«Ахмет Байтұрсынұлының 0 жылдығына арналған байқау сценарий» тур: Топтық таныстырылым Видеоролик Сәлемдесу



бет2/8
Дата20.05.2022
өлшемі29.66 Kb.
#457984
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8
сценарий конкурс

2 тур
Эссе


3 тур
Ахмет Байтұрсынұлы жайында жоба қорғаймыз
«Сондықтан заман жүйрік, біздер шабан,
Артында ілесе алмай жүрміз әман.
Күн сайын өзгеріліп, өнер артып,
Бәрі де бара жатыр алға таман», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, күн сайын дамып, ілгерілеп бара жатқан заман талабына ілесу әр кезде де мүмкін болмайды. Ал білім саласында ондай жаңашылдықтарды жыл сайын енгізе беру тіпті қиынның қиыны болмақ.
Сондықтан оқушылар сабақта сөйлеу əрекетінің тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім секілді барлық түрлерін қатар, өзара сабақтастықта қолдануды жүзеге асыруға назар аударылуы тиіс.
Осыған орай, А.Байтұрсынұлының əдістеме саласындағы еңбектерін саралай келе, оның бізге ұсынған əдіс-тəсілдерінің қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа технологиялардың біразымен астасып, сабақтасып жатқанын анықтадық. Ғалым қолданған «Дағдыландыру», «Сынау», «Ойнаңдар! Ойлаңдар!», «Алғанын жазу (ермек-еңбек)», «Қисындау (ермек-еңбек)» жəне т.б. айдарлармен берілген тапсырмалар баланың шығармашылық танымын жетілдіруді көздеген.
Ғалым өз еңбектерінде шығармашылық танымдық деңгейі жоғары мəтіндерді ұсынып, білім алушының тілін дамыту мəселелерін назарда ұстаған. Əдіскер ғалымның еңбектерін саралай келе, оның оқу үдерісін ұйымдастыруда əңгіме, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, берілетін білім көзі деңгейіне сəйкес түсіндіру, салыстыру, тіл дамыту, оқулықпен жұмыс істеу, ойын əдістерін шебер қолданғанын, сонымен қатар дамыта оқыту технологиясы, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс түрлері, топтық, ұжымдық жұмыс түрлерінің барлығын қамтығанын көре аламыз.
Ғалым жүйелілікті қатаң сақтаған. Мысалы, «Əліп-биде» алдымен «еңбек-ермек» айдарымен берілген тапсырмалар арқылы сөздерді үйретеді. Қазіргі уақытта пайдаланып жатқан шиыршық қағидаты осы ғалымның еңбектерінен бастау алған, яғни ол сөздерді бірте-бірте күрделендіреді (ар, ара, араз; аз, аза, азар) жəне керісінше дағдыландырады (Ораз, ора, ор), ол сөздерден сөйлем (Ор, Ораз! Ораз! Ор), сөйлемнен жаңылтпаш (Ораз, орар, аз орар) құрастыруға жетелейді. Түрлі суретті көрнекіліктер арқылы меңгертіп, олардың ойлауын дамыту мақсатында «Ойнаңдар! Ойлаңдар!» айдарымен тапсырмалар ұсынады. Мақал жəне мəтіндер арқылы тақырыпты қорытындылап, тұжырымдауға үйретеді.
Мектепте оқытылатын әдебиеттік оқу сабақтарында баланың ой қорытуына, өзіндік тұжырым жасауына, сол тұжырымын көрнекі түрде жеткізуіне аса мəн берілмейді. Ал, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда сабақтарды түрленіп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек:

  • оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;

  • сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;

  • шығармашылық ой — өрісі артады;

  • кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдармен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;

  • ұжымдық ой — пікірлері жетіледі, топ мүшелерін пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;

  • мұғаліммен оқушылардың қарым — қатынасы ынтымақтастыққа болып, сенімділіктері артады;

  • оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;

  • білімін жүйелі түрде толықтыруға;

  • өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға;

  • тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;

  • оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін тудырады.

Бастауыш сыныпта «Әдебиеттік оқу» сабағында ұтымды уақыт тауып, шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Ол үшін мұғалім мәтіннің, жаттығудың өн — бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайлар іздеп табуы керек. кейбір практикалық тапсырмаларды да шығармашылық арнаға бұрып, өзгертуге болады. Бастауыш сынып оқушыларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар естіген әңгімелер, ертегі желісімен өзі де оларды құрастыра алады. Сондықтан мұғалім ертегіні немесе әңгімені бастап беріп, оны аяқтауға оқушыға тапсыратын болса, балалар оны аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта дамытуда біз өз іс – тәжірибемізде мынадай әртүрлі әдіс — тәсілдерді қолдандық.
Олар мыналар:
1. Терминдерге мән бере оқыту.
2. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
3. Мәтін бойынша мақал құрастыру.
4. Мәтіндерді салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
5. Өлең құрастыру. Дайын өлең жолдарын бір, екі жолын беру арқылы. Дайын ұйқастарды ұсыну арқылы.
6. Шығармадағы әңгімеге ұқсас оқиғалар айтқызу.
7. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу.
8. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар т. б.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет