Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А


Ескерту. Мына сияқты сөздердің ортасында ы, і



Pdf көрінісі
бет10/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Ескерту. Мына сияқты сөздердің ортасында ы, і әріптері жазылмайды: 
баурай, баурау, лоблу, мәжнүн, малғұн, медресе, сахна. 
Кейбір сөздердің соңғы буындарындағы ы, і дыбыстары сол сөздерге 
белгілі бір қосымшалар жалғанғанда, айтылуы да, жазуда да сусып түсіп 
қалады. Мысалы: орын+а-орна/ды/, ойын+а-ойна/ды/, бұйыр+ық-бұйрық, 


13 
жиын+а+лыс-жиналыс, қорық+ып-қорқыту, қорық+а+атын- қорқатын, 
үрік+ек-үркек, 
ерін+еу-ернеу, 
қырық+ыншы-қырқыншы, 
айыр+ық+ша- 
айрықша. 
Ескертулер. 1. Айыр, қайыр, майыр, шайыр, үйір, шүйір сияқты етістік 
түбірлеріне етіс жұрнақтары (+ыс,+ыл т.б.) жалғанғанда й +ден кейінгі ы, і 
әріптері түсірілмей сақталып жазылады: айырылу, айырысу, қайырылу, 
қайырысу, үйірілу, шүйрілу.
2. Соңғы буынындағы ы, і әріптерін түсіріп не түсірмей жазу бірқатар 
сөздердің мағынасын айыру үшін пайдаланылады. Мысалы: ұмтылу- талпыну 
және ұмытылу – естен шығу. 
Соңғы буындарында ы, і дыбыстары бар сөздерді тәуелдегенде, көбінесе 
соңғы буындарындағы ы, і әріптері сақталып жазылады: киім+і – киімі, 
бауыр+ы- бауыры, бақыт+ы- бақыты, бұйым+ы- бұйымы, дәуір+і- дәуірі, 
пейіл+і – пейілі, рақым+ы-рақымы, уақыи+ы-уақыты, уыт+ы-уыты, ырыс+ы-
ырысы, иіс+і-иісі, ғылым+ы-ғылымы. 
Ескерту. Тәуелдегенде соңғы қатаң дауыссыз дыбысы ұяңдап кететін 
сөздерде ы, і әріптері түсірілмейді: көрік+і- көрігі, білік+і-білігі. Мынадай 
сөздерде, яғни соңғы буынындағы қысаң ы, і дыбыстары үнді дыбыс пен қатаң 
дыбыстың ортасында келген сөздерді тәуелдегенде, қысаң дыбыстар сусып 
түсіп қалады және түсіріліп жазылады: мойын+ы-мойны, мұрын+ы- мұрны, 
халық+ы-халқы, ерік+і-еркі, әріп+і-әрпі т.б. 
Ы, і дыбыстарына аяқталатын сөздерге дауысты дыбыстан басталатын 
қосымша жалғанғанда, ы, і әріптері түсіріліп жазылады. Мысалы: алты+ау-
алтау, жеті+еу- жетеу, екі+еу- екеу. 
Ы,і дыбыстарына аяқталатын етістіктерге –у жұрнағы жалғанғанда, ы, і 
әріптері түсіріліп жазылады: оқы+у- оқу, тоқы+у-тоқу, кемі+у- кему, жібі+у- 
жібу, иі+у-ию, кейі+у-кею. 
Л, р дыбыстарынан басталып, одан кейін а, ә, е, у, ұ, и дыбыстары келетін 
түбір сөздердің басында ы, і әріптері жазылмайды: лаж, лайық, лас, лай, лайсаң, 
лақ, леген, рай, рас, лауазым, лашын, лашық, лақап, лезде, леп, лепіру, лоблу, 
рақым, рет, ренжу, рең, реңк, ру, рух, рухани, рұқсат, риза, рия, рәсуа. 
Л, р дыбыстарынан басталып, одан кейін қысаң ы, і дыбыстары келетін 
сөздердің басында (л, р әріптерінен бұрын) ы, і әріптері жазылады: ырыс, 
ырым, ырыө, ырсылдау, іріту, ілігу.
Сөз р немесе л дыбыстары мен қатаң дауыссызға аяқталып, шұғыл 
айтылатын жағдайда бұлардың арасына ы, і әріптері жазылмайды. Мысалы: 
ұят, жұрт, кілт, бұлт, қарт, төрт, құрт, жалт-жұлт, тарс-тұрс, бырт-бырт, жарқ-
жұрқ, салт, қалт (етті). 
Ескерту. Шұғыл айтылмайтын соңғы үнді мен қатаң дауыссыздың 
арасына ы, і қойылып жазылады: жарық (сәуле), қарыс (бір қарыс сақалы бар),
қарыт(аязға беін қарытып алды), тұрыс (бұл тұрысың маған ұнамайды). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет