыла сөйлеген сөйлем болымды
сөйлем деп аталады.
Мысал: Еділ бойы тоғай бар, тоғай толған ноғай бар. Бурыл атта
бұғау бар, оны да кесер егеу бар. Сом темірге балға бар, сомсынғанға
Алла бар. Хас жорғадан тортақ туар, хас батырдан қорқақ туар, хас
шеберден шорқақ туар. Сай сайға құяр. Қатты жерге қақ тұрар, қайратты
ерге мал тұрар. Көп қорқытар, терең батырар. Үлкен бастар, кіші қостар.
Болымсыз сөйлем
Не жайынан да болса болдырмай, жоқ қыла сөйлеген сөйлем
болымсыз деп аталады.
Мысал: Жер жұтуға тоймайды, от отынға тоймайды, кісі ойға
тоймайды, бөрі қойға тоймайды. Жалғыз ағаш үй болмас, жалғыз жігіт би
болмас. Тез қасында қисық ағаш жатпас. Байлық мұрат емес, жоқтық ұят
емес. Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ. Сиыр сипағанды
білмес, жаман сыйлағанды білмес. Өткен келмес, өшкен жанбас. Түбі
бірге түтпейді. Шам жарығы түбіне түспес. Соқыр көргенінен жазбас.
Толымды сөйлем
Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлем толымды деп аталады.
Мысал: Өлген келмес, өшкен жанбас. Берген алар, еккен орар. Жер
таусыз болмайды, ел даусыз болмайды. Көп қорқытады, терең батырады.
Арзанның сорпасы татымас. Соқыр көргенінен жазбас. Ағаш көркі —
жапырақ, адам көркі — шүберек. Қоянды қамыс өлтірер. Сай сайға құяр,
бай байға құяр. Тентек шоқпар жияр. Ат аунаған жерінде түк қалар. Тау
мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар. Асыл тастан шығар, ақыл жастан
шығар. Алтын, күміс тас болар, арпа, бидай ас болар.
Толымсыз сөйлем
Тұрлаулы мүшесінің біреуі немесе екеуі де жоқ болса, сөйлем
толымсыз деп аталады.
Мысал: Ит тойған жеріне, ер туған жеріне. Барымен базар, жоқты
қайдан табар. Ақыл жас ұланнан, жүйрік тай құнаннан. Күлме досыңа,
156
келер басыңа. Асың-асың, асыңа береке берсін басыңа. Асың барда ел
таны, атың барда жер таны. Ауру астан, дау қарындастан. Алыстан
арбалағанша, жақыннан дорбала. Шалқайғанға шалқай, пайғамбардың ұлы
емес, еңкейгенге еңкей, атаңнан қалған құл емес. Баланы жастан, қатынды
бастан.
Жалаң сөйлем
Тұрлаулы мүшелері ғана бар сөйлем жалаң деп аталады.
Мысал: Ел қонды. Ат аунады. Қой маңырады. Аспан ашық. Ет
жасық. Қымыз сусын. Көп қорқытады, терең батырады. Үлкен бастар, кіші
қостар. Өлген келмес, өшкен жанбас. Ат тепті, қасқыр қапты. Ат азар, тон
тозар. Отын бар, от жоқ.
Жайылма сөйлем
Тұрлаулы мүшелерінен басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем
жайылма деп аталады.
Мысал: Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады. Қоянды қамыс
өлтірер, ерді намыс өлтірер. Сай сайға құяды, бай байға құяды. Ананың
көңілі балада, баланың көңілі далада. Білегі толық бірді жығады, білімі
толық мыңды жығады. Екі қатын алғанның дауы үйінде, жаман қатын
алғанның жауы үйінде. Қатты жерге қақ тұрар. Жүйріктен шабан туады,
жақсыдан жаман туады. Қаратаудың басынан көш келеді. Мен келдім
Мырзалының ордасына, сөз айттым қасындағы молдасына. Үйіңе сөйлес
қылдым кеш уақытта. Кеш мезгіл келе жатты екі кісі. Қазақтың қазақ иісі
тұрған шақта. Алаштың баласына керегімсін.
Айтылуына айырылатын түрлері
Айтылу түрлеріне қарай сөйлем төрт түрлі болады.
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем деліп жауап сұралғанда айтылатын сөйлем аталады.
Мысал: Сен тамақ іштің бе? Үйде кім бар? Соншама бұл бидайдың
дәні көп пе? Суымды неге былғап ылайлайсың? Мүмкін бе ылайлауға осы
арадан? Әкеңді алдыңдағы танимысың? Үшеуін асырауға көп керек пе?
Осындай елде уақиға азғана ма? Бөшкенің қайсысының пұлы қымбат?
Тура жол сонан артық табамыз ба? Мысық жан, бұл жердегі жұрттар
қандай? Залалдан басқа нәрсе істедің бе? Оңай ма арыстаннан алу ақтап?
157
Шымшық мақтанды ма, ойнады ма? Құныңа тұрар ма сол жеген тауық?
Тауықпен мен бе жалғыз ойнайтын? Күймей ме біреу үшін біреу отқа?
Сұрау сөйлемдерінің соңынан сұрау белгісі (?) қойылады.
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем деліп аталатын адам көңілі күйі, жан жайымен
сөйлегенде, мәселен, жан ауырғанда, не кенелгенде, таңданғанда,
сұқтанғанда, кейігенде, есіркегенде, күйінгенде, сүйінгенде, қорыққанда,
қуанғанда айтылатын сөйлемдер. Бұлар айтылғанда жай айтылмай, лепті
үнмен айтылады. Сондықтан лепті сөйлем деп аталады.
Мысал: Уф, Алла! Бітті қаным! Шықты жаным! Ей, шіркін,
жақсылықты білмейтұғын! Жарайды, бәрекелді, сабаз-ай! Я, раббым! Сол
уақытта деді арыстан. Жасаған жалғыз жан ие-ай! Қайран, еркін
замандарың! Дариға, ол заманның бәрі өтті! Алда сорлы бишара балалар!
Әй, жасынан өлген екен аналары-ай! Тамаша қарағанға нұрың қандай!
Мынау көз, мынау мойын, мұрын қандай! Өлген екен, апырым-ай! Қу
бақсы! Өтірікші. Алжыған шал! Атымды айырыпсың босқа менен. Қаннан
қан, еттен етім, бауыр жұртым! Уа дариға, өттің бастан қызық жас! Әттең
дүние-ай, қалғаным ғой айырылып! Алақай-ай, атам келді ғой!
Лепті сөйлемдердің соңынан леп белгісі (!) қойылады.
Тілекті сөйлем
Нәрсенің болғанын, істің істелгенін көңіл тілеген орында айтылатын
сөйлем түрлері тілекті деп аталады.
Мысал: Балалар, оқуға бар, жатпа қарап! Ал, келдік жаман жерге,
енді сақтан! Жолама сол жақтағы өзенге аққан! Сөйлеп қал, қызыл тілім!
Көруге жазғай еді, қақ Тағалам! Қолда, өңшең әруақ! Қош сау бол,
Қарқаралы, жуылмаған. Айдай бер қалса адамың қуылмаған! Әлди-әлди,
ақ бөпем! Жылама, бөпем, жылама! Тілің тарт!
Көрінбей жоғал шапшаң көзіме енді! Әманда сақтан! Айғырсып
момындарға ақыр, інім! Ашып айт, бүкпей бәрін еш қаймықпа! Не болар.
Айтшы бақсым Құдай сүйген. Достарым осындай бір іс етелік. Жанымды
бір шыбындай қи, ақсақал. Айт балыққа: ақсүйек етсін мені. Келіңдер, боз
балалар, атты алыңдар!
Көңіл тілегі түрлі айтылады: 1) Бұйрық түрде. 2) Өтініш түрде.
3) Үгіт (ақыл) түрде. 4) Жай тілек (мұрат) түрде.
Айтылуы түрлі болған соң, тыныс белгілері де түрлі қойылады. Әр
түрдегісін алып, тыныс белгілерін қойып қарайық.
158
1) Бұйрық түрдегісі
Келіңдер, боз балалар, атты алыңдар!
Жетектеп тоғайыма ап барыңдар!
Жабыңдар жабуына түкті кілем,
Тазалап, жуып, тарап, баптаңыздар!
Жеміне ең қалаулы сұлы алыңдар!
Бұлақтың суымен әм суарыңдар!
Ізіңмен үйге кірмей, қайт балыққа!
Ақсүйек етсін мені – айт балыққа!
Көрінбей жоғал шапшаң, көзіме еңді!
Кет, шық!
Бар, Жүгір! Ұш!
2) Өтініш түрдегісі
Даусыңды тым болмаса, бір шығаршы!
Кезек бер бір азырақ сөзге тақсыр!
Достарым, осындай бір іс етелік
Жастарды жетім қалған кісі етелік.
Езгілер орманда да бар екенін
Осындай сауап іспен көрсетелік!
Айта гөр қайырымды ер бар болса!..
Сала түс әлде болса, бітегене!
Не болар? Айтшы, бақсым Құдай сүйген!
Ашып айт, бүкпей бәрін. Еш қаймықпай!
Бақыл бол, серік атым іренжіме!
Жайымды бір шыбындай қи, ақсақал!
3) Үгіт (ақыл) түрдегісі
Балалар, оқуға бар, жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ.
Аяғын көріп, асын іш,
Анасын көріп, қызын ал.
Биік таудың төбесін көріп, түбіне барма.
Жақсының атын есітіп, үйіне барма.
Кісі ақылымен бай болғанша,
Өз ақылыңмен жарлы бол.
Еңкейгенге еңкей, басың жерге жеткенше,
159
Шалқайғанға шалқай, төбең көкке жеткенше.
Сырын білмейтін аттың сыртынан жүрме.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
Оқ жетпес жерден қылыш суырма.
Қол көтермес шоқпарды белге қыстырма.
4) Жай тілек түрдегісі
Жасаған болғай панамыз көруге жазғай еді.
Есен-сау келгей едің.
Қақ бендесі біздей, сірә, болмасын.
Біздей болса, бұ дүниеге келмесін.
Арманменен інім шөлде өлмесін.
Қайта алмадым жорықтан, бұ дүнияда жолықпан.
Құдай қосқан қосағым ақыретте кез келсін.
Ертеменен қой өрер, жайылғанын жұрт көрер,
Жайылғаны шашыңның соған, балам көрінсін.
Жортқанда жолың болсын, жолдасың қыдыр болсын.
5) Жай сөйлем
Сұраусыз, лепсіз, тілексіз айтылған сөйлемдердің бәрі жай сөйлем
деліп аталады.
Мысал: Ат ерінді келеді, ер мұрынды келеді. Өзің қойған зекетші,
біздің елде Жүзбай бар. Жана мұның жолдасы қара тамыр Дадан бар. Еріп
жүрген соңында қырық-отыздай адам бар. Шоңмұрын деген молда бар.
Төлеген деген жорға бар. Атына жемді ілуге алты еннен қылған дорба бар.
Құрылуынша айырылатын түрлері
Сөйлемдер арасында екі түрлі жақындық болады. Бірі – ішкі, бірі –
тысқы. Тысқы жақындық сөйлемдерді бір-біріне жанастыру жүзіндегі
жанастық. Ішкі жақындық – мағана жүзіндегі жақындық. Мағана
жақындығынан басқа жақындық жоқ сөйлемдер іргелес деліп, мағана
жақындығынан басқа қисын жақындығы бар сөйлемдер құрмалас деліп
аталады.
1) Іргелес сөйлемдер
1)
Күн ашық. Тоғайлар шат. Ың-жың орман.
2)
Күн кеш болды. Ат болдырды, ел көрінбеді. Батыр сайын деді.
160
3) Біссімілдә безгелдек! Бұлай жатсын дуадақ! Сыбағама қоңыр қаз.
Үлесіме үш үйрек. Екі сартқа бір тартар, аққуды батыр-екең атар.
1-інші мысалға алынған сөйлемдер арасында жақсы күннің жайын
сөйлеген ой іргесінің ғана біргелігі бар. 2-інші мысалға алынған
сөйлемдер арасында кеш уақытта болған уақиға жайын сөйлеген ой
іргесінің ғана біргелігі бар. 3-інші мысалға алынған сөйлемдер арасында
үлес кіретін сөйлеген ой іргесінің ғана біргелігі бар.
Сүйтіп, үш мысалдың үшеуіндегі сөйлемдер біріне-бірі тек ой
іргесімен ғана жанасқаны болмаса, бастарын қосып тұрған басқа еш нәрсе
жоқ. Сондықтан бұлардың аралары да біріне бірі қосылмай, ашық-ашық
үзіліп айтылады. Жазғанда араларына үлкен тыныс белгісі (.) қойылады.
Іргелері жақын болса, ортаншы тыныс белгісі (;) қойылады.
2) Құрмалас сөйлемдер
Сөйлемдердің құрмаласуы екі түрлі: 1) Сыйыса құрмаласу. 2) Қиыса
құрмаласу. Сыйыса құрмаласса, сөйлем сыйысулы құрмалас деліп, қиыса
құрмаласса, сөйлем қиысулы құрмалас деліп аталады.
1) Сыйысулы құрмалас
1. Қарабай мен Сарыбай аңға шықты.
2. Екі дос бірін-бірі сүйді, құшты.
3. Қолға алды татулықты, араздықты.
4. Далада, ойда, қырда, орман-тауда сау қалған жан болмады бұл
індеттен.
Бұл сөйлемдердің әрбірі бірнеше сөйлем сыйысып құрмаласқаннан
болған сөйлемдер. Мәселен, 1-інші сөйлем екі сөйлем сыйысып,
қосылғаннан болған: қосылмай бөлек тұрғандағы түрлері мынау: Қарабай
аңға шықты. Сарыбай аңға шықты. Бұларды екі қайта айтып жатпас үшін,
екеуін сыйыстырып қосып, бір-ақ айтқан. 2-інші сөйлем де екі сөйлем
сыйысып, қосылғаннан болған. Қосылмағандағысы мынау: Екі дос бірін-
бірі сүйді. Екі дос бірін-бірі құшты. 3-інші сөйлемде екі сүйді. Екі дос
бірін-бірі құшты. 3-інші сөйлемде екі сөйлем сыйысып, қосылғаннан
болған. Қосылмағандағысы мынау: Қолға алды татулықты. Қолға алды
араздықты.
4-інші сөйлем төрт сөйлемнің сыйысып, қосылғанынан болған.
Қосылмағандағысы мынау: Далада сау қалған жан болмады бұл індеттен.
Ойда сау қалған жан болмады бұл індеттен. Қырда сау қалған жан
болмады бұл індеттен. Орман-тауда сау қалған жан болмады бұл індеттен.
161
Сыйысулы сөйлемдердің белгісі — бірнеше мүшелері бір өңкей
болу. Мәселен, 1-інші сөйлемде екі мүшесі бір өңкей: Қарабай, Сарыбай –
екеуі де бастауыш. 2-інші сөйлемде де екі мүшесі бір өңкей: сүйді, құшты
– екеуі де баяндауыш. 3-інші сөйлемде де екі мүшесі бір өңкей:
татулықты, араздықты – екеуі де толықтауыш. 4-інші сөйлемде төрт
мүшесі бір өңкей: далада, ойда, қырда, орман-тауда — төртеуі де мекен
пысықтауышы. Сыйысулы сөйлемнің бір өңкей мүшелерінің аралары кіші
тыныспен (,) айырылады.
«Мен», «жана», «жана да» деген сөздер араларында тұрған шақта
ғана кіші тыныс қойылмайды.
Сыйысулы құрмалас екі түрлі айтылады: 1) Шұбалаң түрі. 2) Ықшам
түрі.
Шұбалаң түрі
Мен бүгін ерте тұрдым, жуындым, киіндім, шай іштім, сабаққа
бардым.
Ықшам түрі
Мен бүгін ерте тұрып, жуынып, киініп, шай ішіп, сабаққа бардым.
Қиысулы құрмалас
Қиысулы құрмаласқа келсек, бұлар біріне-бірі тең болып та, бірінен-
бірі кем болып та қиысады. Қиысулы құрмаластағы сөйлемдер тең болса,
салалас қүрмалас деліп аталады. Тең болмай, бірінен-бірі кем болып
қиысса, онда қиысулы құрмалас сабақтас деліп аталады.
а) Салалас сөйлем
Салалас құрмаластың қиысуы 5 түрлі болады: 1) Жиылыңқы.
2)Қайырыңқы. 3) Айырыңқы. 4) Сұйылыңқы. 5) Қойылыңқы.
Егерде бірнеше сөйлемнің қиысуы бірыңғай, бір беткей болса,
жиылыңқы қиысу болады. Мәселен: «Үлкен бастар, кіші қостар» немесе
«Ел де жатты, ай да батты».
Егерде алдыңғы сөйлемге кейінгі сөйлем қарсы мағаналы болып
қиысса, қайырыңқы қиысулы болады. Мәселен: «Қылыш жарасы бітер,
сөз жарасы бітпес» немесе «Мен бардым, сен үйде болмадың».
162
Екі ұшты мағаналы сөйлемдер қиысқан жерде айырыңқы қиысу
болады. Мәселен: «Не сен тұрарсың, не мен тұрармын». Не болмаса, «Не
атың жазым болар, не ер-тұрманың шығындар».
Егерде маңызды, нығыз айтылған сөйлемді басқа сөйлемдер,
баяндап тұрса, ол сұйылыңқы қиысу болады. Мәселен: «Сабыр түбі сары
алтын, сарғайған жетер мұратқа, асыққан қалар ұятқа» не болмаса,
«Шалқайғанға шалқай, пайғамбардың ұлы емес, еңкейгенге еңкей,
атаңнан қалған құл емес».
Егерде алдыңғы сөйлемдерді кейінгі сөйлем қорытып айтса,
қойылыңқы қиысу болады. Мәселен: «Не өгіз өлер, не арба сынар —
екеуінің бірі болар». Немесе «Мал да керек, жан да керек, білім де керек –
бәрі де керек». Не болмаса, «Көк шалғын, ағаш, бұлақ — бәрі жақсы».
Салалас сөйлемдердің аралары әуелі кіші тыныс — теріс үтірмен
айырылады. Екінші ортаншы тыныс — үтірлі ноқатпен айырылады.
Сұйылыңқы, қойылыңқы жалғасу бар жерде қойылтушы сөйлемнің
алдына ұзын сызық (—) қойылады. Сұйылтушы сөйлемнің алдында қос
ноқат (:) қойылады.
1.
Мұндай сұйылыңқылық алдыңғы сөздің мағанасын артқы
сөздер бәшелегенде болады.
2.
Мұндай қойылыңқылық бөлек-бөлек сөздердің басын қосып
бір буған сияқты етіп айтатын орындарда болады.
Төте жазуда теріс (') таңбаланғанымен, қазіргі әліпбиде кәдімгі (,) үтір
б) Сабақтас сөйлем
Сабақтас сөйлемнің белгісі — бірнеше сөйлемнің бірігіп, біріне-бірі
сабақталып, байланысып айтылуы. Сөйлемдер сабақталып біріккенде, бірі
басыңқы болып, екіншісі бағыныңқы болып бірігеді.
Басыңқы сөйлем
Басыңқы сөйлемнің бағыныңқы сөйлемнен гөрі сөйлемдік қасиеті
молырақ. Басыңқы сөйлемді өз алдына оңаша алып айтқанда да, мағанасы
толық, ой тыңғылықта айтылып біткен болып тұрады. Мәселен: «Халыққа
жағайын десең, қазаның болсын». Мұнда басыңқы сөйлем «қазаның
болсын» деген сөйлем, «қазаның болсын» дегенде, ой айтылып, тынып
біткендікті көрсетеді. «Халыққа жағайын десең» деген сөйлемді алсақ,
мұнда айтылатын ой бітпей қалады. Сөйлем тыңғылықсыз болып шығады.
Сондықтан мұндай сөйлемдер екінші сөйлемге сүйеніп қана сөйлем
даражасына кіреді.
163
Бағыныңқы сөйлем
Бағыныңқы сөйлем — бітпеген шала сөйлем. Басыңқы сөйлем
болмаса, толық мағана оның өзінен шықпайды. Бағыныңқы сөйлем
басыңқы сөйлемнің шылауындағы ғана қосшы есебіндегі сөйлем.
Басыңқы сөйлемнің қай мүшесінің шылауында болса, бағыныңқы сол
мүшенің атымен аталып, сол мүшенің сұрауына жауап береді. Мысал
алып қарайық:
а) Бастауыш бағыныңқы сөйлем
«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер». Мұнда басыңқы сөйлем —
«алдыңа сол келер». Енді қарайық: бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің
қай мүшесінің шылауында екен. Оны білу үшін, басыңқы сөйлемді алып,
сұрау саламыз. Алдыңа не келер? — атаңа не қылсаң, (сол). Сол —
басыңқы сөйлемнің бастауыш мүшесі. «Атаңа не қылсаң» деген
бағыныңқы сөйлем
мұның шылауында болып, мұның кемтігін толтырып тұр, жана «не?»
деген бастауыш сұрауына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл бағыныңқы
сөйлем бастауыш бағыныңқысы болады.
Бағыныңқы сөйлемнің белгісі – бітпеген шалалығы.
б) Анықтауыш бағыныңқы сөйлем
«Кімнің жерін жерлесең, соның, жырын жырларсың». Мұнда
басыңқы сөйлем — «соның жырын жырларсың», бағыныңқы сөйлем -
«кімнің жерін жерлесең». Бұл бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің қай
мүшесінің шылауында екендігін білейік. Оны білу үшін, басыңқы
сөйлемді алып, сұрау саламыз.
Кімнің жырын жырларсың? — кімнің жерін жерлесең, (соның).
Соның – басыңқы сөйлемнің анықтауыш мүшесі. «Кімнің жерін
жерлесең» деген бағыныңқы сөйлем мұның шылауында болып, кемтігін
толтырып тұр жана «кімнің?» деген анықтауыш сұрауына жауап беріп
тұр. Сондықтан бұл бағыныңқы сөйлем анықтауыш бағыныңқысы болады.
Анықтауыш сұрау жалғыз «кімнің?» емес, онан басқа да сұраулары
бар. Мәселен, «қандай?», «қанша?», «қайсы?». Бұл сұрауларға да жауап
беруші бағыныңқы сөйлемдер болса, олар да анықтауыш бағыныңқысы
болады.
Мысал: Түсі қандай болса, исі сондай болды. Исі, қандай болды? —
түсі қандай болса, (сондай). 2) Күші қанша болса, әркім сонша көтермек.
164
Әркім қанша көтермек? — күші қанша болса, (сонша). Сол сияқты тағы
басқалар.
п) Толықтауыш бағыныңқы сөйлем
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың». Мұнда басыңқы сөйлем
— «ұшқанда соны аларсың», бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің қай
мүшесінің шылауында тұрғанын білейік. Оны білу үшін, мұнда да
басыңқы сөйлемді алып, сол арқылы сұрау саламыз. Ұшқанда нені
аларсың? — ұядан не көрсең, (соны). «Соны» — басыңқы сөйлемнің
толықтауыш мүшесі. «Ұяда не көрсең» деген бағыныңқы сөйлем мұның
шылауында тұр жана «нені?» деген толықтауыш сұрауына жауап беріп
тұр. Сондықтан бұл бағыныңқы сөйлем толықтауыш бағыныңқысы
болады.
Толықтауыш сұрауы жалғыз «нені?» емес, басқа сұраулары да толып
жатыр. Мәселен, «кімді?», «кімге?», «неге?», «кіммен?», «немен?» тағы
басқалары. Солай болған соң, жалғыз «нені?» деген сұрауға ғана емес,
толықтауыштың басқа сұрауларына да жауап берген бағыныңқы
сөйлемдер толықтауыш бағыныңқысы болады.
Мысал: 1) Кім жалқау болса, жоқтық соған жолдас. Жоқтық кімге
жолдас? – кім жалқау болса, (соған). 2) Кіммен ауылдас болсаң, сонымен
қауымдас боларсың. Кіммен ауылдас болсаң — (сонымен) осы сияқты
тағы басқалары да.
с) Мезгіл пысықтауышының бағыныңқысы
Қашан жер отаяды, мал сонда сүтейеді. Мұнда басыңқы сөйлем —
«мал сонда сүтейеді», бағыныңқы сөйлем — «қашан жер отаяды». Бұл
бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің қай мүшесінің шылауында
тұрғанын білейік. Оны білу үшін, басыңқы сөйлемді алып, сұрау салу
керек.
Мал қашан сүтейеді? – қашан жер отаяды (сонда). «Сонда» —
басыңқы сөйлемінің мезгіл пысықтауышы «қашан жер отаяды» деген
бағыныңқы сөйлем мұның шылауында тұр жана «қашан?» деген мезгіл
пысықтауышының сұрауына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл бағыныңқы
сөйлем мезгіл пысықтауышының бағыныңқысы болады.
Мезгіл пысықтауышының сұрауы жалғыз «қашан?» емес, «қашанға
дейін?», «қашаннан?» деген сұраулары да бар. Солай болған соң, бұл
сұрауларға да жауап беруші бағыныңқы сөйлемдер мезгіл бағыныңқысы
болады.
165
Мысал: 1) Қашанға дейін ұйқым келмесе, соған дейін отырамын.
Қашанға дейін отырамын? — қашанға дейін ұйқым келмесе, (соған дейін).
2) Қашаннан өзім жүре бастадым — сонан бері малдың өңі кіре
бастады. Қашаннан малдың өңі кіре бастады? — қашаннан өзім жүре
бастадым, (сонан бері). Солай тағы басқалар.
ж) Мекен пысықтауышының бағыныңқысы
Егін қайда болса, береке сонда болады. Мұнда басыңқы сөйлем -
«береке сонда болады». Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің қай
мүшесінің шылауында тұрғанын білейік. Оны білу, басыңқы сөйлем
арқылы сұрау саламыз. Береке қайда болады? – егін қайда болса, (сонда).
«Сонда» - басыңқы сөйлемнің мекен пысықтауышы. «Егін қайда болса»
деген бағыныңқы сөйлем мұның шылауында тұр жана «қайда?» деген
мекен пысықтауышының сұрауына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл
бағыныңқы сөйлем мекен пысықтауышының бағыныңқысы болады.
Мекен пысықтауышының сұрауы жалғыз «қайда?» емес, «қайдан?»,
«қалай қарай?» деген де сұраулары бар. Сондықтан бұл сұрауларға жауап
беруші бағыныңқы сөйлемдердің бәрі мекен пысықтауышының
бағыныңқысы болады.
Мысал: 1) Алдыңғы арба қай жерден жүрсе, соңғы арба со жерден
жүреді. Соңғы арба қайдан жүреді? – алдыңғы арба қай жерден жүрсе (со
жерден).
2) Жел қай жаққа қуса, қаңбақ солай қарай домалайды. Қаңбақ қалай
қарай домалайды? – жел қай жаққа қуса, (солай қарай). Басқалары тағы
солай.
ш) Сын пысықтауышының бағыныңқысы
Қалай бақсаң, атың солай жүрмек. Мұнда басыңқы сөйлем – «атың
солай жүрмек», бағыныңқы сөйлемнің қай мүшесінің шылауында тұр?
Оны білуге сұрау салайық.
Атың қалай жүрмек? – қалай бақсаң, (солай). «Солай» - басыңқы
сөйлемнің сын пысықтауышы. «Қалай бақсаң» деген бағыныңқы сөйлем
«солай»-дың шылауында тұр жана «қалай?» деген сын пысықтауышының
сұрауына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл бағыныңқы сөйлем сын
пысықтауышының бағыныңқысы болады.
Сын пысықтауышының «қалай?»-дан басқа да сұраулары бар.
Мәселен, «қалайша?», «қанша?» жана басқалар. Солай болған соң, жалғыз
«қалай?» сұрауға емес, сын пысықтауышының басқа сұрауларына да
166
жауап
беруші
бағыныңқы
сөйлемдер
сын
пысықтауышының
бағыныңқылары болады.
Мысал: 1) Қалайша үлгі пішілсе, солайша киім тігілмек. Киім
қалайша тігілмек? — қалайша үлгі пішілсе, (солайша).
2) Қанша іс қыла білсе, сонша жұмыс өнбек. Жұмыс қанша өнбек?
— қанша жұмыс қыла білсе, (сонша). Басқалары тағы солай.
қ) Себеп пысықтауышының бағыныңқысы
Олар көше алмайды, үйткені көлігі жоқ. Мұнда басыңқы сөйлем —
«олар көше алмайды», бағыныңқы сөйлем - «үйткені көлігі жоқ». Бұл
бағыныңқы сөйлем қандай сұрауға жауап берер екен?
Олар неге көше алмайды? – үйткені көлігі жоқ. Бұл бағыныңқы
сөйлем «неге?» деген сұрауға жауап беріп тұр. Бұл сұрау — себеп
пысықтауышының сұрауы. Сондықтан бұл себеп пысықтауышының
бағыныңқысы болады.
Себеп пысықтауышының «неге?»-ден басқа да сұраулары бар.
Мәселен, «неден?», «неліктен?», «не себептен?». Бұл сұрауларға да жауап
беруші бағыныңқы сөйлемдер себеп пысықтауышының бағыныңқылары
болады.
Мысал: 1) Қар аз болған соң, су сонан тасымады. Су неден
тасымады? — қар аз болған соң, (сонан).
2) Малы жұтап қалған соң, ел сондықтан жүдеді. Ел неліктен
жүдеді? — малы жұтап қалған соң, (сондықтан).
3) Не себептен мал қырылды, сол себептен жұрт аш болды. Не
себептен жұрт аш болды? — не себептен мал қырылды, (сол себептен),
басқалары тағы солай.
д) Мақсат пысықтауышының бағыныңқысы
Орақшы шөп шабайын деп, тоғайға барды. Мұнда басыңқы сөйлем
— «орақшы тоғайға барды». Бағыныңқы сөйлем - «шөп шабайын деп».
Орақшы тоғайға не үшін барды? — шөп шабайын деп. Бұл бағыныңқы
сөйлем «не үшін?» деген сұрауға жауап беріп тұр. Ол «не үшін?» деген
сұрау — мақсат пысықтауышының сұрауы. Сондықтан «шөп шабайын
деп» деген бағыныңқы сөйлем мақсат пысықтауышының бағыныңқысы
болады. Мақсат пысықтауышының сұрауы жалғыз «не үшін» емес,
«неге?» деген сұрауы да бар. Сондықтан бұл «неге?» деген сұрауға да
жауап беруші бағыныңқы сөйлем болса, о да мақсат пысықтауышының
бағыныңқысы болады. Мысал: 1) Өлең тыңдағысы келіп, жұрт жиылды.
167
Жұрт неге жиылды? — өлең тыңдағысы келіп. 2) Бата бермекші болып,
ақсақал қолын жайды. Ақсақал қолын неге жайды? — бата бермекші
болып. Мұнда ілтипат ететін бір нәрсе мынау: «неге?» деген сұрау себеп
пысықтауышында да, мақсат пысықтауышында да бар. Солай болған соң,
тек «неге?» деген сұрау бойынша себеп пысықтауышының немесе мақсат
пысықтауышының бағыныңқысы екендігін білуге болмайды. Мұнда
мағанасына қарау керек. Егерде бағыныңқы сөйлем істің себебін айтып
тұрса, себеп пысықтауышының бағыныңқысы болады, егерде істің
мақсатын айтып тұрса, мақсат пысықтаушының бағыныңқысы болады.
Мысал: 1) Көшпекші болып, ауыл үй жықты. 2) Түйе жоқ болып,
ауыл көше алмады.
1-інші мысалда: Ауыл неге үй жықты? - көшпекші болып. Бұл
мақсат пысықтаушының бағыныңқысы болады, үйткені үйді көшу
мақсатпен жықты.
2-інші мысалда: Ауыл неге көше алмады? - түйе жоқ болып. Бұл
себеп пысықтаушының бағынқысы болады, үйткені көше алмаудың себебі
— түйе жоқ болғаны, яғни, неге көше алмады? — түйе жоқ болғаны
себепті.
е) Шартты бағыныңқы
Көсеу ұзын болса, қол күймейді. Мұнда бағыңқы сөйлем — «қол
күймейді», бағыныңқы сөйлем — «көсеу ұзын болса». Қалай етсе (не етсе)
қол күймейді? көсеу ұзын болса; қол күймеудің шарты - көсеу ұзын
болуында. Ішінде шарты болғандықтан, бағыныңқы сөйлемдер шартты
бағыныңқы деліп аталады.
Шартты бағыныңқының белгісі сұрауында емес, ішінде шарт
болуында. Сондықтан шартты бағыныңқыны сұраумен емес, шарт
барлығынан табамыз.
Мысалы: 1) «Тоқпағы зор болса, киіз қазық жерге кірер». Мұнда киіз
қазық жерге кіруіне тоқпағы зор болу шарт (шарт тоқпақтың зор
болуында). Сондықтан «тоқпақ зор болса» деген сөйлем шартты
бағыныңқы болады.
2)
Берсең, аларсың. Мұнда алудың шарты беруде (сен берсең
саған басқалар да береді).
з) Ереуіл бағыныңқы
Тартса да бар күштерін аямай-ақ, аслан жүк орнынан қозғалмады.
Мұнда басыңқы сөйлем — «аслан жүк орнынан қозғалмады». Бағыныңқы
168
сөйлем - «тартса да бар күштерін аямай-ақ». Бағыныңқы сөйлем «жүкті
тартты» дейді, басыңқы сөйлем «жүк қозғалмады» дейді. Сөйлем мазмұны
бір-біріне қарсы ереуіл келіп тұр. Сондықтан мұндай басыңқы сөйлемге
ереуіл келетін бағыныңқы сөйлем ереуіл бағыныңқы деліп аталады.
Ереуіл бағыныңқының белгісі пәлен етсе де, пәлен болса да деп
ереуіл раймен айтылады.
Мысал: 1) Күні бойы қараса да, таба алмады. 2) Қыс қатты болса да,
мал аман шықты.
Ықшамдау
Бағыныңқы сөйлемдер екі түрде айтылады. 1) Толық түрде.
2) Ықшам түрде. Толық түрде айтылған бағыныңқы сөйлемдердің бәрін
болмаса да, көбін-ақ ықшам түрге айнадыруға болады. Ықшамдау деп сол
толық түрден ықшам түрге айналдыру айтылады. Қазақ тілінде толық
түрінен де ықшам түрі көбірек жүреді. Бағыныңқы сөйлемнің көбі ықшам
түрге айналғанда, басыңқы сөйлемге сіңісіп, жоғалып кетеді. Жазғанда
бағыныңқы сөйлемнің толық түрі мен ықшам түрінің қай қолайлысы,
көркемі алынады. Сондықтан ықшам түрінен толық түрі көркем болып
шықпайтын болса, онда сөйлемдерді ықшамдаудың қажеті жоқ. Жана да
ондай сөйлемдер ықшамдалмайтын сөйлемдерге саналады. Бағыныңқы
сөйлемді ықшамдауға болады: 1) зат есім арқылы, 2) сын есім арқылы,
3) етістіктің есімше түрі арқылы, 4) етістіктің көсемше түрі арқылы.
Мысал: 1) Түсі қандай болса, ісі сондай болады. Бұл – толық түрі.
ЬІқшам түрінде айтқанда, «Ісі түсіндей болады» дейміз (зат есім арқылы).
2) Ит жүйрік болса, оны түлкі сүймес. Мұны ықшамдап айтқанда, «Ит
жүйрігін түлкі сүймес» дейміз. (Мұнда сын есім арқылы) 3) Қалай
пішілсе, киім солай тігілмекші. Мұнда ықшамдап айтқанда, «Пішілуінше
киім тігілмекші» дейміз (мұнда етістік зат есімге айналған түрі арқылы).
4) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. Мұны ықшамдап айтқанда, «Атаңа
қылғаның алдыңа келер» дейміз (мұнда етістіктің есімше түрі арқылы).
5) Олар көше алмады, үйткені көлігі жоқ болды. Мұны ықшамдап
айтқанда, «Көлігі жоқ болып, олар көше алмады» дейміз (мұнда етістіктің
көсемше түрі арқылы).
1-інші мысалда «түсі қандай болса» деген бағыныңқы сөйлем
жоғалып, «түсіндей» деген жалғыз ауыз сөз болып, басыңқы сөйлемге
сіңісіп кетіп тұр. 2-інші мысалда «ит жүйрік болса» деген бағыныңқы
сейлем жоғалып, «ит жүйрігін» деген екі ауыз сөз болып, басыңқы
сөйлемге сіңісіп тұр. 3-інші мысалда «қалай пішілсе» деген бағыныңқы
сөйлем жоғалып, «пішілуінше» деген бір ауыз сөз болып сіңіріп тұр.
169
4-інші мысалда «атаңа не қылсаң» деген бағыныңқы сөйлем жоғалып,
«атаңа қылғаның» деген екі ауыз сөз болып, басыңқы сөйлемге сіңісіп тұр.
5-інші мысалда «үйткені көлігі жоқ болды» деген бағыныңқы сөйлем
ықшамдалып, «көлігі жоқ болып» деген бағыныңқы сөйлемге айналып
тұр. Мұнда алдыңғы сөйлемдер сияқты бағыныңқы сөйлем жоғалып
кеткен жоқ, тек ықшамдалған. Оның себебі көсемше арқылы
ықшамдалуында. Көсемше арқылы ықшамдалған бағыныңқы сөйлемдер
өз алдына сөйлемнің күйін ықшамдалған күнде де жоғалтпайды.
Толық түріндегі бағыныңқы сөйлемдер мен басыңқы сөйлемнің
арасы теріс үтірмен айырылады. Ықшам түріндегі бағыныңқы сөйлем
басыңқы сөйлемге сіңісіп жоқ болып кеткенде, ешбір тыныс белгісімен
бөлінбейді. Егер де бағыныңқы сөйлем ықшамдалғанмен, басыңқы
сөйлемге сіңісіп кетпей, өз алдына сөйлем күйінде қалса, онда толық
түрдегідей теріс үтірмен айырылады.
з) Қыстырынды сөйлем
Кейде бір сөйлемнің ішінде екінші сөйлем қыстырылып айтылады.
Сондай қыстырылып айтылған сөйлемді қыстырынды дейміз.
Мысал: 1) Бүгін, Құдай біледі, жауын болса керек. 2) Әзір, Аллаға
шүкір, жаман емеспіз. 3) Осы жолы, асылық болмасын, алып келерміз-ақ.
1-інші мысалда «бүгін жауын болса керек» деген сөйлемнің ішіне
«Құдай біледі» деген сөйлем қыстырылып айтылып тұр. 2-інші мысалда
«әзір жаман емеспіз» деген сөйлемнің ішіне «Аллаға шүкір» деген сөйлем
қыстырылып айтылып тұр. 3-інші мысалда «осы жолы алып келерміз-ақ»
деген сөйлемнің ішіне «асылық, болмасын» деген сөйлем қыстырылып
айтылып тұр.
Сондықтан «Құдай біледі», «Аллаға шүкір», «асылық болмасын»
деген сөйлемдер «қыстырынды» болады. Қыстырынды сөйлемдер
қыстырушы сөйлемдерден теріс үтірмен айырылады.
4) Келтірінді сөйлем
Сөйлегенде я жазғанда сөйлеуші я жазушы бұрынғыдан қалған
мақалды немесе біреудің айтқан сөзін келтіре сөйлейді не жазады. Сондай
келтіріп айтқан не жазған мақалдар, болмаса біреудің сөздері келтірінді
сөйлем деп аталады.
Мысал: 1) Нақыл сөз: «Әлін білмес әлек» деген осындай әуре болған
жаннан қапты. 2) Бір күні бұлбұл құсты есек көрді. Қасына сөз айтпаққа
жақын келді. «Сыртыңнан сайрағыш деп жұрт мақтайды. Тыңдайын,
170
достым, біраз сайра» деді. 1-інші мысалда келтірінді сөйлем - «Әлін
білмес әлек» деген мақал. 2-інші мысалда келтіріңді сөйлем —
«Сыртыңнан сайрағыш деп жұрт мақтайды, тындайын, достым, біраз
сайра» деген есектің сөзі.
Келтірінді сейлемде мақалды немесе біреудің айтқан сөзін айтушы
не сол айтылған күйінде өзгертпестен айтады, не өзгертіп мағанасын,
мазмұнын ғана айтады.
Бірінші түрде айтылса, мақал не біреудің сөзі төл сөз деліп аталады.
Екінші түрде айтылса, төлеу сөз деліп аталады.
Мысал: 1) Сонда есек сөз айтады бұлбұл құсқа: «Мақтаулы бар ғой
әнпаз әрбір тұста, солардың бәрі-дағы әдемі әнге тауықтың айғырындай
емес ұста». Мұнда «мақтаулы»... дегеннен бастап, «ұстаға» дейін бәрі
есектің сөзі өзгерместен алынып айтылып тұр. Сондықтан бұл төл сөз
болады. 2) Шал тұрып орнынан есен-аман, жақындап жұмыскерге келді
таман, әумесер ақылы жоқ, ит, доңыз деп, байғұсты балағаттап сөкті
жаман. Мұнда «әумесер»... дегеннен бастап, «деп»-ке дейін шалдың не
дегенін нақ айтқан күйінде келтірмей, жай әңгіме түрінде мазмұнын ғана
айтып өткен. Мұнда шалдың төл сөзі «мес, төлеуі ғана айтылған.
Сондықтан бұл төлеу сөз болады.
Төл сөздер қабатша (« ») ішіне жазылады. Төлеу сөздерге тыныстар
жай сөйлемдерше қойылады, Мәселен: Шал айтты: «Көрмеймісің не
еткеніңді? Желігіп жындануға жеткенінді? Бардай-ақ әкең құны сонша
шаншып. Терісін іске алғысыз еткеніңді». Шалдың бұл сөзі төл сөз болған
соң, қабатша қойылып тұр.
5) Орамды немесе өрнекті сөйлем
Сөйлегенде ойды тақ-тұқ қысқа айтып, білдіретін орын да болады.
Ойды ұзын айтып, орағытып келіп білдіретін орын да болады. Ұзын
айтқанда ой дәуірлеген бетімен барып, қайтатын түрі болады. Сөйлеудің
сондай түрлері орамды деліп аталады.
Түсінікті болу үшін мысал алып көрсетелік.
Мысал: 1) Байлыққа кім тұрғанда, Досан тұрған; Қасында Байжан
сымам қоса тұрған; Қорадан он төрт мың қой бірдек өрген? Аламан
шеннен шыққан Асан тұрған; Шапса қылыш өтбейтін Мұсам тұрған,
Сөйлейді маған неге осы антұрған?» Мұнда басынан бастап «Мұсам
тұрған...» деп айтқан жерге келгенінше ой дәуірлеген бетімен келеді. Онан
әрі «сөйлейді... дегеннен бастап, ойдың беті келе жатқан жөнін тастап
бұрылып кетеді.
171
2) Қисапсыз бай болсаң да Қарынбайдай, Сақи боп мал шашсаң да
Атымтайдай, Патшадай Әмір-Темір дін түзепті». Болсаң да Әйдік батыр
арыстандай. Болсаңда, Жиреншедей сөзге шешен, Ақырда жатар орның
тар лақат жай. Мұнда ойдың дәуірлеуі «шешен» деген сөзге дейін келіп,
беті сонан арғы жерде бұрылады.
3)
Ыстамбул патша болсақ да Құддыс Шамға, Бұқар
мен үкім етсең де Үндістанға, Ағылшын, Қытай, Мәскеу,
Румды алып, Дін түзеп әмір етсең де бұл жианға. Тұтсаң
да
жеті
ықылымның
бәрін тегіс,
Кірерсің
ақыр
бір
күн
көрстанға.
Мұнда
ой
дәуірлеуі
«тегіс»
деген
сөзге
дейін
келіп, онан арғы жерде беті бұрылады.
4)
Қосылып
бірнеше
адам,
ортақтасып,
Ой
салып
ортасынан
дүкен
ашып.
Саудасы,
жұғымды
боп
байып
әбден,
Шат
болып
көңілдері
судай
тасып,
Ақшаны
төбе-
дей қып үйіп қойып, Үлесіп отыр еді шуылдасып. Үйі
жанып барады деп хабар берді, Жүгіріп келіп біреуі түсі
қашып.
Мұнда
ойдың
дәуірлеген
беті
«шуылдасып»
деген сөзбен бітіп, сонан әрман беті бұрылады.
Жазу қосымша белгілері мен тыныс белгілерінің жалпы ережесі
1) Кіші сызықша « - » (тіркестіру белгісі).
Бұл белгі: 1) Бір сөзді екінші сөзге тіркестіретін орында қойылады,
сөзді олай тіркестіру екі сөзді қосақтап, бір сөз (қос сөз) қылып айтатын
орындарда келеді. Мәселен, төсек-ағаш, жүк-аяқ, құрт-құмырсқа, аяқ-
табақ. 2) Сөздің бір бөлімін екінші бөліміне тіркестіру керек болған
орындарда қойылады, ондай тіркестіру көбінесе, сөздің бөлімдері жазып
келе жатқан жолға түгелімен сыймай, сыймаған бөлімін екінші жолға
шығару қажет болған жерде келеді. Ондай орында қойылған тіркестіру
белгісі сөздің екі жолдағы бөлімдерін тіркестіріп қосып оқу керектігін
көрсетеді. Жана да тіркестіру белгісі сөздің жалғауы мен екі арасына
бөтен сөз келіп қыстырылған жерде, мәселен, демеу келіп қыстырылған
жерде келеді. Мұндай орында тіркестіру белгісі сөзді жалғауынан айыруға
болмайтындығын, бірінен-бірін айырмай тіркестіріп оқу керектігін
көрсетеді.
(Жақсы-ақ-пысың? Жалғыз-ғана-мысың?).
2) Үлкен сызықша « — » (жұмақтау белгісі).
172
Бұл белгі бытыранды ұғымдарды шоғырландырып, жалқыланған
ұғымдарды жалпыландырып, теңелерлік нәрселерді теңеп, балап айтатын
орындарда қойылады. Мәселен: Көк шалғын, ағаш, бұлақ — бәрі жақсы.
Қасқыр — аң. Ақымақты үйрету — өлгенді тірілту.
3) Ноқат (нүкте) «.» (ұлы тыныс).
Бұл белгі: 1) Әбден біткен ойлы сөйлемдерді бір-бірінен айыратын
орында қойылады; 2) Мақала, кітап басының атауларынан соң қойылады;
3) Қысқартқан сөздің соңынан қойылады; 4) Келте-келте қысқартылып
айтқан сөйлемдердің соңынан қойылады.
4) Үтірлі ноқат (нүкте) « ; » (орта тыныс).
Бұл белгі: 1) Сөйлемдердің ішкі жақындығы күшті болған жерде
қойылады. Сөйлемдер арасында ондай жақындық ортақ ой айтылған
немесе нәрсе тұтас суреттелген жерде келеді (Шақшам жақсы еді, тау
текенің мүйізінен істелген тақысы еді; қырық қой, төрт ат істеген кісінің
ақысы еді; сексен маржан көзі бар еді, тоғыз ат болар деген істеген кісінің
сөзі бар еді); 2) Сыйысулы құрмалас сөйлемдердің баяндауыштары
демеулермен құраспай, алды-алдына тұрған жана да қастарында
тұрлаусыз сөйлем мүшелері немесе бағыныңқы сөйлем болған орында
қойылады (Берген ақыны азсынып, істеген кісі тау жайлаймын деп
наршамды алды; ой қыстаймын деп шотымды алды; қыр қыстаймын деп
балтамды алды; қалауым деп бөрте атымды алды; жау шапты деп төрт
атымды алды; қайқы келген қара атымды алды; тілік құлақ сары атымды
алды).
5) Теріс үтір «,» (кіші тыныс).
Бұл белгі:
1) Бұратана сөздерді бөлек шығару үшін қойылады;
2) Сыйысулы сөйлемдердің бір өңкей мүшелерінің арасына
қойылады;
3) Бағыныңқы сөйлемнің жігін басыңқы сөйлемнен айыру үшін
қойылады;
4) лепті сейлемдерде одағайдан кейін қойылады;
5) бір сөз не болмаса сөйлем қайта-қайта айтылған орында
қойылады.
6) Қос ноқат (қос нүкте) «:» (бәшелеу белгісі).
173
Бұл белгі: 1) Алдыңғы сөйлемдегі пікірді, кейінгі сөйлем ыдыратып
(сиретіп, ұсақтап, сұйылтып) сөйлейтін орындарда қойылады. Олай
сөйлеу жалпы түрдегі ұғымды жалқы түрлі ұғымға айналдырған жерлерде
келеді. (Біздің екі үйіміз бар: жаз тігетін киіз үй, қыс кіретін там үй.
Балтамен түрлі жұмыс істеледі: ағаш кесіледі, отын бұталады, қазық
қағылады, ойық ойылады, тағысын тағылар істеледі); 2) Келтірінді сөйлем
алдында қойылады (Сонда есек сөз айтады бұлбұл құсқа: «Мақтаулы бар
ғой әнпаз әрбір тұста. Солардың бәрі-дағы әдемі әнге тауықтың
айғырындай емес ұста»).
7) Сұрау белгісі «?»
Бұл белгі жауап сұраған сөйлемдердің соңынан қойылады.
8) Леп белгісі «!»
Бұл белгі:
1) Лепті сөйлемдерден соң қойылады;
2)Тілекті сөйлемдердің бұйрық, өтініш түрлерінің соңынан
қойылады;
3) Тілекті сөйлемнің үгіт түріндегісінің қаратпа сөзділерінің соңынан
қойылады. (Бар! Жүгір! ұш! Жанымды бір шыбындай қи, ақсақал! Айта
гөр, қайырымды ер бар болса! Балалар, оқуға бар! Жатпа қарап).
9) Көп ноқат (көп нүкте) «...» (қалдыру, тастау белгісі).
Бұл белгі сөзді бүкпелеп жорта қалдырып сөйлегенде немесе
сөздерді тізіп тұтастыра сөйлемей, үзіп бөлек-бөлек сөйлеген орындарда
қойылады.
10. Қабат үтір « » (қабатша қос тырнақ)
Бұл белгі: 1) Төл сөздердің жігін ашу үшін алды-артынан қойылады
(«Бекер ме» қасқыр айтты «менің сөзім»?);
2) Кітап, журнал, газет аттарына қойылады (Қызыл Ордада «Еңбекші
қазақ» газеті мен «Қызыл Қазақстан» журналы шығып тұр);
3) Бір нәрсені сөз қылғанда, айырып айқын көрсету үшін қойылады
(леп белгісі «!» лепті сөйлемге, сұрау белгісі«?» сұраулы сөйлемге
қойылады);
4) Бір нәрсені теріс мағанада атау үшін қойылады. Мәселен: Жолдас
емес адамды «жолдас» деп атау теріс атау болады. Сондай орындарда
«жолдас» деген сөз қабатшамен жазылады.
11) Жақша «( )» (қамау белгісі)
174
Бұл белгі:
1) Бір нәрсені хабарында болдыра кетейін деген орындарда
қойылады. Ондай сөздер айта кетейін деген ой сөйлем келе жатқан
әңгіменің жүйесінен тысқары бүтіндеу болған орындарда келеді (Сөйлейді
ойланбай-ақ аю шолақ) аюлар күшке мықты, ойға олақ). Қойлардан ала
түсті құтылғандай бар деймін бұған оңай жалғыз жол-ақ);
2) Алдағы сөзді артқысы түсіндіре өтетін жерлерде қойылады. Ондай
кездер жат сөзді немесе жаңа сөзді оқушы түсінбес деген орындарда
болады. Мәселен, пән сөздің мағанасы жат (сөздің ана тіліне аударғандағы
мағанасы жаңа). Мекеменің атауының мағанасы, тағысын тағы сондайлар
жақшаға қамалады.
Сөйлем түрлерін айыруға керек сөйлем мысалдары:
Сөйлем түрлерін айырту жүзінде сөйлем мысалдары мен үш түрлі іс
істеледі:
1) Өлеңмен айтылған сөйлемдерді өлеңсіз түрге айналдыру.
2) Сөйлем түрлерін айырту.
3)
Сөйлемдердің
керек
болған
түрлерін
оқушыларға
тапқызу.
Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар, құлағын біреу салмас, біреу салар.
Теп-тегіс көпке оның оңай емес, кейіне жарамаса, кейіне жарар. Мінсіз
таза меруерт су түбінде жатады. Су түбінде жатқан зат жел толқытса
шығады. Адам да, ұшқан құс та, аң да – жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір
жан да, кішкене қоңыз да жүр, жүгін сүйреп барады, аралар да ұшып
балға. Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы, сайрағы сарғалдақтың
сыңғырлаған. Өзенде балықшылар ау қарап жүр; тоғайда орақ даусы шаң-
шұң орған. Арабтың Набек деген жалғыз аты – сол екен болған малы,
мүлкі заты. Дайырда күндіз күлкі, түнде ұйқы жоқ. Е, жаным, мен
жолаушы жолым алыс; адам жоқ бұл маңайда маған таныс. Жүк алды
шаян, шортан, аққу бір күн жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін. Тартады
аққу көкке, шаян кейін. Бұлардың машақаты аз болмады, жұмысы орнына
кеп мәз болмады. Тартса да бар күштерін аямай-ақ, аслан жүк орнынан
қозғалмады. Оншама ол жүк артық ауыр емес. Құр сырттан пәлен деу де
тәуір емес. Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас, әуелі бірлік керек болсақ
жолдас. Біріңнің айтқанына бірің күтпей, істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
Түсер ме есі дұрыс күндіз торға? Кім күлмес бостығыңа сен жаманның!
Мен соған қол беремін түстесіме! Амалы саған ғана мол адамның,
пысықсып көгершінім отырғанда, қалыпты өзі түсіп қыл тұзаққа. Ақылың
қайда кетті, данышпаным? Табалап мұнан бұлай күлме, жаным! Ат
175
достым, жүгім ауыр, халім бітті емеспін жүре алатын енді тіпті. Зорығып
жолда өліп қалатынмын, алмасаң ауыстырып біраз жүкті. Ат оған ешбір
жауап қайтармайды, ауырлап жүгін есек қайқаңдайды. Қараңдар, шара бар
ма мына сорға?! Аяғын ат келеді басып зорға. Өкініп өткен іске ат келеді.
Мен қате еткен екем-аһ! - деді. Күш кеміді, айбынды ту құлады. Кеше
батыр — бүгін қорқақ ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде. Қан суынған;
жүрек солғын соғады. Бірлік елдің, ерлік, қайрат, бақ, ардың – жауыз
тағдыр жойды бәрін не бардың. Ой-пырмай! Алла-ай жасаған, қысылды
ғой шыбын жан! Қуат кеміп барады. Сауықшыл есіл елім-ай! Сарыарқа
сайран жерім-ай? Күмістей таза суы бар – айдын шалқар көлім-ай!
Қиналдың-ау, шыбын жан! Тоқталсайшы ыстық қан! Қарлығаш, қайран
жарым-ай! Қарашығым, жаным-ай! Құлағыма келеді алыстан ащы зарың-
ай! Түсті ғой қысым жаныма! Тұншықтым ғой қаныма! Жаралы құба
жонда кім зарлаған! - Бұл - қазақ тәңірге зар еткен қазақ, қиналып қанды
азап шеккен қазақ! Әйтеуір қанды азаптан құтқарар деп оқыған азаматын
күткен қазақ. Кеудеде от, іште жалын, көзде жас. Күні, түні қайғы жұтқан
сорлы бас. Сабан төсек, тым қараңғы жатағы, наны қара, шайы қара,
қарыны аш. Әкеңді алдыңдағы танимысың? Балам, сен байқап қара ашып
көзін! Кезек бер бір азырақ сөзге, тақсыр! Тақсыр-ай, еш жазығым жоқ ғой
менің, жәбір ғой біреу үшін күйдіргенің!
Үндеме! Жетер! Қазір пұрсатым жоқ тұруға ақ, қараңды тергеп
сенің! Алда, сорлы, бейшара балалар-ай! Жасынан өлген екен аналары-ай!
Көбелек, шыбын аулап күн көрерлік, жоқ екен пақырлардың шамалары-
ай! Әй, құстар, тындаңыздар құлақ салып! Кезекпен жем тасыңдар ұшып
барып. Үшеуін асырауға қанша қиын? Етіңдер аз күн қайыр бөліп-жарып!
Көкек құс, жүнің түлеп жүр ғой бекер! Азырақ жетім үшін жұлсақ нетер?
Қайырдың бұл дүниеде жетімге еткен, басқа іс сауабына бар ма жетер?
Бозторғай, қарап тұрма сен де текке! Жүресің босқа шарлап ұшып көкте!
Даладан тоғайлардан тамақ ізде! Бұлардың үшеуіне көп керек пе? Сар
мойын, ер жетті ғой балаларың! Бәледен Құдай сақтар бірер-жарым!
Бұлардың күндіз-түні жанында бол! Жоқтатпай пақырлардың аналарын!
Сандуғаш, не қылайын сені қайрап! Қоярсың оқтын-оқтын өзің сайрап!
Көңілін бір азырақ көтермекке. Зарлының жетім қалған соры қайнап!
Достарым, осындай бір іс етелік! Жастарды жетім қалған кісі етелік!
Езгілер орманда да бар екенін. Осындай сауап іспен көрсетелік! Дариға,
мен бай болсам жұрттан асқан! Үйлерді салдырар ем қандай тастан. Бақыл
бол, серік атым іренжіме! Дамыл ал! Қош-аман бол! Мені ұмытпа! Аяғым
тимес алтын үзеңгіңе. Келіңдер, боз балалар, атты алыңдар! Жетектеп
тоғайыма апарыңдар! Жабыңдар жабуына түкті кілем! Жеміне ең қолайлы
сұлы алыңдар! Бұлақтың суымен суарыңдар.
176
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да. Алдамаған кім қалды тірі
жанда? Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім. Өткірдің жүзі, кестенің бізі
өрнегін сендей, сала алмас. Білгенге маржан, білмеске арзан, надандар
баға (баһра) ала алмас. Қиналма бекер, тіл мен жақ! Көңілсіз құлақ ойға
олақ. Нысап, ұят, терең ой. Ойлаған жан жоқ, жауып қой! Тамағы тоқтық,
жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын. Өтірік, шағым толды ғой,
ойланар уақытың болды ғой. Кеш деп қайтар жол емес, Жол азығым мол
емес. Бір кісі мыңға, Жөн кісі сұмға, әлі жетер заман жоқ. Қадірлі басым,
Қайратты жасым айғаймен кетті, амал жоқ! Қош, қорықты елің.
Қорқытқан сенің өнерің қайсы, айтып бер! Бауырыңа тартқан, сырыңды
айтқан сырласың сыртты айналар. Не ол емес, бұл емес: Менің де күнім
күн емес! Ақша жүз, ал қызыл бет тіл байлайды. Сорақы ұзын да емес,
қысқа да емес. Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды. Жасыл шөп,
бәйшешек жоқ бұрынғыдай. Жапырағынан айырылған ағаш, қурай. Ақ
киімді, денелі, ақ сақалды. Соқыр, мылқау танымас ешбір жанды. Үсті-
басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды. Ол күледі,
мен де есалаң күлемін. Ол жылайды, мен де жасым төгемін. Әйел өледі,
мен де бірге өлемін. Қыс болды, бақша да өлді, гүлдер солды. Өтер
жылдар, қартаямыз, Бірте-бірте құрып шамдай сөнерміз.
Ішім өлген, сыртым сау, бүгінгі дос — ертең жау. Нансаңыз ағам да
жоқ, інім де жоқ. Уа ғайри нашарлықтан мінім де жоқ. Нақақтан мені,
тақсыр, күйдіресіз. Жауыздық сізге ойлаған күнім де жоқ. Ол саған әлде
күйеу, әлде құда (Сүймейді қой атаулы мені жүдә). Жә бөлең, жә жиенің,
жә нағашың — әйтеуір саған ұқсас еді о да. Айттырған періште ме, яки
жын ба - әйтеуір өзен сөзі шықты шынға. Алаштың адамының бәрі мәлім.
Кім қалды таразыға тартылмаған. Дегендер мен жақсымын толып жатыр,
жақсылық өз басынан артылмаған. Тұмсығымен шапты да, қанның миын
шақты да әтеш кетті аспанға. Арбасынан қан ұшты, кеудесінен жан ұшты.
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ. Ерте ояндым, ойландым, жете
алмадым, етек басты көп көрдім елден бірақ. Өзі ермей, ерік бермей, жұрт
қор етті. Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей. Мен келмеске кетермін,
түк өндірмей.
Халыққа жағайын десең, қазаның болсын. Момынның есебін қу
табады, қудың есебін Құдай табады. Жер таусыз болмайды, ел даусыз
болмайды. Тай жаманы жорға болады, адам жаманы молда болады.
Жаңылмас жақ болмас, сүрінбес тұяқ болмас. Бұрынғының кісісі —
бүгінгінің кішісі. Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз, ер жігіт бірде
малды, бірде малсыз. Ердің ерлігін білмеген Құдайдың бірлігін білмейді.
Ат баспаймын деген жерін үш басады, ер көрмеймін деген жерін үш
көреді. Адаспаймын деген жігітті қараңғы тұман адастырады.
177
Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер, ер басына күн туса,
етігімен су кешер. Ер өтірік айтпайды, ел өтірік айтады. Ердің атын жә
аты шығарар, жә қатыны шығарар. Есепдар болмай, бай болмайды,
есерсоқ болмай, ер болмайды. Алып анадан, ат биеден туады. Уайым түбі
теңіз, батасың да кетесің, тәуекел түбі қайық, мінесің де өтесің. Арғымақ
аттың құйрығы — әрі жібек, әрі қыл; қас жақсының белгісі — әрі мырза,
әрі құл. Бай болайын деген жігіт айырбасшыл келеді; адам болайын деген
жігіт қарындасшыл келеді.
Жаңбыр жауса, жердің ырысы, жақсы туса, елдің ырысы. Биік
таудың төбесін көріп, түбіне барма, жақсының атын естіп, үйіне барма.
Жорғаның қадірін желгенде біледі, жақсының қадірін өлгенде біледі.
Жаманның айтқаны келмейді, сандырақтағаны келеді. Ит құтырса, иесін
қабар, торғай құтырса бүркітке шабар. Арық малды асырасаң, аузы-
мұрныңды май етер, жаман кісіні асырасаң, аузы-мұрныңды қан етер.
Жаманның үсті су болса, кеппестей көрер, жаманға мал бітсе, кетпестей
көрер. Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас; жаман кісіге мал
бітсе, жанына қоңсы кондырмас. Жақсыға айтсаң, бітірер, жаманға айтсаң,
жітірер. Жақсыдан жаман туады бір аяқ асқа алғысыз, жаманнан жақсы
туады адам айтса нанғысыз. Хас жақсының белгісі — өз үйіне өзі құл; хас
жаманның белгісі — өз үйіне өзі сый. Жақсыға берсең асыңды, жақсы
сыйлар басыңды; жаманға берсең асынды, итке тастар басыңды. Жүйрік
шабан болады, мойнынан жал кетсе; жақсы жаман болады, қолынан мал
кетсе. Қарға мақтанып, сұңқар болмайды; есек мақтанып, тұлпар
болмайды. Кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен жарлы бол.
Жалғыз жүріп жол тапқанша, көп кісімен адас. Жалғыздың жағы жоғалса
да, табылмайды, көптің оғы жоғалса да, табылады. Қалыңсыз қыз болса
да, кәдесіз күйеу болмайды. Орамал тонға жарамайды, жолға жарайды.
Еңкейгенге еңкей, басың жерге жеткенше, шалқайғанға шалқай, төбең
көкке жеткенше. Өзі біткен жанжалды, жаным десең болмас па; алты ұл
тапқан қатынды ханым десең болмас па? Атадан алтау туғанша, жалғыз
туса не етеді, елге тұлға болғалы; қарағайға қарыс бұтақ біткенше, еменге
айыр бұтақ бітсе не етеді — құсқа тұғыр болғалы. Өзіңнен тумай, ұл
болмас, сатып алмай құл болмас. Жетімшілікті көп көрген үш шақыртпай
«ә» демес, ашаршылықты көп көрген өзі тоймай «мә» демес. Ақ
сұңқардың баласы, алдына қоймай жем жемес. Арғымақ аттың баласы, аз
оттап, көп жусайды; асылдардың баласы аз сөйлеп, көп тыңдайды.
Ағайынның қадірін жалалы болсаң білерсің. Ата-ананың қадірін балалы
болсаң білерсің. Ағайынды жамандап туғанды қайдан табарсың;
арғымақты жамандап, буданды қайдан табарсың. Басқа елде сұлтан
болғанша, өз еліңде ұлтан бол. Ел ағасыз болмайды, тон жағасыз
178
болмайды. Мал бітпес деп, ерден түңілме, шөп бітпес деп жерден түңілме.
Мал таппас жігіт болмас, тұрарын айт. Бас екеу болмай, мал екеу болмас.
Ат аунаған жерінде түк қалады.
Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме. Ат аяған жерге қарар, құс
аяған көкке қарар. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады. Ешкі егіз тауып
қойдан аспас, ит егіз тауып, елден аспас. Бір биенің емшегі екі, бірі кетсе,
сүті жоқ; бір түйенің өркеші екі, бірі кетсе, күші жоқ. Түйе қашып, жүктен
кете алмас. Алты күн атан болғанша, бір күн бура бол. Аузы қисық болса
да, байдың ұлы сөйлесін. Бағың жүрген шағында, жапалақ салсаң, қаз
ілер, бағың қайтқан шағында, лашын салсаң аз ілер. Жемесе де май жақсы,
бермесе де бай жақсы. Жарлылық, сені қайтейін, жандай досты жат еттің,
кәрілік, сені қайтейін, сөйлер сөзге мат еттің. Бай қасына көшіп бар,
байымасаң маған кел; қу қасына көшіп бар, қуылмасаң маған кел. Ұрлық
қылсаң жалғыз қыл: екеу болсаң, бірі айғақ; өткел өтсең, бұрын өт: арттан
өтсең, жол тайғақ. Айтысқан соң дау емес пе, алысқан соң жау емес пе?
Тапқан қуанса да, таныған алады. Әлі келген алып та, шалып та жығады.
Би айтқанды құл да айтады, құл аузының дуасы жоқ. Ақылы жоқ басқа
адырайған көз бітеді, дуасы жоқ ауызға сылдыраған сөз бітеді. Ерден
елтірі даулап алсаң да теңдік. Арлы арына қараса, арсыз «жеңдім» дейді.
Қонғанша қонақ ұялады, қонған соң қонақ иесі ұялады. Қонақ аз отырып
көп сынайды. Қонақ келсе ет пісер, ет піспесе, бет пісер. Барында батып
іш, жоғында сатып іш. Жақсы ас қалғанша, жаман құрсақ жарылсын. Кісі
қандай болса, асы сондай. Жетімнің аузы асқа тисе, мұрны қанайды.
Ақымақ алдындағы астан үркіп, аштан өліпті. Жоғалып табылған мал
олжа, ауырып жазылған жан олжа.
Көзімен көріп бәрін де, Нысанбай мұны жырлаған. Тұсау көрмей
ешкімнен, Хан еді мойны сынбаған. Ерегісіп қырғызға, Хан ойынды
шыңдаған. Сол елменен күшейіп, Төрелер жайды қанатты. Аттансын деп
жан қалмай, жұртқа салды санатты. Сегіз жүз кісі іріктеп Ылғи батыр
манапты. Ақсу деген өзеннен шапты Олжа Болатты. Тау суындай
сарқырап, Байұзақ келді төменнен. Көңілі бітті айқасып, Наурызбай асыл
беренмен. Тұс-тұсынан құралып, Қырғыздың қолы кернеді. Бесінге дейін
атысып, Қазақтың әлі келмеді. Қырғызды түріп шыға алмай, Батырлар
сонда бір састы. Үйінде ермек қалдырмай, Қырғыз шыққан айдатып. Қыл
құйрық қып бәрін де қару-жарақ сайлатып. Қызықсын деп Асуға Қазына
төкті жайнатып. «Келсең кел» деп ақырып, Сары ала туын жайратып.
Қырғыздарды жөңкілтіп, Төскейде атын ойнатып. Асуын тастап көп
қырғыз, Бас қамын қылып, кетпеді. Ашуланып бұл жерде, (Хан) алдырды,
екі түйені. Шөгеріп салып түйеге зеңбірегін сүйеді. Тұрғызып: қойып атса
да, Күмпілдеп, тауға тимеді. Алатаудан аса алмай, Қазақтың қолы
179
байланды. Осы бүгін күн батпай, Көрсетші қанат жайғанды. Тау басында
қырғызға, Бір тигізіп найзамды. Тау басына жете алмай, Болмай тұр-ау
санымыз. Жабырқаған секілді, Көңілі ашылмай жанымыз. Көңілің соқса,
Науажан, ханнан жауап алыңыз. Томағамды сыпырып, Қамау тасқа
салыңыз. Байұзақ аттан түскен соң, Қасына түсті ханымыз. Ханымыз
аттан түскен соң, Төгіле қалды арымыз. Бұзбасақ та ол тауды, Түсе қалдық
бәріміз. Сол уақытта қарасақ, Тау басынан шу шықты. Қаптаған қара
тұмандай, Мұнарланып, бу шықты. Бу десек мылтық түтіні (екен). Шөке
атым жер бармай-ақ, Айырылды ханың еркінен. Қойға тиген бөрідей,
Қырғызға салды кесірді. Ақ кіреуке бек сауыт, Таза жүрсе тот алмай,
Мылтықтың оғын жібермес Шығыршығы жұқармай. Жарасалық дегенде,
Бергендей қырғыз бар малын. Қол алдында жүргенде, Қырғыздың бір
данасы, Наурызбайға кез болып, Тұра қалды жанаса. Ашуын бұған басса
деп, Жерімді саған тастадым. Олжа қылып қайтсын деп, Малымды саған
тастадым.
Қонысты орыс алған соң, Кенекем ауған жерінен, Бауыры суып ол
жақта, Қарашы болған елінен. Он екі кісі жіберді, Жеке батыр ерімен.
Бізге қоныс берсін деп, Қоқының салған көлінен. Екі ай жатты тұтқын
болып Жанқараш, Жаттай бегіңнен. Қорған болып халқына Әркім
шықсын табында. Айбатың асып тұрғанда, Айтарсың төре, сөзіңді. Алтын
жығаң қисайса, Қырғыздар ояр көзіңді. Күнім туса көрермін. Бұйрық
болып Құдайдан Қазам жетсе, өлермін. Ержан кеткен түн қатып, Хан
болған соң өкімді. Төрт жүз кісі бөлініп, Қалың топтың шетінде, Барлап
қарап келгелі, Жау бар ма деп бетінде. Келіспестей көрінді. Наурызбайды
бөлген соң. Қырғыздың қолы көбейіп, Жақынға келіп төнген соң. Байұзақ
датқа сөйлейді, Ашуланып ақырып. Халқына қарап сөз айтты, Оң-терісті
сапырып. Не қылып шықпай отыр деп, Батырларын шақырып. Дулаттан
шыққан батырдың Талайына батырып. Шыдамады Наурызбай Киіміне
қиналып, Тұра келді орнынан, Шыбықтай белі бұралып. Арасы алыс
дауыстап, «Бар ма, мұнда кел» деуге. Екінші рет атқанда, Бір керемет
білінді. Ұрмай-соқпай зеңбірек Ортасынан бөлінді. Кертайлақ қолға тиген
соң, Мініп алды Наурызбай. Сегіз кісі бас қосып, Су бойында ұрысты.
Тоқтата алмайды көп жауды, Үстіртке ойнап шығысты.
Әл кетіп жығылуға таянғанда, Жалынып атқа есек сөз айтады: «Ат
достым, жүгім ауыр, қалым бітті. Емеспін жүре алатын енді тіпті.
Зорығып жолда өліп қалатынмын, Алмасаң ауыстырып біраз жүкті».
Бір көлдің емен айтты қамысына, Сыбайлас көптен бергі танысына:
«Жаратқан мені Құдай сонша артық, Мықты деп жер жарылатды
дабысыма». Өгізді суға тойған бақа көрді, Секіріп жолдасына жетіп келді.
Боламын мен де сонау өгіздей деп, Жел тартып, ісіп-кеуіп, орнын керді.
180
Сұрады жолдасынан толдым ба деп, Өгіздей анау тұрған болдым ба деп.
Бұрынғы мықтылықты бұлай қойып, Тырнаға сөз сөйлейді кішілікпен.
«Шырағым, дүниеде ұмытпайын, Құтқарсақ мені қазір осы дерттен».
Суырып сүйекті алып тастап еді, Үп деп, қасқыр сонда көзін ашты.
Құтқарған зор бәледен тырнасына. Ол бірақ көрсетпеді ықыласты. Еңбегін
бер деп тырна сұрап еді, Қасекең сау күндегі әнге басты: «Не дейсің?
Ойын ба осың, шын ба, тырна? Қажауға мәжнүн жоқ саған мұнда. Ақы
алып өзгелерден дәндеп қапсың. Қой, тырнам, ойнап мені әуре қылма!»
Танысы мұны көріп келе жатқан, Астында өгізі бар са-ан тартқан. Көзіме
күні бойы көрінбеп ең, келесің сөйле деді сен қай жақтан. Сонда бұл
мұрнын көкке көтереді, Адамсып маңызданып жөтеледі: «Жер жыртып
күні бойын, шаршап келем. Мазалап сұрап саған не керегі?» Мәз болып
мақтағанға насаттанып, Қайтпасын деп ойлайды сағы сынып. Алыстан
арып-ашып іздеп келген, Байғұстың кетсін деді көңілі тынып. Өтірік
мақтағанға қарға еріп, Қарқ етті пәрменінше жағын керіп. Қаңғырған,
тамақ іздеп бір аш бөрі Қозыға жетіп келді жайнап көзі. Жемекке кінә
қойып сол арада, Жала ғып, міні қасқыр айтқан сөзі: «Сен, қозы текке
қарап жүре алмайсың! Соқтықпа маған десем, тіл алмайсың. Мойныңды
қазір жұлып алайын ба! Суымды неге былғап ылайлайсың?». Қозы айтты:
«Қасқыр тақсыр, тоқта азырақ! Тергеңіз кінәм болса, әділ бірақ. Ізіңіз
жатқан жерден төмен келіп, Іштім мен жүз қадамдай қашығырақ...».
«Орманға балтасымен келді мұжық, Аралап ағаш таңдап жүрді кезіп.
Япырым-ай, аман қалсақ жарар ед деп, Жанынан көрген ағаш тұрды безіп.
Мұжыққа бір жас ағаш айтады сөз: «Құдайдан тілеуші едім келтір деп кез.
Мың да бір алғыс саған берер едім, Осы үлкен ағаштардан құтқарсаң
тез...». Ол қанша пайда тапты жалғыз тұрып, Өзгенің әлек етіп, бәрін
қырып. Ағашта қурап тұрған әл болсын ба? Келіп дауыл соғып еді, қалды
сынып. Сонда оған сынып жатқан жылан келді. Өзіңе бәле тілеп алдың
деді. Қорғаушы жаныңдағы ағаштардың. Кінәсіз бәріне ылаң салды деді.
Панаңды желден, күннен қорғап тұрған, Қырғызып өзің жалғыз қалдың
деді. Алланың арам пейіл сүймес құлы, Отыңа өзің жаққан жандың деді.
Әмиян күндіз-түні болды қолда, Ас ішу, дамыл алу болмады онда.
Алтынды бөлек-бөлек үйіп отыр. Өзі мен өзі кеңес құрып сонда. Мінікей,
— деді — енді мен де баймын, Байлармен жұрттан асқан сайма-саймын.
Құдайым бермегенде жаттым ұйықтап, Тұрғанда құдай беріп неге
ұйықтаймын? Шығарсам, қазір алтын үй алатын. Онан соң бір жүз мыңын
бие алатын. Көшкенде жүктерімді атқа артам ба? Тағы да алтын керек
түйе алатын... Сиыр мен мынау алтын қойға деді, Аналар қатын алсам,
тойға деді. Жұмсармын мұнан соңғы алтындарды. Қаражат киім-кешек
бойға деді. Ал енді өгіз тұрып мөңірейді, Көз жасы ағыл-тегіл еңірейді.
181
Қиянат кісі ақына қылман деуші ем: Азғырды шайтан залым мені дейді.
Барып келсе, Ертістің суын татып, Беріп келсе, бір арыз бұтып-шатып,
Елді алып, Еділді алып, еліреді, Ісіп-кеуіп қабарып келе жатып. Әрі-бері
айналса, аты арықтап, Шығынға белшесінен әбден батып. Сұм-сұрқия, қу,
білгіш атанбаққа, Құдай құмар қылыпты қалжыратып. Шын көңілмен
сүйсе екен; кімді сүйсе, Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе. Қырмызы,
қызыл жібек боз балалар, Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе. Жоқ
болса қатыныңның жат өсегі, Болмаса мінезінің еш кесегі, Майысқан
бейне гүлдей толықсыған, Кем емес алтын тақтан жар төсегі. Көлеңке
басын ұзартып, Алысты көзден жасырса, Күнді уақыт қызартып, Кеп
жиектен асырса. Күңгірт кеңілім сырласар Сұрғылт тартқан бейуаққа.
Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап, бойға жайылған.
Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағыны жетіп қайырған. Толғауы
тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең, өзің біл. Қайнайды қаның, Ашиды
жаның, Мінездерін көргенде. Жігерлен сілкін, Қайраттан, беркін деп
насиқат бергенде. Ұятсыз, арсыз салтынан, қалғып кетер артынан. Ит
үрсе, бала таяғын ала қуады, итпен кектесіп. Ұрысқансып, «ой!» деп,
«ұят» деп, «қой!» деп, үлкендер тыяр «тек!» десіп. Оны білсең, мұның не?
Мен де ұят іс қылдым де. Күйдірген соң шыдатпай, қоя ма екен жылатпай.
Оюын ойып, орындап қойып, тор салғандай әрнекке, Қиыннан қиып,
қиырдан жиып, құрап сөзді термекке. Еңбекке егіз тіл мен жақ, Ерінбесең
сөйлеп бақ! Именіп көптен шақтық қып, Еппен тасалама ойыңды. Ашынса
етің, ашылмақ бетің, Кірі көмбей бойыңды. Жүрегіңнің жарасын, көрсет
жұртқа қарасын. Сайраған тілмен, зарлаған үнмен құлағы жоқ кереңді,
ұқтыра алмай сөз әуре, тек тұра алмай, біз әуре. Жаңбыр жаумай, жауса
қар, жұрт жұтайтын түрі бар. Мұны көріп көзіміз, Бірігер деп сөзіміз, Кен
болар деп балшықты, Көл болар деп шалшықты, Біз үмітпен қазып ек.
Жанға көңіл қалып тұр, Жан бұл күйге салып тұр. Тәнге көңіл қалып
тұр, Тән шыдамай, арып тұр. Ет пенен қымыз беріп, сөйлеп көрсең,
Айтқаның жұртқа балдай татыр, інім. Ақылың Аплатондай болса дағы,
Қымыз бен еті жоқ құр-тақыр білім. Ағаның ақыл айтқаны мақұл: жаны
ашыған жақындық. Миллетке қызмет — жүмлеге міндет; ұйқыны аш! дер
ек; Надандықтан қаш! дер ек. Болмайды өңдеп: дұшпан тұр күндеп,
«Миллетке қызмет» — «жүмлеге міндет» деп айтарсыз өзіңіз, Миллеттен
безу, әйтпесе төзу, шын болса сол сөзіңіз. Қараңғылық бұққанда, Қызарып
күн шыққанда, Күн отынан туғанмын. Жүрегімді, жанымды, Иманымды,
арымды Жалынменен жуғанмын. Жүрегім де, жаным да от, Иманым да,
арым да от. Жарқырап от боп туғаннан (берік), Белімді бекем буғаннан
бері. Қараңғылық дұшпаным. Жауыздықты жамылған, Қарынға құл боп
табынған, Қорсылдаған доңыздай, Көкті көрмей, көр болған, Сүйгені
182
сасық жер болған соқыр. Сасық қоңыздай күн батысқа жүрейін. Дұғада
бол, алтын Алтай, қарт анам! Алып ата қуды жолын ер балаң. Ақ
шашыңды, көкірегіңді иіскеуге, Тәңірі жазса, сәулетпенен тез барам.
Азамат, анау қазақ қаным десең, Ұжмақтың суын апар жаным десең.
Болмаса, ібіліс бол да у алып бар, Тоқтатам, тұншықтырып зарын десең.
Достарыңызбен бөлісу: |