46
Ф. де Соссюрдің тіл мен сөйлеуді қарама-қарсы қою дихотомиясын
Н.Ф. Алефиренко үш түрлі аспектіде – гносеологиялық, прагматикалық және
онтологиялық қырынан қарастыруды ұсынады [66, 12 б.].
Прагматикалық аспектіде барлығы санадағы оймен, мидағы астарланған
кодпен байланысты. Ой көптеген ғылым саласына қатысты болса, ал, код –
ұлтқа, тілге, ділге тікелей қатысты құрылымдалатын ұғым. Мысалы,
қазақтың
өзіне тән тарихы, салт-санасы, ешкімге ұқсамас ділі, тілдік ерекшеліктері
тілімізде сақталып, қазақ болмысын танытады. Қазақтың атадан балаға мұра
болып келе жатқан салт-дәстүрі, халық ауыз әдебиеті және діні мен ділінен
бөлек өзіне тән сөйлеу әдебі бар. Мәселен, назар бөлу және назарды өзіне
аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру,
ұсыныс жасау, келісу,
қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу
және т.б. түрдегі сөйлеу әдебінің жағдаяттарынан адамның жалпы әдептілігі
мен мәдениеттілігі көрініп қана қоймай, сол рқылы ұлттық әдеби қорды
меңгеру деңгейі де айқындалады. Адамдардың өзара қарым-қатынасындағы
адамгершілік қасиеттері, бір-біріне деген ізгі
ниеттері сөйлеу барысында
байқалады. Тіл арқылы адресаттың адресантқа деген құрметі ғана емес, заттар
мен құбылыстарға деген жалпы көзқарастары мен дүниетанымы аңғарылады.
Адамның сөйлеу әдебін зерттеу арқылы ұлтының ділін, діни көзқарастарын,
салт-санасын, жалпы айтқанда ұлттық мәдениетін аңғаруға болады. Сол себепті
де антропология саласында адамның сөйлеу әдебі міндетті түрде
қарастырылады [67, 336 б.].
Сөйлеушінің өзіндік тілі, сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы байланысы
соңғы кезде ғалымдарды ерекше қызықтыруда. Дәстүрлі лингвистикада тілдің
құрылымдық сипатын зерттеген ғалымдар ендігі кезекте сөздің қатып қалған
қалыпты жүйеден ғана құралмағанын түсініп, сөзді жандандырған адам қызметі
екеніне баса назар аудара бастады. Ал сөз қашан да пікір алмасу, әңгімелесу,
сұхбаттасу кезінде құбылатынын орыс ғалымы Г. Колшанский «Прагматика
языка» еңбегінде тілдің коммуникативтік аядағы қызметімен байланыстырады:
«Прагматика языка» еңбегінде тілдің коммуникативтік аядағы қызметімен
байланыстырады: «Қарым-қатынас барысында коммуниканттардың өзара әсер
ету жоспарындағы интегралдық сипаттама сияқты түпкі нәтиже – тілдік
коммуникацияның әсерін зерттеуге бағытталған тілдің коммуникативтік
аспектісі тілдің прагматикасы деп аталуы мүмкін» [68, 122 б.].
Нақтылай
түссек, сөйлеу үдерісіндегі коммуниканттардың қолданысы мен қызметі, яғни
тілдік бірліктерді қандай формада, қандай реңкте, қандай мақсатпен
қолданылуы, қандай мағынада жұмсалуы тілдің прагматикалық сипатын
белгілейді. Ал И. Сусов сөйлеу және сөйлеу әрекетіне қатысты психологиялық,
әлеуметтік уәжі бар тілдік құралдарды да прагмалингвистикаға қатысты
анықтайды. Ғалымның пікірінше, адам қандай да бір тілдік таңбаны қолданса,
оның өзіндік уәжі болуы – шарттылық. Ол санада туындаған ойдың да себебі
мен салдарын бейнелейді.
Осы тұста ғылымда прагматиканың негізгі белгілерін атап көрсеткен
П.Грайстың коммуникациялық постулаттарын (талаптарын) атап өткен жөн:
пікірді толық ақпараттандыру, қашанда шындықты айту, тақырыпқа сай сөйлеу,
47
нақты әрі дәл сөйлеу [69]. Оған қоса ғалым
коммуниканттарға қатысты
мынадай жіктемені ұсынады:
1) Сан. Субьекті қаншалық затты қажет етсе, оған соншалық нәрсе беру
керек;
2) Сапа. Әрбір айтылған ой сапалы, яғни шынайы болғаны абзал;
3) Қарым-қатынас. Әрбір әрекетке лайықты әрекетпен жауап беру керек;
4) Амал. Белгілі әрекетті жасаудағы мақсатты ұғынып алу керек.
П. Грайс бұл категорияларды коммуникация кезінде ұстанудағы қажетті
қағидаттар ретінде көрсетеді. Себебі қандай да бір қатынас жасауда адамның
санасында белгілі бір мақсат болады. Сол мақсатты орындау кезінде соған
лайықты тілдік бірліктер қолданылады.
Ал Дж. Личтің еңбектерінде бұл талаптарға сыпайы болу, жан-
жағындағыларға ыңғайсыздық танытпау, сөйлесуші адаммен дұрыс қарым-
қатынасты сақтап қалу талаптары қосылған. Бұл талаптарды, адресат-адресант
(айтушы мен тыңдаушы) орындап, айтушы мен тыңдаушы арасындағы қатынас
арқылы коммуникативтік акт пайда болады. Демек,
коммуникация бар жерде
ғана прагматика бар. Прагматика коммуникациясыз жүзеге аспайды, олай болса
прагматика сөздің сөйлеу әрекеті, коммуникативтік қызметі барысындағы
сөйлеушінің тілін зерттейтін ілім.
Р. Якобсон ең алғаш қарым-қатынасты сипаттау үшін
коммуникация
терминін қолданған.
Коммуникация латын тілінен аударғанда «ортақ атқару»,
«хабарлама»
деген мағына беретінін атап көрсетеді: «Кез келген
коммуникацияның екі қыры болады. Мәселен,
хабар таратушы – хабар алушы,
Достарыңызбен бөлісу: