Ақыл –ой тәрбиесі


І . АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет2/8
Дата13.06.2022
өлшемі362.5 Kb.
#459201
1   2   3   4   5   6   7   8
Ақыл ой тәрбиесі

І . АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері


  1. Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері

  2. Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алады. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның керектерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл тозбас киім, сарқылмас бұлақ» дегн халықтың даналық сөздерінен байқауға болады.

Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдамамен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. «Көзбен көрген , құлақпен естіген ақиқат емес, тек қана мұқият зерттелген ақиқат ».
Халық педагогикасында тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылым педагогикасының анықтамалырмен сәйкес келетіндігі байқалды. Халық педагогикасы барынша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін , сана сезімін , оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогиканың анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын, дамытудағы және ақыл –ой еңбек мәдениетін түсіндіруді айтамыз.
Бірақ оқушы өмірінің іс-әрекеті тек тәрбиешілердің мақсатты ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаныың ықпалдарымен шектелмейді. Бұл кеңірек ақыл-ойдың дамуы ұғымымен айқындалады.
Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруға , еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы , ол ғылым мен техниканың мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.
Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас , саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық , еңбек нәтижесі , экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ет ортасы , табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу , қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.
Қорыта айтқанда , ақыл-ой тәрбиесі -адам зиялылығының негізі . Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.
Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері, олардың мәні мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі. Сондықтан біз жеке-жеке ойлаудың түрлеріне тоқталамыз. Бірақ кейбіреулерін кейінірек атап кеткен жөн.
Жалпы айтқанда , ойлау дегеніміз не? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бецнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным іс-әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным бұл әр жақты процесс. Ол бәлмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының бейнеленуі.
Енді әрбір олау түрлерінің тұлғаның даму процесінде алатын орны туралы сөз етйік.
Нақты және абстракт логикалық ойлау.
Нақты логикалық ойлау затты біздің тікелей қабылдауымыз. Кейде көрнекі ойлау деп те атауымызға болады. Нақты логикалық ойлау балалардың ойнау және оқу процесінде адамдардың еңбек іс-әрекетінде байқалады.
Жинақтай ойлау бөлігі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ принциптерін немесе тәсілдерін білумен сипатталады. Бұл жерде ойдың жинақталу дәрежесі , оның ауқымы тұрғыдан қараудың құбылыстардың үлкен немесе кіші талаптардың қамтуына тәуелді.
Индуктиватік ойлау ғылыми зерттеу немесе оқушыларға жаңа білімдерді баяндауда оның жекеден жалпыға , деректерден жинақтауға қарай қозғалуын қажетсінеді.
Дедуктивті ойлау жалпыдан жекге, дербестікке қарай жүретін ойлау процесімен байланысты.
Сонымен ойлау түрлері шәкірттердің нақты зиялылық білігін сипаттайды. Адамның өмір тәжірибесіне , іс-әрекеттеріне , оның тұрған мақсаттығының ерекшелігіне байланысты әр түрлі іске асады.
Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды.
Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға , негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға , нақты зиялылық біліктерін меңгеруге қабілетті етеді.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады. Олар:
-ойлау іс-әрекетінің шарт ы болатын білім қорын жинау.
-негізгі ойлау операцияларын меңгерту ;
- зиялылық біліктерді қалыптастыру
-дүниетанымды қалыптастыру;
-Аталған міндеттерге жеке-жеке тоқталайық.
Білім қорын жинау. Оқушыға зиялы белсенді іс-әрекетке қажетті
ақылдың бірде бір құнды спасын жүйеге келтірілген білімдер қорынсыз дамуы мүмкін емес. Көп жағдайда білімдер көлемін білім беру ұғымын қарастыра отырып қараймыз. Білімдер көлемі қоғамының мәдени дамуының деңгейімен сипатталады. Олай болса білім көлемі қоғамының мәдени дамуының деңгейімен сипатталады. Олай болса білім көлемі ұғымы салыстырмалы ұғым.
Өмірге жолдама алушы жастың білімдерінің ауқымы өз бетімен білім алуға негізделген білім беру бағдарламаларымен, болашақ кәсіптік дайындығының сырымен анықталады. Белгілі бір білім қорын жинау ең алдымен нақты оқу материалын меңгеруді қажет етеді. Мұның құрамында деректер, атаулар, белгілер, адамдар мен заттар , атаулы күндер , ережелер, , заңдар, заңдылықтар, формулаларда бе неленетін және аралығындағы байланыстары мен тәуелділіктері бар жалпы , жеке , нақты, абстрактілі түсініктер кіреді. Сонымен қатар білімдерге сол білімдерді қолдану ауқымы мен тәсілдерді білу оларды пайдалану әдістерін игеру, әлем жөніндегі ғылыми ұғынуының жалпы жүйесіндегі білімнің әрбір бөлігінің орнын түсіну де жатады.
Білім қорын жинаудың жоғарғы деңгейіне жетуде оқушының жеке мақсаттылығ үлкен роль ойнайды. Оқушының мақсаттылығы алдына қойған мақсатпен оны танымдық іс-әрекетке итермелеуші себептермен оқу біліктерін берік меңгерумен байланысты. Яғни оқу материалын игеру жолындағы біліктер, зиялы жігерге және ұзақ зиялы іс-әрекетке дағдылану қажет.
Ақыл-ой дамуы және ойлау операцичларын меңгеруді қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына ғылымдар белгілі анализ , синтез, салыстыру, классификация жатады.
Ақыл-ой тәрбиесінің тағы да бір маңызды міндеті оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Жинақты етіп айтсақ, оқушылар барлық піндерді оқу процесінде негізгі дүниетанымдық жұмыстарды бекітеді, баянды етуге талаптанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет