Мазмұндау жоспары
Ашыққан түлкі не аулауға шықты? Торуылдап, тауық, әтеш.
Түлкі тауық қораға қалай түсті? Пішенмен өрмелеп, өткір
тырнағымен қазды.
Ол қорадан шығу үшін қандай
амал ойлап тапты? Өтірік өлген болды.
Ағаштың көз жасы
Самат бірде ашатаяқ жасап, онымен торғай атқысы келді. Ойға алған ниетін іске асыруға кірісті. Бір ағаш кесіндісінен аққан бірнәрсе қолына тамды. Артынан және бір тамды. Бұл не болды екен? Самат ойланып қалды.
Кешкі ас үстінде бұл жағдайды атасына айтты:
-Балам-ау соны да білмегенің қалай?! Ол-ағаштың көз жасы ғой, жаны ауырған болар. Ал сен болсаң өзіңнен әлсізге әлімжеттік жасағаныңды сезбепсің де. Енді, міне, онымен қоймай, ашатаяқпен құс атпақсың. Ал оның жазығы не?- деді атасы.
Саматтың денесі түршігіп кеткендей болды. Расында да ол ағаш ауырсынар деп еш ойламаған. Құрысын, мұны білгенде, ағаш бұтағына тиіспейтін еді ғой. Атасына айтқаны қандай жақсы болған. Әйтпесе, мына ашатаяқпен құс атса, оның сарыауыз балапандары болса, мүлдем обал болатын еді ғой. Ол өзіне дер сәтінде келген бұл ойға қатты риза болды. Жүгіріп барып, қалтасынан ашатаяқты алды да, лақтырып жіберді. (92сөз)
Мазмұндау жоспары
1.Самат не істемек болды? Ашатаяқ.
2.Ол атасына не туралы айтты? Тамшы.
3.Атасы не деді? Ағаштың көз жасы.
4. Саматтың денесі қайтті? Түршігіп.
5. Бұдан соң самат қандай ойға келді? Өкінді.
6. Ашатаяқ не істеді? Сындырып лақтарды.
Жомарт деп кімді айтамыз?
Ертеде бір Атымтай деген жомарт адам өмір сүріпті. Осы кісіден біреулер: «Өзіңізден асқан жомарт адамды көрдіңіз бе?»-деп сұрапты.
-Бір күні жол жүріп шаршап келе жаттым. Шөл далада тігулі тұрған күрке көрдім. Онда бір кемпір баласымен тұрады екен. Кеш батып қалған кез. Әлгі күркеге аялдауға тура келді.Үй иелері іргеде байлаулы тұрған ешкісін мейман асына сойды. Күркенің ағашын отқа жағып, ет пісірді. Сөйтіп, мені сыйлады. Сөйтсем, бұл үй иелерінің жалғыз ешкісі мен күркесінен басқа ешнәрсесі жоқ екен. Соның өзін аямады. Міне, жомарттық деп осыны айт,-депті ол.
Әрине, бұл аңыз ғой. Әйтсе де осы сөздің түбінде бір шындық бар.Қазақ халқы ешкімді жатсынбаған. Сондықтан болар, белгілі жиһанкез «Егер қазақ халқы экватор бойымен жағалай қоныстанса,онда жер шарын тегін аралап шығуға болар еді» деген екен.
Міне, балалар, ата-бабамыздың осындай аяулы салт-дәстүрін
сендердің де білгендерің жөн. Қонақ күту, оған сый-сияпат көрсету өз
алдына бір өнер десек те болады. (90 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |