Жобаларын қоғамдық тыңдалымға шығаруға жататын қызметтер түрлерінің тізбесі



жүктеу 84.2 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі84.2 Kb.


Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2016 жылғы « »

№ бұйрығымен

бекітілген

Жобаларын қоғамдық тыңдалымға шығаруға жататын

қызметтер түрлерінің тізбесі

Жобалар бойынша міндетті қоғамдық тыңдалымдар өткізу:



  1. Ауыл шаруашылығы саласында:

  1. өзен бассейндерi арасындағы су ресурстарын ауыстырып отыру жөнiндегi жұмыстар, мұндай жағдайда бұл ауыстыру су жетiмсiздiгiн болдырмауға бағытталған және ауыстырылатын су мөлшерi жылына 100 млн.текше метрден асады (бұдан әрі - жылына млн.текше метр);

  2. өзен бассейндері арасындағы су ресурстарын ауыстырып отыру ауыз су жүргізетін құбырын ауыстырудан басқа бассейннен көп жылғы орта ағынмен суды жинау жылына 2000 млн. текше метрден асатын ауыстырылатын су көлемі бұлағынның 5%-нан асады;

3) мал шаруашылығы бойынша:

мүйізді ірі қара малды, құсты немесе шошқаны өсіруге қарағанда көбірек есептелген:

мүйізді ірі қара малдың 1200 басы;

құстың 10 000 басы;     

шошқаларды бордақылау үшін 2 000 орын (30 кг салмақтан артық);      

аналық шошқалар үшін 750 орын; 

күніне 50 тоннадан асатын тұтас етті ұқсату бойынша қуаттылықтағы қасапхана.

2. Орман шаруашылығы саласында:

1) мемлекеттік орман қорының жерлеріндегі объектілердің орналастыру бойынша;

2) мемлекеттік орман қорының жерлеріндегі орманның, оның ішінде елді мекендер шекарасының шеңберіндегі көгалдандыру екпелерінің кесілуі бойынша;

3. Тау-кен қазу өнеркәсібі саласында:

1) мұнай жағдайында күніне 500 тоннадан және газ жағдайында күнiне 500 000 м3 асатын шығарылған мөлшері коммерциялық мақсаттарда мұнай және табиғи газды өндіру бойынша;

2) 25 гектардан (бұдан әрі – га) асатын жердің үстіңгі қабатымен (карьер) пайдалы кендерді ашық өндіру бойынша;

3) сыйымдылығы 200 000 тоннадан және одан көбірек мұнайды, мұнай химиялы немесе химиялық өнімдерін сақтау бойынша;

4) көмір өндіру бойынша;

5) уран өндіру бойынша.     

4. Өңдеу өнеркәсібі саласында:

1) мұнайды қайта өңдеуші және газды қайта өңдеуші зауыттар бойынша;

2) газдандыру және көмір жағу бойынша;

3) кокс пештері бойынша;

4) күйдіру немесе графитизация жолымен көміртекті (табиғи кокс) немесе электрографитті өндіру бойынша;

5) пайдаланылған ядролық отынды қайта өңдеу бойынша; 

6) ядролық отынды өндіру немесе байыту бойынша;       

7) пайдаланылған ядролық отынды немесе жоғары радиоактивті қалдықтарды өңдеу бойынша; 

8) пайдаланылған ядролық отынды жою бойынша;       

9) пайдаланылған ядролық отынды немесе жоғары радиоактивті қалдықтарды өндіріс объектісі аумағы шегінен тыс (10 жылдан көбірек мерзімге) сақтау бойынша; 

10) металдарды өндiру және өңдеу:

металл рудаларын (сульфиттi руданы қоса алғанда) күйдiру немесе агломерациялау;

үздiксiз ағызуды қоса алғанда, шойынды немесе болатты (бiрiншi немесе екiншi балқыту) қайта балқыту;

өңдеу үшiн пайдаланылатын күбiлердiң көлемi 30 текше м-ге артатынэлектролиттiк немесе химиялық процестердi пайдалана отырып металдар мен пластикалық материктердi үстірт өңдеу.

Қара металдарды өңдеу:

өндiрiстiк қуаты күнiне 20 тоннадан асатын қара металлдар құю;

балғаға 50 кДж-ден асатын, тұтынылатын жылу қуаты 20 МВт-тан асатын ұста балғалары; сағатына 2 тоннадан асатын шикi болатты бере отырып қорғаныш шашыратқы металл жамылғыларын жағу;

сағатына 20 т шикi болаттан асатын қуаты бар ыстық прокаттау стандары;

күніне 20 тоннадан асатын өндірістік қуаттылықпен қара металдарды балқыту;

түсті металдарды өңдеу:

рудадан қышқылдандырылмаған түсті металдарды, металлургиялық, химиялық немесе электролиттiк процестер арқылы концентраттарды немесе қайталама шикiзат материалдарын өндiру;

қорғасын мен кадмий үшiн күнiне 4 тоннадан немесе басқа барлық металдар үшiн 20 тоннадан асатын балқыту қуаты бар, легирленгенiн қоса алғанда, түстi металдардың, оның iшiнде рекуперирленген өнiмдердi қорыту;

11) минерал шикiзатын қайта өндеу:

цемент пен ізбесті өндіру;

Ізбес өндіру және құрамында ізбесі бар өнімдерді дайындау;

әйнек талшығын қоса алғанда, күнiне 20 т-дан асатын балқытқыш қуаты бар әйнек өндiрiсi;

күнiне 20 т-дан асатын балқытқыш қуаты бар, минералдық талшықтар өндiрiсiн қоса алғанда, минералды заттар ерiту;

күйдiру пештерiнiң қуаты 4 текше метрден асатын және күйдiру пештерiндегi садкидiң тығыздығы 300 кг/текше метрден асатын шатыр қыштарын, кiрпiш, отқа төзiмдi кiрпiш, керамикалық плиткалар, тас керамикалар немесе фарфор бұйымдарын күйдiру арқылы керамикалық өнiмдердiң өндірісі.

12) химия өнеркәсiбі бойынша:

негiзгi органикалық химиялық заттарды өндiру;

қарапайым көмiрсутектер (линиялық немесе циклдiк, қаныққан немесе

қанықпаған, алифаттық немесе хош иісті);

(спирттер, альдегидтер, кетондар, карбонды қышқылдар, күрделi эфирлер, ацетаттар, қарапайым эфирлер, тотықтар, эпоксидтi смолалар) құрамында қышқыл бар көмiрсутектер;

күкiрттi көмiрсутектер;

азотты көмірсутектер (аминдер, амидтер, азоттың қосылысы, нитро қосылыстар, нитрилдер, цианаттар, изоцианаттар);

галогенизделген көмiрсутектер;

органометалдық қосылыстар;

негiзгi пластикалық материалдар (полимерлер, синтетикалық талшықтар және целлюлоза базасындағы талшықтар);

синтетикалық каучук;

бояулар мен пигменттер;

беткi-активтi заттар;

газдар (аммиак, хлор немесе хлорлы сутек, фтор немесе фторлы сутек, көмiртек оксидтерi, күкiрт қосылыстары, азот оксидтерi, сутек, күкiрт диоксидi, көмiртек хлор қышқылы);

қышқылдар (хромды қышқыл, фторлы сутек қышқылы азот қышқылы, хлорлы-сутектi қышқыл, күкiрт қышқылы, олеум, күкiрт қышқылы);

сiлтiлер (аммоний гидро қышқылы, калий гидро қышқылы, натрий гидро қышқылы);

тұздар (хлорлы аммоний, хлорлықышқыл калий, көмiрқышқыл калий, көмiрқышқыл натрий, перборат, азотқышқыл күмiс);

металеместер, металл қышқылдары немесе басқа органикалық емес қосылыстар (кальций карбиді, кремний карбиді);

фосфор, азот немесе калий минералды тыңайтқыштар (қарапайым немесе күрделi тыңайтқыштар) өндiрдірісі;

өсiмдiк шаруашылығы және биоцидтер үшiн негiзгi өнiмдер өндiрісі;

химиялық немесе биологиялық процестерін қондыруды қолданумен негiзгi фармацевтикалық өнiмдер өндiрісі;

жарылғыш заттар өндiрісі;

химиялық немесе биологиялық процестерін пайдаланумен белок жем қоспаларын, ферменттер және басқа белоктық заттарының өндiрісі.

13) азық-түлік өнімдері өндірісі бойынша:

- күнiне 75 т-дан асатын дайын өнiм өндiру жөнiнде қуаты бар мал шикiзаты (сүттен басқа);

күніне 200 тоннадан асатын өндірістік қуаттылықпен дайын өнім өндіру бойынша (жыл сайынғы негізде орташа көрсеткіш) өсімдік шикізаты;

14) сағатына 150 кг-нан астам немесе жылына 200 т-дан астам өндiрiстiк қуаты бар, органикалық ерiткiштердi пайдалана отырып заттарды, бұйымдарды немесе өнiмдердi беткi өңдеуге арналған, атап айтқанда әрлеуге, басуға, жабуға, майсыздандыруға, гидрооқшаулауға, калибровкалауға, бояуға, тазалауға немесе дымқылдауға арналған қондырғылар;

15) күнiне өңделетiн материалдардың көлемi 10 т-дан асып түсетiн алдын ала өңдеуге (жуу, ағарту, мерсеризация секiлдi операциялар) немесе талшықты немесе текстильдi бояу;

16) ұқсату мөлшерi күнiне 12 т-дан асып түсетiн былғары мен терiлердi илеу;

17) ағаштан немесе соған ұқсас талшықты материалдардан целлюлоза өндiрiсi;

18) күнiне 20 т-дан асатын өндiрiстiк қуаты бар қағаз және картон өндiрiсi;

5. Құрылыс саласында:

1) теміржол жолдар құрылысы бойынша;

2) негiзгi ұшу-қону алаңының ұзындығы 2 100 м немесе одан да астам әуежайлар құрылысы бойынша;

3) қатты жамылғымен автомагистральдер мен өзге де автомобиль жолдары құрылысы бойынша;

4) 1 350 т-дан астам су сыйымдылығы бар кемелердi қабылдай алатын жағалаулық және шығыңқы порттармен байланысты (паромдық өткел айлақтарын қоспағанда) жүк тиеу мен түсiруге арналған сауда порттары, айлақтар;

5) ұсталатын немесе сақталатын судың жаңа немесе қосымша мөлшерi 10 млн. текшеметрден асатын суды ұстауға немес үнемi сақтауға арналған бөгеттер немесе басқа да объектiлер құрылысы бойынша;

6) кернеуi 220 кВ немесе ұзақтығы 15 км-ден асатын электр берiлiстерiнiң әуе желiлерi.

6. Транспорт саласында:

1) 40 км астам ұзақтықтағы және 800 миллиметрден астам диаметрдегі құбыр желісімен газды, мұнайды немесе химиялық заттарды тасымалдау бойынша;

2) 1 350 тоннадан астам су сыйымдылығы бар кемелердің өтуіне жол беретін ішкі кеме жүзісіне (паромдық өткелдерден басқа) порттар мен айлақтар.

7. Электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау саласында:

1) мұнай электр станцияларын немесе 1-реакторларды бөлшектеудi немесе пайдаланудан шығаруды қоса алғанда (барынша қуатты тұрақты жылу жүктемесiнiң 1 кВт-нан аспайтын бөлiнетiн және өндiрiлетiн материалдарды өндiру мен консервациялауға арналған зерттеу қондырғыларын қоспағанда) атом электр станциялары және атомды реакторы бар басқа да қондырғылар;

2) жылу электр станциялары және жағу үшiн 50 мегаватт (МВт) немесе одан да көп жылу қуаты әкелiнген басқа да қондырғылар;

8. Сумен жабдықтау саласында:

1) тәулігіне 50 текше метрден асатын жиналған су көлемі бойынша жер үсті және жер асты сулары бойынша;

2) су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі және сумен жабдықтау аймақтарының санитарлық қорғалу аймақтарындағы объектілердің орналастырылуы бойынша.

9. Су бұру саласында:

1) 150 000 адам мөлшерiндегi халық санының эквивалентiнен асып түсетiн өнiмдiлiгi бар сарқынды суларды тазарту;

2) тәулігіне 50 текше метрден асатын бұрылатын су жер асты көкжиектеріне, жер рельефіне, сүзгілеу алаңдарына ағынды суларды бұру бойынша.

10. Қалдықтармен жұмыс жасау саласында:

1) қауiптi қалдықтарды өртеу, рекуперациялау, химиялық өңдеу немесе көму;

2) сағатына 3 т-дан асатын өнiмдiлiгi бар коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарды жағу;

3) күнiне 50 т-дан асатын өнiмдiлiгi бар қауiптi емес қалдықтарды алып тастау;

4) инерттiк қалдықтарды қоспағанда, күнiне 10 т-дан астам қалдықтар түсетiн, немесе жалпы сыйымдылығы 25 000 т-дан асатын төгiндi орындар;

5) күніне 10 т асатын өндірістік қуатымен үй жануарлары немесе мал шаруашылығы қалдықтарын алып тастау немесе рециркуляциялау.

6) радиоактивті қалдықтарды жою бойынша.  

10. Басқа салаларда:

1) су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі және сумен жабдықтау аймақтарының санитарлық қорғалу аймақтарындағы объектілердің орналастырылуы бойынша;

2) мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері бойынша;

қоршаған ортаға әсердің оған iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы бойынша;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары бойынша;

қалалар мен аумақтарды, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметін жүргiзудiң айрықша режимiндегi аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары бойынша;

осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негiздейтiн аумақтарды зерттеу материалдары бойынша;



шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде «Байқоңыр» кешені бойынша мүдделерiн қозғайтын шаруашылық қызмет жобалары бойынша.
_________________________


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет