Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет92/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Ескертулер. 1. Бастауыш атау тұлғадағы зат есімнен, баяндауыш жатыс септіктегі зат 
есімнен болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылмайды: Бүркітші тау басында, қағушы 
ойда (Абай). Мектеп үйі қалашыктың қақ ортасында. 2. Бастауыш зат есімнен, баяндауыш 
сын есімнен болғанда, екеуінін арасына сызықша қойылмайды: Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі 
қызыл (Абай). Күз түні ызғарлы, суық. 3. Бастауыш зат есімнен, баяндауыш атау не жатыс 
тұлғадағы сан есімнен болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылмайды: 1936 жылы 
Жамбылдан жазылып алынған жырдың саны он алты. Ағайынды бұл үшеуінің жас 
мөлшерлері бір-біріне жақын: Балтабек жиырма алтыда, Темірбек жиырма төртте, Кенжетай 
жиырма екіде (С.Мұқанов). 4. Бастауыштан кейін оған жалғас сұрау есімдігі келген 
сөйлемдерде, баяндауыш атау тұлғадағы зат есім болғанмен, сызықша қойылмайды: Жилин 
қандай адам? Қала мен селоның арасы қанша километр? Бүгінгі күн қай күн?
Бастауыш І, ІІ жақтық жекеше я көпше тұлғадағы есімдіктен, баяндауыш 
жіктік жалғауы түсірілген есімдердің біреуінен болғанда, бастауыштан кейін 
сызықша қойылады: Мен – тауда ойнаған қарт марал (Махамбет). Біз – 
қырғауыл, сіз – тұйғын (Абай). Семья – шағын мемлекет, мен – президент, сен – 
премьер (Қ.Аманжолов). Сен – тоты құс бақта жүрген (Абай). 
Ескерту. Мұндайда баяндауыш жіктік жалғаулы болса, сызықша қойылмайды: Мен 
осы үйдің баласымын. Сіздер тәжірибелі мамансыздар. Мен көмірмін қалған өрттен (Абай). 
Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы сын есімнен жасалғанда, 
бастауыштан кейін сызықша қойылады: Жақсы – ісімен жақсы. Сұлу – сұлу 
емес, сүйген – сұлу.
 Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болғанда, екеуінің арасына 
сызықша қойылды: Үш жердегі үш – тоғыз. Екі бесіміз – он.
Бастауыш ол, бұл, мынау, сонау, анау деген сілтеу есімдіктерінен жасалып, 
баяндауыш атау тұлғадағы зат есім немесе зат есім мағынасындағы басқа сөз 
табы болғанда, сілтеу есімдіктерінен кейін сызықша қойылады: Бұл – адам көз 
сүйегі, – деді ханға (Абай). Сонау – біздің бие. Анау – емен ағашы. Бірақ бұл – 
қайтқаны емес, толғанып қалып, бірнеше тәсіл тапқаны (Ғ.Мұстафин). Соғысты 
біз сүймейміз ел жылатқан. Ол – ісі қанқұмардың қарғыс атқан (Жамбыл).


100 
Ол, бұл деген сілтеу есімдіктерінен болған бастауыштар өзінен кейінгі 
сөздің анықтауышына ұқсап, шатасып кететін жағдайда, бастауышы қай сөз 
табынан жасалса да, одан кейін сызықша қойылады: Мұндай бастауыштары бар 
сөйлем өзінің алдындағы сөйлемдермен логикалық байланыста болады
сондықтан олар контекске қарай ажыратылады: Тіл-тілдің қайсысында болсын 
сөз мағынасы көбіне осы метафора арқылы ауысады. Сөйтіп, бұл – сөз 
мағыналарының ауысу тәсілдерінің ішіндегі метафораның айрықша орын 
алатындығын көрсетеді (К.Аханов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет