Ақынова жібек мұхтарқызы


Диссертация құрылымы мен көлемі



Pdf көрінісі
бет11/66
Дата27.05.2024
өлшемі3.56 Mb.
#501911
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66
19042023 disser

Диссертация құрылымы мен көлемі: Диccepтaция жұмысы кipicпeдeн
үш бөлiмнeн, қopытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмiнeн және 
қосымшадан тұрады. 
Жұмыстың жалпы көлемі – 160 бетке компьютермен теріліп басылған. 
Жұмыстың мазмұнында 14 кесте, 24 сурет берілген. Пайдаланылған әдебиеттер 
тізімі 180 аталымнан тұрады. 
Кіріспеде зерттеудің тақырып өзектілігі дәлелденіп, ғылыми аппараты: 
нысаны мен пәні және мақсаты мен болжамы, міндеті, жетекші идеясы
теориялық тұрғыдағы негіздері, зерттеудің көздері, әдістері, негізгі кезеңдері 
мен базасы, қорғауға ұсынылатын негізді қағидалары, ғылыми бағыттағы 
жаңалығы, теориялық-практикалық маңыздылығы мен нәтижелердің дәлелділігі 
мен негізділігі көрсетіледі. 
«Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясын қолдануға 
даярлаудың заманауи мәселелері» атты бірінші тарауда «ертегі», «ертегі 
терапиясы», «коммуникативтік дағдыны қалыптастыру» дефиницияларының 
мәндері ашылып, мектепке дейінгі білімнің қалыптасу, даму кезеңдеріне, «ертегі 
терапиясының замануи мәселелері» ұғымдарының мәні нақтыланып, құрылымы 
айқындалады, зерттеу мақсатына сәйкес авторлық анықтама беріледі. 
«Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясы арқылы 
балалардың коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға даярлаудың 
моделі» атты екінші тарауда мәселені зерттеуге қажетті әдіснамалық 
тұғырларға, ұстанымдарға, құрылымдық-қызметтік модельге сипаттама берілді. 
«Мектепке дейінгі ұйым педагогтарын ертегі терапиясын балалардың 
коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға даярлау жұмыстартарының 
мазмұны мен әдістемесі» атты үшінші тарауда балалардың білімін ертегі 


16 
терапиясы арқылы қалыптастырудың мазмұны, жүзеге асырудың әдістері мен 
технологиясы қарасытырылып, зерттеудің барысында жүргізілген тәжірибелік 
және эксперименттік жұмыстардың ұйымдастырылу барысы және нәтижелері 
көрсетіледі. 
Қорытындыда 
зерттеудегі 
маңызды 
қағидалары, 
нәтижелері 
тұжырымдалды, ғылыми-әдістемелік тұрғыдағы бірнеше ұсыныстар беріледі. 
Қосымшада зерттеу тәжірибелік-эксперимент жұмысында қолданылған 
әдістемелер мен студенттерге арнайы сауалнамалар ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет