Акт анықтамасы. Акт мәні және оның мақсаттары



бет5/5
Дата01.02.2024
өлшемі28.69 Kb.
#490452
1   2   3   4   5
Лекция 1 (каз)

АКТ стандарттары
Кембридж онлайн сөздігі «стандартты» терминінің келесі анықтамаларын ұсынады: «жалпыға ортақ болып табылатын үлгі немесе модель»; (мысалы, «Бұл бағдарлама компьютерлерге арналған салалық стандарт болып табылады») және «сапа деңгейі»
(мысалы, «Жұмыстың бұл бөлігі стандартты талаптардан төмен/стандартқа сәйкес келмейді»). Біз стандарттардың қайнаркөздеріне байланысты олардың екі негізгі типін ажыратамыз: «де-факто стандарттары»; және «формалды стандарттар». «Де-факто стандарты», басқа белгілі атауы бойынша «де-юре стандарты», ұтымды шешім нарық сегментінде әр түрлі салалармен кеңінен және оқшауланған түрде қолданылған, ал осындай негізде әзірленген өнімдер тұтынушылармен кеңінен қабылданған кезде пайдаланылады.

АКТ-мен байланысты келесі тармақтарды қарастырайық:


■ PDF: Adobe Systems жасаған құжат форматы.
■ HTML: веб-парақшалардың құрылымы мен мазмұнын сипаттауға арналған тіл. Оны алғаш рет Тим Бернерс-Ли жасаған.
■ Microsoft Windows: өзінің маманданымы сияқты салалық стандартқа айналған операциялық жүйе (мысалы, Microsoft, WS-Security веб-қызметтерінің қауіпсіздік маманданымы).
Оларды олардың қоғамға зор әсер тигізгені біріктіреді, себебі оларды миллиондаған қолданушылар пайдаланады. Олар «де-факто стандарттары» деп аталады. Бұл белгілі бір стандарттау процесінің нәтижесі болып табылмайтын, нарықта қабылданған дағдылы практика.
«Де-факто стандартының» тағы бір мысалы мынадай болып табылады:
■ 1864 жылы Кристофер Шолс патенттеген, барынша кең пайдаланылатын пернетақта жайылмасы. Кейінірек шығарылған Dvorak нұсқасы (1936, Август Дворак) мәтінді теру жылдамдығын арттыру үшін арналған, бірақ қолданыста нығайған QWERTY позицияларына байланысты айтарлықтай табысты болмайды (алайда бастапқыда заманауи операциялық жүйелерде қолданылды).
Де-факто стандарты – бұл қоғамның мойындауы немесе нарықтық күштерге байланысты (мысалы, нарыққа ерте шығуына байланысты) басым жайғасымға ие болған, және әдетте нарықтық процестермен сыналған ретінде жағымды сипатталатын норма немесе қағида.
Формалды стандарт – бұл стандарттарды әзірлеу бойынша ұйым бекіткен құжат. Біздің елде осындай ұйымдардың бірі «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» болып табылады: http://www.kazinst.kz/.
Стандарттау бойынша құжаттар көптеген тәсілдемелерге сәйкес жіктелуі мүмкін, бұл санаттар мен типтік мысалдар тізімі, терминдерге және анықтамаларға арналған стандарттар болып болып табылады. Осы құжаттарға көптеген АКТ жүйелері сүйенетін құрылымдалған сөздіктер, терминологиялар, кодтық жинақтар және жіктеу жүйелері кіреді, мысалы:
■ ISO/IEC 17788: 2014 Ақпараттық технологиялар. Бұлттық есептеулер. Шолу және сөздік
Өлшеулер немесе сынақ әдістері. Осы құжаттар АКТ сынауға арналған мақсаттарды және басқару қағидаттарын айқындайды. Олар сынақтарды жоспарлау, іске асыру және есептілік бойынша басшылықты қамтиды.
Жүйе архитектурасы. АКТ жүйелері мен олардың компоненттерін, сипатамалары мен процестерін формалды сипаттайтын құжаттар. Мысалы:
■ ISO/IEC/IEEE 42010: 2011 Жүйелер мен бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу – Архитектура сипаттамасы.
Эталондық модельдер. Осы құжаттар берілген модельге сәйкес АКТ жүйесінің архитектурасын әзірлеу бойынша ақпаратты ұсынады, мысалы:
■ 2004 ж. 15 желтоқсандағы W3C ұсынысы. «Ғаламтор» архитектура, Бірінші том.
Бағдарламалық және желілік стандарттар. Бағдарламалау тілдерін қоса алғанда, компьютерлік бағдарламалық жасақтама туралы құжаттарды қамтиды (мысалы, C ++ ISO/IEC 14882 ретінде жарияланған), Қолданбалы бағдарламалау интерфейстері (API) (мысалы, ISO 17267 - зияткерлік көлік құралдарына арналған навигациялық жүйелердің API).
Сапаны қамтамасыз ету. Осы құжаттар жобалардың немесе жүйелердің сапасын басқаруға қойылатын талаптарды қамтиды, мысалы:
■ IEEE 730-2014 – Бағдарламалық жасақтама сапасын қамтамасыз ету процестері.
Жоғарыда келтірілген жіктелім қатаң болып табылмайды, яғни бір құжат біреуден астам стандартқа жатқызылуы мүмкін. Стандарттардың басқа жалпы жіктелімі стандартты сала немесе ұйым шеңберінде әр түрлі аспектілерге қатысты көлденең немесе тік стандарт ретінде қолданумен байланысты. Көлденең стандарттар, алайда, әр түрлі салаларда немесе ұйымдарда қолданылатын аспектілерге қатысты.
Тік стандарттар мысалы: Азаматтардың, әсіресе қарт адамдардың және мүгедектердің қауіпсіздігін және әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған, АКТ пайдалана отырып қызмет көрсету болып табылатын, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне арналған дабылдама жүйелерінің стандарттары.
Осы стандарттар дабылдама құрылғыларына (бергіштер, авариялық батырмалар және т.б.), олардың бірлестіктеріне арналған сөздіктер мен терминдер стандарттары, техникалық талаптар сияқты әлеуметтік дабылдаманың әр түрлі аспектілеріне қатысты.
Көлденең стандарттар мысалы: Электрмагниттік үйлесімділік туралы стандарттар электрмагниттік құбылыстар және электрмагниттік орталар сипаттамаларын, өлшеу және сынау әдістерін, сондай-ақ орнату бойынша ұсыныстарды қамтитын аспектілерге қатысты.


Қорытынды
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) әлемде маңызды рөлді атқарады, себебі біз ақпараттық заманда өмір сүрудеміз. Қазіргі уақытта АКТ біздің күнделікті қажеттіліктерден ажыратуға болмайды.
АКТ әсері сонымен қатар, өзгелерді қоспағанда, білім, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы сияқты негізгі секторларда оларды жасалымдық және экономикалық тиімді пайдалануда көрініс табады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет