Секіру жаттығулары. Секіру жаттығуларының мынадай түрлері бар: 1) биіктікке секіру; 2) ұзындыққа секіру; 3) сырықпен секіру; 4) үш аттапсекіру;
Өздерің өмір сүріп жүрген күнделікті табиғи ортада секірудің осы түрлері үнемі кездесіп отырады. Мысалы, бала секіріп ағаштың бұтағынан ұстау керек болса, ол бір орында тұрып биіктікке секіреді. Үлкен арықтан немесе бұлақ суынан өту керек болса, бір орында тұрып не жүгіріп келіп ұзындыққа секіреді. Ал егер бала жуан бөрененің үстінен жерге секіріп түсу немесе бір нәрсенің үстіне секіріп шығу қажет болса, онда ол биіктікке секіреді. Далада табиғат аясында секіріп жаттығу қызықты да пайдалы. Бұл секіру түрлерімен арнайы шұғылдануға үлкен жол ашады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығуларда ғана емес, сабақтан тыс кездері және ойын үстінде секіріп жаттыға берген дұрыс. Мысалы, шығыршықпен секіріп жаттығу немесе секіріп жарысу аяқтың бұлшық еттерін жетілдіріп, секіру әдістерін меңгеруге көмектеседі [10].
Допты немесе басқа бір затты екі аяқпен қысып алып қос аяқтап секіріп жарысу аяқтың күшін көбейтеді және дененің қимыл-қозғалыс үйлесімін арттырады.
Лақтыру жаттығулары. Лақтыру жаттығуларының түрлері мынадай: дискіні лақтыру, балға лақтыру, найзағай лақтыру, ядроны итеру.
Лақтыру жаттығулары күшті молайтады және қимыл түрлерін үйлестіре білу қабілетін арттырады. Допты жоғары лақтыру және ұстау. Допты жоғары лақтыру және жерге түсіп ыршыған соң ұстау. Допты жоғарыдан алға лақтыру. Допты желке тұстан жоғары лақтыру және ұстау. Допты кеудеден алысқа лақтыру. Тізерлеп отырып, допты бір-біріне лақтыру. Малдас құрып отырып, допты бір-біріне лақтыру. Шалқадан жатып, допты бір-біріне лақтыру.
Гиманстика сабағындағы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығуларға арналған ойындар:
«Қуғыншыдан құтқар». (Жүгіруге арналған ойын) Арнаулы сызықпен қоршалған ойын алаңында балалар жүгіріп ойнап жүреді. Мұғалім белгі берісімен санамақ арқылы сайланған ойын жүргізуші: «Мен қуғыншымын» -деп, қолын жоғары көтереді де, өзіне ең жақын жүрген ойыншыны қуа жөнеледі. Қашып келе жатқан бала мен қуғыншының арасын басқа бір ойыншы кесіп өтіп кетсе, қуғыншы сол алдын кескен екінші баланы қуады. Егер қуып жетсе екеуі орын ауыстырып, жаңа қуғыншы ойынды әрі қарай жалғастырады.
«Мысық пен тышқандар». (Секіруге арналған ойын) Ойыншылар санамақ арқылы «мысық» сайлап алады. Қалғандары тышқандар болып, үлкен етіп сызылған бір шеңбердің бойында дөңгелене тұрып, сызықтың іші мен сыртына кезекпен қос аяқтап секіре бастайды. Мысық шеңбердің ортасында жүгіріп жүріп, сызықтың ішіне ескіріп кірген тышқандардың біріне қолын тигізсе, екеуі орын ауыстырып ойнайды.
«Жүгіріп өт». (Лақтыруға арналған ойын) Ойыншылыр екі топқа бөлінеді. Сонан соң алаңның екі шетінен арасы бір-бірінен 20-30 метр болатын екі сызық сызылады. Бірінші топтың балалары бір сызықтың бойында бір қатар болып тізіліп тұрады. Екінші топтағылар қолдарына 1-2-ден кішкене доп ұстап бір жақ қапталда қатар түзеп тұрады. Мұғалімнің «1,2,3 – жүгір !» деп дауыстауынан кейін бірінші топтың балалары қарсыдағы екінші сызыққа қарай жүгіре жөнеледі. Қолында доптары бар ойыншылар оларды доппен көздеп тигізіп ойыннан шығаруға тырысады.
Соңынан доп тиген ойыншылардың саны анықталып, топтар орындарын ауыстырып ойнайды. Қай топтың балалары допты көп тигізсе, сол топ жеңеді.
4. «Допты «Жолбарыс» ұстайды». (Лақтыруға араналған ойын) Шеңбер құрып тұрған 5-6 ойыншы бір-біріне допты лақтырып беріп ойнап тұрады. Осы кезде ортадағы бір ойыншы, яғни «жолбарыс» лақтырылған допты қағып алуға тырысады. Ол кімнің лақтырған добын қағып алса, сонымен орын ауыстырып ойнайды.
Достарыңызбен бөлісу: |