50
прямой речи в художественном тексте» [78] және қазақ тіл біліміндегі
Б. Момынованың «Қазақ ым-ишараттары: сөйлеу этикеті мен қатысым
мәдениетінде» [79], Ш. Зекенованың «Коммуникациядағы бейвербалды
қатынас және бейвербалды амалдардың омонимділігі, синонимділігі» [80],
С. Бейсембаеваның «Невербальные компоненты коммуникации в казахском
языке» [81], М. Ешимовтың «Қазақ ым-ишараттары» [82], С. Мағжанның
«Қазақ тіліндегі бейвербалды элементтердің көпмағыналылығы» [83], т.б.
еңбектері назар аударарлық.
Б. Момынованың «Қазақ ым-ишараттары: сөйлеу этикеті мен қатысым
мәдениетінде» атты монографиясында ғалым
бейвербалды амалдарды әр
қырынан талдап, зерттейді. Соның ішінде халықтың тұрмысы мен мәдениетіне
қатысты әдет-ғұрып ишараларына айрықша назар аударылып, олардың
лингвомәдени қырларын ашып көрсеткен.
Автор әдет-ғұрып ым-ишараттарын мынадай лексика-семантикалық
топтарға жіктейді: күнделікті тұрмыста қолданылатын ым-ишараттар;
амандасу, қоштасу ишараттары; кешірім ишараттары; тыйым,
тоқтау салу
ишараттары; өлім-қазаға байланысты орындалатын дәстүрлі ишараттар;
тұрмыстық заттармен, құралдармен орындалатын дәстүрлі ишараттар. Сонымен
бірге бейвербалды амалдардың танымдық сипатының когнитивтік тұрғыда
қарастырылуы еңбектің антропоөзектік бағыттан алшақ еместігін танытады
[79].
Прагмалингвистиканың көптеген мәселелері бүгінгі күнге дейін біршама
өзгерістерге ұшырап жеткен. Мысалы, Ю. Степанов «Язык и метод» атты
еңбегінде тарихи тұрғыдан
прагматика ұғымының «тиімділік: пайдалылық»
мәнін көрсетеді: «Қазірдің өзінде Шеллингтің «Система трансцендентального
идеализма» (1800) деген еңбегінде терминнің ығысуы (бұрын анықталған)
тіркелген: «Жалпыға бірдей сипатты қабылдамайтын кез келген басқа тарих тек
прагматикалық болуы мүмкін, яғни белгілі бір практикалық мақсатты көздейтін
бұрынғы ұғымға сәйкес келеді.
Керісінше, дүниежүзілік тарихтың
прагматикалығы өзіне қарама-қайшы ұғым болып табылады». Мұнда
«Прагматикалық» «қоғамда қандай да бір мақсатқа қол жеткізу үшін пайдалы,
қолайлы» деген мағынаға жақындайды [15].
Оған қоса, ғалым еңбегінде Канттың прагматика жөнінде тұжырымын
көрсетеді: «Прагматикалық тұрғыдан алғандағы антропология» мынадай
анықтама береді: «Адамның мәніне қатысты және жүйелі түрде жазылған ілім
(антропология), физиологиялық немесе прагматикалық тұрғыдан ұсынылуы
мүмкін. Физиологиялық адамтануда табиғаттың адамға жасайтын іс-әрекеттері
зерттеледі, ал прагматикалық адамтануда оның еркін
қозғалатын тіршілік иесі
ретінде не істейтіні немесе не істей алатыны, өздігінен не істеу керектігі
зерттеледі... Адамды әлемнің азаматы ретінде зерттеген кезде ғана
прагматикалық болады. Сондықтан да тіпті, табиғат күшімен жаратылған адам
нәсілдерінің маңызы прагматикалық емес, тек теориялық әлемтану болып
саналады» [15, 373 б.]. Демек, бұл пікірге сәйкес өзін өзі дамытушы, танытушы
адамның тілі
прагматика деген атауға лайық.
51
Ғалым Ю. Степанов
прагматика деген атау сөйлеуші тілінің барлық
қырын
аша алмайтынын айта келіп, оны
дектика деп атауды ұсынады.
Ю.Степановтың ойынша, дектика прагматикаға қарағанда сөйлеушінің тілдік
мүмкіндіктерін толық қамти алады [15]. Қазіргі таңда
прагматика мен
дектика
терминдерін қатар қолданып жүрген ғалымдар да бар.
Бүгінгі таңда қазақ тіл білімі үшін де прагматикалық зерттеулер өзекті
мәселеге айналып отыр. Ғалым Н. Уәлидің «Қазақ сөз мәдениетінің теориялық
негіздері» атты докторлық диссертациясының мақсаты сөз мәдениетіне
қатысты прагматиканы анықтауға бағытталған. Аталмыш зерттеудің жаңалығы
мен маңыздылығы сөзді тек нормативті аспектіде ғана қарастырмай, тілдік
және тілдік емес бірліктерді функционалдық, коммуникативтік-прагматикалық,
когнитивтік, лингвомәдени аспектіде зерттеудің тіл білімі үшін тың идеялар
мен жаңалықтар әкелетінін дәлелдеуінде.
Жоғарыда көрсетілгендей,
прагматикалық коммуникацияның өзіндік ережелері болатыны белгілі. Осымен
байланысты Н. Уәли тілдік және тілдік емес нормадан прагматикалық
мақсаттағы ауытқудың түрлері мен типтеріне тоқталып, мынадай тұжырым
ұсынады: «тілдік қарым-қатынас кезінде «іріктелген», «тұрақталған», «уақыт
сынынан өткен» қолданыстағы жүйелер белгілі бір себептен «бұзылып»
жатады. Сөз субьектісі реципиентке әсер, ықпал етудің тілдік, риторикалық,
стильдік тәсілі мен амалы ретінде сөзді тіркеспейтін
сөздермен тіркестіруі,
сөзді әдеттегі, үйреншікті мағынасынан өзгеше мәнде жұмсайды, фразеологизм,
паремологизмдердің тұрақты құрылымын «бұзып» қолданады, сөзді
түрленбейтін қосымшалармен түрлендіреді, орфографиялық, орфоэпиялық
тәртіптен ауытқиды. Сөйтіп автор реципиенттің мәтінді қабылдау үрдісіндегі
(процесіндегі) автоматизмді «әлсіретуге» тырысады. Белгілі бір мақсатты
көздеп, нормадан осылай ауытқуды
прагматикалық ауытқу деп атайды» [32,
28 б.]. Соның негізінде Н.
Уәли прагматикалық ауытқудың тілдік нормадан
Достарыңызбен бөлісу: