Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет26/85
Дата03.12.2022
өлшемі2.11 Mb.
#466350
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85
дулат исабеков

прагматикалық ауытқу, мәтін нормасы/сөз нормасынан (сөйлеу нормасы) 
прагматикалық ауытқу, логикалық нормадан прагматикалық ауытқу
онтологиялық нормадан прагматикалық ауытқу, этологиялық нормадан 
прагматикалық ауытқу деген бес түрін көрсеткен. Бұл мақсатты ауытқулардың 
барлығы прагматикалық коммуникацияның ережелеріне сай жүзеге 
асырылғанда ғана сөйлеуші өз мақсатына жететінін ғалым атап көрсетеді.
Сонымен бірге қазіргі таңда көркем мәтін тілін прагматикалық аспектіде 
қарастыру да өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл арада көркем мәтінді 
зерттеу арқылы тілдің зерттелмеген қабатын ашу мүмкіндігі бұл бағыттағы 
зерттеу үрдісінің өзектілік мәнін толық ашып бере алмайды. Құрылымдық 
лингвистиканың аясында орыс тіл біліміндегі академик В.В. Виноградовтың 
еңбегі өте зор. Ал қазақ тіл біліміндегі академик Р. Сыздық пен профессор 
Б. Шалабаев көп еңбек сіңірді.
Р. Сыздық 

қазақ ғалымдарының ішінде жазушы тілін, оның көркемдік 
әлеміне терең зерттеулер жүргізген ғалымдардың бірі. Ғалым ұлы Абайдың сөз 
қолдану, сөз таңдау, сөз құбылту, сөз үйлестіру, сөз үндестіру тәсілдері мен 
тәжірибесін талдайды. Сонымен қатар Р. Сыздық «Әдебиет – тілмен әдебиет». 
Бұл – Мұхтар Әуезовтің өз сөзі. Демек, жазушы мен ақын есімі аталған 


52 
тұстарда, олардың суреткерлік келбеті, шығармашылық қызметі сөз болған 
сәттерде оның тілі туралы да әңгіме қозғалуы заңды да қажет. Оның үстіне 
суреткерлік еңбегін ұлттық тілдің тарихына байланыстыра сөз ететін қалам 
иелері болады. Олар – тілдің белгілі бір кезеңдерінің негізін қалаушы, 
көшбасшысы немесе сол тілдің белгілі бір тарамдарының (стильдерінің) 
іргетасын бекітуші, тілдегі сапалық өзгерістерге мұрындық болушы деп 
танылатындар» [60] дей келе, көркем проза, драматургия, публицистика, 
ғылыми әдебиет стильдері салаларының іргетасын қалаушылардың ірі болып 
табылатын М. Әуезовтің суреткер ретіндегі шеберлігіне, көркемдік әдістеріне 
зерттеулер жүргізеді. Ал Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе», «Жүрекке әжім 
түспейді» шығармаларына лингвистикалық стилистика талаптары бойынша 
талдау жасаған ғалым. Яғни тілші жазушының стилін танытатын тілдік 
бірліктерге лингвистикалық зерттеулер жүргізген. Бұндай талдаулар тарихи 
романдар қатарына жататын Ә. Кекілбаевтың «Үркер» және «Елең-алаң» атты 
тарихи дилогиясы, М. Мағауиннің «Аласапыран» атты тарихи романы,
Қ. Жұмаділовтің «Дарабоз» романы арқылы жалғасын тапты. Ғалым бұл үш 
романды жазуда жазушылардың өткен тарихты суреттеу үшін қолданған тілдік 
бірліктерін, олардың тарихи стиль тезіне түсуін, тарихи реалийлерді суреттеуін 
назарға алған. Сол арқылы авторға тән шеберлік үлгілерін, авторлық 
ерекшеліктерін көрсеткен.
Белгілі ғалым Б. Шалабаев «Көркем проза тілін зерттеудің ғылыми-
теориялық негіздері» атты докторлық диссертациясында «Мәтіннің көмегімен 
тілдің өмір сүруін, оның заңдылықтарын тануға болады» деп тіл білімі 
саласында мәтіннің алатын орнының ерекше екендігін айтады
Профессор Д. Әлкебаева «автор бейнесі» теориясына сәйкес қаламгер 
тілін, стилін, тілдік қорын, сөз қолданысын ерекшелеп көрсететін 
лингвистикалық талдауларға арқау болғаны белгілі. Д. Әлкебаева мен
Л.Ж. Ахметқалиеваның «Прагматика негіздері: ойлау мен сөйлеу» атты 
ғылыми мақаласында жеке адамның сөзі арқылы оның болмысын, ойын, 
интеллектісін және ниетін, пиғылын айқындап, өмірінен хабардар алуға 
болатыны айтылады. «Антропоөзектілік парадигмасы бойынша адам басқы 
орынға шығып, тіл оның ары қарай өмір сүруіне арналған қажеттілігі болып 
саналады. Тіл білімінің дамуына антропоөзектілік парадигмалары, атап 
айтқанда сөйлеу мен адамның ойлану процестерінің байланысы мәселелері 
ықпал ете бастайды». Аталған ғалымдар адамның ойлауы мен сөйлеуіне 
эксперимент жасай келе мынадай қорытындыға келеді:
1) прагматика адам мен тіл арасындағы қатынас, демек адамның сөйлеу 
процесіне дейін ойлауда да прагматика өтеді;
2) ойлау туралы психологиялық, филологиялық, философиялық еңбектер 
негізіне сүйене отырып сөзде ойлау мақсаты, яғни прагматика болатыны 
анықталды;
3) адам сөзі ойлау арқылы сүзгіден өтеді, прагматиканың ойлауда негізі 
қаланады;
4) ойлау – тек адам баласына тән күрделі процес. Қазақ тілінде 
«маймылдың басы ойнауға жеткенмен, ойлауға жетпейді» деген жалпақ тілмен 


53 
айтылған мақалы мен «ойлай берсең дана боларсың, ойнай берсең бала 
боларсың» сөздері соған дәлел;
5) сана, ақыл, ой ұғымдары қандай тілде болса да жарыспалы, жуық 
мағынасында қолданылады, ал психология мен философиялық еңбектерде 
әрқайсысы бөлек деңгейлі процес ретінде сипатталады [84].
Адамның сөйлеу тілі прагматикасының негізінде ойлау прагматикасы 
тұрғанын назардан шығармаған жөн. Себебі сөз – ойдың жемісі.
Ал С. Үсенбаева «Көркем мәтіндегі сөйлеу тілінің лингвостилистикалық 
қызметі (Т. Нұрмағанбетов шығармалары негізінде)» [85] атты кандидаттық 
диссертациясында Т. Нұрмағанбетовтің «Туған ауыл түтіні», «Дарияның арғы 
беті», «Балалық шақтың әндері», «Жер иісі», «Айқай», «Ескі үймен қоштасу», 
«Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс» сияқты романдары мен 
пьесаларындағы сөздік қорға, лексика-семантикалық қабаттарына, кірме 
сөздерге, мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестеріне, күрделі сөздерге 
лингвостилистикалық тұрғыдан жүргізілген зерттеуде сөйлеу тілінің 
ерекшеліктеріне басымдық берілген. Яғни автор кейіпкердің болмысына тән 
сөздері арқылы «автор бейнесіне» тән прагматикасын анықтайтын жазушының 
өзіндік стилін қалыптастырған. «Автор бейнесін» тілдегі зерттеудің кейінгі 
кезеңіндегі «тілдік тұлға» қағидасымен сабақтас қарайтын болсақ, 
Т. Нұрмағамбетов шығармашылығының прагматикалық қазығын белгілейтін 
қазақ аулының төл болмысының антропоөзектік сипаты кейіпкерлер тілінің 
болмысымен айқындалады.
Бұл мәселенің байыбына тереңдеп, автор прагматикасын түсіну көркем 
аударма тәжірибесінде де маңызды екенін ағылшын тіліндегі мәтіндердің 
прагматикасын анықтау мақсатында жазылған З. Досмурзаеваның еңбегінен 
көрінеді. Осы мақсатқа жету үшін ғалым көркем мәтіннің прагматикалық 
құрылымын барлық деңгейде, атап айтқанда, лексикалық, синтаксистік 
деңгейлерде талдап, соның нәтижесінде көркем мәтіннен мәдени-
прагматикалық аспектісін зерттеу жұмысының өзегіне айналдырған [86]. 
Ш. Зукай неміс-қазақ тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің көркем 
шығармадағы қолданысын айта келіп, кейіпкерді, іс-әрекетті, әртүрлі 
оқиғаларды 
суреттеуде 
олардың 
таптырмас 
лексика-семантикалық, 
коммуникативтік-прагматикалық құрал екенін айқындайды [87].
Жазушының көркемдік әлемін зерттеу арқылы ең алдымен қазақ тілінің 
түрлі мүмкіндіктерін ашуға әрі жазушының тілдік ерекшеліктерін даралап 
көрсетуге болады. Жазушы көркем тілімен, көркем идеясымен жазушылық 
биігіне жетеді.
Көркем мәтін прагматикасына қатысты мәселе қозғағанда дискурс мәселесі 
міндетті түрде негізге алынады. Мәтін сөзінің негізінде қалыптасқан дискурс 
термині, нақты айтар болсақ, сөйлеу кезінде пайда болатын мәтін. 
Р.О. Якобсон ойдың сөз арқылы адресатқа жеткізілуін дискурс деп атайды. 
Осы бағыттағы еңбектер негізінде шешендік дискурс туралы еңбегінде 
Г. Смағұлова қазіргі кезде ғылыми сипат алған дискурстың бірнеше түрін 
көрсетеді: 1) әскери дискурс; 2) газеттік дискурс; 3) саяси дискурс; 4) бала 
дискурсы; 5) өнертану дискурсы; 6) магиялық дискурс; 7) бұқаралық ақпарат 


54 
құралдары дискурсы; 8) ғылыми (академиялық) дискурс; 9) парфюмерлік 
дискурс; 
10) 
педагогикалық 
дискурс; 
11) 
поэтикалық 
дискурс; 
12) публицистикалық дискурс; 13) жарнамалық дискурс; 14) спорттық дискурс; 
15) техникалық дискурс; 16) террористік дискурс; 17) феминистік дискурс; 
18) көркем дискурс; 19) экономикалық дискурс; 20) электрондық дискурс; 
21) этикалық дискурс; 22) заңи дискурс және т.б. [88, 232 б.]. Ғалымның 
пікірінше, қарапайым тілмен айтқанда, қандай да бір саланың, ортаның өз тілі 
бар. Кішкентай балаға барып, ғылыми тілде сөйлемейтініміз анық. Демек, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет