312
қат біледі, білмегендерінде ол да жоқ. Переуотшик, қатшылық орын-
морын табылса жарады, табылмаса елде тұрып тіл де, жазу да ұмытылып,
оқымаған қалпына түседі. Сана-саңылау түскендей иә мұсылманша, иә
орысша жете оқыған жоқ: «аз білімін көпсініп, көп қазаққа епсініп»,
переуотшик
иә қатшы болса, пысықсып тікектейтіндер осылардан
шығады.
Жоғары әм орта оқулыларымыз аз болса да, шолақ оқулыларымыз
тәуір бар. Ең аз болса қәр облыстан шолақ оқумен қалатын қазақ баласы
50-60 болады. Бұлардың қызметке кіргендері қазаққа епсінумен болады,
үйіне тұрғанының оқығанынан жұрнақ қалмайды.
«Асыл тастан, өнер жастан» деуші еді, шырақ ұстап, жұрт алдына
түсіп, түзу жолға
бастайтын адамдар шығар деп, үміт ететін
жастарымыздың жайы осы. Орысша оқығандарымыз дейтіні шолақ
оқулылар болса, оларға өкпе жүрер ме? Егерде оқығандарымыз деп
жоғары иә орта оқулылыарды айтса, олар тіпті аз-ақ есепте емес пе? Ұлт
жұмысы – үлкен жұмыс, үлкен жұмысқа көп жұмысшы керек. Үлкен үй
салуға да қанша жұмысшы керек, жеті облыс қазақтың жұмысы үй
жұмысынан ұлұғырақ емес пе? Жұмысшы аз болса, жұмыстың өнімі де аз,
көп болмақшы. Егер де оқу іздеген талапкерлеріміздің қырықтан төртеуі
ғана оқырлық орын тауып, басқалары қаңғырып далада қалып отырса,
жұрт жұмысшысы көбейіп мандыр ма, жұмысшы көбеймесе, жұрт
жұмысы ілгері басып өнер ме? Алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта
алмады деп өкпелеу жөн бе? Бұ да сол сияқты емес пе?
Сол қаңғырып қалып тұрған балалар ұлттың ұлы емес пе? Балам
деген жұрт болмаса, жұртым деген бала қайдан шықсын. Бала деп бағып
оқытып, адам қылғаннан кейін жұртым деп танымаса, сонда өкпелеу жөн
ғой. Аталық міндетін атқарып отырған жұрт жоқ, жұртқа борыштармын
деп жүрген қазақ баласы жоқ. Баққан қазына, қазынаға борыштармыз деп
жүр. Жастарды оқыту расқодынан қашып, қазынаға борышты қылып
қойса, жастарда не жазық бар? Баланы ұлша тәрбиелесең ұл болмақшы,
құлша тәрбиелесең құл болмақшы. Айып...? Егерде осы күнгі орысша,
оқығандардың арасында жұртым...
шығып жатса, жұрттың өткізген ...
төлеу үшін емес, адамшылық о... басынан атқару үшін. Мойындағы
борышты білу білімі ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі. Білім мен
адамшылық екі басқа нәрсе, бірақ борышын білушілер көбейсе,
төлеушілер де көбейуі ықтимал.
Жоғарыдағы айтылған сөздердің ақтығы мынау: әуелі, қазақ,
жұртшылық етіп оқимын деген жастарыңды бүйтіп қаңғыртып қоймас
үшін, қам қылыңдар! Ол үшін әм жердегі оқитын орындарда көбірек
стипендиа
ашу керек, оны ашу қиын да емес, қымбат та емес. Баланы