135
Кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби
образ. Әдебиетте адамның көркем бейнесін жасағанда, жазушы оның кескін-
тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын
типтік сипаттарымен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктері де анық
байқалатындай етіп суреттейді.
Оқырманға тартымды туынды сыйлап, кейіпкерлерге жан бітіретін автор
болғандықтан, көркем туындыны зерттеу қашанда жазушының тілін зерттеумен
тікелей байланысты екеніне жоғарыда назар аудардық.
Себебі әр жазушы
өзіндік сөз қолданысымен, сөз әрлеуімен, басқаша
айтқанда, стилі арқылы
ерекшеленеді. Д. Исабековтің бір ерекшелігі – жергілікті тіл ерекшеліктерін
қолданғанда кейіпкер бейнесін аша түсу мақсатымен сол жерге, аймаққа тән
лексикалық, морфологиялық, фонетикалық ерекшеліктері бар сөздерді
қолданады. Бұл – мақсатты қолданыс, яғни шығарманы жазбас бұрын автор
болашақ
туындысына қажетті сюжет, фактілерді, деректерді жинаумен қатар
сол аймақтың тұрғындарының тіліндегі жергілікті ерекшеліктерді де сұрыптап
пайдалануға тырысады
Д. Исабеков шығармаларындағы дөрекі, қарапайым элементтер, бөгде
тілдік сөздер, әсіресе макаронизмдер кейіпкердің мінез-құлқын, алған тәлім-
тәрбиесін, білім, мәдениет дәрежесін көрсету үшін келтіріліп, оның образын
жасауға көмектеседі. Көркем шығарманың «көркемдік» шарттарының бірі де –
осында. Бұл шарт – тәсіл, стильдік тәсіл. Тәсілдің дұрыс қолданылуы –
жазушының сөз құдіретін тану шеберлігіне алып барады».
Тілді уақыт факторынан тыс қарастыру, танып-білу мүмкін емес. Уақыт
факторы арқылы тілдегі кейбір ішкі
өзгерістердің себеп-салдарын, сол
өзгерістер арқылы тілімізге енген лексикалық, грамматикалық бірліктердің
қолданылу аясы мен ерекшеліктерін анықтауға болады. Өткен ғасырларда
халық өмірінде орын алған кейбір саяси-тарихи оқиғалардың көркем
шығармаларда көрініс тауып отыруы да уақыт факторының белгілі бір
деңгейдегі көрінісі болып табылады. Тарихи оқиғалар көркем шығарманың
тақырыбы мен идеясына арқау болып қана қоймай, оның ішкі тілдік сипатына
да әсер етеді. Мәселен, Д. Исабековтің Ақпан, Қазан төңкерістері
жылдарындағы немесе Кеңестік кезеңдегі өмір шындығын суреттеген
шығармаларынан («Социализм зәулімі», «Дермене», «Тіршілік», «Ескерткіш»,
т.б.) автордың сол заманға тән тілдік бірліктерді жиі қолданғанын көруге
болады. Автор кейіпкер тілі немесе баяншы сөзі
арқылы оқырманды сендіру
мақсатында сол заманға сай терминдерді шығармасында әдейі пайдаланған.
Адам лексиконындағы әрбір сөз – оның өткен тарихы мен бүгінгі өмірінің
айқын көрінісі, нақты куәгері. Тілдің сөздік құрамы қоғам өмірінің саяси,
материалдық және басқа да салаларында тұрақты болып жататын өзгерістерді
барынша жылдам бейнелейді. Осындай экстралингвистикалық факторлардың
әсеріне байланысты тілде сөз мағыналарының тарылып, кеңейіп, ауысу немесе
мүлдем жойылып кету процестерінің болуы заңды құбылыс. Ал көркем
шығарма – сол көнерген сөздерді оқырман санасында қайта жаңғыртып, жаңа
мағына берудің бірден-бір көзі болып табылады. Әсіресе тарихи тақырыпқа
жазылған шығармаларда мұндай сөздер айрықша мәнге ие болады. Д. Исабеков
136
шығармаларының тілдік ерекшеліктерінің бірі – көнерген, қазіргі күн
тұрғысынан қарағанда мағынасы көмескіленген атаулардың жиі қолданылуы.
Тілдегі көркемдеуіш құралдар қатарына теңеу мен эпитет, айшықтау және
құбылтудың түрлері кіреді. Солардың ішінде белсенді қолданысқа ие болғаны –
теңеу мен айқындау. Айшықтаудың түрлері шендестіру, қайталау, паралеллизм,
риторикалық сұрақ-жауап, дауыс ырғағы болса, ал ауыстыру,
кейіптеу,
пернелеу, алмастыру, синекдоха, гипербола, литота, ирония, сарказм,
перифраздар құбылту қатарына жатады. Осымен байланысты Д. Исабековтің
шығармаларымен таныса келе, автордың теңеуді көп қолданғанын көруге
болады. Автор заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не
құбылыспен салыстыра суреттеген.
Халық тілінде баяғыдан келе жатқан тұрақты сөз оралымдарының (мақал,
мәтел, қанатты сөз, фразеологиялық тіркес т.б.) сан алуан сыры бар. Олай
болатыны халық өзінің өткен дәуірлеріндегі наным-сенімін, түйсік-түсінігін,
ой-қиялын, тыныс-тіршілігін аз сөздің аясына сыйдырып, әрі нәрлі, әрі әрлі етіп
ерекше өрнектей білген. Көнелікті ең көп сақтаған «жаны тірі» сөздердің
таптырмас шоғыры алдымен мақал-мәтел, фразеологизмдер құрамында
шегенделіп қалған.
Қорыта айтқанда, тіл дамуының әр кезеңінде ұлттық сөздік құрам көлемі
мен мөлшері әртүрлі деңгейде болады, нақтырақ айтсақ ол, бір жағынан, жаңа
ресурстармен толығып жатса, екінші жағынан, кеміп, азайып жатады. Мұны
бақылап, реттеп отыру мүмкін емес. Оны сол тұста жарыққа шыққан
дереккөздердің материалын сұрыптау арқылы анықтауға болады. Біз үшін
маңыздысы – осындай көркем туындыларда қолданылған тілдік деректер
арқылы оларда қатталып қалатын сол кезеңдегі тіл ұстанушының
сарасанасында нық орын тебетін ғаламның концептуалды бейнесін жаңғырту
мүмкіндігі. Осыған қол жеткізген сәтте қаламгерлеріміздің
білімдер
жүйесіндегі маңызды ақпараттың кілтін де иемденеміз. Демек, уақыт өткен
сайын ескірмей, көмескіленбей, қайта жарқырай түсетін сөз асылына жақындай
түсеміз. Бұл тұтас этнос ретінде өзімізді де тани түсуге септігін тигізеді.
Осындай ұрпақ пен ұрпақтың арасын уақыт өткен сайын жақындата түсетін
қасиет – адамзатқа берілген сандаған игіліктердің ішіндегі киелісі Сөзге
дарытылған! Заманымыздың біртуар тұлғасы А. Байтұрсынұлының «Сөзі
жоғалған жұрттың өзі де жоғалады...» деген даналығын
ескере отырып, сөз
зергерлерінің көркем туындыларын зерттеп, зерделеудің маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: