Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет24/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

 
 
4-тақырып. Түбір сөздердің емлесі 
Жоспары:
1 Бөлек жазылатын сөздер.
2 Бірге жазылатын сөздер.
3 Дефис арқылы жазылатын сөздер. 
4 Қысқарған сөздердің жазылуы. 
 
Бөлек жазылатын сөздер.  Екі (кейде одан да көп) сөз қатар айтылып, бір 
ғана ұғымды білдіретін, яғни бір ғана затты, құбылысты, қимылды, түр-түсті, 
санды атайтын күрделі сөздердің әрбір компоненті бөлек жазылады. Олар 
мыналар: Екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты атап, алдыңғысы 


26 
соңғысының тегін (неден жасалғанын), неге арналғанын, немен жұмыс 
істейтінін және өзгелерінен ажыратылатын белгілерін білдірсе, олар бірбірінен 
бөлек жазылады. Мысалы: ағаш шот (ағаштан жасалған шот), ат қора (атқа 
арналған қора), жел диірмен (желмен жұмыс істейтін диірмен), жол азық 
(жолда жеуге арналған азық), май шам (маймен жанатын шам), шай қасық 
(шай ішкенде жұмсалатын қасық) т.б. Бұлардың қатарына екінші компоненті 
бау, айыл, жіп, сап, киім, қалта, май, қағаз, ағаш («өсімдік» деген мағынада 
емес, зат, бұйым жасайтын материал – «древесина» мағынасындағы) сияқты 
зат есімдер мен олардың түрлерін (яғни сол сөз атап тұрған заттың түрлерін) 
айырып атайтын сапалық не қатыстық сынды білдіретін есім сөздер жатады. 
Мысалы, бау сөзімен келетін: аяқ бау, балақ бау, жел бау, қарғы бау, қармақ 
бау, тамақ бау деген күрделі сөздердің барлығында да алдыңғы компонент 
баудың түрлерін атайды (бұл қатарға шашбау, белбеу сөздері кірмейді, олар – 
кірігіп барып, бірігіп кеткен сөздер, яғни осылайша жазылуы дәстүрге 
айналғандар). Сол сияқты: құр айыл, төс айыл, шап айыл; бас жіп, күзеу жіп, 
мойын жіп, өрмек жіп дегендерде алдыңғы сөздер – айыл мен жіптердің 
түрлерін айырып атайтын анықтауыш сөздер, сондықтан бөлек жазылады. 
Екінші компоненті қағаз сөзі болып келген күрделі атаулардың бірқатары бір 
ұғымның (кейде бір кұжаттың) атын білдіреді: арыз қағаз, жолдама қағаз, 
куәлік қағаз, қатынас қағаз, мақтау қағаз, рұқсат қағаз, талақ қағаз, шақыру 
қағаз. Бұлардағы алдыңғы сөздер “қағаздың” (жазылған дүниенің) неге 
байланысты, не үшін берілетін (жолданатын, жазылатын) құжат екендігін 
білдіреді: рұқсат қағаз – бір нәрсеге (іс-әрекетке, затқа т.б.) рұқсат ететін құжат, 
талақ қағаз – көне атау, әйелін талақ еткенін куәландыратын қағаз т.т. 
Бұлардың көпшілігінің бірінші сөзі осы мағынада қағаз компонентінсіз-ақ 
қолданыла береді: жолдама, куәлік, шақыру, арыз т.т. Енді бірқатар тіркестерде 
алдыңғы компонент қағаздың сапалық не қатыстық сынын білдіретін 
анықтауыштар болып келеді: ватман қағаз, көшірме қағаз, қатырма қағаз. Бұл 
көрсетілген екі жағдайдың екеуінде де қағаз сөзімен келген тіркестердің әрбір 
сөзі бөлек жазылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет