Айбаты жұрттан бөлекше



бет2/2
Дата23.04.2024
өлшемі0.55 Mb.
#499607
1   2
Қазақ-қырғыз бір туған, алға қарай ұмтылған...

Шығыстан келе жатқан жаңа Шыңғыс,
Таза бояу қайраткері, қара сөздің пат­шасы, –
дейді Олжас Сүлейменов Айтматовқа.
Өз кезегінде Ш.Айтматов та О.Сү­лей­менов, Ә.Кекілбаев, С.Санбаев сын­ды қазақ жазушыларына арнап бас­па­сөздерде жылы пікірін білдіріп отырды.
Саттар Сейітхазин мен Жаппар Өмір­бековтің сөздеріне жазылған Ілия Жақановтың «Даниярдың жыры», «Жәмиләнің жыры», «Әселім» әндері елу жыл­дан бері қырғыз бен қазақ сахна­сында шырқалып келеді.
Шыңғыс Төреқұлұлын пафоспен «Адамзаттың Айтматовы» деп атағандар да қазақ ағайындар.
Қырғыз-қазақ ғылыми интеллиген­циясының қалыптасуында екі халық­тың ғалымдары үлкен рөл атқарды және атқарып келеді. Ол құбылыс А.Бай­тұр­сынұлынан, Мұхтар Әуезовтен баста­лады. Ишеналы Арабаев, Қасым Тыныс­танов қырғыз тілінің әліпбиін, жазу ере­желерін Ахмет Байтұрсынұлынан үйренді. Мұхтар Әуезов мұрағатынан Қ.Иманалиев, Ж.Таштемиров және З.Мамытбековтің ғылыми еңбектеріне жазылған пікірлер сақталған.
Міне, осы ғылыми дәстүрді әдебиет­ші-ғалымдар З.Қабдолов, З.Ахметов, Р.Бер­дібай, С.Қасқабасов, Т.Кәкішев, Б.Әбіл­қасымов, У.Қалижанов, Ш.Ибраев, Д.Ыс­қақұлы, Ж.Дәдебаев, З.Бисен­ғали, Қ.Ергөбек, Қ.Әбдезұлы, Б.Ыбыра­йым, Б.Мамыраев, Ө.Әбдіманұлы, К.Матыжанов, А.Бұлдыбай, Д.Қам­за­бекұлы, Б.Омарұлы, Д.Қыдырәлі, С.Ана­­ньева, А.Шәріп, басқалар жалғас­тырып, кандидаттар мен докторларды даярлап шығарды. Мен де ондаған қазақ ғалымдарын даярлауға жәрдем бердім.
Қазақ-қырғыз әдеби байланысы ­тура­лы Р.Мылтықбаев, А.Мусинов, А.Ақма­талиев, Б.Омарұлы моногра­фиялар жазды.
Әдебиеттанушы-ғалым Бауыржан Омарұлының «Зар заман» ағымына қатысты ғылыми еңбегін ерекше атап өтуге болады. Өйткені онда кеңестік кезеңде оқырманға жетпеген, жетсе де идеология әсерінен теріс баға берілген қазақтың Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, қырғыздың Қалығұл Байұлы, Арыстанбек Бұйлашұлы, Молда Нияз, Молда Қылыш, Алдаш Молда жырлары салыстырылып, ұқсастықтары мен ерекшеліктері қарастырылған.
Бүгінде қырғыз ғалымдары қазақ әріптестерімен бірге «Айтматов және Қазақстан» энциклопедиясын дайындау үстінде. Бұл еңбек мәдениет, әдебиет, өнер және ғылым салалары бойынша жан-жақты қарастырылып, кең ауқымды мәселелерді қамтиды.
Қырғызстан мен Қазақстанға көктем келді. Таулар мен далалар құлпырды. Қы­зыл, сары гүлдер кілемдей жайна­ды. Біш­кекте Абай мен М.Әуезов ескерт­кіш­тері, көшелері, Астанадағы Айтматов кө­шелері көзге жылы ұшырайды. Міне, қа­зір Айкөл Манастың мүсіні Астанада алыс­тан көздің жауын алып, асқақтап тұр...
Біз елордаға бет алғанда:
Қазақ-қырғыз бір туған,
Алға қарай ұмтылған, –
деп келеміз...
Абдылдажан АҚМАТАЛИЕВ,
Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының директоры, Қырғызстан ҰҒА академигі 
https://egemen.kz/article/362444-qazaq-qyrghyz-bir-tughan-algha-qaray-umtylghan

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет