Айтыс түрлері Жоспар: Жар – жар айтысы; Бәдік айтысы; Жұмбақ айтысы; Өлі мен тірінің айтысы; Жануарлар мен иесінің айтысы; Салт айтысы; Осы күнгі айтыс; Жұмбақ айтысы: Жұмбақ Айтыс



бет2/3
Дата05.12.2022
өлшемі3.56 Mb.
#466580
1   2   3

Жануарлар мен иесінің айтысы:

  • Төрт түлік халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алады. Онда жануарлар мен адамның айтысы да кездеседі. Мысал үшін иесі мен сиырының айтысын алайық.
  • Иесі: Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба? Биылғы жыл соғымға сояйын ба? Биылғы жыл соғымға сойып алып, Танабайға жаяңды қояйын ба?
  • Сиыры: Шиыршықтап қыл арқан ескеніңде, Қу шолақты соялық дескеніңде, Қу шолақты соғымға сойып алып, Бүржекейден көрермін көшкеніңді.
  • Осы тәрізді иесі мен атының айтысы, аңшының аңдармен айтысы, т.б. ауыз әдебиетінде кездеседі. Бұл айтыстардан халықтың күн көріс, тіршілігін, бір кездердегі дүниетану көзқарасын аңғаруға болады.

Салт айтысы:

  • Салт айтысы — айтыстың ежелгі түрі. Салт айтысы халықтың әдет-ғұрпы мен сенім-нанымына, күн көріс кәсібіне байланысты қалыптасқан. Салт айтысы белгілі бір әдет-ғұрып негізінде топпен орындалатындықтанөлең мәтіні жұрттың бәрі жатқа білетіндей жеңіл, аса қарапайым болып көбіне тұрақты қайталаулар негізінде айтылады (“Алып келген базардан қара насыр”, “Қызыл қыршын, замандас, қызыл қыршын”, т.б.). Бәдік пен жар-жар өлеңдері бертін келе өз жанынан өлең шығаратын өнерпаздардың жеке дара айтысына, әзіл қағысуына жол салды. Мұның ең көп тараған түрі — қыз бен жігіт айтысы, ол ұзату тойы мен сан түрлі бас қосу, ойын-сауық үстінде жастардың сыпайы әзіл-қалжыңына құрылып, дәстүрлі бір-бір ауыз өлеңмен қысқа қайырылып отырады. Қыз бен жігіт қайымдасулары бір жағының жасырған жұмбағын екінші жақтың талдап шешуімен, жұмбақты ойдағыдай шешкен жігітке қыздың жол-жора беруімен (орамал, сақинажүзік, т.б.) аяқталады. Салт айтысының дін, табиғат сыры мен өмірлік мәселелерді жұмбақтауға құрылған түрлері де кездеседі (қ. Жұмбақ айтыс). Енді бір кең тараған түрі — үй-іші тұрмысы мен шаруашылыққа байланысты туған айтыстар. Мұнда да күнделікті өмір құбылыстары сөз болады (“Атасы мен келіні”, “Әкесі мен баласы”, “Нұрбайдың Әзірейіл аларда үй-ішімен қоштасқаны”, т.б.) Салт айтысы кемелдене келе жеке ақын жазған айтыстың жаңа түрінің қалыптасуына жол салды. Мұнда лирикалық кейіпкерге айналған ақын айтыстың диалогқа құрылған тек сыртқы түрін ғана қалдырады да, сол арқылы өзінің сезім күйі мен айтар ойын ұтымды бейнелейді. Бұл үлгілердің бір тобы сүйгенімен қосыла алмай, арманда кеткен жастардың қабір басындағы диалогына құрылған. Олар бұл дүниеде іске аспаған ой-арманы мен өкініш-мұңын, өмірге деген наразылығын жырға қосады (“Ақбала мен Боздақ”, “Аймаңдай мен Бабас”, т.б.). Енді бірі халықтың күнкөріс, тіршілігімен байланысты туындаса (“Төрт түлік малдың айтысы”, “Салпық пен ат”, “Ыдырыс пен тайлақ”, т.б.), келесі бір тобы үлгі-насихат, білім-танымдық сипатқа ие (“Шәкірт пен жалқаулық”, “Қара шекпен мен қасқыр”, т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет