содан бері Хазретәліні өсу үстінде көрдім.
Әкімшілік-мансаптық қызметі де сәтті басталды. Жа-
ңақорған аудандық партия комиетінің нұсқаушысы,
мектеп директорлығына дейін өсті. Дегенмен, кейін
белгілі болғандай ішкі тартыс оған да тән болған – не
әкімшілік-мансаптық жол не ғылым жолы. Хазретәлі
2001 жылы тәуекелге бел буып, мектеп директорлығын
тастап, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық
университетінің түркітану институтына кіші ғылыми
қызметкер болып орналасады. Сол жылдары мектеп
директорының 50 мың теңге айлығын кіші ғылыми
қызметкердің 5000 теңге айлығына алмастыру үшін
тосын мінез қажет-тін. Хазретәлі ондай мінезді
көрсетті және ол өзіне деген сенімділігінің көрінісі еді.
Осыған орай Хазретәлінің «Тәке, ғылым жолындағы
қызметтік шығыныңыз менікінен аспайды екен» деп
қалжыңдағаны бар. Жасы кіші болса да Хазретәліден
көп нәрсе үйренгенімді айту парызым.
Достарыңызбен бөлісу: |