Шаһзаман мырзаға
Мырза! Көзіңіз шатынап, шеке тамырыңыз шығып, аузыңыз көпіріп,
таласқа кетіп барасыз. Таластан қазақ баласы пайда тауып жүрген жоқ.
Сабырменен отырып, ойласып іс істелік. Қазақ тіліндегі дыбыстарды көп,
я аз деп көрсетіп, борышыма берейін деп отырғаным жоқ ғой. Мақсат – сіз
болып, біз болып, ақылдасып отырып, дыбыс басына хәріп белгілеп,
жазуымызды бір жөнге салалық деген. Осы күнге һәркім һәр түрлі жазып
жүр, бір жөнменен жазылатұғын жазу жоқ. Жазғанымыздың қата,
дұрыстығын айырарлық емле жоқ. Оның жоқтығы қазақ тіліндегі
дыбыстарға ашып-арнаған хәріптер жоқ. Бір сөзді екі түрлі жазады.
Мысалы, сізде
ء
ن ﻩزوا
–
ء
ن ﻩزوي
екі түрменен жазып көрсеттіңіз. Соның
екі түрін жазғанша бір-ақ түрін дұрыстап, кесіп айтсақ болмай ма? ..
Сіздің жазған сөзіңізден байқаймын, қазақтың тілінде неше һәм нендей
дыбыстар бар екен деп, һеш уақытта ойланып қарамағансыз. Өзгелердің
қазақ тіліндегі дыбыстар турасында жазғанын оқымағансыз. Дыбыс пенен
хәріп екеуін бір затқа санайсыз. Мен қазақ тіліндегі дыбыстарды айтамын,
сіз арабтың харіптерін алып келіп көрсетесіз. Сіздің қарауыңызша, араб
харіптеріне дұрыс келетін дыбыстар қазақ тілінде бар болмақшы, дұрыс
келмейтін дыбыстар тіпті жоқ болмақшы. Олай болғанда арабтың
хәріптері қазаққа келмей тұрған уақытта, қазақта һешбір дыбыс болмасқа
керек ғой. Араб хәріпінен бұрын қазақ сөйлемеді дейсіз бе? Біз ойлаймыз,
қазақ араб хәріпінен бұрын да сөйлей деп, сөйлеген соң дыбыстары да
болды деп. Ол дыбыстарының араб хәріптеріне тура келетіні де бар,
келмейтіні де бар деп. Бары, тегіс келмейтін себебі: араб әл әліппесі
қазаққа деп арнап шығарған әліппе емес, араб тіліне арнап шығарған, һәр
халықтың тіліндегі дыбыстардың ішінде бөлектік болады. Бірінде бар
дыбыс, бірінде жоқ болуға ықтимал: Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |