АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар
қолданылған:
Білім – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен
пайымдауларының т.б. жиынтығы.
Дағды – автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет түрі, бірнеше рет
қайталау жолымен қалыптасады.
Ертегі – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық
көркем проза.
Ертегі
терапиясы
–
психотерапияның
құрамдас
бөлігі.
Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы
оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей
дайындығын туындатады.
Субъект – болмысты тану мен өзгертудің қайнары ретіндегі
индивид немесе топ және белсенділікті жеткізуші.
Коммуникативтік дағды – жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады,
адамды түсіне білуіне көмектеседі.
Қабылдау заттар мен құбылыстардың миымызда «тұтастықта»
бейнеленуі болып табылады.
Педагогикадағы модельдеу – педагогикалық құбылыстардың үдерістердің
көшірмесін педагогикалық жүйелерді схемалық бейнелеу.
Топтық іс-әрекет – әлеуметтік өзара қарым-қатынастың дамуы. Топтағы
жұмыс ең алдымен топ мүшелерінің тілдесу, сөйлесу, пікірлесу қабілеттерін
дамытудың негізгі өзегі, әлеуметтік қарым-қатынастың бастауы.
Ұстаным – адамның дүниетанымдық, моральдық-психологиялық
қасиеттері және оның қоғамға қарым-қатынасын білдіру арқылы көрінетін ішкі
қағидасы.
Ұжымдық іс-әрекет – арқылы тәрбиеленушілердің қоғамдық өмірге
қажетті білім, іскерлік дағдысы қалыптасады.
Элективті курс – тәрбиеленушілердің әртүрлі танымдық қызығушылығын
қанағаттандыратын, профильдің мазмұнын толықтыратын, оқу жоспарының
жаңа элементі.
Достарыңызбен бөлісу: |