Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков



Pdf көрінісі
бет42/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   299
9-20

Ал қазақ қоғамында қазы 

 мұсылмандық сот міндетін атқарушы, төреші. Оларды 

шариғаттық құқық негізінде азаматтық және қылмыстық 

істерді қарау үшін мұсылман елдерінің жоғарғы үкіметі 

тағайындаған.  Олар  шариғат  заңдылығының  сақта-

луын, әдет-ғұрыптың дәйекті орындалуын бақылауға, ал 

қажетті жағдайда тиісті шара қолдануға құқылы болды.



1840  жылдың  3  маусымында  толтырылған 

формуляр  бойынша  с.Хаммадов  50  жаста.  1824 

жылдан  Ішкі  Орда  ахуны,  қазы.  Үздік  қызметі  үшін 

1815 жылдың 10 мамырында Бөкей ханнан және 1821 

жылдың 1 қазанында Орданы басқарушы сұл тан Шығай 

Нұралиевтен  мақтау  қағаздарын  алған.  Татар  тілінде 

оқып, жаза алады. Араб, парсы тілдерін біледі. Ішкі Орда 

ханы және кейбір сұлтан балалары на аталған тілдерді 

үйретіп,  оқытады.  Әйелі  Мируфа  37  жаста,  баласы 

Ғабдісаттар  5  жаста,  қыздары  Бибіғайша  11  жаста, 

Гүлжамал  3  жаста,  Нұржамал  1  жаста  деп  көрсетіледі 

[2, 144-п., артқы-п.]. Ол ту ралы тағы бір деректе Қазан 

губерниясынан  келген  Забир  Хаметев  деген  молда 

Ішкі Ордада 20 жыл ахундық қызмет атқарды. Ахундық 

қызметке  кіріспес  бұрын  З.Хаметев  Жәңгір  ханның 

балаларына  араб,  парсы  және  түрік  тілдерінен  сабақ 

берген  [3,  63-б.].  Татар  және  башқұрт  молдалары  ел 

арасында  тек  дін  басылары  ретінде  ғана  танылған 

жоқ, бір жағынан қазақ қоғамының өз ішіндегі руаралық 

мәселелерді  реттеуге,  қазақ  пен  орыс  тұрғындары 

арасындағы  шиеленісті  мәселелерді  шешуде  дәнекер 

болды. Молдалардың осы еңбегі үшін қазақ ақсүйектері 

әкімшілікке  аталған  молдаларға  атақ  пен  шен,  бағалы 

сыйлықтар беру жөнінде өтініштер түсіріп отырды. Қазақ 

руларына  патша  үкіметінің  заңдары  мен  ережелерін 

түсіндіріп,  елді  тыныштық  пен  са быр  сақтауға  көндіру 

болатын. Оның мысалы 1840 жылдың 9 қазан күнгі Ішкі 

Орда  рубасылары  мен  старшындарды  марапаттауға 

ұсыну  туралы  тізімде  17-ші  болып  С.Хаммадов 

тіркелген. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет