және перцептивті.
Қарым-қатынастың коммуникативтік жағы қарым-қатынасқа түсушілер
арасында бір-бірімен мәлімет алмасуы жүзеге асады. Интерактивті жағы –
қатынасқа түсушілердегі әрекеттесуді ұйымдастырылуы, анығында білім мен
идеялар, сонымен қатар әрекеттермен алмасу. Бірлесе жасалған әрекеттердің
ұйымдастырылушылығы. Перцептивті жағы болса – қатынасқа түсушілер
қатары бір-бірін қабылдай келе, тани түсуі, олардың негізгі түсінудің пайда бола
қалыптасады. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің қарым-қатынас
құрылымы сызба түрінде төменде көрсетілді (сурет 2).
26
Сурет 2 – Қарым-қатынас құрылымы
Суретте көрсетілген қарым-қатынастың коммуникативтік түрі – қарым-
қатынасқа түсушілердің бір-бірімен ақпарат алмасуы.
Вербалды қарым-қатынас – бір адам арқылы екінші бір адамға немесе бір
топ адамдардың арасындағы сөздермен ақпараттарды алмасып отыру үдерісі.
Сөз ол адамға ғана тән болатын аса маңызды бір құдіретті күш болып табылады,
сонымен қатар, сөз ол – вербалдық қарым-қатынас легінің негізгі құралы.
Вербалсыз болатын қарым-қатынастар – ым-ишара, жаңсаулар негізінде
іске асатын сөзді қолдануды қажет етпейтін қарым-қатынас түрі.
Интерактивті түрі – адамдар бір-бірмен қарым-қатынас жасау арқылы өзара
әрекеттесуді ұйымдастыру, яғни білім, идеялармен ғана емес, өзара іс-
әректеттермен алмасу, бірлескен әрекеттің ұйымдастырылуы. Адамдардың
қарым-қатынас жасау барысында олардың тек мәлімет алмасып және өзара
түсіністікке жетумен ғана шектелу жеткіліксіз, ортақ іс-әректті жоспарлап,
әрекеттермен алмасу, бірлесе атқаратын әрекеттердің нормалары мен
формаларын қалыптастыру да маңызды.
Қарым-қатынастың перцептивтік түрі – қарым-қатынасқа түсушілер бірін-
бірі қабылдап тануы, түсінуі, сонымен қатар оның негізде өзара түсіністік пайда
болып қалыптасады. Бұл болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогі баланың
психикалық жағдайларын сезінуі, олардың көңіл-күйлерін түсінуі арқылы
жүзеге асады.
Мектепке дейінгі ұйым педагогін даярлау кезінде қарым-қатынас
құралдары маңызды қызмет атқарады. Ондай маңызды құралдарға бақыланатын
адамның тілі, интонациясы, дауыс ерекшеліктері мен сөйлеу мәнері, бет
әлпетінің қимылы (мимика), сезімдерін білдіруі (экспрессия),ым-ишара, отырыс-
тұрысы, жүрісі жатады (сурет 3).
қарым-қатынас
коммуникация
вербалды
вербалсыз
интеракция
перцепция
27
Сурет 3 – Қарым-қатынастың құралдары
Жоғарыда көрсетілген қарым-қатынас құралдарының бастысы – тіл. Тіл
қарым-қатынас үшін қолданылатын сөздердің, сөз тіркестерінің және оларды
мағыналы сөйлемдерге біріктіру ережелерінің жүйесі. Сөйлеу тілімен адамдар
бір-бірімен қатынас орнатып, қоғамдық және басқа ұлттың тілдерімен
ұғынысып, түсінісуі, әсілінде адамзатының тілмен сөйлеу әрекеті - тілдік
қатынасты білдіреді.
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтері баламен қарым-қатынас
жасауда дауыс (интонация) маңызды қызмет атқарады. Дауыс ырғағы – сөйлеу
үрдісінің ұйымдасуы мен мағыналық тұтастығын қамтамасыз ететін
паралингвистикалық амал. Қарым-қатынастың ауызша түрінде интонацияның
анық болуы тұлғаның сөйлеу мәдениетінің маңызды көрсеткіші ретінде
танылады.
Ым (мимика) - дегеніміз адамның бет бұлшықеттеріндегі қимыл мен
қозғалыстары көмегімен психикалық жағдайларының, сезімі мен көңіл-күйінің
көріністері.
Тәрбиеші-педагогтің мимикасы тәрбиеленушілерге ұрымтал әсер
етеді. Тәрбиеші топқа күліп кірсе, баланың ынтасы, көңіл-күйі көтеріле түседі,
ал ашулы кірсе, балада демде алаңдау, қорқынышты сезім, үрейлер пайда
болады.
Ишарада (жест) – қарым-қатынас кезінде адамдардың психикалық
тұрғыдағы көңіл-күйлеріне байланысты болатын қолының белсенділігі мен
қимыл-қозғалыстарының арқасында байқауға болады.
Л.С. Выготскийдің тұжырымдамасы бойынша, тәрбие ұйымдарының басты
міндеттерінің бірі балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру
болып табылады, өйткені қарым-қатынас процесі, оның сапасы мен нәтижесі
қарым-қатынас субъектілерінің коммуникативтік дағдылары мен қабілеттерінің
қалыптасуымен байланысты [108,с. 245].
Тіл
Интонация
Ым
Ишара
28
Психология ғылымында коммуникативтік дағды мектеп жасына дейінгі
кезеңде қарқынды түрде пайда болатынын және дамитынын А.В.Запорожец
[111], М.И.Лисина [112] және т.б. ғалымдар анықтады. Бала туғаннан бастап
адамдар арасында өмір сүреді және олармен әр түрлі қарым-қатынасқа түседі.
Баланың қарым-қатынас байланыстары мектеп жасына дейін белсенді түрде
қалыптасады.
М.И.Лисина қарым-қатынастың мақсатын өзін-өзі тану және басқа
адамдарды тану деп түсіндіреді. Айналадағы адамдармен қарым-қатынас
баланың өзіне, басқа адамдарға, тұтастай алғанда объективті әлемге деген
көзқарасының орталық құрамдас бөлігі болып табылады.
Қарым-қатынас
қажеттілігі туа бітпейді, бірақ ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас
қажеттілігін қанағаттандыру арқылы қалыптасады. Даму барысында
қажеттіліктер, мотивтер, қарым-қатынас құралдары өзгереді. Мектепке дейінгі
жаста бала ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасты дамытудың
бірнеше кезеңдерінен өтеді, оларды М.И.Лисина қарым-қатынас формасы
ретінде анықтады. Мектеп жасына дейінгі кезеңдерде балалар арасындағы
қатынастардының төрт формасы бірінен соң бірі келіп, орындарын басып
алатындығын анықтаған:
- туғанынан кейін 6 айға дейінгі кезеңдерде балалар арасындағы
қатынастары жағдайында-жекеше бас түрінде;
- 6 айдан 2,5 жасқа дейін – жағдайға байланысты іскерлік;
- 2,5 жасынан 5 жасқа дейін – жағдайдан тысқары, танымдық;
- 5 жасынан 7 жасына дейінгі – жағдаяттан тыс болатын, жекелей
қатынастарға байланысты.
Бұндай формаларды балалар қатарының ересектерге қатынастарын
сипаттайды. Осылайша балалардың басқалармен бірлескен коммуникативті
істері мен әрекеттерінде эмоциялық және тәжірибелік сонымен қатар жағдайдан
тыс іскерлік қатынастар формаларының болатыны ғылымда дәріптелген [99,б.
41].
Е.Е. Кравченко-Дзондза еңбегінде «...коммуникативті дағды – адам
баласының табиғи түрдегі қарым-қатынаста немесе арнайы ұйымдастырылған
оқыту үдерісінде сөйлеудің бір немесе бірнеше түрдегі қатынаста жүзеге
асыратын қабілеті және сөйлеудің ерекше бір қасиеті» – деген пікір айтады [113].
Коммуникативті дамудың арқасында баланың әлеуметтік дамуы іске асады,
өйткені қарым-қатынастың көмегімен бала әлеуметтік әлемге кіреді. Қарым-
қатынас дағдыларын дамыту тек әлеуметтік инклюзияға әсер еткенімен ғана
қоймай, сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуын
анықтайды – психикалық процестерді, атап айтқанда сөйлеу мен ойлаудың өзара
әрекетін қайта құрылымдайды [114].
Коммуникативті дағды – адамның әртүрлі адамдармен ынтымақтасу,
сонымен қатар ақпаратты дұрыс қабылдауы және беру қабілеті. С.Л.Рубинштейн
«коммуникативтік дағдыны» коммуникативтік қабілеттің көрінісі ретінде
қарастырады. Ол коммуникативтік қабілеттің әлеуметтік-тарихи бастауы бар
екенін дәлелдейді, ол тәжірибелік қарым-қатынаста қалыптасады, көрінеді және
29
жетіледі. Онда қарым-қатынас дағдылары мен қабілеттерінде, әсіресе сәйкес
білім, дағдыларды алудың жылдамдығы мен сәттілігінде айқын көрінеді [78,с.
117].
Г.М.Андреева [115] коммуникацияның даму тарихында бірнеше моделін
анықтады: Г.Лассуэлдің сызықтық (классикалық) моделі. Коммуникатор –
хабарды жеткізуші (кім). Хабарлама – не? (беріледі). Жолдары – қалай?
(жіберілуде, хабарламаны жіберу тәсілі). Аудитория – кімге? (хабар
бағытталған) яғни хабардың нақты адамға немесе бірнеше адамға бағытталуы.
Нәтиже – қандай? (хабар тиімділігі) яғни берілетін хабардың тиімділігі 4-суретте
көрсетілген.
Сурет 4 – Г.Лассуэлдің коммуникация моделі
Бұл схеманың әр элементі бойынша көптеген түрлі зерттеулер жүргізілді.
Мысалы, коммуникатордың сипаттамалары жан-жақты сипатталады, оның
сөйлеу тиімділігін арттыруға ықпал етеді, атап айтқанда, коммуникативтік
процесс кезінде оның позициясының түрлері ашылады. Мұндай позицияның үш
түрі болуы мүмкін: ашық-коммуникатор өзін көрсетілген көзқарастың
жақтаушысы ретінде ашық айтады, осы көзқарасты қолдайтын түрлі фактілерді
бағалайды; шектетілген-коммуникатор қалыс қалған (нейтралды), қарама-
қайшы көзқарастарды салыстырады, олардың ешқайсысына өз ойын қоспайды,
және ашық түрде жарияламайды; жабық-коммуникатор өз көзқарасы туралы
үндемейді, кейде тіпті оны жасыру үшін арнайы шараларға жүгінеді.
«Коммуникативті дағдылар» ұғымы дегеніміз не және оны отандық
ғалымдарымыз қалай қарастырады?
Психолог А.Қ.Егенисова «...егер адам қарым-қатынас құру қабілетінен
айырылса ойдағыдай дамып, өсе алмайды. Қарым-қатынас дегеніміз – тіл
30
арқылы ақпарат, пікір алмасу. Адамдар арасындағы өзара әрекеттесу жеке
ақпарат алмасу жағдайларына айналады. Адамдар сөйлеу құралдарынан басқа
қарым-қатынастың вербалсыз жолдарын да қолданады олар келбет, ым-ишара»,
деп қарастырды [59,б. 77].
З.Б.Мадалиева
«Жалпы
оқытушыларға
арналған»
әдістемелік
нұсқаулығында былай: «Коммуникативтік дағды – балалардың дамуындағы ең
маңызды шарт және әлеуметтендіру мен дараландыру және тұлғаны
қалыптастыратын бірізділік болып табылады. Қарым-қатынас кезінде адам
тұлғааралық пікірлер алмасуы және қоғамдағы қатынастар мен іс-әрекеттері
оңтайлы жүзеге асырылуы», дейді [102,р. 17].
Балалардың тиімді қарым-қатынас
жасау қабілеті олардың дамуындағы ең маңызды фактор болып табылады,
өйткені ол тұлғаның жеке дара болып дамуына негіз болады. Қарым-қатынас
кезінде тұлғааралық идеялар алмасуы және қарым-қатынастар мен әлеуметтік
әрекеттері жүзеге асады.
«Коммуникативті
дағдыны
қалыптастырудың
тұжырымдамалық
идеяларына арналған жұмыстардың көптігі арасында педагогтардың
коммуникативтік және сөйлеу дағдысын қалыптастыру мәселелері, тиісті
теориялық және қолданбалы қамтылмаған және ғылыми зерттеулерге ашық
болып отыр», – дейді Д.Ж.Тулебаева «Балалардың коммуникативтік дағдыларын
дамытуда оқытудың кешенді әдістерін тиімді қолдану» мақаласында көрсеткен
[103,с. 5].
Қазақ ғалымы Г.Г.Жусупбекова өзінің «Развитие речевой деятельности
младших школьников посредством применения коммуникативных технологий»
еңбегінде: «Коммуникативті функциялар тілдің тұлғалық үйлесімділігіне ықпал
етіп, әртүрлі әдістемені пайдалануда бастауыш сынып баласың алып жүрген
білімін және іскерлігін, дағдысын дамытуға өз мүмкіндігін береді», – дейді
[104,с. 122].
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтері ұйымдастырылған іс-
әреткетте әр түрлі әдістерді, технологияларды қолдану, балалардың алған
ақпараттарын, іскерлік дағдыларын нығайтуға мүмкіндік береді.
«Қарым-қатынас» – мектеп жасына дейінгі бала өмірінің маңызды
компоненттері. Олардың арқасында бала әлемді таниды, басқа адамдармен
қарым-қатынас орнатуды үйренеді және тұлғалық жағынан дамиды. Қарым-
қатынас жасау қабілеті басқалармен өзара әрекеттесуге ғана емес, сонымен қатар
баланың өзін-өзі бағалауына, оның ішкі ерекшеліктеріне: өзіне және өзінің
мүмкіндіктері туралы идеялардың адекваттылығына, өзіне сенімділікке,
эмоционалды жайлылыққа оң әсер етеді.
Дағды – баланың белгілі болтатын міндеті мен жағдайына сәйкес келетін
меңгерілген білім негізінде орындалатын әрекеттердің комплексі.
Сондай-ақ дағды бірнеше рет қайталанған жаттығулар негізінде
қалыптасады. А.В.Петровский еңбегінде дағды ұғымы біліктен бұрын
қалыптасуы кездеседі деген де пікірі айтады. Балалардың күрделі болатын іс-
әрекеті әртүрлі жағдайларда бойындағы барша білімі мен дағдыларын саналы
түрінде пайдалануын біліктілік деп айқындайды.
31
Қандай да болсын біліктілік пен дағдыны балалар іс-әрекеті үстінде, өзге
адаммен қарым-қатынаста меңгереді. Біліктілік пен дағдылар еліктеуде
атқарылатын іс-әрекеттерге ұласады.
Дағды әрекеттердің адамның бойына нықтап орнығуы. Әрекеттерге
алғаш кіріскен сәтте адамдар көп артық қимылдар жасап, бірден үйлесімді
қимылдарды игеріп кете алмайды. Мысалы жоғарыда айтқанымыздай, балалар
оқуға, жазуға үйренуді бастаған шағында көптеген қимылдар жасайтыны белгілі.
Осы орайда С.Л.Рубинштейн «... Саналылықпен автоматталған қимылдар әрекет
болмысында көріне отырып, әрекет автоматты тәсіл ретінде қызмет атқарады»
деп көрсетеді [78,с. 712].
Коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру – мектеп жасына дейінгі
балалардағы ақпаратты дұрыстап түсініп, басқа да адамдармен қатынастар
орнату қабілетері. Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау сәтіндегі
коммуникативтілік дағдыларын төмендегі бөліктерге жатқызуға болады:
объектілер легі, құбылыстар мен материалдардың қасиеттерін зерттеумен
танысу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дамыған лексикасы, сөйлеу
әдебі арқылы әңгімелесушілерге эмоционалды жағымды қатынасты білдіру
қабілеті, ситуациялық іскерлік қарым-қатынас дағдылары, дамыған үйлесімді
диалогтік және монологтық сөйлеу, жанжал жағдайларында мінез-құлықтың
тәсілдері, қиын жағдайларда өзара тиімді шешімдерді бірлесіп іздей білу,
эмоцияларды өзін-өзі реттеу дағдылары, дамыған эмпатия, өзін-өзі бағалау
болып табылады.
Кез келген дағдыда балалар басқалармен бірге қарым-қатынас жасау кезінде
үйренеді. Балалар үлкеннің істеген істерін көре жүріп, бақылап және оған өзінше
еліктейді, содан кейін оларды өзі де істеп бастайды. Мектепке дейінгі ұйым
педагогтері дағдыланатын іс-әрекеттерін әдейілеп көрсетіп, түсіндіреді. Бұл
үдеріс, сырттан келетін әрекеттердің адамдар бойына жақсы сіңіп, ішкі
психикалық сәтке айнала бастауы интериоризация деген ұғыммен сипатталады,
бұл сырттан келетін заттық әрекеттердің ақыл-ой мен санаға тікелей өтуі.
Бұл үдерісті мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау кезінде
балалалардың ақыл-ой әрекетін қалыптастыру бағытында психолог, ғалым
П.Я.Гальперин мен оның шәкірттері зерттеген болатын [116-119]. Ол зерттеулері
бойынша балалардың ақыл-ойы әрекеттерін сатылап қалыптастырып отыруға
болатындығын дәлелдейді. Бұл жерде дағдылардың қалыптасуындағы
ұзақтықты да және оның нәтижесін де (беріктігі мен саналылығы және
жинақтылығы т.б.) ақыл-ойдың әрекеттерімен тікелей байланысты болатындығы
атап көрсетіледі. Бұл жердегі маңызды жауапкершіліктің ауыр жүгі педагог-
тәрбиешілерге жүктеледі. Осы аталған ақыл-ой әрекеттерін ұйымдастыру
сәтінде қандай талап қойылады? Оның негізгісін атап көрсетелік: ақыл-
ой әрекеттерін бағыттау, қандай да бір дағдыларды қалыптастырып балаға бағыт
беру мен түсіндіру басталады. Ал балалар дәл осы бағыт бойынша өздігімен
орындау
ісіне
кіріседі
және
бұл
әрекеттердің материалды түрдегі
қалыптасуының кезеңі ретінде сипатталады. Себебі балалар әрқашан
көргендерін орындайды, бұл сыртқы және материалды формадағы әрекеттердің
32
сөйлеу кезінде көрінуі. Осы аталған ақыл-ой әрекеттерін ұйымдастыру сәтінде
қандай талап қойылады? Осы кезеңде бала күрделі әрекеттерді бөліп орындайды,
сонымен қатар әрекеттерді ішінен қайталау арқылы орындайды. Дағдылар мен
шеберліктің түрлеріне саналы шағынада үйреніп, бірнеше қимылдарды неліктен,
не мақсатта орындағанын білетін болады. Осы сатыда бірнеше артық қимылдар
жойылады және жинақталады, бұл дағды, шеберліктердің толыққанды
қалыптасып біткенін хабардар етеді.
Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру мәселесі шетел мектебінің
педагогикасында да кеңінен қамтылған. Дж.Дьюи [120], У.Данн [121], Р.Славин
[122], П.Вестфаль [123] бірігіп оқыту теориясында «кооперативті педагогика»
деп атаған. Қарым-қатынас дағдылары – бұл басқаның көзқарасын түсіну, өз
ұстанымын түсіндіру, жасырын түрде берілген ақпаратты алу, тыңдау және
түсіну. Ғалым-зерттеушілер еңбектеріндегі «Коммуникативтік дағды» түсінігіне
берілген анықтамалар (кесте 1).
Кесте 1 – Ғалым-зерттеушілер еңбектеріндегі «Коммуникативтік дағды»
түсінігіне контент-талдауы
Зерттеуші-
ғалымдар
Коммуникативтік дағдылар түрі-
классификациясы
Зерттеу жұмыстың аты
1
2
3
Ж.Пиаже
1. қарым-қатынас құру кезінде серіктесінің
жауабына қызығушылықпен қарау
дағдысы
2. мәнерлеп сөйлеу дағдысы
Психическое развитие как
развитие.
Интеллекта: Концепция Ж.
Пиаже
Р.С. Немов
1. басқа адамдармен сәтті қарым-қатынас
жасау дағдылары;
2. басқаларды сендіру дағдылары;
3. басқа адамдарға әсер ету дағдылары.
Р.С.Немов. Психология
Ю.М.Жуков
1. мінез-құлық дағдылары
2. коммуникативті жағдайды түсіну
қабілеті
3. өз ресурстарын бағалау
4. қарым-қатынас мәселелерін шешу үшін
пайдалану қабілетін
Коммуникативный тренинг
/ Ю.М.Жуков. – Москва:
Гардарики, 2004. – 223 с. –
(Psychologia universalis). –
ISBN 5-8297-0163-4.
А.А.Вахрушев
1. тұлғааралық қарым-қатынас –
рационалды және эмоционалды ақпаратты
беру.
2. тұлғааралық өзара әрекет – кері
байланыс орнату мүмкіндігі.
3. тұлғааралық қабылдау –
әңгімелесушінің позициясын қабылдау,
оны есту қабілеті, сондай-ақ алдын ала
дайындықсыз қарым-қатынасқа түсу және
оны ұйымдастыру қабілетін қамтитын
импровизациялық дағды
А.А.Вахрушев. Личность и
ее формирование в детском
возрасте. Серия «Мастера
психологии». – СПб.:
Питер, 2008. – 400 б.
33
1 – кестенің жалғасы
1
2
3
Л.Р.Мунирова
1. ақпараттық-коммуникативтік дағдылар
2. реттеуші-коммуникативтік
3. аффективтік-коммуникативтік дағдылар
Л.Р.Мунирова
Формирование у младших
школьников
коммуникативных умений в
процессе дидактической
игры: Дис. канд. пед.
наук / Л.Р.Мунирова. – М.,
1993. – 205 б.
Н.Клюева,
Ю.Касаткина,
Л.А.Петровска
я
1. тұлғааралық қарым-қатынас дағдысы;
2. тұлғааралық өзара әрекеттесу дағдысы;
3. тұлғааралық қабылдау дағдысы.
Клюева Н., Касаткина В.
Учим детей общению.
Популярное пособие для
родителей и педагогов /
Н.В.Клюева. –Ярославль:
Академия развития, 1997. –
240 б.
Кестеде ғалымдардың коммуникативтік дағды ұғымына жасаған
талдауларының негізінде нақты ой тұжырымдары жүйеленген. Мәселен
А.А.Вахрушев қарым-қатынас дағдыларының: тұлғааралық өзара әрекет – кері
байланыс орнату мүмкіндігі, тұлғааралық қабылдау – әңгімелесушінің
позициясын қабылдау, оны есту қабілеті, сондай-ақ алдын ала дайындықсыз
қарым-қатынасқа түсу және оны ұйымдастыру қабілетін қамтитын
импровизациялық дағды, тұлғааралық қарым-қатынас – рационалды және
эмоционалды ақпаратты беру сияқты түрлерін қарастырды [124].
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлауда коммуникативтік
құзіреттілігін қалыптастырудың негізгі критерийлерінің бірі – рефлексия, адам
серіктесінің ұстанымы мен мүдделеріне сәйкес өз ұстанымын бағалай алауы.
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің баламен байланыс орнату, оның
хабарламаларын талдау және оларға адекватты жауап беру қабілеті де болуы
керек. Осы орайда біздің зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі, мақсаты мен
міндеттері мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас дағдыларын
талдаудағы қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады. Мектепке дейінгі
ұйым педагогтерін даярлауда мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас
дағдыларын дамыту маңызды рөл атқарады, өйткені дәл осы жаста
құрдастарымен қарқынды қарым-қатынас қажеттілігі бірте-бірте пайда болады.
Бұл кезде бала ең алдымен жанұясындағы ересек адамдармен туыстық қарым-
қатынастарды және өз құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас орнату, олардың
есімдерін есте сақтау арқылы өз орнын анықтай бастайды [112,с. 26].
Үлкендердің мінез-құлқына қойылатын талаптарын түсіне бастайды, олармен
және басқа балалармен бірлескен іс-әрекетке қызығушылық танытады. 3-4 жаста
балалар құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас нормаларын,
ережелерін меңгере бастайды. Балалар достасады, ұрысады, татуласады,
ренжіседі, қызғанады, бір-біріне көмектеседі, кейде кішігірім бұзықтық істейді.
Бұл қарым-қатынастардың барлығы әртүрлі эмоцияларды тудырады. Мектепке
34
дейінгі ұйым педагогтерін даярлаудағы алғашқы қарым-қатынастардың
тәжірибесі баланың жеке басының одан әрі дамуының негізі болып табылады
және әдетте оның өзіне, басқаларға, жалпы әлемге деген көзқарасын анықтайды.
Баланың «Мен» бейнесінің қалыптасуы басқа адамдармен қарым-қатынаста
жүзеге асады. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту төмендегі әрекеттерді
қамтиды: жәрдемдесу немесе ынтымақтастық қабілеті, ортақ келісімге келе білу,
жеңілдіктерге бару, әңгімелесушіні тыңдау және оны есту дағдысы, алынған
ақпаратты түсіну және өңдеу дағдысы, эмоционалды түрде дұрыс жауап бере
білу, әртүрлі коммуникациялық жағдайлар, өз ойлары мен пікірлерін білдіре алу
[113,с. 98].
К.Черри қарым-қатынас «қоғамдық құбылыс, адамдар жасаған көптеген
коммуникация жүйелерін пайдаланатын әлеуметтік қарым-қатынас, оның ішінде
адамның сөйлеуі мен тілі негізгі болып табылады» дейді. Екінші көзқарас
«коммуникация» және «қарым-қатынас» ұғымдарын ажыратумен байланысты
[125]. Бұл көзқарасты М.С.Каган, С.Л.Рубинштейн ұстанды. Мектеп жасына
дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мен дамыту ең
жетекші рөл атқарады дейді Л.С.Выготский [108,с. 245]. Мектепке дейінгі
ұйымдарда сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру
арқылы сөйлеу дағдысы қалыптасады және дамиды. Психологиялық-
педагогикалық әдебиеттерде мектеп жасына дейінгі балалрдың коммуникативтік
дағдыларын қалыптастыру мәселесіне үш түрлі көзқарас ұсынылған.
- психология тұрғысынан – мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау
кезінде мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынастарын ұйымдастыру
арқылы даму мәселелерін шешуде жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен
ынталандыратын психологиялық жағдайлар жасалады.
- педагогика тұрғысынан – диалог арқылы, кешенді түрде қажеттіліктер
мен бірлескен іс-әрекеттер нәтижесінде пайда болатын және ақпарат алмасуды,
біртұтас өзара әрекеттесу стратегиясын әзірлеуді, басқа адамды тәрбиелеу мен
түсінуді қамтитын балалар арасындағы байланыс орнату мен дамытудың көп
қырлы процесі.
- ұжымдық, топтық іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы психологиялық-
педагогикалық іс-әрекет. А.В.Мудрик еңбектерінде балалардың топтық іс-
әрекетінде қарым-қатынасты ұйымдастыруға, коммуникативтік дағдылардың
даму кезеңіне көңіл бөлінді [46,с. 320].
«Қарым-қатынас» ұғымының психологиялық аспектілерін Г.Андреева
[115,с. 105], А.Бодалев [107,с. 200], А.А.Леонтьев [4,с. 1], Л.А.Петровская [126],
Ж.Ы.Намазбаева [127], У.И.Ауталипова [128] өз еңбектерінде қарастырған.
Қарым-қатынас табиғаты, оның жеке және жас ерекшеліктері, өту және
өзгеру механизмдері философтар мен әлеуметтанушылардың зерттеу
тақырыбына
айналды.
Әлеуметтік
психологтар
Б.Д.Парыгин
[129],
Г.М.Андреева [115,с. 105], Е.В.Андриенко біртұтас қарым-қатынас үдерісінің үш
бағытын бөледі: коммуникативті (ақпарат беру, алу және алмасу) яғни қарым-
қатынас жасайтын адаммен ақпарат алмасу, интерактивті – бұл бұл қарым-
қатынас жасайтын адамдар арасындағы өзара әрекеттесуді ұйымдастыру (өзара
35
әрекеттесу), перцептивті компонент – бұл қарым-қатынас құру кезінде өзара
түіністік орнату, бірін-бірі қабылдауы (қабылдау және түсіну мен өзара
түсіністіктер) [121,р. 54].
Қ.Т.Шерьязданованың мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлауда
мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуындағы қарым-қатынас рөлі
тұжырымдамасы
ресейлік
ғалымдар
Е.О.Смирнова,
М.И.Лисина,
Е.Е.Кравцовалар зерттеулерімен үндес сондай-ақ баланың мектептегі оқуға
психологиялық даярлығымен байланысты қарастырылады: «Білім беру
ұйымында жақсы оқу үшін балада қарым-қатынастың формалары қалыптасқан
болуы керек [131]. Ол баладағы жетекші әрекет – оқу әрекетінің міндеттерін
игеру үшін қажет».
Мектеп жасына дейінгі балаларды құрдастар арасындағы қарым-қатынасты
дамыту саласы даму психологиясының жас әрі қарқынды дамып келе жатқан
саласы болып табылады. Оның негізін салушы Ж.Пиаже генетикалық
психологияның көптеген басқа мәселелерін терең талдап көрсетеді. Ол XX
ғасырдың 30-шы жылдары болған эгоцентризмнің жойылуына ықпал етті. Ол
баланың әлеуметтік-психологиялық дамуының маңызды факторы және қажетті
шарты ретінде балалар психологтарының назарын құрбыларына аударды. Ол
балаға тең адамдардың көзқарасын бөлісу арқылы ғана – бірінші кезекте басқа
балалар, ал бала есейген сайын және ересектер – шынайы логика мен мораль
басқа адамдарға қатысты да барлық балаларға тән эгоцентризмді алмастыра
алады деп дәлелдеді [28,с. 480]. Алайда, сол жылдары Ж.Пиаженің бұл
ұстанымы психологиялық әдебиетте көп резонансқа ие болмады және
жалпылама болжам деңгейінде қалды. Ж.Пиаже идеясын дамыта отырып, көп
зерттеуші-ғалымдар балалар мен ересек адамдар арасындағы қарым-
қатынастардың ажырамас бір бөлігі ретінде тұлғаның еркіндіктерін шектеп
тастайтын ересектеу адамдардың ықпалдарының авторитарлы сипаттары болып
табылатынын көрсетеді, осыған сәйкес, құрбы-құрдастарымен өзара қарым-
қатынас жасау тұлғаны қалыптастыру тұрғысынан әлдеқайда тиімді [28,с. 33].
Баланың сөйлеуін дамыту күрделі көп өлшемді процесс. Оны зерттеу үшін
қарым-қатынас дағдылары ұғымымен, бала өміріндегі қарым-қатынасты
дамытудың маңыздылығымен тереңірек танысу керек.
Мектеп жасына дейінгі балаларда құрдастарымен қарым-қатынас
қажеттілігі артады. Тиімді өзара әрекеттесу дағдыларының қалыптасу дәрежесі
көбінесе балалар ұжымындағы тұлғааралық қарым-қатынас құрылымындағы
баланың жеке мәртебесін, оның эмоционалдық және жеке әл-ауқатын
анықтайды. Мектеп жасына дейінгі балалар арасында мұндай дағдылардың
болуы немесе болмауы ұжымның біртұтас психологиялық микроклиматына әсер
етеді. Сонымен коммуникативтік дамудың маңыздылығын түсініп, мектеп
жасына дейінгі баланың сөйлеу дамуының ерекшеліктерін қарастырсақ.
Сөйлеуді дамыту тілді түсіну және қолдану дағдыларын дамыту ретінде
қарастырылады: фонемалық есту және дыбыстық талдауды, сөздікті дамыту,
сөздердің құрамын түсіну, грамматикалық категорияларды қалыптастыру,
коммуникативті дағдыларды, үйлесімді сөйлеу дағдыларын дамыту. М.И.Лисина
36
баланың қарым-қатынас дағдылары ересектермен және басқа балалармен өзара
әрекеттесу нәтижесінде қалыптасатынын айтады [112,с. 8]. Ғалым А.Н.Леонтьев
мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас дамуының бастапқы кезеңін
«сөйлеудің еріктілігі» деп атады. Оның пікірінше, мектеп жасына дейінгі
баланың сөйлеуінде ерік арқылы жүзеге асыру қабілеті жоғары келеді. Әрі қарай,
бала өз сөйлеуінің компоненттерін оқшаулауға қабілетті болады. Сөйлеу
жүйесінің дамуы әртүрлі қарқынмен жүреді. Бала ана тілінің барлық дерлік
дыбыстарын таниды [23,с. 98].
Мектеп жасына дейінгі кіші топтағы баланың сөздік қоры негізінен «ана
жақта», «мында» сияқты үстеулермен шектеледі. Балалар негізінен 4,5 жастан
кейін сабақтар мен дидактикалық ойындардың әсерінен кеңістіктік
қатынастарды дәл көрсететін үстеулерді өз бетінше қолдана бастайды. Мектеп
жасына дейінгі орта топтағы балалар көркем шығарма мәтіндерін жақсы
қабылдайды (олар сюжетті түсінеді, жетекші сұрақтарсыз қайталайды,
кейіпкерлердің іс-әрекетіне дұрыс баға береді). Бірақ кейіпкерлердің өзара
әрекеттесуінде
олар
жасырын
бағыныштылықты
емес,
сыртқы
бағыныштылықты қабылдайды, аллегориялар мен метафораларды дерлік
түсінбейді.
Коммуникациялық дағдыларды қалыптастыру балалардың мектепке дейінгі
негізгі тәрбиесінің элементі болып саналады. Қарым-қатынас дағдыларын
қалыптастыру келесі біліктіліктерді (қабілеттерді) қамтиды: көмектесу немесе
ынтымақтасу мүмкіндігі, жалпы келісімге келу, кешіре білу, әңгімелесушіні
тыңдау және оны ести алу қабілеті, алынған ақпаратты түсіну және өңдеу
қабілеті, туындаған қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларына эмоционалды
түрде дұрыс жауап беру қабілеті, өз ойын, пікірін айта білу т.б. [132]. Мектеп
жасына дейінгі баланың жоғарыда көрсетілген білім мен қабілет, дағдыларды өз
өмірінде қалай пайдалану керектігін өз бетінше және саналы түрде білуі
маңызды екенін түсіну. Бұдан шығатыны, мектеп жасына дейінгі бала мектеп
табалдырығын аттаған кезде коммуникативтік құзыреттіліктің белгілі бір
деңгейін қалыптастыруы керек. Барлық психикалық құрылымдар бір-бірімен
байланысты және мектеп жасына дейінгі баланың дамуында жағдайды
эмоционалды қабылдау ерекше рөл атқарады, сөйлеуді дамытудың ең маңызды
құралы ойын әдістері, сондай-ақ ертегі сияқты көркемдік құралдар деп саналады.
Н.В.Клюева, Ю.В.Касаткина, Л.А.Петровская т.б. зерттеушілер тұлғаның қарым-
қатынас жасау қабілеті жалпы психологиялық-педагогикалық зерттеулерде
коммуникативтілік ретінде анықтады [133].
Сонымен қарым-қатынас – бұл адамдар арасындағы өзара әрекеттесудің ең
күрделі процесі, оның мәні қатысушылардың бір-бірін қабылдауы мен түсінуі
кез келген ақпаратпен алмасу. Қарым-қатынас субъектілері – адамдар, тіршілік
иелері. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясын зерттеген В.С.Мухина
баланың алғашқы жеті жылы қарым-қатынас пен заттай іс-әрекеттер мен
ойынды, іс-әректетті жүйелі түде игеретінін және бала ересектермен эмоциялы
қарым-қатынас жасауы оның заттармен қарапайым іс-әрекеттер жасауынан
бұрын пайда болатынын атап көрсеткен [134].
37
Баланың тиімді қарым-қатынас жасау қабілеті көптеген факторларға және
көбінесе ересектермен қарым-қатынас жасағанда, сондай-ақ баланың жеке
ерекшеліктеріне байланысты болады. Болашақ мектепке дейінгі ұйым
педагогтері баланың қарым-қатынас қиындықтарын жеңуге көмектесу үшін
олардың себептерін түсіну керек. Олардың бірі отбасындағы қарым-қатынастың
бұзылуы немесе одан да күрделі-баланың психофизиологиялық ерекшеліктері де
болуы мүмкін. Балада қарым-қатынастың бұзылуы төмендегідей формада
көрінеді:
- нақты жағдайда, ертегілерді тыңдағанда, мультфильмдерді көргенде
жанашырлық таныта алмау;
- өз эмоцияларын және мінез-құлқын реттей алмау;
- қарым-қатынас процесінде тұрақты сипаттағы жағымсыз эмоциялар мен
қорқыныштың болуы.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасында қиындықтар
туғызатын мінез-құлықтың ең жиі кездесетін көріністері бар олар: агрессивтілік,
гиперактивтілік, өзін-өзі бағалаудың жеткіліксіздігі [135].
Достарыңызбен бөлісу: |