Акт анықтамасы. Акт мәні және оның мақсаттары



бет2/5
Дата01.02.2024
өлшемі28.69 Kb.
#490452
1   2   3   4   5
Лекция 1 (каз)

АКТ екі анықтамасы бар
АКТ – бұл компьютерлік ақпараттық жүйелерді зерттеу, жобалау, қолдану, енгізу, қолдау немесе басқару. Бұл термин әдетте компьютер және компьютерлік желілер үшін синоним ретінде пайдаланылады, бірақ ол сонымен қатар теледидар және телефондар сияқты ақпаратты таратудың басқа технологияларын да қамтиды (Chandler, Daniel; Munday, Rod, I. August 2012).
Деректерді сақтау, іздеу, табыстау және өңдеу үшін компьютерлерді және телекоммуникациялық жабдықтарды пайдаланумен айналысатын инженерия саласы АКТ деп аталады. (Daintith, John, ed. 2009).

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ АНЫҚТАМАЛАР


1. АКТ коммуникация құралдарын (радио, теледидар, таспалар, компакт-дисктер), ақпараттық машиналарды (компьютерлер, планшеттер), телекоммуникациялық технологиялар мен жабдықтарды (GPRS, жерсеріктік телефондар және ұялы телефондар) қамтитын ақпараттық-коммуникациялық технологияларға жатқызылады.
2. CAL ЭЕМ, Интернетті және зияткерлік тақталарды пайдалана отырып компьютерлік оқытуға жатқызылады.
3. Коммуникация адамды әрекет етуге итермелейтін және әр түрлі қолжетімді инфрақұрылымды – вербалды (ауызша) немесе вербалды емес (технологиялық) инфрақұрылымды пайдалана отырып ойларды, ақпаратты және пәрмендерді табыстау нысанында екі немесе одан көп адам арасында өзара әрекеттесудің негізгі болып табылатын триггер болып табылады.
4. Технология «жасалым ғылымы» ұғымын білдіреді. Термин «өнер, шеберлік, білік» ұғымдарын білдіретін «techne»; және тауарларды немесе қызметтерді өндіру кезінде, немесе ғылыми зерттеулер сияқты мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын техникалардың, машықтардың, әдістердің және процестердің жиынтығы болып табылатын «аграфы» грек сөздерінен құрылады.


АКТ мәні және оның мақсаттары
Курс мақсаты ақпаратты іздеу, сақтау, және өңдеу процестерін, әдістерін, сонымен қатар цифрлық технологиялар көмегімен ақпаратты жинау және табыстау әдістерін сыни бағалауға және талдауға үйрету болып табылады.


АКТ мақсаттары

  • компьютерлік және операциялық жүйелер, сондай-ақ желілер архитектурасының тұжырымдамалық негіздерін зерттеу;

  • желілік және веб-қосымшаларды, ақпаратты қорғау құралдарын дамыту тұжырымдамалары туралы білімдерді қалыптастыру;

  • кәсіби, ғылыми және практикалық қызметтің әр түрлі салаларында, сондай-ақ өзіндік жұмыс және басқа мақсаттар үшін заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану машықтарын қалыптастыру.

  • ақпаратты басқарудың мақсаттық процестерін тиімді енгізу үшін стандартталған және біріздендірілген жүйе болу.

Бүгінгі күні ақпараттық және коммуникациялық технологиялар рөлі қоғамның ақпараттық ресурстарына қатысты сұранысқа байланысты кеңеюде.
Ақпараттық қоғам – бұл ақпаратты құрумен, сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын қоғам. Осындай ақпараттың жоғарғы нысаны - бұл білім. Қоғамның дамуына жағдай жасау үшін материалдық емес, ақпараттық өнім өндірісін ұйымдастыру керек.
Осылайша, ақпараттық қоғамға ауысу қызметтер көрсету саласындағы материалдық игіліктер өндірісін өзгертумен қатар жүреді. Осындай ауысу, мысалы, экономикада, шикізатты өндіруге және өңдеуге қатысты шығындардың, сондай-ақ энергия тұтынудың айтарлықтай төмендеуіне алып келеді. Кейбір жағдайларда бір немесе бірнеше қадам толықтай алынып тасталуы мүмкін.
2012 жылғы 23 шілдедегі № 961 "Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам" атты мақаласында баяндалған Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы шеңберінде жаңа "Ақпаратты Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарламасы мақұлданды. Осы бағдарламаның мақсаты – елдің ақпаратты қоғамға ауысуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау. Бағдарлама мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етуге, инновациялық және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның болуын қамтамасыз етуге, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық орта құруға, сондай-ақ ұлттық ақпараттық кеңістікті дамытуға бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет