Акциз есебі мен есептілігi



бет3/5
Дата13.10.2023
өлшемі5.76 Mb.
#480687
түріКодекс
1   2   3   4   5
акциз

Акциз ставкалары
1. Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi және тауар құнына процентпен (адвалорлық) немесе заттай нысандағы өлшем бiрлiгiне (қатты) абсолюттiк сомада белгiленедi. 2. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн алкогольдi тауарларға акциз ставкалары оларда сусыз (жүз проценттiк) спирттiң болу көлемiне қарай белгiленедi. 3. Спирттiң барлық түрлерiне акциз ставкалары спирттiң бұдан әрi пайдаланылу мақсаттарына қарай саралануы мүмкiн. Спирттi өткiзу кезiнде алкогольдi өнiм өндiрушiлерге акциз ставкасы алкогольдi өнiм өндiру құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы жоқ тұлғаларға өткiзiлетiн спиртке белгiленетiн базалық ставкадан төмен болып белгiленуi мүмкiн. 4. Ойын бизнесi объектiлерiне ең жоғары және ең төмен акциз ставкасының шектерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi жылдық есептен шығарып белгiлейдi. Белгiленген базалық ставкалар шегiнде жергiлiктi өкiлдi органдар бiр әкiмшiлiк бiрлiк аумағында қызметiн жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай акциз ставкасын белгiлейдi.
Акцизделген тауарларға белгіленген салық ставкалары

р/с №

Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасы
КО СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциз мөлшерлемелері (өлшем бірлігі үшін теңгемен)

1.

2207-ден

80 көлемдік пайызды немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанол) басқа (түссiз емес, боялған)

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

1,0 теңге/литр

3.

2208-ден

80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа)

100% спирт
750 теңге/литр

4.

2207-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті

0 теңге/литр

5.

2208-ден

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптан, шарап материалынан, сырадан және сыра сусынынан басқа)

100% спирт
2550 теңге/литр

6.

3003,
3004-тен

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім

100 % спирт
500 теңге/литр

7.

2208

Коньяк, бренди

100% спирт
250 теңге/литр

8.

2204, 2205, 2206 00

Шараптар

35 теңге/литр

9.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан немесе пайдаланы-латыннан басқа)

170 теңге/литр

10.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын шарап материалы

0 теңге/литр

11.

2203 00

Сыра және сыра сусыны

57 теңге/литр

12.

2202 90 100 1

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра

0 теңге/литр

13.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

12300 теңге/1000 дана

14.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

12300 теңге/1000 дана

15.

2402-ден

Сигариллалар

6225 теңге/1000 дана

16.

2402-ден

Сигаралар

750 теңге/1дана

17.

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

7345 теңге/килограмм

18
19

2403
3824

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және тағы басқалар)
Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық

7345 теңге/1 кг темекі қоспасы
5 теңге/
сұйықтық миллилитрі

20

2709 00-ден

Шикі мұнай, газ конденсаты

0 теңге/ тонна

21

8702 тен

микроавтобустарды, автобустар мен 100 троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын моторлы көлiк құралдары

100 теңге/текше см.

 22

8703 тен

двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын, ең бастысы адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа)

0 теңге/1 кг

23 

8704 тен

двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиіндегі моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа)

0 теңге/ сұйықтық миллилитрі

заголовок




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет