Ақынова жібек мұхтарқызы



Pdf көрінісі
бет58/66
Дата27.05.2024
өлшемі3.56 Mb.
#501911
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66
19042023 disser

ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Зерттеу мәселесінің көкейкестілігін айқындауда оның бүгінгі күнгі 
жетістіктері мен қарама-қайшылықтары анықталды. Бiлiм беру саласының 
алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейiнгi ұйымда болашақ ұрпақтың 
дүниетанымын дамыту, жеке тұлға ретiнде қалыптастыруға сәбилiк шақтан 
бастап толық жағдай жасау, тәрбиелеу мен бiлiм беруге аса жауапты көңіл бөлу, 
білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми-педагогикалық негіздерін айқындауда 
осы саладағы зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, мектепке дейінгі ұйымда ертегі 
терапиясы негізінде
балаларға берілетін білімнің жан-жақты аз қарастырылып, 
нақты зерттеу аясына алынбағындығына көз жеткіздік. 
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында қызмет ететін 
педагогтердің үнемі ғылыми-әдістемелік деңгейін және заманауи біліктілігін 
арттырып, еліміздегі озат іс-тәжірибелерді кеңінен насихаттауды талап етеді. 
Бұл ретте тақырыптың ерекшелігіне байланысты педагог пен бала арасындағы 
қарым -қатынастың екі жақты да өзгертетін жаңа деңгейге көтеретін мүмкіндігін 
субъект – субъект тұрғысында педагогикалық-психологиялық сипаттама арқылы 
көрсетілді. Болашақ педагог-тәрбиеші мен тәрбиелеуші арасындағы қарым-
қатынасты субъектіліктің ықпалдастығы ретінде қарастырылды. Бұл жерде 
тәрбиеленуші қатып қалған объект емес, даму үрдісіндегі қалыптасушы тұлға. 
Тәрбиеші ықпал етуші субъект ретінде қимыл-әрекеттегі даму үстіндегі тұлға 
болып саналады. Тәрбиеші баланың ыңғайына қарай әрекет етеді. Мұнда өзара 
ықпалдастық кезінде педагог та, тәрбиеленуші де жаңа деңгейге көтерілетіні 
ескерілді. 
Диссертацияда 
«коммуникативтік 
дағдыны 
қалыптастыру»
ұғымының мәні ашылды, «субъект-субъект қарым-қатынас» ұғымына талдау 
берілді. 
2. Балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда ертегі 
терапиясын қолдану теориясында ертегілердің түрлері зерделенді, ғалымдардың 
ертегіге берілген анықтамалары топтастырылды, арт-терапиясының шығу 
тарихында даму кезеңдері зерделеніп, шетелдік және отандық ғалымдардың 
жұмыстары таладанып, ертегі терапиясының қолдану бағыттары көрсетілді,
ертегі терапиясының типологиясы сараланды. Ертегі терапиясы – тәрбие 
үдерісінде баланың жағымды мінез-құлқын жетілдіріп, өзіндік көзқарасы мен 
өзінің жан дүниесін тануына ықпал ету, сондай-ақ тұлғааралық қатынаста 
баланың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін түзету әдісі 
ретінде ғылыми тұрғыда дәлелденді.
3. Зерттеу нәтижесінде ертегілердің келесідей әдістері қарастырылды: 
тарихи-географиялық әдіс, құрылымдық әдіс, құндылық әдісі, ритуализм, 
психоанализ. Ертегі терапиясының жетекші функциялары анықталды: ойлау, 
сезім, сезімтал, интуитивті. Мектепке дейінгі ұйым балаларын ертегі терапиясы 
арқылы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруда педагогтер ескеретін 
мынадай ерекшеліктер анықталды: дамудың әлеуметтік жағдайы, баланың 
жетекші орны, логикалық ойлауы, зейіні, есте сақтауы, ерік-жігері, 
рефлексиясын дамыту т.б.


130 
4. Болашақ педагогтерді балалардың коммуникативтік дағдыларын 
қалыптастыруда ертегі терапиясының технологияларын қолдануға даярлауда 
сабақтың құрылымдық кезеңдері, ертегілерді қолданудың ұстанымдары, ертегі 
терапиясын қолдану формалары, әдістері, тәсіл, амалдары, ертегі құру 
алгоритмі, технологиялары талданды. Жұмыс барысында балалардың, жұмыс 
мазмұны, электрондық технологияларды қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.
5. Болашақ педагогтерді ертегі терапиясы арқылы балалардың 
коммуникативтік 
дағдыларын 
қалыптастыруға 
даярлау 
ерекшеліктері 
анықталды. Болашақ педагог баланың коммуникативтік және тілдік 
құзыреттілігін жетілдіру бағыттары белгіленді, ойын элементтерін қолдануы 
тәсілдері 
көрсетілді. 
Тәрбиеші-педагогтердің 
жұмыс 
практикасында 
пайдалануға арналған әдіс, тәсіл, амалдарды қамтитын «Magic book» атты 
әдістемелік құрал әзірленді. Онда қазақ ертегілерінің терапиялық мүмкіндіктерін 
іс-жүзінде қолдану жолдары берілді.
6. Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясы арқылы 
балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға даярлаудың моделі 
түзілді. Болашақ педагогтарды ертегі терапиясы арқылы балалардың 
коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға дайындығының деңгейлерін 
анықтауға арналған өлшемдері мен көрсеткіштер белгіленді. 
7. «Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын 
қалыптастыруда ертегі терапиясын қолдану технологиялары» атты элективті 
курс бағдарламасы әзірленді. Элективті курстың мақсат, міндеттері, мазмұны 
берілді. Курс тақырыптарын анықтауда өзара логикалық, мазмұндық байланысы, 
мәселенің теориялық және практикалық тұстарымен қоса, студенттердің оқу 
белсенділігі мен қызығушылығын арттыратын материалдарды қолдануға назар 
аударылды. Практикалық жұмыстарда көпнесе студенттердің өздерінің ойлауы, 
шығармашылығы, ізденісі секілді ой-әрекеттерімен қоса оларды өздері қолдану 
арқылы меңгеруіне мән берілді. Өзіндік тапсырмаларда студенттердің 
шығармашылық ізденіске жетелейтін тапсырмалар жасалды.
8. Мектеп жасына дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясы арқылы 
балалардың 
коммуникативтік 
дағдыларын 
қалыптастыру 
бойынша 
эксперименттік-тәжірибе жұмыстары қорытындыланды.
9. Зерттеу нәтижесінде алынған ғылыми жаңалықтар:
- болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясы арқылы 
балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға дайындау субъект-
субъектілік қарым-қатынас негізінде психологиялық-педагогикалық тұрғыда 
сипаттама берілді; 
- ертегі терапиясы арқылы балалардың коммуникативтік дағдыларын 
қалыптастыру түсінігіне теориялық талдау берілді; 
- мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясы арқылы балалардың 
коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға даярлаудың құрылымдық-
мазмұндық моделі жасалды; 
- болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясы арқылы 
балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға даярлауға арналған 


131 
элективті курс бағдарлама негізінде жүзеге асырылып, тәжірибелік жұмыстың 
нәтижелері математикалық және статистикалық есептеу жолдары арқылы 
көрсетілді. Нәтижесі қорытындыланып, ұсыныстар әзірленді.
Біз өз зерттеу жұмысымызда мектепке дейінгі білім беру мазмұнын 
теориялық-әдіснамалық тұрғыдан негіздей отырып, мектепке дейінгі білім 
беруге арналған бағдарламалар мен оқу-әдістемелік құралдардың ертегі 
терапиясын қатыстыра пайдаланудың маңызын ашып көрсеттік, дегенмен бұл 
мәселе өте ауқымды болғандықтан әлі де зерттеушілердің назарынан тыс 
қалмайды және әр қырынан тереңірек зерделей түсу алдағы уақыттың еншісінде 
деп есептейміз. 


132 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет