Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет59/85
Дата03.12.2022
өлшемі2.11 Mb.
#466350
түріДиссертация
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   85
дулат исабеков

сарындаушы атауларымен берген. «Әуезелеуші айтатын сөзіне өзін 
қатыстырмай, өзінен тысқары ғаламда болған істі әңгіме қылады. Ескерту: 
тысқарғы ғалам деудің мәнісі адамда екі ғалам болады – ішкі ғалам, тысқы 
ғалам. Ақыл, көңіл, қиял сияқты адамның рухына қараған жағы – ішкі ғалам 
болады да, онан басқалары – басқа адамдар, мақұлықтар, нәрселер, бүтін 
дүние тысқы ғалам болады. Әуезе тысқы ғалам турасындағы сөз. Ақын әуезе 
түрінде сөйлегенде, уақиғаның ішінде өзі болып, басынан кешірген адамша 
сөйлемей, тек біреуден естіген адамша айтады. Уақиғаны бұлайша түрде 
айтып көрсету – тысқарғы түрде айту болады» [134, 103 б.] – деп,
А. Байтұрсынұлы қазіргі тіліміздегі ешқандай кейіпкер кейпінде келмейтін 
баяншы бейнесін әуезелеуші деп атап, оның ерекшеліктерін толық әрі түсінікті 
сипаттаған. Ал «толғағанда айтатын нәрсесін толғаушы тысқарғы ғаламнан 
алмай, ішкергі ғаламнан алады. Толғаушы ақын әуелі көңілінің күйін, мұңын, 
мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер тарқату үшін толғайды. 
Екінші, ішкергі ғаламында болған халдарды, нәрселерді тысқа шығарып, 
басқаларға білдіріп, басқаларды сол көңілінің күйіне түсіріп, халін түсіндіру 
мақсатпен толғайды. Толғау қысқасынан айтқанда, іш қазандай қайнаған 
уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның 
тартатын күйі. Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, 
басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуда. Әуезе – тысқарғы 
ғаламның жыры, толғау – ішкергі ғаламның күйі деп екі айырғанымызбен, екі 
ғаламның ісінің арасында зор іліктік бар» [134, 103 б.] деп толғаушы мен 
әуезелеушінің өзіне тән ерекшеліктері мен байланыстарын халыққа түсінікті, 
санамызға жақын тілмен жеткізген. 
Расымен, адамның ішкі толғасы, жай-күйі, көңіл-қошы, тебіренісі, аты 
айтып тұрғандай, толғау болып келсе, өмірде болып жатқан түрлі оқиғалар мен 
жағдайларды тыңдарманға (оқырманға) жеткізуді әуезе деп атайды. Тілімізге 
еніп бара жатқан «адресант», «нарратор», «бенефицарий», «скриптор» сынды 
кірме сөздерді ысырып, ғалымның әуезелеуші, толғаушы терминдерін 
қолдансақ, ұлттық тіліміздің құлашын кеңейте түсер едік.
Бүгінгі күні қазақ тіл білімінде ақын-жазушылардың тілін зерттеулеріне 
нысан етіп, автор бейнесін тілдік тұрғыда жан-жақты қарастырып жүрген 
ғалымдардың бірі – Р.Сыздық. Р.Сыздық «автор образын көркем шығарманың 


105 
мағыналық-стильдік діңгегіне теңеп, оны анықтау сол шығарманы 
стилистика тұрғысынан талдау» деп көрсетеді. Ғалымның өз сөзімен айтар 
болсақ, «автор образын» шығарманың баяндау стилінен, диалогтар мен 
монологтерді беру үлгісінен, экспрессивтік-стильдік элементтерінен тануға 
болады. Қысқасы, «автор образы» – лингвостилистикалық проблема. Көркем 
шығарма құрылымы жағынан баяндау (автор сөзі) және диалогтер 
(кейіпкерлер сөзі) болып бөлінеді. Сондықтан көркем шығармада баяндаудың 
авторлық нормаларын айқындап алу қажеттілігі туады» [60].
Көріп отырғанымыздай, көркем шығармадағы автор бейнесін ашу арқылы 
біз туындының шынайы, ешқандай қиял мен экспрессия қосылмаған шығарма 
авторының бейнесін ашуға мүмкіндік аламыз. Яғни мәтінде автор бейнесі 
туынды авторының рухани әлемін, аялық білімі мен ой өрісін тануға жол 
ашады. Осы автордың дүниетанымы жөнінде ғалым Ж. Манкеева былай дейді: 
«Көркем мәтінді танымдық тұрғыда зерттеу барысы жеке тілдік тұлғаның 
ойы, қиялы, болжамы, ғалам жөніндегі өзінің біртұтас тұжырымы мен 
білімін дәйектеп, автордың жеке тәжірибесі мен таным үрдісі негізінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет