Ақыл –ой тәрбиесі


ІІ. АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ



бет5/8
Дата13.06.2022
өлшемі362.5 Kb.
#459201
1   2   3   4   5   6   7   8
Ақыл ой тәрбиесі

ІІ. АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ.

2.1 Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі мен дамуы


'Бала тәрбиесі - баршаның ісі". Ендеше бала тәрбиесіне оның болашағыне немқұрайды қарау кешірілмес күнә. Халқымыздың ''балалы үй бәзар баласыз үй мазар" деген аталы сөзі текке айтылмаған Балғындардың риясыз күлкісі, әсем қылыаынсыз өмірді, келешекті көз алдымызға елестету мүмкін емес. Бала десе жүрегіміз езіліп көңіліміз толқып, мерейіміз таси түсетіні де сондықтан болар.
Нарық заманы бүгінде қай салаға да жеңіл тиіп отырған жоқ. Бірақ сол қиыншылықтарды тілге тиек етіп, жас ұрпақ тәрбиесіне, келешегіне немқұрайлы қарауға болмайды.
Ата-бабаларымыздың өткен тарихын, ғасыр ауламаларын балғын-дардың жүрегіне ұялатып, болашақта олардың ел қамын ойлайтын отансүйгіш азамат болып өсуіне басты назар аударылады Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына сай "Қазақстан - 2030" бағдарламасын қуаттап, "Ақбота" балабақшасында көптеген тыңғылықты істер жүзеге асырылуда. Мысалы: "Мен Қазақсандықпын" әдеби-музыкалық мейрам "Отан отбасынан басталады", "Болашақ" атты интелектуаль-ды ойын-сауық. патриоттық, саяси тақырыптарды Отан-Ананың не екенін бүлдіршіндерге жан-жақты түсіндірсек, "Ақын Абай", "Мұхтар ата", "Қыз Жібек", "Біржан - Сара" тақырыптары қазақ даласының, өнері мен дәстүріне деген кішкентай сәбилердің сезімін оятты деуге болады. Сондәй-ақ әртүрлі тақырыпта өткізілген ашық сәбақтар: "Отан -екінші үйім", "Көршімен тату болайық", "Достық"тағы басқа семинар-кеңестер, өзге бақшалармен іс тәжірибе алмасу, облыстық, қалалық байқауларына өнерпаз балғындарды үзбей қатыстырып, олардың бойларынан ұшқын атқан титтей жақсылықты одан әрі ұштап, қанатын қомдау бәрі-бәрі игі жақсылықтарға бастаған еңбектің нәтижесі деп білеміз.
Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі - қазақ. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. Өйткені, қазақтың ел алдындағы абырой-беделі, қадір-қасиеті тек жеке басының жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы, жарақтылығымен де өлшенген.
Ата-бабаларымыздың сондай-ақ тектілік деген киелі ұғымды ежелден қастерлеп, оны атадан балаға мирас қып қалдыруында да терең сыр жатқандай. Туа бітгі тектілігін, табиғи қадір-қасиетін сақтап қалу үшін олар мүмкіндігінше тәрбиелі отбасылармен құдалы-жекжат болуға ұмтылған. Тарих қойнауына үңіліп, ұлттық тәрбие сырларына тоқталып отырғанымыз да тегін емес. Өркениетті ел қатарына қосыламыз, келешекте көш бастайтындай көшелі ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, ұлттық тәрбие сырларын, тағылымдарын еш уақытша да естен шығармауымыз керек.
Шығыстың ғүламасы әл-Фараби: "Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін" - деген.
Адам өмірге бәрі бірдей болып келеді, бірақ та өсе бара олардың тағдыры әртүрлі болып қалыптасады. Баланың құдіреті санасында, сондықтанда әрбір бала саналы өмір сүрсе және бәрін ақылға салып, ойлап істесе, оның алдына қойған мақсатына да, байлыққа да, бақытқа да қол жеткізуіне болады.
Адамзат баласының осы кезге дейін құрған қоғамы, жасаған рухани және материалдық байлығы, осының бәрі сананың жемісі. Ендеше біз адамды адамгершілік әдетке баулығанда оның санасына салмақ салуымыз керек. Сана арқылы адамның 5 дүниетанымы, өмірге көзқарасы, рухани мәдениеті қалыптасады. Адамның ғұмыры жан мен тәнге негізделген. Яғни адам жан мен тәннен тұрады. Жан жайбарақат болуы үшін тәннің жайбарақат болуы шарт. Олай болса, адам бақытты болу үшін жаны мен тәнін қоса тәрбиелеуі керек. Яғни салауаттылық өмір қағидасын ұстануға тиіс. Бұл орайда бабаларымыз: "Тәні саудың - жаны сау" - деп, салауаттылық өмірді игерудің жолын көрсетіп берген. Баланың жастайынан дені сау азамат болуын аңсаған халқымыз келіндерге жаңа туған нәрестені қалай күту жөнінде ақыл-кеңес берген, сәбиді тұзды сумен шомылдырып, денесін маймен сылаған, қол-аяғын созып, "өс-өс" - деп буындарын бекіткен. Дене сұлулығына, әсіресе, қыз баланың көрікті болуына ерекше көңіл бөлген "Аттың көркі - жал, қыздың көркі - шаш" деп ұққан.
"Денсаулық - зор байлық" деп қазақ халқы дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса, иесі де мықты. "Сау жан сау денеде ғана болады" деген мәтел ескіден қалған.
Бала бақытты өмір сүру үшін ең әуелі рухани саулығына көңіл бөлуі тиіс. Рухани саулыққа көңіл қойылған жағдайда адам елмен сыйласымды, ойлау қабілеті жоғары, шама-шарқын білетін, ақылмен іс істейтін, өте сезімтал, ұстамды да байсалды, қоғамдағы өз орнын білетін, жауапкершілігіне ұқыптылықпен қарайтын, адамдармен тез тіл табыса алатын, табиғатты сүйетін, қоршаған ортадан хабардар, бақыт дегеннің не екенін түсінетін жан болады. Ал, рухани саулығы жоқ адам аталған барлық қасиеттен жұрдай болмақ.
Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор. халықтық іс болып табылады.
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз. мемлекетіміздін білімді, білікгі, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу Мемлекеттік коммуналдық қазыналык кәсіпорынға қарасты алты балабақшаның алдына қойған мақсаты "Білім туралы" занның балабақшаларға арналған жоспарының орындалуын қадағалау.
Егеменді еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуге елеулі үлес қосып, сәбилерге ұлттық тәлім-тәрбие бере отырып 5 - 6 жастағыларды мектепке дайындау ісі отбасылар мен балабақшаларда берілетін білім мазмұнын жаңарту, оның біртұтас жүйелігінің қамтамасыз етуді мақсат етеді. Сондықтанда 5-6 жасар балаларды мектепке даярлау мәселелері ата-аналар мен ұстазлар қауымын ерекше толғандырады. Бағдарлама мазмұнын іске асыруда білім беру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Неге десеңіз мектеп қабырғасын аттаған балаларды байқағанда балабақшамен қамтылған балалар мен балабақшаға бармаған балалар арасындағылардың айырмлшылығы бірден көзге түседі. Балабақшамен қамтылған балалар тәрбнешінің айтуы, нұсқау бойынша жұмыс жасап, іс-әрскетте белсенділік көрсетіп, өз құрдастарының арасында өзін - өзі еркін ұстап, әрі бақылай алатындығы байқалады. Ал үйден келген әр бір баланың психологиялық дамуына жаңа ұжымға, күн режиміне үйренуінде мектепке леген қызығушылығында икемдік орын алады. Оларды мектеп жағдайына қалыптастыруға педагогтың шеберлігі үлкен роль атқарады.
Халықтың өсімі негізінен тұрғылықты қазактардың есебінен деп есептелсе, олардың негізі ауылдарды мекендейді. Алдағы үш жылды ауыл жылы атап, арнайы бюджеттен қаржы бөлініп, ауыл экономикасын көтеру ісіне мемлекет тарапынан көңіл бөлінуі де жоғарыдағы мақсаттың жүзеге асуына қолқабыс жасары анық. Атам заманнан нешеме зобалаңды бастан кешкен казақ халқының ұлттық қасиетіндегі бір ерекшілігі ұрпақ жалғасын бір сәтте естен шығармағаны. «Атадан ұл туса игеді, ата жолын қуса игеді» деген нақыл да осы мақсаттан тумасына кім кепіл? Жұбан ақын жырлағандай «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың ықылым заманнан бері санай бастасақ жүздеген, мыңдаған ұлы, дана, бір туар адамдарды дүниеге әкелгенін, тарихта олардың көбісінің есімі алтын әріппен жазылғаны» ұмытуға хақымыз жоқ? Мүмкін: мұның сыры қазақ халқының жеті атаға толмай қыз алыспау салтын сақтаған ұлттық ерекшелігінде болар. Аталас, бір қаннан тарағандар емес, басқарудан некелесуден туған үрпақтың адами қасиеттернің сапалы болуын медицина ғылымы да дәлел деген көрінеді. Сол сапалы қасиетімізден жаралған жас ұрпақты бүл күнде маскүнемдікте, нашақорлықтан, қатігездіктен, имансыздықтан сақтай білу де зор міндет болып тұр. Мұндай аса кау іпті індеттен арылмайынша халықтың санының өсімін арттыру да оңай емес. Бұл да ел болып ойланатын жағдай.
Ендеме сол ұрпақты дүниеге әкеліп қана қою аз. Оны өсіріп жетілдіруге уақыт талабына сай жан-жақты тәрбие беруге көп жағдай керек екені айтпаса да түсінікті. «Бес саусақ бірдей емес» дегендей балаға берілетін үйдегі тәрбие, оған мән берушілік те бірдей емес. Баланың тамағы мен киіміне де, тәрбиесіне де қалай болса солай бейқамдықпен қарайтындар аз ба? Оған қоса маскүнемдікке салынған, өз тесегінен жерінген әкелер, тастанды сәбилердің көзін жәудіреткен көбелек шешелер азаймай, ұрпақ алдындағы жауапкершілікті жолға қою шешіле қояр ма екен?
Ата-аналар бала тәрбиелеудің әдіс-тесілін білу жөніндегі білімін арттыру, баланың денсаулығын қадағалау, мектепке дейінгі сәбилерді
арнайы ғылымға негізделген әдіспен білім мен тәрбие беретін
балабақшаларға беріп, мектепке жан-жақты дайындыкпен апару
сияқты аса қажет жауапкершіліктерге бейқамдыкпен карамай, зор мән бергені жөн дер едім. Сонда ғана заман талабына сай ұрпақ өсіріп, халқымыздың санын көбейте аламыз.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдегі өркениетті елдермен терезесі тең мемлекет ретінде халықаралық ықпалдастыққа бет бұрып, саяси-экономикалық мәселелерді ұлттық мүддеге орайластыра отырып, тиімді дамудың жолдарымен жүріп келеді. Мұны еліміз ішкі және сыртқы саясаттағы өзіндік байыпты бағыттары арқылы жүзеге асырып отыр. Бұл орынды да. Өйткені халқымыздың ғасырлар бойы біртіндеп қорланып қалыптасқан рухани қазынасы тоталитарлық жүйе кезеңінде орасан зор дағдарысқа ұшырап, тоқырап қалғаны баршаға аян. Ол өз кезегін жалпы жұртшылықтың, әсіресе өскелең жас ұрпақтық өз туған халқының рухани құндылықтарынан, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарынан ажырап қалуына әкеп соқтырды. Міне, сондықтан да жас өспірімдердің халқымыздың рухани тамырынан толық қол үзіп қалмауы - біздің бүгінгі елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі өлшемдерінің бірі деп есептеуге болады. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты халыққа арнаған өткен жылғы жолдауында ендігі жерде қай салада да тек көшке ілесе білу ғана емес, нағыз бәсекелестік қабілеттілікті қарыштап дамыту керектігін айырықша атады. Бұл орайда, әрине, білім беру саласына ерекше назар аудару қажеттігі анық. Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен бірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз.
Тәуелсіз елімізде жастарды бүгінгі күн талабына сай ұлттық тәлім -тәрбие беруде халқымыздың бай мәдени мұраларын , педагогикалық ой-пікірлерін, жинақталған ұлттық құндылықтарды зерттеп, жүйелеп оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланудың маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі бәсекеге қабілетті жас өспірімдерді тәрбиелеу, ұлт тұрмыс-тіршілігін өркендетуші сапалы да, сауатты, ұлтжанды, мәдени - ғылыми ой өрістері кең ұрпақ өсіру - қоғам алдында тұрған басты міндет. Әрбір қоғам өзінің даму барысындағы зиялы қайраткерлердің педагогикалық ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін зерделеп, заман талаптарына сай жетілдіріп 127 пайдаланып отырған.Сондықтан ғылыми педагогиканың бастауы деп санайтын орта ғасырлық ұлы ойшылдар Әл-Фараби, А. Иассауи, М. Қашқари, Ж. Баласағұни, М. Х. Дулати т.б. тарихи - педагогикалық мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлері ұлттық тәлім-тәрбиенің мазмұнын кеңейтіп, жас ұрпақтарды ел жандылыққа, имандылыққа, патриоттық рухта тәрбиелеуде тірек болуда. Бұл тәлім-тәрбиелік идеялар ХІХ ғасырда Ыбырай, Шоқан, Абай сынды ағартушылардың ойлары мен қазақ халқының тәлім- тәрбиелік құндылықтарын жаңа деңгейге көтерді.
Халқымыздың бүкіл рухани әлемінен, тәрбиелік ой-пікірлері тарихының аса көрнекті ағартушы , қоғам қайраткері, демократ, ғалым Ы. Алтынсарин есімінің алар орны ерекше. Ы. Алтынсарин - өз дәуірінің әдеби - мәдени өмірінде өшпес із қалдырған, туған әдебиетіміздің биік тұлғасы тұғырына көтерілген ұлы педагог, ұлағатты ұстаз, өзі айтатындай, әдебиетіміздің «алыптар тобының» өкілі. Ы. Алтынсарин-өзінің бұкіл жарқын талантын, күш жігерін, халқына еліне, әсіресе, жас ұрпақтың тәрбиесіне жұмсаған қаламгер. Оның әдеби шығармалары қазақ әдиебетінің қалыптасып дамуына, ал-оқу саласындағы көзқарастары- республикамыздағы педагогикалық-психалогиялық ой-пікірдің өсіп-жетілуіне, оқулықтарымен оқу құралдары-төлтума мектеп оқулықтарын жасау өндірісіне орасан зор ықпал етті. Қазіргі таңда білім саласының қызметкерлері, ұстаздар, тәрбиешілер оқу- тәрбие ісіне ұлттық сипат беруге, оны бүгінгі күн талабына орай барынша мазмұнды жүргізуге күш салуда. Білім беру туралы Заңда: «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр- салтын оқып үйрету үшін жағдайлар жасау - негізгі міндеттердің бірі» делінген. Көне тарихымызға көз жүгіртер болсақ, ұрпақ тәрбиесіне ежелден таңғажайып ғибратнамаға толы ауыз әдебиетінің, бесік жырларының, қисса-дастандардың, шешендік сөздердің, ұлттық рәсімдердің ықпалы аз болмаған. Осылайша бала кішкентай кезінен бастап ғылымның әр саласынан мол мағлұмат алып, ибалы, инабатты, елгезек, ұлтжанды болып өскен. Тоқырау кезеңінің сыныбынан сүрінбей өткен халықтық тәрбие, қазір жаңарып, жаңғырып, бізге толыққанды боп жеткен баға жетпес бай қазына. Онда халқымыздың ұлттық қадір-қасиеті көрініс тапқан.
Осыдан он ғасыр бұрын ғұмыр кешкен қасиетті бабамыз, аруақты ақынымыз Жүсіп Баласағұн: «Рухани жағынан жаңару мен тазарудың екі жолы бар: «бірі - діни тәрбие де, екіншісі - ұлттық тәрбие» - деп жазған, шәкірттерімізді ұлттық тәрбие тағылымдарымен мол сусындатып, XXI ғасырдың білімдар да, салауатты, елгезек жандарын тәрбиелеуге бар күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз. Тәрбие табалдырықтан басталады демекші, біздің бабаларымыз кезінде баласын немесе немерелерін қазыналы қарттар отырған жерлерге апарып, жүріс-тұрысты үйренуге, аңыз-әңгімелерді естіртуге, одан тәлім алуға баулып келген. Үлкенді қадір тұтып, ерекше сыйлап өткен қазақ ауылының өмірінде қарттарға деген ықылас, ілтипат, сый-құрмет ерекше болған. Көпті көрген қариялар отбасында оқушылық, тәрбиелік қызмет атқарған, үлкенді сыйлау, құрметтеу, солардан жақсылықты, ізеттілікті үйренуге баулып отырған.Қазіргі таңда сый-сияпат, ізгілік дегенді жас жеткіншекке үйрету маңызды мәселелердің бірі деп ойлаймын. Ол үшін мектеп қабырғасынан бастап, тәлім-тәрбиелік маңызы зор түрлі іс-шаралар, ұлттық тәрбиеге байланысты мерекелік немесе жүздесу кештерін өткізіп отыру керек. Мектеп қабырғасында болсын, жоғары оқу орындарында болсын, танымал тұлғалармен, елімізге еңбегі сіңген білгір азаматтармен кездесу кештері жиі ұйымдастырылады. Мұндай кештердің негізгі мақсаты - үлкенді құрметтеу, оларға қамқорлық жасау, аға ұрпақ пен арманы асқақ жас ұрпақ жарастығын, ынтымағын нығайту, үлкендердің ғибратты әңгімелерінен өнеге алу. Бұрын халқымыз зерделі қарияны бір үйдің ғана емес, бүкіл ауылдың, елдің қамқоршысы, ақылшысы тұтқанын ескере келе, оқушыларды бүгінгі күн тұлғаларымен, білікті азаматтарымен салыстыра отырып пікір алмастыру қажет. Осыдан кейін оқушылардың тәрбие сағатынан алған әсерін олардың шығармашылық жұмыстарынан байқайды. Ұстаздар қауымы өз тәжірибелерінде дәстүрлердің озығы мен тозығына зер салып, әдеби мұралардың жақсарған құбылыстарын зерттеп пайдалануды еңбасты міндет ретінде алға қою керек. Ертеңгі елдің барлық шаруашылығын жүргізіп, қолында ұстаушы - бүгінгі сәбилер, балалар, жастар. Өркениетті елдің көзі ашық азаматтарын, экономикасы мен саясатын басқа елдермен тепе-тең жүргізе алатын, ата- бабаларымыздың қолының күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалдырып кеткен жерімізді, мекенімізді сақтай алатын, айтысса, айтысса алатын, сайысса, сайыса алатын, «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіттерді, инабатты, икемді, бойынан ақыл-ой, мейірімділік, әсемдік, сұлулық лебі есіп тұратын бойжеткендерді тәрбиелеу - негізгі міндетіміз дер едім. Халық педагогикасында оқушыларға имандылық, адамгершілік, ізгілік туралы мағлұматтар кеңінен насихатталады. Оны пайдалану, өз тәжірибесінде қолдану - бүгінгі ұстаз еншісінде.
Ата-бабамыздың ұрпағына мұра еткен бар асылының қаншама ғасырлар бойы көшпейтіндей етіп,артына із қалдыруы көрегенділіктің көрнісі. Адамзат баласының өз тіршілігінде көрген-білгенін, тоқып-түйгенін, қорытып келешек ұрпағына мирас етіп қалдырғаны-табиғи заңдылық. Адам бойында қалыптасқан имандылық қасиеттерді рухани құндылықтарға жатқызуымызға болады. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы-Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму жолын айқындайтын, стратегия, Президентіміз Тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір Қазақстандықтың, әр отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. Мәңгілік Ел-жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы болатын. Ендігі ұрпақ-Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің ұлттық идеясы-Мәңгілік Ел!» деп елбасымыз нақты атап өтті. Әлеуметтік маңызы зор құндылықтың мән-мағынасын ұғындыру,баланың санасына, сезіміне, түйсігіне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеде жеткізу ұстаздық шеберлікті талап етеді. Қазіргі қоғамда бізге жетіспей жатқаны өзіміздің қазақи өмір сүруімізбен шығыстық дүние танымдағы ұлтттық мектебімізді құру. Қазақылық дүние танымның өзегі- адамшылдық. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің ұлағатты сөздерінен, іс-қимылынан танылып, сезім арқылы жүректен-жүрекке беріліп отырған. Егеменді ел жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің маңызы зор. Қазақстан Республикасының баянды тәуелсіз ел болуы үшін ұлттық құндылықтар, тәрбие арқылы халық педагогикасынан нәр алып адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген, таза елжанды азаматтар қажет. Қазақ елі үшін бар білімі мен қабілетін сарып ететін, елін, туып өскен жерін, тілін, халқының салт-дәстүрін,тарихын, дінін, мәдениетін құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу.Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу дегеніміз-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгілік қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру. Бүгінгі таңда жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық құндылық, ұлттық рухымызды сақтап қалу - алдымызда тұрған үлкен міндет.
Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз - оқушылардың ақыл-ой күшін, ойлауын дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін мұғалімнің атқаратын мақсатты іс-қызметі. Ақыл-ой тәрбиесі білім қорының жинақталуына, оқу-танымдық операцияларды меңгеруге тікелей ықпал етеді. Адамның ақыл-ойы -барлық адамдарға тән адам миы қызметінің өнімі. Педагогтар және психологтар ойды және оның жеке түрлерін дамытуды ұсынады.
Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны - оқушылардың ақыл-ой күшін дамыту: ақыл-ойдық даму деңгейі, адамның білімді жинақтай білу қабілеті, негізгі ойлау операцияларын меңгеруі, ақыл-ой іскерлігі. Ақылдық белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, зиялылық білік-тілікті меңгеруге қабілетті етеді. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:
- ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинақтау;
- ақыл- ой түрлерін дамыту;
- негізгі ойлау тәсілдерін меңгеру;
- зиялылық біліктерді қалыптастыру;
- дүниетінымды қалыптастыру.
Оқушы нақты оқу материалын - фактілерді, оқиғаларды, символдарды, терминдерді, есімдерді, заңдарды, теоремаларды меңгеріп, білім қорын жинақтайды. Білім оны қолдану саласымен, қолдану әдістемесімен байланысты. Білім қорын меңгеруде баланың мақсатқа жетуге ұмтылуы, білімді ала білуі, ақыл-ой еңбегінің мәдениеті үлкен рөл атқарады. Мұғалім ақыл-ойды және оның жеке түрлерін дамытуға міндетті.
Ақыл-ойдың түрлері: диалектикалық, логикалық, абстрак-тылық, категориялық, теориялық, индуктивтік, дедуктивтік, алгоритмдік, техникалық, өнімдік және репродуктивтік, жүйелілік.
Диалектикалық ойлау - құбылыстардағы қарама-қайшылықтардың бірлігін көру, даму бағыттарын анықтау, жаңаның пайда болуын көру, құбылыстардың өзара байланысын, пайда болу себептерін табу.
Логикалық ойлау - білімді өңдеудің логикалық тәсілдерімен байланысты. Талқылау, дәлелдеу, теріскешығару, қорытынды, болжам жасау тәсілдері байланыстарды табуға, жаңа білім алуға көмектесіп, білімді жүйеге келтіреді.
Абстрактылы ойлау- адамға мәнсіз белгілерді көріп, жалпы және мәндіні бөлуге, абстрактылы ұғым қалыптастыруға көмек-теседі.
Категориялық ойлау - айырмашылықтары мен ұқсастықтары негізінде ұғымдарды топтарға біріктіру іскерлігі.
Теориялық ойлау - білімнің ғылыми негіздерін, даму принциптерін түсініп, заңдылықтарды көріп, құбылыстар арасындағы мөнді байланыстарды түсіну іскерлігі.
Индуктивтік ойлау - ойдық жекеден - жалпыға, фактілерден - корытындыға қарай қозғалысы.
Дедуктивтік ойлау - ойдық жалпыдан - жекеге, қорытындыдан - фактілерге қарай қозғалысы.
Алгоритмдік ойлау - нұсқауға, ережеге толықтай сүйеніп, міндеттерді бөліп, іс-әрекет стратегияларын анықтау.
Ақыл-ойдық дамуы талдау (тұтасты жеке бөліктерге ойша бөлу), синтез (бөліктерді тұтасқа ойша біріктіру), салыстыру (ұқсастықтарды және айырмашылықтарды табу), жүйелеу (заттарды, құбылыстарды топтарға бөлу) сияқты негізгі ойлау тәсілдерін меңгеруге байланысты.
Зиялылық біліктілік оқушының сапалы білім алуына көмектеседі. Оқу іскерліктері жалпы - барлық оқу пәндерінде қолданылатын және арнайы - белгілі бір білім саласынан білім алуға керекті іскерліктерге бөлінеді. Бұл іскерліктер оқу бағдарламасында жазылады.
Жалпы (жалпы педагогикалық) іскерліктер - оңи білу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс істей білу. Қазіргі уақытта оқушының өз жұмысының қорытындысын шығара білу іскерлігіне үлкен маңыз берілуде.
Арнайы іскерліктер - ноталарды тез оқу, техникалық сызбалар, тарихи және жағрафиялық карталарды оқу, музыкалық шығармаларды тыңдау, сөздіктерді және анықтама әдебиеттерін қолдану. Бұл іскерліктерге оқушыларды үйрету керек. Оқулықтағы "Мәтіндібаянда", "Жоспаржаса", "Дәлелде" деген тапсырмаларды орындату үшін мұғалім оқушы іс-әрекетінің стратегиясын белгілейді. Осы іскерліктер оқушының ақыл-ой еңбегі мәдениетін дамытады. Бұл: уақытты тиімді пайдалану, оңтайлы жұмыс ырғағы, жұмыстағы жүйелілік, жұмыс орнын тәртіппен ұстау, ақыл-ой іс-әрекетінің ережелерін білу, жұмысқа кірісе білу, жұмысты зейін қойып, мұқият атқару, қиыншылықтарды жеңе білу.
Ақыл-ой тәрбиесінің маңызды міндеті - оқушыларға табиғат пен қоғам дамуының заңдарын меңгертетін ғылыми дүниетінуды қалыптастыру.
2. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары.
Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы - оқыту.
"Дамыта оқыту" ережелеріне сүйеніп жасалған оқу бағдарламалары оқушыларды ақыл-ой жұмысына үйретеді.
Ақыл-ой тәрбиесін беру жолдарын Л.С.Выготский, Л .В.Занков, т.б. терең зерттеді. Л.В.Занков оқушының ақыл-ойын өсіру үшін өілімді бере берудің жеткіліксіздігін, ақыл-ой жұмысының тәсілдеріне үйрету керектігін дәлелдеді.Д.Б.Эльконин ақыл-ойды білімнің мазмұны дамытатынын дәлелдеп, оған анықтама, фактілерді енгізумен шектелмей, оқушы өзі білім алатын таным қызметін ұйымдастыру үшін сабақты мәселелі пікірталас әдісімен өткізуді ұсынды.
Л.В.Занков және оның ізбасарлары ұсынған дамыта оқыту принциптері:
• бағдарламаны тез қарқынмен оқып, оқушыларға жаңа білімдерді бере беру. Ең бастысы - танымның үздіксіздігі және жүйелілігі.
• бастауыш сыныптардағы теориялық білімнің жетекші рөлі. Оқушылар таным, ақыл-ой жұмысымен айналысып, бақылаулары арқылы ұғым, анықтама шығарып, білімдерін тәжірибеде қосарлданады. Мысалы, абстрактылық алгебралық операциялар тәжірибелік жұмыстар үшін қолданылады.
Зиялылық іскерліктерді қалыптастыруға көмектесетін тапсырмалардың негізгі түрлері:
• оқушының дербестігін, индуктивтік ойлауын дамытатын зерттеу сипатындағы тапсырмалар: бақылау, эксперимент жүргізу, саяхаттар, экспедициялар, ауылшаруашылық тәжірибелік жұмыстар, приборларды құрастыру, сурет бойынша сөйлем құрастыру, шығарма, рефераттар жазу, сурет салу, т.б.
• логикалық және жинақтай ойлау іскерлігін дамытатын салыстыруға берілетін тапсырмалар: шығарма кейіпкерлерін, импметриялық фигураларды, оқиғаларды салыстыру.
• ойлау әрекеттерін реттеуге бағытталған ақыл-ойдың алгоритімдік түрін дамытатын тапсырмалар: оқиғаны жоспар бойынша баяндау, суретті үлгіге қарап сипаттау, есепті шығару жоспарын жасау, алгоритмдік нұсқамаларды пайдалану, оларды өз бетімен құрастыру, т.б.
• талдауға байланысты тапсырмалар: заттарды, құбылыстарды топқа бөлу.
Ақыл-ой тәрбиесін беру үшін мұғалімдер, ғалымдар ғылыми тақырыпта лекциялар оңиды, ғылыми кинолар көрсетеді, оқырмандар конференциясын өткізеді, кітап көрмесін ұйымдастырады, физика, химия, математика, т.б. пәндерден апталықтар, байқаулар, олимпиадалар өткізеді. Топтар шеберханаларда көрнекі құралдар жасайды. Үйірмеде қиын есептерді шығарып, оқушылар сөзжұмбақ, ребус, сөзөрім, сөзтуымдар шешеді.
Жеке оқушылар ғылыми кітаптар оқиды, техника жасайды, үлгілер құрастырады, шығармашылықты талап ететін тапсырмалар орындайды, ғылыми тақырыпта баяндама, рефераттар оқиды.
Ақыл-ой тәрбиесі мен ақыл ойды дамытуға арналған тапсырмаларды түрлендіріп, үйлестіріп берудің маңызы зор. Мұғалім осы талап тұрғысынан оқушы тұлғасын қалыптастырғысы келсе, өзі бұл тұрғыдан жоғары болуы тиіс.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерін шешу мұғалімнің біліміне, жалпы және әдістемелік мәдениетіне, өзінің танымдық күшінің дамуына байланысты екендігі сөзсіз. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке тарту, түрлі тапсырмаларды пайдалану, оқытуды дұрыс ұйымдастыру, олардың жалпы дамуын және рухани қажеттерінің өсуін қамтамасыз етеді.
3. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда ақыл-ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру айрықша орын алады. Оқу еңбегінің мәдениеті оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетінің сапасын сипаттайды. Еңбектену мәдениеті - бұл оқу еңбегін дұрыс жоспарлау және тиімді ұйымдастыру, оқу ережесін сақтау, жұмыс орнын және қажетті материалдарды реттеу, оқу құралдарын пайдалана білу.
Ақыл-ой жұмысының дұрыс ұйымдастырылған ырғағы демалыс пен еңбек түрлерінің ретпен жүргізіліп отыруын қажет етеді. Оқушы осылардың бәрін біріздік пен жүйелі түрде басшылыққа алып отырса, оқу еңбегінің тиімділігі артады.
Ғылыми және әдеби кітаптармен жұмыс істегенде оқушылардың ақыл-ой мәдениеті байқалады. Оқушыларды жұмыс істеуге дағдыландыру үшін оларды кітаппен жұмыс істеудің көптеген тәсілдеріне үйрету қажет. Олар: кітап мазмұнын ұтымды пайдалану, мәтіннің түсініксіз жерлерін бөлу, мәтінге сұрақтар қою, оларға жауап қайыру, жұмысты жоспарлау, конспектілеу, қысқаша желісін дайындау, т.б. Жұмыс барысында жинақы болу, қиыншылықты жеңу, ақыл-ой қабілетін дамыту, естің әр түрлі нысандарын пайдалану - тұлғаның өзін-өзі ұстай білуіне және жан-жақты сауаттылығына байланысты.
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.
2. Мақсат дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты — жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.
Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.
Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдық қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналар-дық көптігімен баңытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын "Ана мектебінің" кіріспесінде өрбітеді.
"Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегі-дей негізгі элементтерге бөлді:
• адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";
• заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";
• құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";
• тән саулығы - "дене тәрбиесі".
И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген.
Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, "Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу" - деген.
К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады.
П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген.
1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "жан-жақты даму" ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбие салалары енгізілді.
А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды.
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді.
Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген.
Абай Қүнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.
М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден .ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы" - деп жазды.
Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің "Қазақ тағылымы" атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берікболу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нерселерден алулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу.
Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты "жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру" - деп жазылды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы" халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған.
Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің Негізгі мақсаты-Қазақстанның егемендігін қамтамасы ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасызыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу.
Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды.
3. Дүниетіным - тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетіным - адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу.
Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстракттілі, ой операциялары талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:
а) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;
ө) оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;
б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие міндеттері:
• бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем өдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру
• эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
• әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке, тәрбиелеу.
4. Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау.
Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдық (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында әлеуметік іс жағдай маңызды рөл атқарады.
Тербие процесінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді.
Сыртқы қарама-қайшылықтар:
• Қоғамдық ережелер мен адамдардық тәртібі арасындағы сәйкессіздік.
• Мұғалімнің талабымен оқушының тәртібінің арақатынасы.
Ішкі қарама-қайшылықтар:
• Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің ара- қатынасы.
• Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің ара қатынасы.
5. Тәрбиенің негізгі зандылықтары. Педагогикалық құбылыс пен үрдіс арасындағы байланысты заңдылықтар деп атайды.
1. 'Тәрбиенің қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, демократиялық принципті іске асыруына, адам құқығын қорғау мәселелеріне тығыз байланыстылығы.
Осы заманғы тарихи жағдайларға байланысты халықаралық қауымдастық дүниежүзі тарихында халықаралық стандарт болып табылатын жалпы адамзаттың құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып көрсетілген ("БҰҰ адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы" "Бала құқығының Конвенциясы") құжаттарын жасады. Олар осы заманғы тәрбие теориясы мен әдістемесіне, тәрбие мұраттары мен рухани құндылықтарға жаңаша бағыт береді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" (1999) Зақына сәйкес бұл құжаттар еліміздің білім саласындағы мемлекеттік саясатының негізі болды.
2. Тәрбиенің оқыту мен білім берудің сапасына байланыстылығы. Оқыту - тұлғаны қалыптастырудық құралы. Тәрбиенің мазмұны, түрі және әдісі тәрбиеленушілердің даму дөрежесіне байланысты іріктеледі.
3. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігі. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Іс-әрекет барысындағы белсенділіктің түрлері: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.
Қарым-қатынас белсенділігі тұлғаның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын қалыптастырады.Таным белсенділігі - заттар мен құбылыстардың мәнін, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсінуге, оны тәжірибеде қолдана білуге үйретеді. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігінің дамуына бағыт беріп отырса, онда олардың талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттері қалыптасады.
Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі - тәрбиеші өзін-өзі тәрбиелеуге баланың ынтасын оята алғанда тәрбие жұмысы нәтижелі жүреді.
4. Педагогикалық процестегі ұжым мен жеке адамның өзара байланысы.
Ұжымның басты борышы - әрбір адамның шығармашылық өсуіне қамқоршы болу.

Тәрбиенің принциптпері
Принцип дегеніміз - адамның іс-әрекетінде басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережесі.
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі қағидалар:
1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы.
тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ождан мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет етуі керек.
2. Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу - балаларды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу, ата-ана мен бала, Тәрбиеші мен тәрбиеленуші, үлкен мен кіші арасынғы қарым-қатынасты өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыкқа, бір-біріне сый-құрметпен қарауға негіздеу, тәрбие барысында психологиялық жайдарылық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың өзіне сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін дамыту.
3. Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін құрметтің бірлігі.
Жаңашыл ұстаз Құмаш Нүрғалиев "Мұғалім мен оқушы арасында үзілмейтін алтын желі болуы тиіс. Ол баланың ұстазына деген сенімі, мұғалімнің баланы сүюі" - деген болатын.
Тәрбиеленушіні құрметтеу және оған талаптар қою - баланың мықты және нашар жақтарын біліп, оның өсуіне қажетті жағдайлар жасау. Талап қоюдан оқушыға құрмет, күші мен қабілетіне сенім көрінеді. Мұғалім оқушы бойынан рухани қасиетті жобалап, оған сүйеніп, оқушының өз тәжірибесін дамытуына көмектесу керек.
4. Тәрбиелік ықпалдардық тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі.
Тәрбие тәжірибесі балаларға қойылатын талап пен педагогикалық ықпал бірлігі қажет екенін дәлелдеді. Ұрпақ тәрбиесінің нәтижелілігі - тәрбие мекемелеріндегі талаптың бірлігі, іс-әрекеттің сабақтастығы.
5. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу.
Оқушылардың жеке ерекшелігі - денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы, т.б. Біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне керісінше әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады.
Бала - педагогикалық қамқорлықтың ең жоғары мақсаты. Баланың ішкі мүмкіндіктерінің ашылуы адамдардық сүйіспеншілік сезімі мен қарым-қатынасына байланысты. Баланы тең адам санап, оған еркіндік бергенде ғана ол өз пікірін ашық айта алады, үлкендердің балаға деген құрметі олардың сенімін арттырады.
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік санасы жаңа қалыптасып келе жатқандықтан, олар негізінен мұғалімнің ықпалында болады. Жасөспірімдер жедел дамып келе жатқандықтан тәрбиесі бірқалыпты жағдайға ауысып, өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілігі артады.
6. Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу - тәрбие жұмысындағы жетекші принциптердің бірі. Мұны екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау керек. Бірі - ұжымдық тәрбие қоғамның негізгі қаруы. Бала берік ұйымдасқан, ынтымақты, өлеуметті, рухани таза ұжымда болуы қажет. Екіншісі - тәрбиеленушінің педагогтың ықпалымен, көзқарасымен шектеліп қалмауы.
Педагог - тәрбиеші қосарланған ұғымына А.С.Макаренко қарсы болып, оны ұжымның жан-жақты тәрбиелік әсерімен бекітуді ұсынған.
Бірлескен іс-әрекетте, орынды ұйымдастырылған ұжымдық жұмыстарда өзара тәуелді, жауапкершілікті қатынастар туындайды, баланың тәжірибе және ұжымдық өмір дағдыларын жинау процесі жүреді.
7. Тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардық күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау.
Тұлға өзін өмірде сирек кездесетін ерекше феномен деп қарайды. Бұл принцип мектеп мұғалімдерінің, отбасының және қоғамның педагогикалық күш-жігерінің бірлігі мен қызмет етуін қажет етеді.
Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік қатынастарға байланысты. Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек жағдайында қатасады. Отбасындағы тәрбиеге көмек ретінде елімізде демеушілер мен қайырымдылық жасаушылар, әлеуметтік құқық қорғау бөлімдері мен қамқорлық қорғау кеңестерінің жұмысы да ұмытылуда.
Тұлғаның сапаларын қалыптастыру бір мезгілде, кешенді түрде жүргізілетіндіктен, педагогикалық ықпал да кешенді сипатқа ие болуы тиіс.
Жасөспірімдердің өздеріне сын көзбен қарамауы, жауапкершілік сезінбеуі ата-аналары мен мұғалімдерді босқа мазасыздандырып отырған жоқ.
Мектеп пен отбасындағы балалар тәрбиесінің ең маңызды міндеті - оларды қажетті өмір сүру процесіне дайындау.
8.Өзін-өзі тәрбиелеуді көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден бастайды. Біреуі - бойындағы берекесіздіктен, екіншісі - дөрекіліктен, үшіншілері - тұйықтықтан, ұялшақтықтан арылғысы келеді.
Мақсат қою, күш-жігер жұмсау, өзін-өзі бақылау мен өз ісіне талдау жасап отыру - өзін-өзі тәрбиелеудің міндетті элементтері.
Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын қалай жасауды жақсы елестете алмайтындықтан, оларға жиі-жиі көмек көрсетуге тура келеді. Олар өзінің ойлау ерекшелігі мен мінез-құлңына талдау жасауға қиналады. Тәрбиешілер оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіретін арнаулы әңгімелер немесе пікіртапастар өткізеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері:
• Жеке міндеттеме - бел гілі мерзім аралығында өзі атқаратын міндеттерді таңдап алып, есеп жүргізу, өзіне-өзі қызмет көрсету. Иландыруға ұқсас өзін-өзі міндеттеу әдісі. Оны бала өз кемшілігін жою үшін қолданады. Үй тапсырмасын әркез орындауға, таза жазуға, оларды байсалдылықпен ойланып істеуге жаттығып, оны әр уақытта қайталап, орындауға күш-жігерін жұмылдырады. Оқушы белгілі бір міндетін орындауда енжарлық көрсеткенде өзін-өзі міндеттеу, өзіне-өзі бұйыру әдісін қолданады.
• Өзіндік есеп беру - қоғамдық жұмысты атқару, баланың өз іс-қылығына жауаптылығы, жолдастарымен тәжірибе алмасуы.
• Өз іс-қылығына талдау жасау - өзінің кейбір қылықтарына сын көзбен қарап, себебін білгісі келуі, оны жоюға тырысуы.
• Өзін-өзі бақылау - кемшіліктерін болдырмау үшін жағымды мінез-құлықтарын дамыту мақсатында күнделік жүргізу.
Өзіне баға беру - мінез-құлықтарының кемшіліктерін жою үшін баланың өзін-өзітәрбиелеуі. К.Д.Ушинский жасаған өзін-өзі тәрбиелеу ережелері:
• Өте сабырлылық, тіпті болмағанда, сыртқы сабырлықты сақтау.
• Турашылдық.
• Ойлы әрекет.
• Шешімділік.
• Өзің туралы қажет болмаса, бір сөз айтпау. Санасыз бос уақыт өткізбеу.
• Не істесең де еріктісің, бірақ, кездейсоқ істен сақ бол.
• Қажетті немесе керекті іспен ғана айналыс, көрсеқызар болма.
• Бітірген ісіңе еш уақытта мақтанба.
• Әркез ағыңнан жарылма, өз ісің туралы өзіңе жауап беріп отыр.
• Бұл журналды ешкімге көрсетуші болма.
Бұл ережелерді байытуға болады. Көп ретте адам өз алдына ислгілі бір биік мақсат өойып, өз бетімен ізденіп, өзін-өзі тәрбиелеп жетілдірудің жолдарын өзі қарастырады. Содан әсерленіп қанатталған ішкі сезімдері арқылы білімді қажетсініп, нәтижесінде мақсатына жету үшін табандылықпен ізденеді.
Адам баласының тарихында ондай мысалдар баршылық. Демосфен жас кезінен шешендік өнер меңгеруді армандайды. Аляйда, көпшілік алдындағы алғашқы сөзінде-аң сәтсіздікке ұшырайды. Оның дауысы тым бәсең, сөздері үйқаспай, тілі « күрмеліп, шәлкем-шалыс келе береді. Соны сезген қауым оны ' тыңдамай, ысқырып, тыжырынады. Оның орнында басқа біреу болса, бұл масқарадан кейін тауы шағылып, қолын бір-ақ сермеп ' жайына кете барар еді. Демосфен өйтпеді. Ол елден оқшауланып, теңіз жағасынан үй салып, дауылды күндері, бүрқ-сарық, болып жағаны ұрып жатқан толқынға қарап, сағаттап,сұырып салма сөздерін қарша боратып, бар дауысымен сөйлейтін. Тіліндегі кемістігін жою үшін, тілінің астына малта тастарсалатын болған. Сондай жан қиярлық табандылық пен ерік-қайрат Демосфенді дегеніне жеткізді. Ол әлемнің айтулы ұлы шешеніне айналады.
Талай ұлы адамдар өз мінездерін жаман әдеттерден арылтып, жақсы қасиеттерді дарыту мақсатымен жұмыс істеген. Соқтықпалы соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан ұлы Абай өзін-өзі тәрбиелеп,өзін-өзі білімдар еткен адам.С.М.Торайғыров " Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін, болмасам толып тұған толық айдай" немесе "Қараңғы қазақ көгіне күн болмағанда кім болам", - деген романтикаға толы батыл жолдарды өзіне және болашақ жастарға арнап айтқан .
Профессор С.Я.Долецкий айтқандай, біз өз қателігімізді ойша айтамыз да өзімізге өзіміз кешірім жасап, кейін оны ұмытып кетміз Егер біз оны дауыстап айтатын болсақ, онда өзіне-өзі кешірім жасау қиынырақ болады, - дейді.

Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері:
Өзін-өзі сендіру. Оқушы өзін жақсы ұстап, жаман қылық жасамауға сендіреді. Темекі тартуды қойғысы келетін адам "Мен енді темекі тартпаймын" - деп, өзіне-өзі сенімді түрде әркез айтуы тиіс.
Өзін-өзі сынау әдісі - дөрекілігі үшін өзін қатты сөгіп, сынға алу. Өз тарапынан мұның мәдениетсіздік, жексұрындық екенін, тәрбиелі адамның ондай іс істемейтінін, әбден өзі арылғанша қайталап айтумен болады.
Өзін-өзі тәрбиелеуде - өзін ойша өзгенің орньша қою арқылы өзгемен санаса білудің (эмпатия) үлкен тәрбиелік мәні бар.
Өзін-өзі жазалау әдісі - алдына қойған міндетті орындау, ауытқымау. Мысалы, 9-сынып оқушысы қызықты киноға баруға билет алады. Алдында сабағына шала әзірленіп, екі алып қала жаздағаны ойына оралып, келесі сабаққа жөнді әзірленбегені есіне түсіп кинодан бас тартады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің құрамды бөлімдері:
• өз кемшілігіне сын көзбен қарау, мақсат қою.
• өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын жасау.
• әдістерін анықтау.
• аутотренинг - жеке тұлғаның өзіне жаттығу жүйесін әзірлеуі.
• өзін-өзі бақылау.
Тәжірибеде оқушы тәртібінде және мінез-құлқында ауытқулар кездесіп отырады. Сондықтан тәрбиелеу жұмысында қайта тәрбиелеу де үлкен орын алып, оқушы ауытқулардың алдын алуға және жеңуге бағытталады. Қайта тәрбиелеу тұлға құрылымын қайта құру, адамның барлық психологиялық сапаларын қайта жасау. Түзету - оқушы санасындағы және іс-әрекетіндегі жеке кемшіліктерді жеңу.
Қайта тәрбиелеу - тәрбиелік ықпалдар жүйесі барысында құлықтық даму мен іс-әрекеттегі ауытқуларды түзетіп, қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапаларын қалыптастыру.
Қайта тәрбиелеу тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктерінің, сезімдері мен еркінің, түйсіктерінің, іс-әрекеті мен мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық өзгеру процесі, қиын балалардың орынды сапаларын қалпына келтіру, педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктердің орнын еңбектегі, спорттағы және басқа іс-әрекеттегі нәтижелермен толтыру.
Қайта тәрбиелеуде қайта ұғындыру, қайта оқыту, басқа іс-әрекетке көндіктіру, күрт өзгерту, еріксіз көндіру сияқты әдіс-ер қолданылады.
Қайта ұғындыру - бұл тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған оқушылар бойындағы қате көз-қарастарын өзгерту әдісі.
Қайта оқыту - бұл теріс қажеттіліктер мен дағдыларды түзету әдісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет