Қайтсем де, қалай болса да Шығайбайдан дәм татам деген талайлардың тауы шағылған болады екен



бет2/2
Дата15.12.2023
өлшемі21.31 Kb.
#486705
1   2
көрініс

Бәйбіше қараңғыда асты түсіреді. Бай пышақты қолға алып жіберіп.

Жат жігітім, жат! Сазайың осы! — деп, аузына бір кесегін асап жіберсе, тісі өтпейді. Олай қыйдалайды, бұлай қыйдалайды, болмайды.


Етін не болып кеткен. Өңкей шандыр!—деп, қатынына ұрсады. Түйіліп қалып, май сұрайды.




Ақыры Алдардан келгенін біліп, амалсыз аштан-аш жатады.


Таңертең Шығайбай жолға кетпек, болып, бәйбішесіне қонаққа көрсетпей маған нан беріп жібер, — дейді. Әйелі ошақта пісіп жатқан нанды оттан ала салып байдың қойнына тыға қояды, Мұны көре салып Алдар жүгіріп шығады.

Е, байеке! Енді будан бұлай жолығамыз ба, жоқ па? Ақтық рет қазақ дәстүрімен достарша көрісіп айрылысалық,— деп, бара сала байды құшақтайды. Оттан жаңа шыққан нан байдың кеудесін күйдіріп кетеді.


Ау, жарайды енді! — деген сайын қаттырақ қыса түседі.


Ау, мына ит жегірді ит жесін! Мә деп, қойнынан нанды лақтырып тастайды.


Ә, байеке, ит жегенше мен жейін, — деп, Алдекең барып нанды қолына алады. Бай дүзге аш кетеді.




Бай екінші күні тағы жолға шығарда бәйбішесіне бір торсық айран құйғызып, оны, көрсетпей ішінен байлап алады. Бай енді шығуға ыңғайланғанда Алдар:

Байеке, мен сіз келгенше жүретін шығармын амандасып қалайын дейді де, құшақтаса амандасқан болып торсықтың тұсынан қысады. Торсықтағы айран төгіліп Шығайбайдың мазасын кетіреді. Торсықты амалсыздан Алдарға беріп Шығай бұл жолы да аш кетеді.


Қөседен құтыла алмаған соң, бай Қөсенің атын сойып алмақ болады. Байдың мұнысын тағы естіп қойып, атына барады. Атының қасында байдың да аты тұр екен. Өз атының маңдайындағы қасқасы болмаса, екеуінің ешбір айырмашылығы жоқ екен. «Маған ойлайтын зиян болса өзіне тисін» деп, өз атының қасқасына сыйырдың шикі боғын жағып, жоғалтады да, бай атының басына бор жағып, қасқа ат қылып қояды. Сөйтеді де, орнына келіп жатып ұйықтап қалады.


Алғашқы күнгі етті жеп қойған да Алдар екенін біледі. Біледі де ішін ыза кернеп: «Тура тұр , бәлем!» — дейді. Алдар ұйықтады-ау деген кезде сыртқа шығып, Алдардың атын жарып тастайды.

Міне жігітім сазайың! — деп, өзінің істеген ісіне көңілі толып қуанып, төсегіне келіп жатып, ұйқыға кетеді.




Таңертең бай орнына« турып жатып, Алдарға айтады:

Мына кемпір қасқа ат өліп жатыр дейді. Сенің атың болу керек жарылып қалған. Сорлы, атыңды бақпай қазан бағып жүрген не қылған адамсың! — деп қарқ-қарқ, күледі.


Алдар тұрып:


Қандай қасқа екен? Боқ қасқа болса менікі болар, бор қасқа болса сіздікі болар, — дейді,


Бай құдайдың ұрғанын біледі де, орнынан тура жүгіреді. Жүгіріп барса, айтқанындай өліп жатқан байдың бор қасқасы екен.
Бай күйіп кетіп, Алдарға келіп:

Жоғалт қараңды сұм! Мен сені енді көрмеймін, — деп шығып кетеді. Сыртқа шығысымен қатынына:


Тез жөнелт, — дейді. Бай анадай, жерге шыққан кезде жақындап барып, Алдар:


Етігім жыртылып шұлғауым шығып жүр, Бізіңді беріп кет дейді Байдың бергісі қелмейді. Алдар жабысып жібермейді: Ақыры болмаған соң:


Ә, алсаң алшы, аңтұрған! Ал да қараңды жоғалтшы, кәпір — дейді.


Алдар «алғысты жаудырмалатып, күліп, қала береді. Бай кетісімен оның бәйбішесіне жүгіріп келіп:

Ал қызыңыз «Бізбикені киіндіріңіз, — дейді.


Е, не үшін?


Баймен келісіп, мен қызыңызды алып кететін болдым.


Жоғал әрі, сұм! Саған қыз беретін бе еді бай, — дейді.


Әйтпесе өз құлағыңмен естіп қал деп, сыртқа шығып, көп жерге барып қалған байдың артынан айқайлайды:


Әй, бай! Бізбикені бермей жатыр мына бәйбішең, — дейді.


Әй, қатын! Бер бізді! Жоғалт сол кәпірдің көзін, — деп айқайлайды бай.


Әні, естідің бе? — дейді Алдар қасында тұрған әйелге.


Мына кәрі ит алжыған ба өзі! Елді құртқан бір қуаяққа беріп құтырған ба? — деп, таң қалады әйелі.




Қатын-қалашқа бой берген Алдар ма? Анау-мынау дегенге көнбестен жасауын буып, қызды атқа мінгізеді.
«Алдардың ойыны осылай болады» деп, еліне тартып отырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет